
- •«Ауытқулар» түсінігі, ауытқулардың пайда болуы. Қолайлы және қолайсыз ауытқулар.
- •Ақауды сатудан түскен табыстар есебі
- •Ақауды түзету бойынша шығындар есебі
- •Ақаудың құжатталуы, пайда болу себептері мен орындар бойынша ақаулар есебі
- •Алдағы кезең шығындар есебі мен таратылуы
- •Аяқталмаған өндірісті түгендеу
- •Аяқталмаған өндірістің бағалануы
- •Аяқталмаған өндірістің мәні
- •Бағалық шешімдер қабылдау. Баға қалыптастыру.Арнайы тапсырыстың бағасын қалыптастыру.
- •Басқа алдағы кезең шығындарының есебі: еңбек демалысының резервін, негізгі құралдарды жөнелтуге және т.Б. Резервтер құру
- •Басқа шығындардың есебі. Өндірістегі ақаулар есебі.
- •Басқару есебінің мағынасы, оның мәні, мақсаттары мен міндеттері.
- •Басқару есебінің маңызды объектілері, ретіндегі шығындардың орталықтары; пайда орталықтары және жауапкершілік орталықтары.
- •Басқарудағы өндірістік есеп және оның маңызы.
- •Бос тұрып қалудан шекен шығындар есебі
- •Бірлесіп өндірілетін және жанама өнімдер түсінігі. Технологиялық үрдістегі бөліну нүктесі мен бөлек шығындар.
- •Директ - костинг» жүйесі. «Маржиналдық табыс» түсінігі
- •Еңбек ақы төлеу және еңбек ақыдан есептелетін аударымдар шығындарының есебі
- •Еңбек ақы төлеу шығындар есебінің мақсаты
- •Еңбек ақы төлеуден есептелетін аударымдар есебі
- •Есеп және калькуляциялау объектілері бойынша шығындардың қосылуы, шығындарды жинақтау процесі ретіндегі жиынтық есеп
- •Есепке алынатын, есепке алынбайтын шығындар мен табыстар (алдағы кезең шығындары және өткен кезең шығындары).
- •Есептің тапсырыстық әдісі: қолдану өрісі мен айрықша белгілері.
- •Жанама шығындарды бөлу және қайта бөлу негіздері.
- •Инвестицияны бағалаудың дисконттық емес әдістері.Дисконтталған ақша ағымы, таза тіркелген құн, табыстылықтың ішкі мөлшері.
- •Калькуляция баптары бойынша өндіріс шығындарының есебі.
- •Көмекші өндірістердің есеп объектілері мен калькуляциялау объектілері
- •Көмекші өндірістердің өндірілетін өнім, орындалатын жұмыс, көрсеткен қызметтер құрамы мен сипаты бойынша түрлері
- •Күрделі қаржы салымы сметасын құрудың мақсаты мен сапалары.
- •Қабылданған баламалық бағыт нәтижесіндегі жорамалдағы шығындар.
- •Қорлардың өзіндік құнын бағалау.
- •Қысқа мерзімді басқару шешімдерін қабылдау.
- •Материалдардың тасмалдану мен орын ауыстыру шығындарының есебі
- •Материалдық шығындар есебі
- •Мерзімдік шығындардың таратылуы
- •Натуралды бірлік әдісі, сатудың таза құн әдісі.
- •Негізгі өндіріс есебі.
- •Негізгі өндіріске қызмет көрсетудегі көмекші өндірістердің ролі мен маңызы.
- •Негізгі, үстеме, жанама, тікелей шығындар, өткен шақтың шығындары, өндірістік, өндірістік емес шығындар.
- •Өндіріс жұмысшыларының негізгі және қосымша жалақысының есебі.
- •Өндіріс көлеміне қарай шығындардың динамикасы: өзгермелі, тұрақты, жартылай өзгермелі, жартылай тұрақты шығындар.
- •Өндірістік есептің маңызы: өндіріс шығындарының есебі, шығындардың жиынтық есебі, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.
- •Өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құны – ұйым қызметінің сапалы көрсеткіші. Өзіндік құн құрамы мен түрлері.
- •Стандарт - кост» жүйесі шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісінің жалғасы ретінде.
- •Стандарттық өзіндік құн алгоритмі. Ауытқулар түрлері, болу себептері. Ақаудың құнын анықтау.
- •Түзелмейтін ақаудан шеккен шығындар есебі.
- •Ұйым бюджетінің функциялары. Бюджеттеу үрдісінің сатылары. Негізгі бюджет үшін функционалды смета құру.
- •Ұйымдардың әкімшілік қызметкерлерінің еңбек ақысын төлеу шығындарының есебі
- •Үстеме шығындар есебі.
- •Үстеме шығындар құрамына кіретін еңбекке ақы төлеудің есебі
- •Шешім қабылдау және жоспарлау үшін шығындардың жіктелуі.
- •Шығындар есебі мен өзіндік құнды анықтаудың тапсырыстық әдісінің негізі.
- •Шығындар есебінің жеделдігіне және оларды бақылауға байланысты калькуляциялаудың әдістері: нақты және нормативтік шығындар есебі.
- •Шығындар және олардың жіктелуінің жалпы түсінігі.
- •Шығындар түсінігі, шығындар есебінің объектілері, калькуляциялау объектілері.
- •Шығындарды толық үлестіру бойынша (абзорпшен - костинг) және айнымалы шығындар бойынша калькуляциялау: өнімнің өзіндік құн құрамындағы тікелей және жанама шығындар есебі.
- •Шығындарды топтастыру және бөліп тарату.
- •Шығындардың жіктелуі, оның мақсаттары мен мәні. Шығындарды жіктеудің негізгі бағыттары.
- •Шығынды бөлудің функционалдық жүйесі.Сипаттамасы, ұқсастығы мен айырмашылығы.
- •Эквиваленттік өнім, нормативті және нормативтен тыс шеккен шығын
Басқарудағы өндірістік есеп және оның маңызы.
Өндірістік есеп мәліметтеріне 1950 жылдары сыртқы пайдаланушылар емес, көбіне ішкі пайдаланушылар қызығушылық танытатын. Кәсіпорын басшылығы үшін өндірістік шығындар жайлы мәліметтерді жинақтау нәтижесінде басқару есебі жүйесі пайда болған қаржылық есеп жүйесінен гөрі басқа принцип бойынша жүзеге аса бастауға себепті болды.1972 жыл бухгалтерлік есептің қаржылық және басқару болып ресми бөлінуін жария етті. Бухгалтерлердің американдық ассоциациясы түлектеріне бухгалтер-талдаушы мамандығын беріп, басқарма есебі бойынша диплом алу бағдарламасын әзірледі.Басқару есебі ұйымның өз шегіндегі басқару үшін қажетті есептік ақпараттың барлық түрін камтиды. Басқару есебінің жалпы өрісінің бөлігін өнім бірлігінен түсетін түсім мен өндіріске жұмсалған шығындарды анықтау мақсатымен бұрын дамыған өңдірістік есеп алады. Өндірістік есеп қазіргі заманғы жағдайларда өндіріс шығындары есебін алдын-ала болжап қана қоймай, үнем туралы мәліметтерді немесе өткен кезендердегі мәліметтер немесе болжамдарды, стандарттармен салыстырғанда артық жұмсауды талдауды және шығындарды азайтудың мүмкін болатын резервтерін айқындауды көздейді.Қазіргі өндірістік есеп үшін шығындардың түрлері; пайда болу орындары; шығарушылар бойынша есептеу негіз болып қызмет етеді.Түрлері бойынша шығындар есебі есепті кезеңде өнім өндіру (жұмыс орындау, қызмет көрсету) процесінде кәсіпорында шығындардың қандай тобы пайда болғанын көрсетеді.Шығындарды пайда болған орны бойынша есептеу олар жасалған кәсіпорынның жеке бөлімшелері (жауапкершілік орталығы) арасында бөлуге мүмкіндік береді.Шығынды шығарушылар бойынша есептеу қайсыбір нақтылы өнім бірлігін өндіруге немесе белгілі бір тапсырысты орындауға байланысты барлық шығындарды анықтауды көздейді.Осылайша, бірлігінің өзіндік құнын, оған түсетін пайда мен тиімділік деңгейін өндірістік есеп аясында ғана есептеуге болады. Уақыт өте келе кәсіпорынды басқару процесі міндеттерді қою тұрғысынан да, оларды шешу жағынан да елеулі өзгерістерге ұшырады. Қазіргі уақытта өндірістік есеп аясы тар мақсат емес. Оның ақпараты жедел өндірістік шешімдер қабылдау үшін менеджерге керек.
Бос тұрып қалудан шекен шығындар есебі
Бухгалтерлік басқару есебінің мақсаты басқару шешімдерін, яғни келешекке арналған шешімдерді қабылдауға қажетті ішкі пайдаланушылар үшін ақпаратты дайындау болып табылады. Күтілетін шығыстар мен кірістер туралы түрлі мәліметтер ұсынылуы тиіс. Бұл үшін мынадай шығындар бөліп көрсетеді:
өзгермелі, тұрақты, шартты-тұрақты – өндіріс (сату) көлемінің өзгеру әсеріне байланысты;
бағалауда есепке қабылданатын және қабылданбайтын шығындар;
қайтарымсыз шығындар (өткен кезең шығындары);
жүктелген шығындар (немесе кәсіпорынның пайдалана алмаған пайдасы);
жоспарланатын және жоспарланбайтын шығындар;
өсетін және шекті шығындар мен кірістер.Өзгермелі шығындар өндіріс көлемі өзгергенде пайда болады, оның көлеміне тура сайма-сай өзгереді. Олар ұйымның іскерлік белсенділігіне байланысты өндірістік емес сипатта болады. Өзгермелі өндірістік шығындар өнімнің өз құнын сипаттайды, өйткені нарықты (тұтынушының) объектінің құны емес, өнімнің құны мен оны тұтынуға кететін өзіндік шығындар қызықтырады. Материалдық шығындар, еңбекті өтеу үшін тікелей шығындар, қосалқы материалдар мен сатылатын жартылай өнімдерге шыққан шығындар өндірістік өзгермелі шығындарға үлгі болады.
Бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушылар. Басқару және қаржылық есеп жүйелемелерінің салыстырмалы сипаттамасы: қойылатын талаптар, ақпараттардың анықтылығы, есеп көлемі, қорытынды есепті тапсыру жиілілігі.Бухгалтерлік есеп кәсіпорындар мен ұйымдардың пайдаланушыларға берілетін қаржылық-ақпаратгық мәліметінің көлеміне және мінездемесіне қарай ұйымдастырылады. Бұл ақпараттық мәліметті пайдаланушылардың қатарына қаржы салымшыларын (инвесторларды), несие берушілерді (банк немесе банктен тыс мекемелер) және бірлесіп экономикалық қызмет жасаушыларды жатқызуға болады. Осы жоғарыда аталған кәсіпорындардың ақпаратын пайдаланушылар маңызды басқарушылық шешім қабылдау барысында кәсіпорынның қаржылық есебіне сүйенеді. Негізінен кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық-ақпараттық мәліметін пайдаланушыларды төмендегідей екі топқа бөліп қарастырады:
ішкі пайдаланушылар;
сыртқы пайдаланушылар.
Ішкі пайдаланушыларға осы кәсіпорында қызмет атқаратын тұлғалар, ал сыртқы пайдаланушыларға осы кәсіпорында қызмет атқармайтын, бірақ оның қаржылық жағдайына қызығушылығы бар заңды немесе жеке тұлғалар жатқызылады.Сондай-ақ осы қаржылық-ақпараттық мәліметтерді пайдаланушылардың өзі төмендегідей санатқа бөлінеді:
• кәсіпорынды басқарушылар (басшылар);
кәсіпорыннан тыс орналасқан, бірақ оның қаржылық жағдайына тікелей қызығушылы бар тұлғалар;
кәсіпорынның қаржылық қызметіне жанама қызығушылығы бар тұлғалар.
Кәсіпорынды басқарушыларға осы .ұйымның алдына қойған мақсатына жетуіне және оның қызметіне толыктай жауапты адамдар жатқызылады.Бұндай адамдарға-кәсіпорынның иесі, кәсіпорынның басшысы, директорлар кеңесінің мүшелері, менеджерлер, бөлім басшылары және тағы да басқалар жатқызылады. Бұл аталған санатқа жататын адамдарды кәсіпорынның:
соңғы есепті жылдағы таза пайдасының көлемі (мөлшері);
нақты алынған табыс көлемінің жоспармен сәйкестілігі;
өндірген әрбір түрлі өнімнің өзіндік құны;
қызметтің қандай түрінен табыс көбірек алынатындығы және тағы да басқа жағдайлар қызықтырады.