- •1.Психологияның зерттеу пәні туралы өз ойыңызды тұжырымдаңыз
- •2. Психиканы зерттеу объектісі ретінде түсіндіріңіз
- •3. Қазіргі жаңа психологияның бағыттары мен салаларын анықтаңыз.
- •4. Психика және сана ұғымдарын түсіндіріңіз
- •5. Бейсаналық процестерді анықтаңыз
- •6. Психологияның зерттеу әдістері туралы талдаңыз
- •7.Тестерді психологияда қолдану ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •8. Психологияда қолданылатын психотерапевтік әдістерді талдаңыз
- •10.Психологиялық мектептер-гуманистік психологияны түсіндіріңіз
- •14. Психологиядағы эксперименттік әдістердің ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •15. Психологиядағы жүйелік ықпалдың рөлін анықтаңыз.
- •19. Психиканың қорғаныс механизмдерін талдаңыз (Психоанализ).
- •20. Адам дамуының жас периодизациясын-психологиялық аспектіде талдаңыз.
- •21Э.Эриксонның эпигенетикалық даму теориясы
- •22.Психологиялық дағдарыстар ұғымын талдап, түсіндіріңіз
- •23.Индивид ретіндегі адамның психологиялық сипаттамасына интерпретациялық негіздемені тұжырымдаңыз
- •26.Мінез типологиясын психологиялық деңгейде бағалаңыз оның мәні мен маңызын ашыңыз және түсіндіріңіз
- •29.Психоанализдегі тұлғаның даму мәселелерінің өзіндік ерекшеліктерін талдап түсіндіріңіз
- •30. Тұлға психодиагностикасын талдап, негіздеме беріңіз
- •31.Тұлға социализациясын психологиялық аспектіде талдап түсіндіріңіз
- •35 «Мен» және әлеуметтік әлем туралы зерттеу тенденцияларын түсіндіріңіз
- •42. Қабілет психологиясының негізгі сұрақтарын түсіндіріп талдаңыз
- •43. Индивидуалдылық және тұлға қабілеттілігі ұғымдарын психологиялық талдаумен негі.
- •44. Қарым-қатынас психологиясының негізгі зерттеу сұрақтарын психологиялық талдаңыз.
- •45. Қарым-қатынастың функц., деңгейлері ұғымдарын псих-қ аспектіде талдап тұжырымд.
- •46. Вербалды емес қарым-қатынасты психологиялық аспектіде негіздеп талдаңыз
- •47. Вербалды қарым-қатынас және сөзді псих-қ талдау жайлы оның псих-қ мәнін түсіндір.
- •48. Эмоция психология-ғы негізгі ұғым баяндай от-п, адам мінез-құлқын рет-гі мәнін ашың
- •49. Тұлғаның эмоциялық әлемін психологиялық деңгейде талдай отырып түсіндіріңіз
- •50. Эмоция псих-ның негізгі ұғымдарын талдап түсіндіріңіз және өз пікіріңізді негіздеңіз
- •54 Топтардың түрлері, даму деңгейлері, топтарды зерттеу әдістеріне психологиялық талдау жасаңыз
- •56, Топтағы қарым-қатынас пен және әлеуметтік қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық аспектіде түсіндіріңіз және талдау беріңіз
14. Психологиядағы эксперименттік әдістердің ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
Эксперимент. Бақылауға зерттеушінің бала психикасындағы өзін қызықтыратын белгілерді табуына әсер ететін неғұрлым белсенді әдіс көмекке келеді. Ол — психологиялық эксперимент. Эксперимент кезінде зерттеуші баланың іс-әрекеті өтетін жағдайды әдейі жасайды және түрін өзгертеді, олардың алдына белгілі міндет қояды. Осы міндеттің қалай шешілуіне қарай -сыналушының психологиялық ерекшеліктері қаралады. Мәселен, бір зерттеу кезінде мектепке дейінгі балалық шақта ойлау мүмкіндігі кимылдардың, бейнелердің, сөздердің көмегімен қалай дамитынын бақылаған. Мектепке дейінгі түрлі жастағы топтардың балаларына «тетікті» міндеттер сериясы ұсынылған. Оның мәнісі бала «тетіктің» алыс жатқан иініне бекітілген суретті алуы үшін «тетіктің» өзіне жақын жағын қалайша бұру керектігін білуі керек. Міндеттер үш түрде берілген. Бірінде нақтылы тетіктер баланың алдында, столға бекітілген. Демек, бала оны өз қолымен ұстап, қажет деген жағына карай бұра алады. Екінші жағдайда, осының бәрі сурет арқылы көрсетілген. Ал үшінші жағдайда балаға бұл туралы ауызша айтылып түсіндірілген. Сонда мыналар анықталған: үш жасар балалар міндетті нақты жағдайда ғана шешкен, сурет бойынша кейінірек, ал, ауызша айту бойынша шеше алатын мүмкіндік одан да кейін болған. Мұндағы балаларға берілген эксперимент тапсырма тетікті қолданып затты алу, соның өзінде тапсырманың түрі өзгертіліп тұрады (нақты тетік, суреттегі және ауызша айтып түсіндіру). Нәтиже әрбір жас айырмашылығына байланысты бөлікген топтардын дұрыс жауаптарының санына қарай шығарылады.
15. Психологиядағы жүйелік ықпалдың рөлін анықтаңыз.
Жүйе (лат. systēma, гр. σύστημα– бөліктерден құралған тұтастық, қосылыс) – бір-бірімен қарым-қатынаста және байланыста болатын, сөйтіп белгілі бір тұтастық, бірлестік құратын көптеген құрамдас бөліктер жиынтығы; агрегаттар мен машиналардың территориялық принциппен емес, жұмыс істегенде атқаратын міндетіне негізделіп біріктірілген құрылымдар жиынтығы.Жүйелік тәсіл (Системный подход; approach system) — объектіні негізінен жүйе ретінде қарастыратын ғылыми таным мен практиканың әдіснамалық бағыты; зерттеушіні объектінің тұтастығын ашуға, байланыстар типтерінің көп түрлілігін жөне оларды бірыңғай теориялық картинаға жинақтауды анықтауға бағыттайды. Жүйелік тәсіл принципі кибернетикада, техникада, басқаруда, экономикада және т.б. қолданылады.Жүйелік ықпал1. Басқару жүйесі. Негізгі жүйелік түсінігі: тұтастық, құрылымдық, иерархиялық, өзаратәуелділік. 2. Басқару субъектісі мен объектіс Синтетикалық ыңғайларға басқаруды кешенді, ұйымның ішкі және сыртқы ортасымен байланысқан өзгермелі құбылыс ретінде қарастыруы тән.Осы ілімдердің көпшілігінің негізі болып жүйелік ықпал саналады. Ол ұйымдағы мақсаттарды, ресурстарды және ішкі, сыртқы процестерді бір тұтас етіп байланыстаратын жанжақты кұбылыс деп қарастырады. Тағы да бір ерекшелік жүйелік тиімділіктің болуы, яғни сапа жағынан алғанда бір тұтас оны құраушы бөліктерінің қарапайым сомасынан артық деп санайды.Грек тілінен аударғанда жүйе сөзі көптеген элементтерден құрылатын, бөліктерден тұратын бір бүтін тұтастық ұғымын білдіреді.Жүйелік тәсілдеме ХХ ғ. пайда болды деуге болады. Әлбетте астрономия Күн жүйесін, ал математика әр түрлі санау жүйелерін зерттеген.Профессор Людвиг фон Берталанфи жүйелік тәсілдеме әдістемесін кеңінен баяндап беруші ғалым. Ол 1937 жылы «Жүйенің жалпы теориясы» атты еңбегін шығарды.Кез-келген жүйенің ерекшеліктері:• тұтастық• құрылымдылық (жүйелерді оның құрылымын белгілеу арқылы сипаттау мүмкіндігі)• иерархиялық ( жүйенің әр бір бөлігі белгілі бір дәрежеде өзіндік сапасы бар қосалқы жүйе ретінде көрінеді).• Өзара тәуелділікАдам сана иесі ретінде, еңбектену нәтижесінде материалдық игіліктерді өндіреді, өзіне берген тамаша қасиет-ойлау мен сөйлеу арқасында қатынас жасап, өзінің қоршаған ортасына белсенді түрде ықпал етеді. Яғни дүниенің сырын танып білуде субьектіге айналады. Адам бойындағы даралық өзгелермен қарым- қатынасынан байқалады. Жаңа туған бала индивид (жеке адам) деп саналады. Қалыпты дамыған өмір тәжірибесі мен өзіндік қасиеті әлеуметтік ортада өз орын бар адамды жеке адам деп аталады.Жеке адамның азаматтық, кісілік, тұлғалық қасиеттері болады. Адамның түрлі қатынасы арқасында іс-әрекеттеріне сәйкес жеке адамның тұлғалық сипаттары сомдалады, қадір –қасиеті қалыптасады. Жеке адамның кісілік қасиеттері мен даралық ерекшеліктері оның іс -әрекеттегі белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. Адамның белсенді қимыл әрекеті оны мінез-құлқынан, ниет-тілегімен бағыт-бағдарына айқын байқалады. Ниет-тілектердің мәні адамның тіршілігінен, іс-әрекет түрлеріне, әлеуметтік ортада атқаратын қызметі мен ісінен айқын көрінеді. Сөйтіп, жеке адамның ішкі дүниесінің сыры, жан сарайы психикасының даралық ерекшеліктері сыртқа білініп тұрады. Әлеуметтік жағдай жанама түрде әсер етеді де оның психикасын дамытады. Адамның тіршілік ортасы үнемі өзгеріп тұрады
16. Адамның жас ерекшелігінің психологиялық сипаттамасын талдап түсіндіріңіз. Сондықтан адам психологиясын дұрыс ұғыну үшін: әлеументтік жағдайын білу керек; оның қандай ортаның өкілі екенін айыру; оның көзқарасы мен наным- сенімін бағыт- бағдарын білімі мен тәжірибесіне икем биімділігін анықтау керек. Міне, тек осы айтылғандардан кейін ғана, нақты мәліметтерден соң сол адам туралы пікір білдіруге мүмкіндік туады. Психология адамның даралық сипаттарын қарастырып, оның кісілік қасиеттерін өрістетуді мақсат тұтады. Негізінен адамның жасы бұл адам ғұмырының белгілі бір кезеңін белгілейтін өлшемі болып табылады. Жас адамның физиологиялық, морфологиялық және психологиялық дамуының көрсеткіші болып табылады. Қазіргі заманғы ғылымда адамның жас ерекшелігіне қарай оның даму кезеңдерін төмендегідей бөледі: туғаннан 1 жасқа дейінгі бөбектік кезең; 1 мен 3 жас арасындағы сәбилік кезең; 3 пен 7 жас арасындағы мектеп жасына дейінгі кезең Мектеп жасының өзі 3-ке бөлінеді:7 мен 9-дың арасындағы төменгі сынып оқушылары (балдырғандар); 10 мен 14-тің арасындағы ортаңғы сынып оқушылары (жасөспірімдер);15 пен 18-дің аралығындағы жоғары сынып оқушылары (бозбалалар). Жас кезеңдерінің бұдан кейінгілері: жастық шақ (18 — 21 жас);кемелдену (22 — 60 жастың арасы);егделік (61 — 74 жас);кәрілік (75 — 90 жас). Бұл кезеңдерді психология ғылымының адам дамуының жас периодизация психологиясы деп аталатын арнаулы саласы зерттейді. Мысалы, баланың туған уақытынан бастап бастауыш білім алғанға дейінгі психикалық даму жолын жас ерекшеліктері психологиясының балалар психологиясы бөлімі зерттейді. Жас кезеңдерінің қалған түрлерінің ерекшеліктерін жас ерекшеліктері психологиясының жасөспірімдік, жастық, егделік, кәрілік деп аталатын бөлімдері қарастырады. Кәрі адамдардың жас ерекшеліктерімен арнайы түрде геронтология ғылымы айналысады. Сонымен бірге, жас — қоғамдағы маңызды демографиялық көрсеткіштердің бірі саналады. Халықтың құрамы мен демография қуатын есептеуде жас ерекшеліктері ескеріледі. Жас ерекшеліктеріне байланысты халық санында болатын өзгерістердің динамикасын демографиялық статистика ғылымы қарастырады. Ресей психологтарының ішінен тұлға психологиясын анықтауда Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Л.И.Божовичті айтуға болады.Л.И.Божович - мектепке дейінгі балалардың сәбилік шағы мен жастық шақ аралығындагы тұлға дамуын зерттейді. Ішкі қасиеті мен адам ерекшелігін, негізіі тұлға түсініктеріне сипаттама береді. Тұлғааралық қатынас арқылы ішкі позициясы деп аталатын көзқарастың қалыптасатынын көрсетеді.А.Н.Леонтьев - тұлға құрылымы мен дамуы тұжырымдамасын жасайды. Ол і-әрекетке баса мән береді және теориялары психодинамикалық, эксперименттік емес, құрылымдық-динамикалыққа жатады.Тұлға теориясын жасауда американ психологі Э.Эриксон тұжырымдамасының өзіндік орны бар. Ол тұлға дамуы мен қалыптасуын эпигенетикалық принципке сүйене отырып түсіндіреді және өмір сүру барысында болатын тұлға дамуындағы 8 дағдарыстың болатынын белгілейді.
1. Алғашқы өмір сүру кезеңінде болатын сену, не сенбеу.2. 2-3 жас арасында болатын күмән мен үят.3. 3-6 жас аралығында белсенділік пен оған қатысты болатын кінәләну.4. Еңбек қорлық және оған қарсы толық мәнде болмаушылық.
5. 12-18 жас аралығындағы болатын тұлғаның өзін - өзі белгілеуі мен жеке дара даралануындағы топтамалар мен дау-дамайлар.6. 20 жас шағындағы өз шектеулігі мен қоғамға араласушылығы мен оған қарсы мәндері.7. 30-60 жас аралығында жас ұрпақ қамқорлыққа өзін-өзі жегуі.8. 60 жас және одан жоғары жаста өткізген өміріне қанағаттануы мен өкіну, түңілуі.
17. Психология ғылымының дамуының тарихын түсіндіріп интерпретациялаңыз.Психология тарихының даму кезеңдері. Психология өз алдына ғылым ретінде ХІХ хасырдың 60 ж. бөлініп шықты. Оған себеп болған ғылыми-зерттеу мекемелері-психологиялық лабораториялар және институттар, жоғары оқу орындарындағы кафедралар сонымен қатар пихикалық құбылыстарды оқып-білуге байланысты экспериментті насихаттау жұмыстары.1879ж Лейпцигте Вундт алғаш рет дүние жүзінде экспериментальды психологиядан лаборатория ашты. ХҮІІІ ғ .” Психология” терминін неміс философы Христиан Вольф кіргізді.Психологияның ғылым ретінде даму жолдары нақты кезеңдерден тұрады:1-ші кезең (б.з.дейінгі 5ғ.). Психология жан туралы ғылым ретінде. Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель есімімен байланысты.Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен аралас, астарласа дамып келді. XIX- ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылыстарын эксперимент жүзінде әртүрлі құрал-жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады.Осы кезден бастап, психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірбиелік ғылым ретінде дамыды. Психология ғылымының тарихы да біріне-бірі қарама-қарсыжоғарыда аталған екі бағыттың үздіксіз ой-пікір тартысына толы. Мысалы, ертедегі грек ойшыларының бірі Демокрит сол кездің өзінде-ақ жанды оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады.Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон. керісінше “жан- мәңгі өлмейді, өшпейді”,- деп тұжырымдады. Психикалық әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну, қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, әсіресе, орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады..2-ші кезең. Психология сана туралы ғылым ретінде. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы философтар психиканы түсінудің методологиялллық алғы шарттарының негізін қалады,оның психологияның өз алдына білімнің жеке саласы ретінде қалыптасуына ықпалы тиімді. Р.Декарт жануарлар мен адам психикасына әр түрлі қаруды белгілейді.оның теориясы бойынша ,жануарлардың жаны жоқ олардың мінез-құлқы,сыртқы әсерге рефлекс болып табылады.Д.Локксенсуализмнің–ақыл-ой жүйесінде сезім мүшелері арқылы өтпейтін еш нәрсе жоқ дейтінді уағыздайтын философиялық бағыттың аса көрнекті өкілдерінің бірі.Ғалым психикалық іс-әрекет механизмін ассоциациялардан ,яғни жеке түсініктер мен идеялар арасындағы байланыстардан көреді.Д.Локк сананы өзімен-өзі тұйықтап,сана туралы ілімде іс жұзінде декарттық тұрғыда қалып қойды.3-ші кезең. Психология іс-әрекет туралы ғылым ретінде. 1913жылы американ психологы Д.Уотсонның психологияны мінез-құлық жөніндегі ғылым деп қарастырған кітабы жарық көрді. Зерттеуші интроспекция әдісін субъективті деп жоққа шығарды :оның нәтижесінде алынған деректерді Уотсон тек бақылаушының өзі үшін ғана нақтылы нәрсе деп есептеді. Бихевиоризм сана жөніндегі декарттық –локктік концепцияның дәрменсіз екенін атап көрсетті.4-ші кезең. Психология ғылым ретінде психиканың фактілерін, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейді. Сыртқы әсердің адамның ішкі ерекшеліктері арқылы өңін өзгертуі көптеген жағдайларға оның жас мөлшеріне, білім деңгейіне, белгілі бір сыртқы әсерге бұрыннан қалыптасқан қарым-қатынасына, белсенділік деңгейіне және,ең бастысы,қалыптасқан дүниетанымына тәуелді. Сонымен психиканың мазмүны реалды,бізге тәуелсіз және өмір сүретін заттардың, құбылыстардың ,оқиғалардың ақиқат бейнесі болып табылады.
18. Э. Берн трансактілік анализ бойынша мінез-құлықтың формаларын талдаңыз. Трансактілік анализ – Эрик Берн жасаған топтық және тұлғалық өсудің психотерапевтік әдіс. Берннің теориясы тұлға құрылымын талдауына негізделіп жасалған. ТА басты мақсаты тұлғалық өзгерістерге бағытталған. Бірақ жеке адамды түсіну мәселесі қарастырылмайды. Керісінше, ұғыну жеке адамның өзгеруіне негіз болды. өзгеру басқаша шешімдер қабылдап, оларды белсенді жүзеге асыруға бағытталған. ТА ілімінде терапия ұзақ болмауы керек және қысқа мерзімді терапияда жалғыз шешім емес. Сондықтан мәселенің негізін шешу мерзімі, уақыты ТА теориясына сай жүргізіледі. Негізгі мақсат: адамның мінез-құлқы, ойлары мен сезімдерінің арасындағы байланыстылықты анықтау. ТА теориясының негізінде бірнеше басты ойлар жатыр. «Эго» – қалпы моделі. ТА негізі эго – қалпы модельі болып табылады. «Эго» – қалпы – бұл қазіргі уақыттағы біздің тұлғамыздың көріну тәсілі, ал бұл тәсіл қылық-әрекеттің, ойлардың, сезімдердің тәсілдерінің бір-бірімен байланысып бірігуі. Бұл модель үш әртүрлі эго – қалпын сипаттайды. Егер мен «қазір және осында» деген принцип ұстансам, бүкіл ересек адам потенциялын қолдансам, онда мен Ересек эго – қалпында болғаным.. Кейде мен балалық шақтағы сезімдерге, ойларға, қылық-әрекеттке ораламын. Бұл жағдайда мен Бала эго – қалпында боламын. Осылай біз тұлғаның үшмүшелі эго – қалпын аламыз. Бұл модель тұлғаның қылық-әрекеттің, ойлардың, сезімдердің арасындағы нақты байланысты анықтауға көмектеседі. Функционалды модель көріп тұрған қылық-әрекет тәсілдерді классификациялайды, ал құрылымдық модель – есте қалғандылық пен стратегиялар. Эрик Берн эго – қалпын танудың төрт тәсілін келтіреді: қылық-әрекет диагнозы, әлеуметтік диагноз, тарихи диагноз,феноменалогиялық диагноз. Қылық-әрекеттік диагнозда адамның қылық- әрекетін бақылау арқылы біз оның қандай эго – қалпында тұрғаны туралы қорытынды жасаймыз. Бақылау кезінде сөздерді, дауыс ырғағын, қимылдарды, дене тұрысын, бет әлпетін естіп-көре аламыз. Әлеуеметтік диагнозда мен өзімнің қандай эго – қалпында тұрғанымды басқа адамның қандай эго – қалпында тұрып менімен байланыс жасап тұрғаны арқылы біле аламын. Тарихи диагнозда біз адамның бала кезнде қандай болғаны туралы сұрақ қоямыз. Біз оның ата-анасы және парентальді тұлғалар жайлы сұраймыз. Осы барлық төрт диагноз түрінде қолдану керек. Кейде эго – қалыптарды қате қабылдауымыз мүмкін: бала эго – қалпын ата-ана эго – қалпы деп, ата-ана эго – қалпын ересек деп т.с.с. бұл жағдайды контоминдалған дейді. Берн бойынша адамдар бірнеше эго – қалыптарын қоса алады. Трансакциялар. Коммуникация болғанда трансакцияда болады. Коммуникацияның бастамасын стимул, ал жауапты – реакция. Берн бойынша, трансакция «әлеуеметтік өзара әрекет етудің негізгі бірлігі».Параллельді (толықтырушы) трансакциялар – трансакционды векторлар бір-біріне параллель, ал олар реакция көзі болып табылатын эго – қалпына бағытталғанды білдіреді. Коммуникацияның бірінші заңы.Параллельдітрансакцияда күту элементі бар.кез келген әңгіменің соңы бар. Бірақта трансакция параллельді болып қалғанға шейін комммуникация процессінде стимул және реакция кезегі бітпейді. Коммуникацияның екінші ережесі бойынша қиылысатын трансакциялар кезінде коммуниказияның үзілуі болады, оны қалпына келтіру үшін біреуіне немесе екеуіне де өзінің эго – қалпын өзгерту керек.Коммуникацияның үшінші ережесі бойынша жасырылған трансакцияның қылық-әрекеттік нәтижесі әлеуемметтік емес, психологиялық деңгейде анықталады.
