
- •1. Қазақстанда радиохабар тарату ісінің тарихы
- •2. Қазақ радиосының құрылымы (кеше жіне бүгін)
- •3. Радионың даму кезеңдері
- •1. Қазақ радиосының құрылымы (кеше жіне бүгін)
- •2. Радиожурналистика жаныры мен пішіндерінің эвалюциясы
- •3. Орфаграфия мен орфаепия, фонетика заңдылықтары
- •1. Радиожурналистиканың ақпараттық жанры
- •2. Какафония және эффония туралы ұғым
- •3. Радиохабардың тілі мен стиль ерекшелігі
- •1. Тікелей эфирді жүзеге асыру тәртібі
- •2. «Шалқар»ақпаратты-сазды бағдарламасы,оның тарихы, өзгешелігі
- •3. Радиодағы талдамалы жанр
- •1. Радиожурналистикадағы деректі көркем жанрлар
- •2. Кеңес дәуіріндегі радио жетістіктері
- •3. Радиодағы музыканың рөлі
- •1. Радиожурналистің соз мәдениеті
- •2. Радиохабарлардың жіктелуі.
- •3. Радиопішіндердің дамуы
- •1. Логиканың радиодағы рөлі
- •2. Қазақ радиосындағы –«Алтын қор»
- •3. Радиожурналист әдебі
- •1. Қазақ радиосындағы көркем хабарлар
- •2. Радиогазет, оның құрлымы, атқаратын қызметі
- •3. Радиодағы тікелей эфир немесе радиодағы интерактивтілік байланыс
- •1. Дыбыстық дерек – радиожурналистика өнімі
- •2. Радиоөнер және әуе толқынындағы әрбір сөздің салмағы
- •2. Шешендік өнерді меңгерудің кәсіби әдістері
- •2. Диктор-информатор және диктор-бастаушының айырмашылығы
- •3. Радиохабар жасауда интонация, екпіннің рөлі
- •15 Емтихан
- •2. Диктор, актер, журналист жүргізушіге байланысты тіл қолданыстары
- •1.30Ж. Радиода пайда болған жанрлар мен пішіндер радионың дамуына қандай үлес қосты?
- •2.Михайлов “Радионың табиғаты сөйлеу тілінің әдеби ауызша түріне жатады”,-деген сөзінің мәнісін түсіндіріңіз
- •3. Соғыс жылдарындағы радионың рөлі қандай болды?
- •1. Радиоүндесу мен радиогазеттің айырмашылығы неде?
- •2. Радиохабарларда «ырғақты» не үшін қолданады?
- •3. «Мағынасыз сөз болмайды, әрбір диктор сол мағынаны дөп басып таба білу керек»,-деген сөздің астарын түсіндіріңіз
- •1. Радиохабардағы саз- бейнелеудің тиімді құралы
- •2. Радиосұхбат, оның қазіргі кездегі сипаты
- •3. Радиожурналистке қойылатын талаптар
- •Баспасөз тілі мен радио тілінің айырмашылықтары
- •Радиодағы тікелей эфир дегеніміз не? тікелей эфирге тән ерекшеліктер
- •3. Журналистика және әдеп терминдері
- •Радио – ақпарат таратады, құлақтандырады дегенді таратып айтыңыз
- •Диджей – радионың жаңа жанры
- •3. Радиосұхбат пен радиоәңгімелесудің айырмашылығы
- •Радиодағы баспасөз мәслихаты
- •Радиохабардың өн бойында қолданылатын музыкаларды іріктеу
- •3. Саунд дизайнер радиода қандай қызмет атқарады?
- •1. «Қазақ радиосы» және ұлттық музыканың насихатталуы жайлы зерттеулер.
- •2. Тікелей эфирге алдын-ала жасалатын даярлық
- •3. Диктор – сөз шебері немесе жүргізуші журналистке қойылатын талап
- •1. Радиохабардағы өзіне тән тілдік және стилдік қолданыстары
- •2. Журналистің кәсіби санасының құрылымы қандай сипат алады?
- •3. Радиорепортаждағы дыбыстық фон деген не?
- •Радиорепортаждың өзіндік белгілері
- •Бернард Шоудың «Радиода «Иә» немесе «Жоқ» сөзін 50 түрлі етіп қолдануға болады»,-деген пікірін қалай түсінесіз?
- •Радиода сингормонизм заңын пайдалану
3. Орфаграфия мен орфаепия, фонетика заңдылықтары
№ 3 Емтихан билеті
1. Радиожурналистиканың ақпараттық жанры
1. Радиоақпарат - маңызды саяси мәнге ие, мазмұнында жаңашылдық элементі бар, кең ауқымды, тыңдарман аудиториясына ұсынылатын оперативті жанр түрі. Радиоақпаратта негізінен, ел өміріндегі маңызды оқиғалар, қаулы - қарарлар мен бұйрық - жарлықтар бірінші кезекке шығады. Келесі кезекте әлеуметтік – экономикалық мәселелер, іскерлік байланыстар орын алады. Содан соң ғылыми, мәдени, спорт жаңалықтары беріледі.
Қай жерден қандай айғақты алып қарасақ та, радио ақпаратты жедел тарататындығымен басқа барлық бұқаралық ақпарат құралдарынан ерекшеленеді. Радио сағат сайын берілетін жаңалықтар легінің нәтижесінде қалың бұқараны болып жатқан оқиғалардан хабардар етеді.
Ақпараттық сұхбат. Сұрақ нақты пікір білу үшін немесе қандай да бір мәлімет алу үшін қойылады. Сұхбаттың бұл түрі фактінi және пікірді қамтиды. Сұхбат берушінің ресми тұлға болуы шарт емес. Оның сөйлеген сөзінің астарында көңіл-күй мен ішкі толғаныс, яғни, эмоциональдық фон болуы тиіс. Сондықтан да, көбінесе жаңалықтар желісінде мұндай сұхбаттар журналистің қойған сұрағынсыз беріледі. Өйткені, бұл жерде қойылған сұрақ емес, оған қайтарылған жауап маңызды роль атқарады.
Портреттік сұхбат. Сұхбаттың бұл түрі жеке тұлғаның образын ашуға арналады. Сол себепті портреттік сұхбат әлеуметтік-психологиялық сипатымен ерекшеленеді. Өйткені, портреттік сұхбат адам бойындағы құнды қасиеттерді анықтауға негізделеді.
Сауалнамалық сұхбат. Белгілі бір нақты сұраққа әртүрлі адамдардан жауап алу арқылы жасалады. Қысқа-нұсқа 1-2 сұрақтың аумағында жауап алынатын болғандықтан, оны жедел сұхбат, яғни, экспресс - интервью деп атайды. Негізінде, сұхбаттың бұл түрі қоғамдық пікірді анықтаудың өзіндік бір тәсілі болып табылады.
Хаттамалық сұхбат. Мемлекеттік саясат деңгейінде туындаған сауалдар төңірегінде ресми тұлғадан, я болмаса, құзырлы қызмет иесінен нақтылай жауап алу. Әлбетте, ресми тұлға ресми жауап береді. Сұхбат кезінде қойылатын сауалдар алдын-ала әзірленіп, мемлекеттік жауапты қызметкердің (президенттің, министрдің, т.с.с.) көмекшісіне немесе баспасөз хатшысына ұсынылады. Бұл ретте журналистің жеке пікіріне орын жоқ. Эфирде ресми тұлға сол алдын-ала ұсынылған сұрақтарға жауап қайтарады, журналист келісілген сұрақтарын қоюмен шектеледі.
Проблемалық сұхбат. Проблемалық сұхбаттың басты түйіні – журналистік позиция, көпшілік талқысына ұсынылатын қоғамдық маңызы бар ашық мәселе. Мақсат – халықтың көкейінде жүрген сауалдарға жауап алу, күн тәртібіндегі кезек күттірмейтін мәселелер төңірегінде сөз қозғау. Сұхбаттың бұл түрі тікелей эфирде ұйымдастырылуы – шарт. Және студияға шақырылған қонақ журналистің ғана емес, сонымен қатар, телефон желісіндегі тыңдармандардың да сұрағына жауап қайтаруға тиіс. Сұхбат беруші мен тыңдармандар арасында белгілі бір жағдайда дау тууы мүмкін. Дәл осындай сәтте журналист өзінің тақырыпты толық меңгергенін, сол тақырып аясындағы фактілерді жан-жақты білетінін, сұхбат берушімен кез-келген сауал төңірегінде тепе-тең дәрежеде обьективті жауап алу үшін сөз таластырып, қажет болған жағдайда қорытынды тұжырым жасай алатындығын көрсетуі керек. Проблемалық сұхбатты жүргізген журналистің қателесуге, қандай да бір фактіден бейхабар болуға хақысы жоқ.