Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
psikhologia_zhauaptary.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
471.04 Кб
Скачать

44. Қарым-қатынас психологиясының негізгі зерттеу сұрақтарын психологиялық талдаңыз.

Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс, екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады. Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпарат, тәжірибе, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздық қарым-қатынас жасау; сұхбаттаушының пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Психологияда қарым-қатынастың негізгі үш типі: манипуляциялық, императивті және диалогтық  көрсетеді.

А. Императивтік қарым-қатынас, кейде өктемшіл немесе директивті деп атайды. Ол қарым-қатынастағы серіктестерінің бірі екіншісінің мінез-құлқы мен ойын бақылауға, қандай-да бір іс-әрекетке итермелеуге талпынуымен ерекшеленеді. Бұл жағдайда қарым-қатынастағы серіктес басқаруды қажет ететін машина сияқты,  жансыз обьект ретінде қарастырылады; ол пассив, «ырықсыз» жақ болады. Императивті қарым-қатынас құралы ретінде бұйрықтар, нұсқаулар, ережелер, талаптар, қорқыту және сол сияқтылар қолданылады.

Б. Манипуляциялық қатынас императивтікке ұқсайды. Оның мақсаты - қарым-қатынастағы серіктесіне ықпал ету. Бірақ бұл жерде көздегеніне қол жеткізу жасырын жасалады. Императив сияқты манипуляцяда екінші адамның мінез-құлқы мен ойын бақылауға ұмтылады. Манипуляция бизнесте және ресми қатынастарда жиі кездеседі. Өзгені өзінің ықпал ететін объектісіне айналдыру арқылы, шынайы серіктесін көрмей, байқамай, өз-өзімен өзінің мақсаттары мен міндеттерімен қарым-қатынас жасайды.

В. Диалогтық қарым-қатынас өктемшілдік және манипулятивтік типтерге қарсы, ол серіктестер құқықтарының теңдігіне негізделген. Диалогтық қарым-қатынас тек бірқатар арақатынас ережелерін сақтағанда ғана жүзеге асады. Диалогтік, басқаша айтқанда гуманистік қарым-қатынас түсінісудің, ашылудың анағұрлым терең деңгейлеріне жетуге мүмкіндік береді. Қарым-қатынасты қарастыру бұл құбылыстың күрделілігін, алуан түрлілігін оның функцияларының көп сатылылығын көрсетеді

Тұлға әрекетінің негізгі түрлері осы қарым – қатынас арқылы дамып жетіліп жүзеге асады. Өзге адамдармен қарым-қатынаста бола отырып  адамзат жинаған білімді, оның тәжірибесін, заңдары мен нормаларын құндылықтары мен әрекет ету тәсілдерін меңгеру арқылы адам тұлға ретінде қалыптасады. Қарым-қатынас адамдардың өзара әрекеттестік және өзара қатынас жасаудың ерекше формасы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]