- •1. Химияландыру проблемаларын сипаттаңыз (ғылыми, өндірістік, қаражаттық)
- •2. Ауылшаруашылығын химияландырудың мәнін түсіндіріңіз
- •3. Энергетика проблемалары және энергия өндіру құрылымын сипаттаңыз
- •4. Жанармайдың дәстүрлі түрлерін өндіруде, өңдеуде, тасымалдауда және сақтауда химияның ролін анықтаңыз.
- •5. Жанармай түрлерін сипаттаңыз
- •6.Отынды сақтаудың химиялық аспекттерін сипаттаңыз
- •7.Отынды қолданудың экологиялық проблемаларын сипаттаңыз
- •8.Энергия көздерін (альтернативті және дәстүрлі) сипаттаңыз
- •9.Ядролық энергетиканың химиялық аспекттерін сипаттаңыз
- •10.Ядролық энергетиканың проблемаларын сипаттаңыз
- •12. Су электр станциясының артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттаңыз
- •13. Жел қондырғысынан электр энергиясын өндіру технологиясын талдаңыз
- •14. Күн батареяларынан электр энергияларын өндіру технологиясын талдаңыз
- •15. Су электр станциясынан электр өндіру технологиясын сипаттаңыз
- •Тыңайтқыштардың жіктелуін сипаттаңыз.
- •2. Ауыл шаруашылығында қолданылатын тыңайтқыштардың түрлерін атаңыз және айырмашылығын талдаңыз.
- •3. Азық – түлік проблемаларын шешудің химиялық аспектілерін сипаттаңыз.
- •4.Пестицидтердің химиялық құрамы бойынша жіктелуін сипаттаңыз.
- •5.Тұрмыстық жәндіктермен күресуде пестицидтер мен инсектицидтердің ролін сипаттаңыз
- •6.Тамақ өнеркәсібін химияландыруды мысалдар арқылы түсіндіріңіз
- •7.Тамақ өнеркәсібінде қолданылатын тұрақтандырғыштардың адам ағзасына тигізетін әсері мен зиянын сипаттаңыз
- •8.Тамақ технологиясында қолданылатын химиялық үдерістерді сипаттаңыз
- •9. Нан пісірудегі химиялық үдерістер:
- •10. Азық-түлік өнімдерін тазалау және түссіздендіруде қолданылатын химиялық әдістерді сипаттаңыз
- •11.Тұрмыста қолданылатын химиялық заттарды қолданудың қауіпсіз шараларын сипаттаңыз
- •Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларын өткізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
- •12.Беттік активті заттардың құрылымын, жіктелуін сипаттаңыз
- •13.Тазалағыш және залалсыздандырғыш заттарды сипаттаңыз
- •Результаты тестов
- •Состав Белизны.
- •Белизна как чистящее средство.
- •Белизна как средство для стирки тканей.
- •Белизна как отбеливающее средство.
- •15. Емдік сауықтыру пасталарын сипаттаңыз
- •Лечебно-профилактические зубные пасты
- •Өндірістен шығатын қалдықтарды қалдықсыз технология арқылы қалай жүзеге асыруға болатынын түсіндіріңіз
- •Қалдықсыз өнімдер шығарудың тиімді әдіс-тәсілдерін сипаттаңыз
- •Судың кермектілігін жою жолдарының механизмін талдаңыз
- •Табиғи құрылыс материалдары және олардың химиялық құрамдарын анықтаңыз
- •5. Заманауи құрылыс материалдары және олардың химиялық құрамдарын түсіндіріңіз
- •6. Полимерлі материалдарды алыну тәсілі бойынша жіктеуді сипаттаңыз
- •7. Жартылай өткізгіштік, магнитті материалдардың құрамы, қасиеті бойынша сипаттаңыз
- •8. Шыны өндіру технологиясын сипаттаңыз
- •9.Дәрумендер мен биологиялық белсенді қоспалардың адам ағзасындағы ролін түсіндіріңіз
- •10.Таза металдар және оларды алу тәсілдерін сипаттаңыз
- •12.Кешенді қосылыстар және олардың алынуы мен қолданылуын сипаттаңыз
- •13.Силикаттар негізінде бейорганикалық заттар алу негізін түсіндіріңіз
- •Шыны өндірісі
- •14. Химиялық элементтердің биогенді рөлі мен маңызын сипаттаңыз
- •15. Өндіріс қалдықтарының тірі ағзаға тигізетін зиянын талдаңыз
2. Ауыл шаруашылығында қолданылатын тыңайтқыштардың түрлерін атаңыз және айырмашылығын талдаңыз.
Тыңайтқыштар — өсімдіктердің топырақтан қоректенуін жақсарту үшін қолданылатын органикалық және минералдық заттар. Тыңайтқыштарды дұрыс пайдаланғанда ауыл шаруашылық дақылдарының түсімі артады, өнім сапасы жақсарады.
Ауыл шаруашылығы практикасында егіншілікті химияландыру, оны жедел дамытудың куатты факторы екенін сенімді дәлелдеп берді. Мысалы, азотты тыңайтқыш астық дәніндегі белок мөлшерін арттырады, фосфорлы тыңайтқыш зығыр талшығының сапасын жақсартады, зығыр, күнбағыс тағы басқа дақылдар тұқымындағы май мөлшерін көбейтеді. Калий тыңайтқышы кант қызылшасы тамырының қант, картоптың крахмал мөлшерін арттырады.
Азотты тыңайтқыштар — құрамында өсімдікке қорек болатын азоты бар органикалық (көң, шымтезек тағы басқалар) және минералдық заттар. Азоттың табиғи қосылысы — натрий селитрасы (NaNO3) тек Чилиде ғана кездеседі. Азотты тыңайтқыштардың көп тараған түрі: аммиак селитрасы, аммоний сульфаты, мочевина (карбамид), азотты сұйық тыңайтқыштар. Аммоний сульфаты — (NH4)2SO4 дүние жүзінде ең көп мөлшерде шығарылатын тыңайтқыш. Аммоний нитратының [(NH4)NO3] құрамында өсімдікке сіңімді азоттың мөлшері басқа азотты тыңайтқыштарға қарағанда көбірек келеді. Сұйық аммиак және онымен қанықтырылған аммоний тұздарының ерітінділері де құрамында азоты көп тыңайтқыштар болып табылады. Ал жоғары концентрлі азотты тыңайтқыштарғакарбамид (мочевина) жатады. Карбамидті жануарлар жеміне де қосып пайдаланады. Ол көмір қышқыл газы мен аммиактың үлкен қысымда әрекеттесуі нәтижесінде алынады: CO2+2NH3= CO(NH2)2 + H2O. Азот топыраққа күрделі минералдық тыңайтқыштар түрінде де көптеп беріледі. Фосфор қышқылын аммиакпен әрекеттестіру арқылы аммофос алынады. Оның қышқылын бейтараптандыру дәрежесіне байланысты моноаммонийфосфат (NH4H2PO4) немесе диаммонийфосфат [(NH4)2HPO4]өндіріледі. Оны өндірісте аммоний гидрофосфатының [(NH4)2HPO4] аммоний нитратының (NH4NO3) және калий хлоридінің (немесе сульфатының) қоспасын балқыту арқылы алады.
Фосфор тыңайтқыштары. Фосфор — барлық тірі организмнің құрамына кіретін маңызды элемент. Фосфор ферменттердің, дәрумендердің кұрамында болады. Фосфорсыз хлорофилл түзілмейді, онда өсімдік жапырағы көмірқышқыл газын сіңіре алмайды. Өсімдікте фосфор жетіспесе, жапырақта қара қошқыл жасыл, қара дақ пайда болып, өсімдіктің гүлденуі мен пісуі баяулайды. Фосфор тыңайтқышын топыраққа енгізу арқылы алынатын жемістің сапасы жақсарып, өнімі артады. Фосфортыңайтқыштары - өнеркәсіптік әдіспен алынатын, құрамында өсімдіктер үшін қолайлы нысандафосфорболатынминерал заттектер. Фосфор тыңайтқыштары ерігіштігіне және өсімдіктер үшін қолайлылығына байланысты үш топқа бөлінеді: 1) фосфоры суға еритін және өсімдіктер оңай сіңіре алатындай нысанда болатын тыңайтқыштар — қарапайым және қосарлысуперфосфат; 2) фосфоры суда ерімейтін, бірақ әлсіз қышқылдарда (2%-дық лимон қышқылында) немесе аммоний цитратысілтілік ерітіндісінде еритін тыңайтқыштар —преципитат,томасқож,термофосфаттар, фторсыздандырылғанфосфат. Фосфор тыңайтқыштары — өсімдіктер үшін қолайлылығы орташа нысан; 3) суда ерімейтін және әлсіз қышқылдарда нашар еритін, теккүшті қышқылдарда толық еритін тыңайтқыштар — фосфорит ұны, сүйек ұны, өсімдіктер үшін жетуі қиын фосфор көздері. Суда еритін тыңайтқыштар ұнтақ және түйіршік түрінде, лимондық және цитраттық ерімелі тыңайтқыштар ұнтақ түрінде, еруі қиын тыңайтқыштар өте майда ұнтақ түрінде сондай-ақ, жануарлардың сүйектері және металлургия өнеркәсібінің фосфоры көп қалдықтары. Қандай шикізаттан алынғанына және өндірілу әдісіне байланысты қоректік элементінің (Р205) құрамы жөнінен фосфор тыңайтқыштары біршама әр түрлі болады.
Калий тыңайтқыштары. Кез келген есімдікке калий өте қажет. Калий жетіспесе, фотосинтез қарқыны төмендейді. Калий жеткілікті болса, өсімдікте крахмал, қантты зат, май түзілуі жоғарылайды және картоп, күнбағыс, жоңышқа, қызылша сияқты есімдіктердің өнімділігі едәуір артады. Топырақта болатын калий, көбінесе органикалық тыңайтқыштар — қи, өсімдік күлі арқылы топыраққа түседі. Калий тыңайтқышының негізгі шикізаты шөптесін және ағаш типтес өсімдіктердің күліндегі карбонат К2С03 түрінде болады. Калий тыңайтқышының көндеріне силъвинит және карналит жатады. Силъвинит дегеніміз — калий хлориді мен натрий хлоридінің біріккен тұзы NaCl-KCl, сол сиякты карналит те қос тұз KCl-MgCl,. Калий тыңайтқышына калий хлориді KC1 және калий нитраты KN03 жатады. Олар ақ түсті кристалл заттар.
