
- •1.Психологияның зерттеу пәні туралы өз ойыңызды тұжырымдаңыз
- •2. Психиканы зерттеу объектісі ретінде түсіндіріңіз
- •3. Қазіргі жаңа психологияның бағыттары мен салаларын анықтаңыз.
- •4. Психика және сана ұғымдарын түсіндіріңіз
- •5. Бейсаналық процестерді анықтаңыз
- •6. Психологияның зерттеу әдістері туралы талдаңыз
- •7.Тестерді психологияда қолдану ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •8. Психологияда қолданылатын психотерапевтік әдістерді талдаңыз
- •10.Психологиялық мектептер-гуманистік психологияны түсіндіріңіз
- •14. Психологиядағы эксперименттік әдістердің ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •15. Психологиядағы жүйелік ықпалдың рөлін анықтаңыз.
- •19. Психиканың қорғаныс механизмдерін талдаңыз (Психоанализ).
- •20. Адам дамуының жас периодизациясын-психологиялық аспектіде талдаңыз.
- •21Э.Эриксонның эпигенетикалық даму теориясы
- •22.Психологиялық дағдарыстар ұғымын талдап, түсіндіріңіз
- •23.Индивид ретіндегі адамның психологиялық сипаттамасына интерпретациялық негіздемені тұжырымдаңыз
- •26.Мінез типологиясын психологиялық деңгейде бағалаңыз оның мәні мен маңызын ашыңыз және түсіндіріңіз
- •29.Психоанализдегі тұлғаның даму мәселелерінің өзіндік ерекшеліктерін талдап түсіндіріңіз
- •30. Тұлға психодиагностикасын талдап, негіздеме беріңіз
- •31.Тұлға социализациясын психологиялық аспектіде талдап түсіндіріңіз
- •35 «Мен» және әлеуметтік әлем туралы зерттеу тенденцияларын түсіндіріңіз
- •42. Қабілет психологиясының негізгі сұрақтарын түсіндіріп талдаңыз
- •43. Индивидуалдылық және тұлға қабілеттілігі ұғымдарын психологиялық талдаумен негі.
- •44. Қарым-қатынас психологиясының негізгі зерттеу сұрақтарын психологиялық талдаңыз.
- •45. Қарым-қатынастың функц., деңгейлері ұғымдарын псих-қ аспектіде талдап тұжырымд.
- •46. Вербалды емес қарым-қатынасты психологиялық аспектіде негіздеп талдаңыз
- •47. Вербалды қарым-қатынас және сөзді псих-қ талдау жайлы оның псих-қ мәнін түсіндір.
- •48. Эмоция психология-ғы негізгі ұғым баяндай от-п, адам мінез-құлқын рет-гі мәнін ашың
- •49. Тұлғаның эмоциялық әлемін психологиялық деңгейде талдай отырып түсіндіріңіз
- •50. Эмоция псих-ның негізгі ұғымдарын талдап түсіндіріңіз және өз пікіріңізді негіздеңіз
- •54 Топтардың түрлері, даму деңгейлері, топтарды зерттеу әдістеріне психологиялық талдау жасаңыз
- •56, Топтағы қарым-қатынас пен және әлеуметтік қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық аспектіде түсіндіріңіз және талдау беріңіз
1.Психологияның зерттеу пәні туралы өз ойыңызды тұжырымдаңыз
Психологияның зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының табиғаты, психикалық құбылыстары, үрдістері, қасиеттері кіреді. Адам дамуының заңдылықтары және оның ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің жүйесі жалпы қоғамның дамуы үшін қажет. Бірақ адам жеке өзіндік арнайы мәселелері бар әр түрлі ғылымдардың амалдары арқылы кешенді зерттеулердің объектісі болып саналады. Гуманитарлық ғылымдар әлеуметтік үрдістерді зерттеген кезде психологиялық факторларды ескеру қажеттілігі туындайды. Бірақ әрбір ғылым өз пәнінің ерекшеліктерімен айрықшаланады. С.Л.Рубинштейн "Жалпы психология негіздері" еңбегінде (1940) былай деп жазды: "Психология зерттейтін құбылыстардың арнайы шеңбері анық әрі айқын көрінеді. Бұған біздің өміріміздің ішкі мазмұнын құрайтын және бізге тікелей тән уайымдар сияқты сезімдер, ойлар, ұмтылыстар, тілектер, ниеттер, қабылдаулар және т.б. жатады...". Психиканың алғашқы сипаттамалық ерекшелігі - жеке адамда тікелей өзіндік уайымдарының болуы - тікелей сезімнің негізінде ғана білініп, басқа ешқандай тәсілдермен қабылданбайды. Жаратылыстың әсемдігі қалай әдемі әрі жарық сипатталса да зағип (соқыр) оны білмейді, ал саңырау оның үнінің саздылығын тікелей қабылдаусыз сезбейді, өз басынан сүйіспеншілікті өткермеген адамға бұл сезімнің барлық ерекшелігін, шығармашылығының ләззатын және күрестің күшеюін, басқаша айтқанда, адам тек өзі ғана басынан кеше алатынды ешқандай психологиялық трактат алмастыра алмайды
Психология ғылымының зерттеу пәні – психика. Психика – материя қасиеті, мидың қызметі болуымен психика дамуының алғы шарты бейнелеудің ерекше формасы. Психиканың қызметі, біріншіден қоршаған дүние заттары мен құбылыстарының қасиеттерін, байланыстардын бейнелеу, екіншіден осының негізінде адам қылығы мен қызмет әрекетін реттестіру.
Психология — психикалық құбылыстардың ”жан қуаттарының” пайда болу, даму және қалыптасу аңдылықтарын зерттейтiн ғылым. Психикалық құбылыстар бiздi қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлi бейнелерi болып табылады. Олар (түйсiк, елес, ой, сезiм, тiлек, қабiлет, қызығу, мiнез, әдет т. б.) көпшiлiгiмiзге өз тәжiрибемiзден жақсы мәлiм, тiлiмiзде жиi кездесетiн ұғымдар.
2. Психиканы зерттеу объектісі ретінде түсіндіріңіз
Психология — адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. психологияның зерттеу объекті — мінез-құлық пен оның қалыптасуы; ойлау үдірістері; эмоциялар мен пейіл; тұлға; адамдар арасындағы қарым-қатынастар, т.б. Психика -
1. Түйсіну, қабылдау, елестету, ойлау, сезім, ерік және т.б. түрінде шынайы өмірді бейнелеу түрінде көрсететін мидың қызметі; адамның өзіне тән сапалы тәлім-жосығын анықтайды; қоғамдық еңбек үдерісі мен тілдің дамуы арқасында пайда болуымен байланысты психиканың жоғары нысаны — адам санасы.
2. Адамның рухани жетілушілігі, оның рухани сапасы, көңіл-күй иірімдерінің жиынтығы.[1]
Психика (гр. psychikos — ішкі сезім, көңіл-күй) жинақтайтын рухани бірлестігі. Психика биологиялық эволюцияның жемісі және жалғасы. Психика сыртқы құбылыстар мен заттардың көрінісін белсенді және озық түрде бейнелейді. Негізінде психика заттық ортаның дұрыс бейнесін және тіршілік иесінің өз ортасына бейімделетін бағдарын құрайды. Психиканың рефлекторлық сипаты оның объективті жағдайға тәуелділігін, қабылдау жүйесі құрамының қимыл атқару заңдылығын білдіреді. Психиканың рефлекторлық табиғатын алғаш И.М.Сеченов дәлелдеді. Адамның психикасы оның қимыл-әрекетін реттейтін және қоғамдық қатынасқа бейімдейтін жаңа құрылымның — сананың негізін құрайды. Осыдан адам психикасының дамуының жеке тұлғалық және әлеуметтік зандылығы қалыптасады.Психика —1) объективті шындықты түйсік, қабылдау, елестету, сезім, ерік, ойлау арқылы белсенді бейнелейтін мидың жүйелі қасиеті;2) адамның жан-дүниесінің сапалық күйі мен сипатын жинақтайтын рухани бірлестігі.
Психиканың екінші сатысында адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетін өзінше ұйымдастыратын және оқиғаның өткенін, бүгінін және болашақ күйін реттей алатын қабілет қалыптасады. Адам өткен оқиғаны есінде сақтайды, бүгінгі күйін қобалжу актісімен, ал болашақтағы мүмкін жайын үміті, мақсаты, арманы, түс көру арқылы жеткізе алады. Психика — биологиялық эволюцияның жемісі және жалғасы. Психика сыртқы құбылыстар мен заттардың көрінісін белсенді және озық түрде бейнелейді. Организм осы фактор арқылы әр нәрсенің ерекшелігіне сай қимыл-әрекет жасауға және ортаға бейімделуге мол мүмкіндік алады. Негізінде психика заттық ортаның дұрыс бейнесін және тіршілік иесінің өз ортасына бейімделетін бағдарын құрайды. Адам психикасы іс-әрекеті нәтижесін әрдайым ортаның жағдайымен салыстыра отырып, индивид ахуалын қайтарымды байланыста ұстауға мүмкіндік алады, оның түсінік сезімін ықшамдайды. Психика жүйке жүйесін тітіркендіретін әсерді заттың бейнесіне түрлендіреді, мінез-құлыққа ынта-ықылас дарытады. Психиканың рефлекторлық сипаты оның объективті жағдайға тәуелділігін, қабылдау жүйесі құрамының қимыл атқару заңдылығын білдіреді. Психиканың рефлекторлық табиғатын алғаш И.М Сеченов дәлелдеді. Адамның психикасы оның қимыл-әрекетін реттейтін және қоғамдық қатынасқа бейімдейтін және құрылымдық-сананың негізін құрайды. Осыдан адам психикасының дамуының жеке тұлғалық және әлеуметтік заңдылықтары қалыптасады.[2]