
- •1. Химияландыру проблемаларын сипаттаңыз (ғылыми, өндірістік, қаражаттық)
- •2. Ауылшаруашылығын химияландырудың мәнін түсіндіріңіз
- •3. Энергетика проблемалары және энергия өндіру құрылымын сипаттаңыз
- •4. Жанармайдың дәстүрлі түрлерін өндіруде, өңдеуде, тасымалдауда және сақтауда химияның ролін анықтаңыз.
- •5. Жанармай түрлерін сипаттаңыз
- •6.Отынды сақтаудың химиялық аспекттерін сипаттаңыз
- •7.Отынды қолданудың экологиялық проблемаларын сипаттаңыз
- •8.Энергия көздерін (альтернативті және дәстүрлі) сипаттаңыз
- •9.Ядролық энергетиканың химиялық аспекттерін сипаттаңыз
- •10.Ядролық энергетиканың проблемаларын сипаттаңыз
- •12. Су электр станциясының артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттаңыз
- •13. Жел қондырғысынан электр энергиясын өндіру технологиясын талдаңыз
- •14. Күн батареяларынан электр энергияларын өндіру технологиясын талдаңыз
- •15. Су электр станциясынан электр өндіру технологиясын сипаттаңыз
- •Тыңайтқыштардың жіктелуін сипаттаңыз.
- •2. Ауыл шаруашылығында қолданылатын тыңайтқыштардың түрлерін атаңыз және айырмашылығын талдаңыз.
- •3. Азық – түлік проблемаларын шешудің химиялық аспектілерін сипаттаңыз.
- •4.Пестицидтердің химиялық құрамы бойынша жіктелуін сипаттаңыз.
- •5.Тұрмыстық жәндіктермен күресуде пестицидтер мен инсектицидтердің ролін сипаттаңыз
- •6.Тамақ өнеркәсібін химияландыруды мысалдар арқылы түсіндіріңіз
- •7.Тамақ өнеркәсібінде қолданылатын тұрақтандырғыштардың адам ағзасына тигізетін әсері мен зиянын сипаттаңыз
- •8.Тамақ технологиясында қолданылатын химиялық үдерістерді сипаттаңыз
- •9. Нан пісірудегі химиялық үдерістер:
- •10. Азық-түлік өнімдерін тазалау және түссіздендіруде қолданылатын химиялық әдістерді сипаттаңыз
- •11.Тұрмыста қолданылатын химиялық заттарды қолданудың қауіпсіз шараларын сипаттаңыз
- •Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларын өткізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
- •12.Беттік активті заттардың құрылымын, жіктелуін сипаттаңыз
- •13.Тазалағыш және залалсыздандырғыш заттарды сипаттаңыз
- •Результаты тестов
- •Состав Белизны.
- •Белизна как чистящее средство.
- •Белизна как средство для стирки тканей.
- •Белизна как отбеливающее средство.
- •15. Емдік сауықтыру пасталарын сипаттаңыз
- •Лечебно-профилактические зубные пасты
- •Өндірістен шығатын қалдықтарды қалдықсыз технология арқылы қалай жүзеге асыруға болатынын түсіндіріңіз
- •Қалдықсыз өнімдер шығарудың тиімді әдіс-тәсілдерін сипаттаңыз
- •Судың кермектілігін жою жолдарының механизмін талдаңыз
- •Табиғи құрылыс материалдары және олардың химиялық құрамдарын анықтаңыз
- •5. Заманауи құрылыс материалдары және олардың химиялық құрамдарын түсіндіріңіз
- •6. Полимерлі материалдарды алыну тәсілі бойынша жіктеуді сипаттаңыз
- •7. Жартылай өткізгіштік, магнитті материалдардың құрамы, қасиеті бойынша сипаттаңыз
- •8. Шыны өндіру технологиясын сипаттаңыз
- •9.Дәрумендер мен биологиялық белсенді қоспалардың адам ағзасындағы ролін түсіндіріңіз
- •10.Таза металдар және оларды алу тәсілдерін сипаттаңыз
- •12.Кешенді қосылыстар және олардың алынуы мен қолданылуын сипаттаңыз
- •13.Силикаттар негізінде бейорганикалық заттар алу негізін түсіндіріңіз
- •Шыны өндірісі
- •14. Химиялық элементтердің биогенді рөлі мен маңызын сипаттаңыз
- •15. Өндіріс қалдықтарының тірі ағзаға тигізетін зиянын талдаңыз
3. Азық – түлік проблемаларын шешудің химиялық аспектілерін сипаттаңыз.
Азық-түлік қауіпсіздігі қай елдің болмасын тәуелсіздігінің, еркін дамуы мен халқының әл-ауқатының артуының кепілі болып табылады. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау арқылы еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар жұмыcтар атқарылуда. Азық-түлікпен қамтамасыз етудің бірден бір бағыты – ауыл шаруашылығында кәсіпкерлікті өрістету, шаруа қожалықтарын кеңінен дамыту. Технологияның жедел игерілмеуі салдарынан шикізаттың уақытылы өңделмеуі, жыл бойы жанталасқан шаруалар еңбегінің зая кетіп отырғанының бір көрінісі. Сондай-ақ, бұл жерде тікелей жеткізу жүйесінің дамымауы, яғни сатушы мен тұтынушы арасындағы тікелей сауда жасау жүйесінің жоқтығы да – жиналған өнімнің бекер жарамсыз болып, желге ұшуына себеп. Сондықтан да азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде орны ерекше аталатын агросекторды жан-жақты жоспарлай отырып, дамытудың маңызы мол. Агроөндіріс кешенін дамытуға қажетті жер және табиғи ресурстары мол. Бүгінгі таңда азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру күн тәртібінде тұрған ең өзекті мәселе болып отыр. Азық-түлік өнімдері бағасының қымбаттауының басты себебі, бұл тауар өндірушілер мен сатып алушылар арасындағы делдалдардың көптігі. Ауыл шаруашылығы саласының бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету үшін біз тұрақты түрде жаңа инновациялық технологияларды ендіріп отыруымыз керек. Алайда, ұсақ шаруалар жаңа инновациялық технологияларды енгізуге мүмкіндіктері келе бермейді. Себебі, қаржы айналымының жоқтығы. Шаруалар мен ауыл кәсіпкерлерін несие ресурстарымен қамтамасыз ету толық шешілмеген. Олардың мүлкі мен жер телімдерін екінші деңгейлі банктер кепілдікке алмайды. Ауылшаруашылық өнімдерінің басым көпшілігі шағын шаруашылықтарда өндірілсе де, жыл сайын республикалық бюджеттен «ҚазАгро» холдингі арқылы бөлінетін несиелерді тек ірі шаруашылықтар алады. Әрине, келешек ірі шаруашылықтарда, шағын шаруашылықтар іріленуі тиіс. Қазіргі таңда аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, ғылым, бизнес және аймақтық биліктің үйлескен әрекеттері арқылы ғана инновациялық дамуды қамтамасыз ете аламыз. Мұны қамтамасыз ету үшін ішкі азық-түлік нарығындағы тұрақтылықты сақтау мақсатында қабылданған кешенді шараларды жалғастыру қажет. Бұл шараларға әлеуметтік маңызы зор азық-түлік тауарларын өндіруді ынталандыруды, олардың резервін жасақтап, тұрақтандыру қорын құруды, азық-түлік тауарлары бағасының қалыптасу барысын қадағалауды жатқызуға болады. Қайта өңдейтін кәсіпорындар бәсекеге төтеп беретін өнімдер өндіру үшін оларды ең алдымен ауыл шаруашылығы шикізаттарымен қамтамасыз ету қажет. Осыған орай, азық-түлік нарығындағы жағдайға байланысты қайта өңдеу өнеркәсібінде өзгерістер енгізумен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей жаңа мазмұнмен толықтыруға тиіспіз.
4.Пестицидтердің химиялық құрамы бойынша жіктелуін сипаттаңыз.
Пестицидтер (латын сөздерінен pestis – жұқпалы ауру, caedo – өлтіремін) – мәдени өсімдіктерді зиянкестерден, паразиттерден, арамшөптерден, аурулардан және микроорганизмдерден қорғау үшін қолданатын барлық химиялық қосылыстар. Пестицидтерді пайдалану ауылшаруашылық өнімдерін 18-20% сақтайды. Қазіргі кезде оларды көп қолданатын болғандықтан биосфера мен адамдарға зияны тиіп жатыр. Оларды пайдаланбай өнім алуға мүмкіндік жоқ, себебі зиянкестер өте көбейіп кетті. Бунақденелілер пестицидтердің бір түріне тез бейімделетін және ол қасиетін ұрпағына бере алатын қабілеті бар. Сондықтан пестицидтерді қолданарда зиянкестердің түріне қарай таңдап алу керек.
Түрлері
Химиялық құрамы жағынан пестицидтер 5 топқа бөліп қарастыруға болады:
хлорорганикалық қосылыстар – гексахлоран (C6H6Cl6), ДДТ (дуст) гексахлорциклогексан, полихлорпинен, полихлоркамфен т.б. Олар организмде жинала алады да, ыдырауы бірнеше ондаған жылдарға созылады. Хлорорганикалық қосылыстар диоксиндермен қосылысып, тұрақты органикалық қосылыстар түзеді.
Фосфорорганикалық инсектицидтер – карбофос, дихлофос, диазинон, фосфамид, метафос (HPO3), өсімдіктің өсуін реттегіштер және т.б. Бұлар топырықта және басқа ортада тезірек ыдырайды.
Карбаматты инсектицидтер – карбамин қышқылының күрделі эфирлері (севин). Бунақденелілердің жекелеген түрлеріне ғана әсеретеді, ал жануарлар мен адамдарға зияны жоқ.
Хлорфеноксиқышқыл туындылары – дефолиант ретінде су қоймаларында өсетін өсімдіктерді жою үшін қолданады.
Пиретроидты табиғаты бар пестицидтер – транс-хризантема қышқылы. Бұл инсектицидтердің жаңа түрі, оны табиғи материалдардан бөліп алған. Мысалы, түймедақ өсімдігінің сығындысынан табиғи пиретрин-І алынған. Бұдан басқа өте қатты әсер ететін жасанды пиретроидтер де алынған.