Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Радио дайын.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
162.6 Кб
Скачать

1. Тікелей эфирді жүзеге асыру тәртібі

Қазақ радиосының да негізгі жұмыс әдісі – тікелей эфир. Ең алғаш, Қазақ радиосы тікелей әуе толқынындағы жұмысын "Тәулік тынысы" – "Понарама дня" ақпаратты-сазды бағдарламасымен 1989 жылдың 9 қаңтарында бастаған болатын. Бұл ретте, жаңаша жұмыс тәсілін тәжірибе жүзінде іске асырып, күнделікті кәсіби дағдыға айналдырған Қазақ радиосы екенін атап айтқан жөн.

Тікелей эфир радиожурналистикадағы жанрлар мен пішіндердің қолданыс аясына да өзгерістер алып келді. Сондықтан да тікелей эфирдің жанрлық ерекшеліктеріне талдау жасап, оған тән белгілерді топтастыру қажеттігі туындайды. Негізінен, тікелей эфирден ақпаратты және талдамалы жанрлар кең қолданыс тапқан. Оның есесіне деректі көркем жанрлар тікелей эфирде мүлдем ұшыраспайды.

Тікелей эфир-радиожурналистикадағы уақыт дәлдігін сақтап, жедел хабар таратудын, кәсіби әдісі, шығармашылық-техникалык сипаттағы соны технологиялык процесс, аудиториямен қарым-қатынастың айрықша тәсілі, өзгеріске ұшырамайтын нақты құбылыс. Түптеп келгенде, алуан түрлі пішіндер мен жанрлық ерекшеліктерді қамтып, бір мезгілде атқарылатын бірнеше істің басын қосатын ұжымдық үйлесім мен жүргізушінің лингвистикалық және психологиялық белсенді іс-әрекетінің нәтижесінде жүзеге асатын қызмет жүйесі. Ал тікелей эфирде жұмыс істеген журналистің даярлығының күштілігіне, дайындығының мықтылығына қарамастан процесс кезіндегі күллі іс-әрекетін, аузынан шыққан әрбір сөзін өлшеп-кесіп, мөлшерлеп-межелеп алдын-ала анықтап алуы мүмкін емес. Сондықтан да ол эфир кезіндегі әрекетінің негізгі шарттарын есте сақтауы қажет. Оны мына төмендегідей тәртіппен белгілеуге болар еді: 1. Сөз бостандығын иелену. 2. Мемлекеттік мүддені ұстану. 3. Құкық негіздеріне сүйену. 4. Шығармашылық еркіндікті пайдалану. 5. Кәсіби шеберлікті таныту. 6. Жауапкершілік шегінен аспау. 7. Заң аясына бағыну.

"Эфир" - сөзі грек тілінен аударғанда ауаның жоғарғы қабаты немесе "жоғарғы ауа" деген мағынаны береді, Ал ғылыми тұрғыда "эфир - радиотолқындар таралатын кеңістіктің жалпылама атауы".  Тікелей эфирге алдын-ала жасалатын даярлық 1. Қажетті материалдарды жинау: а) тақырып таңдау; ә) объекті белгілеу; б) формасын анықтау. 2. Сценарийлік жоба әзірлеу: а) хабарды тыңдарманның қалай қабылдайтындығына барлау жасау; ә) жоба барысында хабардың психологиялық желісін дұрыс жолға қою. 3. Музыкалық форматты есепке ала отырып, тікелей эфир хабарын әрлейтін әуенді дұрыс және сәтті таңдау: а) журналистің шешімі; ә) музыкалық жүргізушінің тапқырлығы.

2. «Шалқар»ақпаратты-сазды бағдарламасы,оның тарихы, өзгешелігі

«Шалқар» ұлттық арнасы 1966 жылдың 1-қаңтарында ақпаратты-сазды «Шалқар» бағдарламасы ретінде тұсауын кесті. 1998 жылы жұмысын уақытша тоқтатқанымен, 2002 жылы қайта ашылып, алғашында тек Алматы қаласының көлемінде ғана хабар таратты. Кейіннен эфир уақыты ұлғайып, республика аумағына тарай бастады.

«Шалқар» ұлттық арнасы - республикадағы тек қана [[Қазақ_тілі|қазақ тілі]нде хабар тарататын жалғыз арна. Радио өнімдері қазіргі кезде республика аумағының 62,04 пайызына тарайды. Ғаламтордағы http://shalkarfm.kz жеке сайты арқылы әлемнің әр түкпірінен тыңдау мүмкіндігі бар.

«Шалқар» радиосының ресми сайты http://shalkarfm.kz 2011 жылғы 18 шілдеден ақпарат таратады. Онлайн трансляция 18 шілдесінен бері эфирде.

«Шалқар» ұлттық арнасының басты мақсаты - қазақ халқының ұлттық, рухани құндылықтарын насихаттау. Алғаш ашылғанда «Өнерім-өмірім», «Атадан қалған асыл сөз», «Жеті ғасыр жырлайды», «Алтын тамыр» сынды бағдарламалар арқылы тыңдарман жүрегіне жол тапты.

Қазақ әдебиетінің сүбелі шығармаларын, ұлттық музыкасын, ғасырлар қойнауынан жеткен ғұламалар ғибратын кеңінен насихаттауды мақсат тұтқан арна «Бүгінгі әдебиет», «Ағалардың алақаны», «Ғасыр ғибраттары», «Күй-шежіре», «Шалқар» шаңырағында, «Сал домбыра», «Інжу-маржан», «Наридірген», «Терме» сынды хабарларын ұсынып келеді. Алыстан атамекенін аңсап жеткен отандастарымыздың тыныс-тіршілігінен сыр шертетін «Туыстар-ай» хабары бүгінде тыңдармандардың зор ықыласына ие.

Сондай-ақ, «Замана бұлбұлдары» айдарынан Жүсіпбек Елебеков, Жәнібек Кәрменов, «Бізге қымбат дауыстар» айдарынан Жамал Омарова, Роза Бағланова сынды саңлақтардың концерттері берілуде. Өнер дүлдүлдерінің үнтаспаға жазылып алынған шығармаларын тұрақты түрде беру дәстүрге айналған. Сондықтан да «Шалқар» ұлттық арнасы арқылы таралатын музыкалық хабарлардың маңызы зор, көтеретін жүгі ауыр.

Радио 2012 жылы Астана қаласындағы заманауи үлгіде салынған «Қазмедиа орталығына» көшті. Орталықта жоғары деңгейдегі шығармашылықпен жұмыс жасауға барлық жағдай жасалған. Жетілген сандық технология орнатылған. Мұны игеру арқылы радио мультимедия сапына қосылды.

Бұған дейін Қазақ радиосының құрамдас бір бөлігі - редакция болып келген радиоарна 2014 жылдың ақпан айынан бастап жеке радио болып қайта құрылды.

«Бесігіңді түзе»«Ағалардың алақаны»«Ғылым және қоғам»«Жақсының жары»

«Атадан қалған асыл сөз»«Жан мейірі»«Зиялы қауым»«Парыз»«Айдында жүзген ай сәуле»

«Балбұлақ»«Жеті ғасыр жырлайды»«Күй-шежіре»«Ғасыр ғибраттары»«Ел суреттері»

«Біздің елдің жігіттері...»«Отырар кітапханасы»«Дода»«Әлқисса...»«Аққулы айдын»

«Сал домбыра»«Қайырлы таң, Қазақ елі!»«Назқоңыр»«Сазды сәлем»«Терме»

«Жұлдызды түн»«Төртінші билік»«Жайдарман»«Жақсының жары»«Денсаулық»«Наридірген»

«Жыр отау»«Қасиетті қазақ жері»«Депутат сағаты»«EXPO.KZ»«Шырқа, дауысым!»«Кәсіп иесі»

«Шалқар» сараптамасы«Дәстүр»«Мәдениет мәйегі»«Өнер алаңы»«Радиосайыс»

«Сөйлеу мәдениеті»«Әдебиет әлемі»«Күміс көмей, жез таңдай»«Сахна сыры»«Сырғалым»

«Әлем әдебиеті»«Ұшқын»«Алаштың Астанасы»