Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БЕ емтихан.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
122.43 Кб
Скачать

Негізгі, үстеме, жанама, тікелей шығындар, өткен шақтың шығындары, өндірістік, өндірістік емес шығындар.

Шығындар-басқару есебі негізгі объектілерінің бірі, күрделі және сан қырлы құбылыс. Оларды тиімді басқару үшін белгілі бір белгілер бойынша шығындарды топтастыруды көздейтін жіктеуді қолданған жөн.7 "Тауарлы -материалдық қорлардың есебі" атты Бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес (2003 ж. 28 қантардағы №27 өзгерістермен бірге) шығындар былайша жіктеледі:

  • пайда болу орны бойынша - өндіріс, цехтар учаскелер,құрылымдық бөлімшелер бойынша. Мұндай жіктеу жауапкершілік орталықтары бойынша есепті ұйымдастыру мен өнімнің (жұмыстың, көрсетелген қызметтің) өндірістік өзіндік құнын белгілеу үшін қажет;

  • шығынды көтерушілер, яғни өнім түрлері (Жұмыс, көрсетілетін қызмет) бойынша - өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін қажет;

  • өнімнің өзіңдік құнына жатқызу тәсілі немесе шығын түрлері бойынша экономикалық мәлеметтер мен калькуляция баптары бойынша.

Өндіріс шығындарын жіктеу.

Негізгілер - өндірістің технологиялық процусімен тікелей байланыстылар: шикізат пен материалдар, қосалқы материалдар мен басқадан шығындар.

Қосымшалар - өндірісті ұйымдастыру мен оған қызмет етуге, оны басқаруға байланысты пайда болады.Тіклейлер - өнімнің белгілі бір түрін өндіруге байланысты, оның өзіндік құнына тура және тікелей кіруі мүмкін (шикізат, аударымдар (ақша аударулар). Жеке бөлімшеге жатқызылуы мүмкін шығындар бөлімшенің шығындары деп аталады (автомеханиктің еңбекақысы - автосервис бөлімшесінің тікелей шығындары, автомобильді бояу цехында қолданылатын бояудың құны - тікелей бояу цехының шығындары).Жанамалар - өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей енгізілмейтін және жанама (шарты) түрде бөлінеді. Жеке бөлімшелерге жатқызылмайтын шығындар жанамалар (жарнамаға шығыңдар - субъектінің әрбір бөлімшесінің жанама шығындары) деп аталады.

Өндіріс жұмысшыларының негізгі және қосымша жалақысының есебі.

Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу уақытына, істеген жұмысына қарай немесе еңбекке ақы төлеудің өзге жүйелері бойынша жүргізіледі. Еңбекақының негізгі жүйелері лауазымдық, уақыттық, еңбегіне қарай ақылар (ставкалар) болып табылады.Лауазымдық ақы (ставка) тұрақты ақша мөлшерінде жұмыс берушімен анықталады, бірақ ол еңбекақының ең аз мөлшерінен төмен болмауы керек. Еңбекке ақы төлеудің уақыттьіқ жүйесінде жалақы мөлшері тұрақты айлық, күндік немесе сағаттық тарифтік ставка бойынша жұмыс уақытының ұзақтығына байланысты анықталады.Қызметкерлер үшін еңбекке ақы төлеудің уақыттық жүйесі көбіне айлық қызмет ақысы түрінде белгіленеді. Еңбегіне ақы уақыт бойынша төленетін жұмысшылар үшін қызмет көрсету нормалары, қызметкерлер санының нормативтері және олар жұмыс атқаратын агрегаттар мен станоктар санының нормативтері жасалып, қолданылады.

Жалақыны еңбегіне қарай төлеу—алдын ала белгіленген бағалауларға қарай нақты шығарған өніміне сәйкес жүргізіледі. Ақыны істеген еңбегіне қарай төлеу жүйесі — жұмысшының алатын жалақысын оның еңбегінің нәтижесімен тікелей байланыстыра отырып, қызметкердің еңбек өнімділігін арттыруға материалдық мүдделілігін көтереді, қызметкердің жалақы мөлшері еңбегіне қарай ақы төлегенде оның өнім өндіру номаларын орындауына ғана байланысты болады және оған ешқандай шек қойылмайды.

Еңбекақыны еңбегіне қарай төлеу жүйесі жеке және ұжымдық (бригадалық) болып бөлінеді.Еңбекке ақы төлеудің жеке жүйесінде ақы төлеу әрбір жұмысшының жеке өндірген өніміне қарай анықталады. Ұжымдық еңбек ақы төлеу технология жағдайына қарай, жұмысты бір адам атқаруға болмайтын уақытта немесе қызметкерлердің өзара алмасып отыруын қамтамасыз ету үшін кәсіптерді кеңінен ұштастыру қажет болған жағдайда қолданылады. Ұжымға (бригадаға) бұл жүйе бойынша жалақы есептегенде ол ұжым (бригада) мүшелері арасында олардың разрядтары мен жұмыс жасаған уақытына қарай бөлінеді.