Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
psikhologia_zhauaptary.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
471.04 Кб
Скачать

42. Қабілет психологиясының негізгі сұрақтарын түсіндіріп талдаңыз

Қабілет - тұлғаның қызмет түрлерін атқару тәсілдерін жетік меңгеруінен көрініс табатын, оларды игеру мүмкіндігін шарттастыратын, жемісті нәтижеге қол жеткізу мүмкіндіктерін көрсететін дара -психологиялық ерекшелігі. Қабілеттердің бірнеше концепциялары бар.

  • Тұқымқуалаушылық теориясында қабілетті дамуы мен көрінуі тұтастай және толығымен тұқымқуалаушылық қорына тәуелді биологиялық детерминді құбылыс ретінде түсінеді. Бұл ұстанымды белгілі адамның генеологиясы және энциклопедиялық сөздіктерге сүйене таланттың тұқымқуалаушылығын зерттеген Ф. Гальтон ұстанған.

  • Жүре пайда болған қабілеттер теориясы. 18 ғасырдағы Гельвецийдің тұжырымдауынша, тәрбие арқылы данышпандылықтың кез-келген деңгейін қалыптастыруға болады. Эшби бұл тұжырымды былай жеңілдетті, қабілет бұл тума бағдарламалар және жұмысқа деген қабілеттілік арқылы қалыптасады.

  • Негізінен Кеңестік психологияда дамыған қабілеттегі тума және жүре пайда болған диалектиканы  нақтылаған үшінші концепция болды. Анатомо – физиологиялық ерекшеліктер ғана тума бола алады, ал қабілеттің өзі – қалыптасу нәтижесі.

  • Қабілеттіліктердің дамуындағы жеке ерекшеліктер (әдетте, дарындылықтың байқалмауы немесе болмауы ретінде қарастырылатын қабілеттіліктер) біздің тұжырымдамалық сұлбамыз бойынша былайша анықталады:

1) қабілеттіліктердің сапалық-сандық өлшемдерімен;

2) бірлескен іс-әрекетттегі серіктестердің мазмұндық сипаттамасымен;

3) бірлескен іс-әрекеттің құрылымдық ерекшеліктерімен анықталады.

Бұл қабілеттіліктер өлшемдері және бірлескен іс-әрекет бойынша көптеген факторларға тәуелді болып келетін және айқындық сипатына ие серіктестер алдын ала берілген жағдайларда қабілеттіліктердің қалыптасуы мен дамуы, соған орай дарындылықтың көрінуі басым дәрежеде бірлескен іс-әрекеттің қызмет үрдісімен және мазмұнымен анықталады. Бірлескен іс-әрекет, өз кезегінде, біз бұрын көрсеткендей, мағыналық құрылымдардың бірлескен іс-әрекет жағдайларында қалыптасатын жалпы қорының даму деңгейіне байланысты. Жалпы мағыналық қор туындаған жағдайда және оны әр серіктес қабылдаған жағдайда ғана бірлескен іс-әрекетті қалыптастыру мүмкін болады. 

43. Индивидуалдылық және тұлға қабілеттілігі ұғымдарын психологиялық талдаумен негі.

Индивидуалдық – бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы. Индивид – бұл адамдардың психологиялық сипаттамаларының физикалық алып жүрушісі. Нақты субьектіні әлеуметтік топтан ажырату үшін  «әлеуметтік индивид»  түснігін қолданылады. Индивид тұлғаның ерекшеліктерінің алғы шарттарын қалыптастырады, бірақ тегі бойынша әлеуметтік – мәдениленген салаларын ережеге сай детерминациялай алмайдыБұл анықтама логикасына сәйкес кез келген индивид тұлғаға айналып, тұлға өз кезегінде әрқашан анатомды – физиологиялық алғы шарттармен бір мәнді анықталып жатпайды. Индивидуалдылықты интегралды зерттеу теорияларына дәстүрлі түрде келесі сұрақтарды жатқызады:

  • индивидуалдылық құрылымдық элементтерін, оларды ұйымдастыру  принципін,іс-әрекет формалары мен функционалдық рөлін зерттеу;

  • индивидуалдылық  құрылымындағы әр деңгейлік қасиеттерін тану критерилерін анықтау;

  • индивидуалдылық құрылымындағы жоғары және төменгі деңгейінің өзара әрекеті;

  • индивидуалдылық толықтығы типологиясын құру.

Индивид пен тұлғаның өзара әрекеттесуін жалпы алғанда тарихта әр түрлі шешілген дене мен рухтың мәселесін көрсетеді, мысалы дене – бұл тағдыр деп тұжырымдай келе Фрейд тұлғаның биологиялық іргетасына адам өмірінде шешуші рөлін берді, ал отандық психологияда керісінше бірнеше он жыл бұрын тұлға болып қалыптасуы: кім олай атамады, кім тек индивид болып қала береді деген шарттары кең талқыланды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]