Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БЕ емтихан.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
122 Кб
Скачать

Өндірістік есептің маңызы: өндіріс шығындарының есебі, шығындардың жиынтық есебі, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.

Басқару есебі жүйесінде өзіндік құнды жасау, қалыптастыру тәртібі тым реттелмеген. Бұл өзіндік құн салық салу мақсаты үшін емес, басқарушының шығындар жайлы толық түсінігі болуы үшін есептеледі. Сондықтан бұл есеп жүйесінде өзіндік құн шоттарының әр түрлі тәсілдері қолданылуы мүмкін. Кәсіпорын үшін өз шығындарын басқару мүмкіндігі болуы, өзіндік құнға ықпал ете алуы өте маңызды, яғни өзіндік құнның құрылымы туралы анық сенімді ақпарат қажет. Дәл осындай ақпарат бухгалтерлік басқару есебі жүйесінде пайда болады. Жоспарлы және нақты өзіндік құн болады. Жоспарлы өзіндік құнның есебіне ондағы кезең жоспарында қарастырылған өнімді дайындауға кәсіпорынның ең көп шамада мүмкін өнімге іс жүзінде нақты жұмсалған қаражаттың мөлшерін сипаттайды.Есеп жүйесіндегі өзіндік құнның өнім бірліктер калькуляциялау деп атаймыз. Өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым әдісі біртекті өнім шығаратын кәсіпорында (су электр станциялары, кен, көмір, мұнай мен газ өндіретін кәсіпорындар)пайдаланады. Оларда әдетте аяқталмаған өндіріс болмайды және шалафабрикаттарды өзі өндіреді. Бұл әдістің мәні бүкіл шығарылған өнімге кеткен шығындарды есептеуден тұрады. Өнім бірлігінің өзіндік құнын тікелей есептеу жолымен шығарады, яғни шығын деңгейін өндірістің натуралды көлеміне немесе шартты – натуралды көрсеткішіне жай бөлу арқылы табады. Кейбір салаларда шығындар (мысалға, көмір өндірісінде) әрбір технологиялық процесс бойынша есептелінуі мүмкін.

Өндірістік есептің мәні мен мақсаттары.Өндірісті ұйымдастыру – белгіленген мерзімде, бекітілген ккөлемде және сапамен ақшалай, материалдық және еңбек ресурстарын үнемді жұмсауды қамтамасыз ететін өндіріс процесінің құраушы элементтерінің өзара байланысы және жалғасы деп түсінуге болады. Өндірісті ұйымдастыру өзіне мыналарды енгізіеді:

  • еңбекті ұйымдастыру, яғни жұмыс күшін орналастыру;

  • материалдарды ен жартылай фабрикаттардың қозғалысы, олардың көлемін анықтау;

  • жедел жоспарлау;

  • техникалық бақылау;

  • қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

  • өндіріс барысын жедел реттеу.

Жалпы өндірісті ұйымдастыру алғашқы құжаттармен рәсімделеді. Өндіріс шығындарының есебініе сонымен қатар, өндіріс технологиясы әсер етеді. Өндіріс технолгиясы дегеніміз - өнімді өндірудің нақты тәсілдерін айтамыз. Өнім өндіру тәсілдерін, олардың әртүрлігіне өнеркәсіп өндірісінде қарамастан екі үлкен топқа бөледі: өндіруші және өңдеуші. Өндірушіге: кен, көмір, мұнай, газ, балық, орман дайындау және т.б. Бұларды шикізат пен негізгі материалдар шығыны болмайды. Яғни, өндірілген бір өлшем өнімнің өзіндік құнын жұмсалған шығындар мөлшерін алынған дайын өнімінің көлеміне бөлу арқылы анықтайды. Тек көмір өндірісінде жердің бетіне шығыарылған көмірдің өзіндік құны анықталады.

Өндірістік есептің шоттар жүйесі, олардың сипаттамасы.Егер өндіріске жұмсалған шығындар есебінің жүйесін өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құнына шығындарды толық қосу тұрғысынан қараса, онда шығындарды толық, толық емес, шектеулі енгізу жүйесін бөлуге болады.

Толық емес өзіндік кұнды жасау тәсілі "директ-костинг", ал толық өзіндік құнды - "абзорпшн-костинг" деп атайды.Шығын түрлері бойынша тікелей және жанама шығындар бөлінеді. Тікелей шығындар пайда болған сәтінде нақтылы қандай түр мен өнім көлеміне қатысты екендігі белгілі шығындар. Шикізат пен материалдар, негізгі жұмысшылардың (яғни, осы өнімді дайындаумен тікелей шұғылданатын жұмысшылардың) еңбекақысы осындай шығындарға мысал болып табылады.Бұл кезенде тікелей шығындардың шығарылатын өнім түрлері бойынша бөлінуін қамтамасыз ету үшін аналитикалық есепті осылайша ұйымдастыру ерекше маңызды. Бұған екі түрлі амалмен - тапсырыстық және бөлістікпен жетеді. Есепте шығындар объектісіне бірден жатқызылуы мүмкін тікелей шығындар:

1) тікелей материалдық шығындар;

2) еңбекті өтеудің тікелей шығындары;

3) еңбекті өтеуден аударымдар.

Тікелей материалдық шығындарда өндіріске жұмсалған негізгі материалдардың нақты өзіндік құны болады.

Өндірістік қалдықтар есебі.Шикізаттар мен материалдар  шығындарынан пайдаланылған қалдықтардың құны шығарылады.Қалдықтар дегеніміз- өнімдерді өндіру процесінде пайда болатын , өзінің талап етілетін  қасиетін толық немесе бөлшектеп жоғалтатын, соған байланысты шығынды көбейте отырып, пайдаланылатын немесе тікелей бағыт бойынша пайдаланылмайтын  шикізаттардың, материалдардың, шалафабрикаттардың, жылу өткізгіштердің және басқа да материалдардың ресурстар түрлерінің қалдықтары.Жинақтау және пайдалану мүмкіндігі бойынша қалдықтарды –қайтарылатын, кәсіпорынның өзінде қолданылатын немесе басқа жаққа сататын  және қайтарылмайтын болып бөлінеді.Бухгалтерлік есепте оларды пайдалану немесе сату мүмкін болатын бағамен бағаланған қайтарылатын қалдықтар ғана көрсетіледі.Қайтарылмайтын қалдықтар бағаланбайды. Қайтарылатын қалдықтардың саны оларды қоймаға  өткізетін накладнойлардың негізінде анықталады.