Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
psikhologia_zhauaptary.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
471.04 Кб
Скачать

47. Вербалды қарым-қатынас және сөзді псих-қ талдау жайлы оның псих-қ мәнін түсіндір.

Вербалды қарым-қатынас тіл, сөйлеу арқылы жүзеге асады. Тіл – сөз жүйесі, сөздерді дұрыс құрастыру, ойды сөзбен толық жеткізу,  дыбыстың, интонацияның, сөздің нақтылығы. Тілдік дыбыстық құбылыс – сөз темпі, дауыс ырғағы, ритм, тембор, дикция. Шебер сөйлеу ережелері мен заңдарды білу қонақ үй ішінде өте маңызды. Қонақжайдағы қызмет көрсетуде келесідей сөйлеу принциптері есепке алынады: қол жетерлік, экспресивтілік, қабылдағыштық, интенсивтілік. Қол жетерлік – мәдени,біліми деңгейі. Экспресивтілік – эмоциялық сөйлеу, мимика, жест, поза. Қабылдағыштық – коммуникативтік қарым қатынаста түс, жарық, дыбыс, сурет, модельдер кең қолданады. Қонақ әсері кӛбірек болған сайын оның алған әсері де тұрақты болады. Интенсивтілік – ақпаратты беру темпі.

Қонақ үй қызметкерлерінің сөйлеу тиімділігі сөз арқылы қонақ ойы мен сезіміне әсер ету. Тиімділік қарым – қатынасы үшін қонақтармен сөйлеу байланысындағы коммуникациялық эффект туралы ойдың қалыпты болуы тиіс. Оларға толық тоқталайық: Визуалды бедел эффектісі – алғашқы әсер алатын адамның сыртқы келбеті. Сондықтан, қызметкерлер бір ортақ стильдегі униформа киінуі. Алғашқы сөздердің тиімділігі – алғашқы әсерді қалыптастырады немесе түзетеді. Сондықтан қонаққа айтылған алғашқы сөздер оны қызықтыруы қажет. Аргументация эффектісі – негізделген, сенімді және логикалық ақпарат беру. Кез – келген қонақ үй қызметкерлері қалай логикалық сӛйлеуді ғана емес, қонақ үй туралы нақты ақпарат беруі керек. Порциялық ақпаратты тастау эффектісі жиі клиент кӛңілін таба білуден тұрады. Яғни, жаңа ойлар және аргументерді уақытқа бөліп қою. Релаксация эффектісі – жағдай лирик берсе юмор қолданады. Сөйлеуді бұзатын «солай айтқанда» , «жалпылай». Сөйлеу монерасы – дауыс ырғағын дұрыс қоя білуге қалай жетуге болады: 1. Демді дұрыс қоя білу 2. Өзіңде сенімдік ұялату, әңгімелесу затымен айналыну, қызықты фактілерді білген сайын адам ӛзін еркін сезінеді.Сөйлеу темпі, Қонаққа сөйлеудің интонациясы.

48. Эмоция психология-ғы негізгі ұғым баяндай от-п, адам мінез-құлқын рет-гі мәнін ашың

Мінез-құлық — адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез-құлық тірі организмнің барлығына ортақ қасиет. Оның басты белгісі – тіршілік иесінің қимыл-қозғалысының түрлі деңгейдегі көріністері. Адам бойындағы Мінез-құлықтың бастапқы көрінісі – қылық. Мұнда әр адамның өмірлік бет алысы, бағыт-бағдары, талғам-сенімі, көзқарасы, мақсат-мұраты көрініс береді. Адам өзін-өзі бақылау жасау арқылы мінезіндегі мінін түзеуге, жағымсыз әрекет пен қылықтардан өзін тыйып ұстауға мүмкіндік алады. Мінез-құлық. адамның өзіне, айналасындағы басқа адамдарға қарым-қатынасынан, жүктелген істі қалай орындайтынынан көрінеді. Бұл оның бүкіл тыныс-тіршілігіне әсер етіп, сыртқы ортамен байланыс жасауын қамтамасыз етеді. Эмоция (фр. emotion, лат. enoveo — толғану) — адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй. Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына (ұнамды эмоция) немесе қанағаттанбауына (ұнамсыз эмоция) байланысты. Адамның жоғары әлеуметтік қажетсінулері негізінде пайда болатын тұрақты змоция. Эмоция жоғары түрі адамның іс-әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік туғызады. Оларға қуаныш, сүйіспеншілік және т.б. эмоциялар жатады. Жағымсыз эмоция адамның іс-әрекетіне азды-көпті зиян келтіреді. Оларға қорқыныш, қайғы, абыржу, үмітсіздену, үрейлену және т.с.с. эмоциялар жатады. Көңіл — адамның бойын билеп алатын эмоциялық жағдай. Көңілді болу адамның іс-әрекетінің сәтті, нәтижелі болуына байланысты. Адамның эмоциясын, оның мимикасынан, пантомимикасынан да байқаймыз. Эмоциялық үрдістердің пайда болуы вегетативтік жүйке жүйесінің қызметіне байланысты. Эмоциялар қатарластығы — бірін-бірі итермелеуші эмоциялық кемелденген екі бағдар. Олардың біреуі ұғынымсыздыққа қарай ығыстырылып, индивид мінез-құлқына санадан тыс әсер етеді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]