Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БЕ емтихан.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
122.43 Кб
Скачать

Алдағы кезең шығындар есебі мен таратылуы

Кезеңдік шығындар 7110, 7210, 7310, 7320, 7330 шоттарда жүргізіледі. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатуға байланысты жұмсалған шығындарды есепке алуға 7110 шоты арналған. Бұл шотта сату бойынша жұмсалған шығындар: кәсіпорын қоймаларындағы өнім ыдыстарына және өнімді буып-түюге жұмсалған шығындар енгізіледі. Өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын жасағанда сату бойынша жұмсалған шығындарды тек сатылған өнімнің толық өзіндік құнын және өнімді, жұмыстарды және қызметтерді сатуға байланысты нәтижелерін есептеп шығарған кезде ғана жедел түрде назарға алады. Шаруашылық қызметінің барысында, кәсіпорында келесі есепті кезеңнің өндіріс шығындарына немесе айналымына жатқызылатын шығындар туындайды. Мұндай шығындарға мынадай жұмсалған шығындар: маусымдық өнеркәсіп саласында өндірісті дайындау бойынша, жаңа өндірісті, жаңа цехтарды құрау және жаңа кәсіпорындарды игеру бойынша, өнімнің жаңа түрін өндіруді игеру, техникалық әдебиеттерге, газеттерге жазылу сомасы, алдағы есепті кезең үшін төленген жалдау ақысы, алдын ала төленген сақтандыру төлемдері және басқа да шығындар жатады.Релеванттық шығындар – таңдап алынған шешімнің нұсқасына сай өзгеріп отыратын алдағы кезеңнің шығындары. Әкімшілік басқару бойынша шығыстардың сметасы релеванттық шығыстарды реттеу үшін аса маңызды болып саналады. Смета (ӘБШ 7210шоты) бойынша жасалады, әсіресе өндірістік емес шығыстарды азайтуға баса назар аударылады, олардың қатарына: айыппұлдар, өсімақылар, тұрақсыз айыптар сияқты шығындар жатады. Келешек кезең шығындары 1620, 2920 “Алдағы уақыттың есебіне жататын шығындар” шоттарында жүргізіледі.Бухгалтерияда шығындар болған кезде Дт 1620,  Кт 3390, 1010 жазуы болса, ол келешек кезең шығынының 1/12 бөлігі /мысалы, газеттерге жазылғанда/, Д 7210 К 1620 жазуымен жабылып отырады.Болашақ кезеңнің есебіне жататын шығындар жыл сайын тізімдеуді қажет етеді. Бұл тізімдеу осы шот бойынша келесі жылға ауысатын қалдықтың ақиқаттығын және олардың жыл ішіндегі өндіріс шығындарына немесе айналым шығындарының есебіне есептен шығаруылының дұрыстығын қамтамасыз етеді.

Аяқталмаған өндірісті түгендеу

Аяқталмаған өндіріс — технологиялық ерекшеліктің күшімен белгілі бір сәтте дайын өнімге айналмаған өндірістік ресурстар шығыны.Бухгалтерлік есеп стандартты бухгалтерлік есепті қаржылық және басқару деп бөлуді және соған сәйкес орталық бухгалтерияның құрамын екі бухгалтерияға, яғни қаржылық және басқару бухгалтериясына бөлуді көздейді.Басқару бухгалтериясы 8010 – «Негізгі өндіріс», 8020 – «Меншікті өндірістің жартылай фабрикаттары», 8030 – «Көмекші өндірістер» бөлімшелерінің шоттарында жүргізіледі. Қалған шоттар қаржылық бухгалтерияда жүргізіледі.Баланстық және басқа да есеп беруді жасау үшін әр бір есепті кезеңнің аяғында басқару бухгалтериясынан қаржы бухгалтериясына аяқталмаған өндірістің қалдықтары беріледі. Аяқталмаған өндірістің құнын есепке алу үшін қаржылық бухгалтерияда 1340 – «Аяқталмаған өндіріс» бөлімшесінің мынадай шоттары көзделген: 1341 — «Негізгі өндіріс», 1342 – «Меншікті өндірістің шала фабрикаттары», 1343 – «Көмекші өндіріс» шоттар.