Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Радио дайын.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
162.6 Кб
Скачать

2. Радиохабарларда «ырғақты» не үшін қолданады?

Адамның жанды даусы, оның ырғақтары мен үн реңдері - әңгіме мазмұнын жандандыратын ең басты құрал. Бүгінгі күнде психологтар мен өнертанушылар музыка мен шулардың ролін тең дәрежеде деп көрсетеді және олардың материалдық әлемдегі құбылыстарды ырғақты әрі нақышты ұйымдастырылған дыбыстармен бейнелеу мүмкіндігін жоғары бағалайды. А. Стоковский деген ғалым адам өмірінде кездесетін барлық шулар “өзіндік ырғақты қағыстардан тұрады және өзіндік музыкалық мәнге ие” деп көрсетеді. Ғалымның бұл пікірі радиожурналистика мен радиоөнердегі Арт-акустика деп аталатын қызықты әрі жаңа бағыттың негізі етіп алынды.

Мысал ретінде алсақ, Сталин мен Гитлердің сөздері, сөз мағынасы түсініксіз, тек сөйлеу мәнері мен ырғағына қарап оратордың кім екенін анықтауға болады, яғни дыбыстар

символ ретінде қолданылады, сөздер тарихи мәнге ие болып, шуға тең болады, радиохабар барысында қосымша түсініктеме мен түсіндірме сөздер қолданылмайды.

Адам өз еркінен тыс табиғи ырғақтар (биоритм) жетегінде өмір сүреді, соған сәйкес жүрек соғысы, тыныстауы, қабілеті мен зейіні де құбылмалы болып келеді. Бүгінгі радио адамның биологиялық, физиологиялық қасиеттерімен қоса оның жан дүниесін, яғни психологиясын да ескеретін бұқаралық ақпарат құралдарының бірі де бірегейі.

3. «Мағынасыз сөз болмайды, әрбір диктор сол мағынаны дөп басып таба білу керек»,-деген сөздің астарын түсіндіріңіз

19 Емтихан билеті

1. Радиохабардағы саз- бейнелеудің тиімді құралы

хабардың ішкі байланысы мен өрбу динамикасы, жып-жылмағай құрастырылуы, сөз, саз бен табиғи шулардың өзара үйлесімділігі — осының бәрі эстетикалық талғамды қалыптастыратын, сананы өсіретін әдіс-тәсілдер.

Журналист неғұрлым радионың бейнелеуші құралдарын дұрыс қолданып, тыңдарман санасына күшті әсер ете алса, соғұрлым эмоциясын күшті тітіркендіреді және әдетте көңіл аудара бермейтін деректің өзі қатты тебірентеді.

Кері байланыс – студиядағы жүргізуші мен телефон желісіндегі тыңдарманның тікелей эфирдегі әңгімесі, сұрақ-жауап түріндегі пікір алмасуы, сауалнамалық радиоойын. Бұл пішін психологиялық желіге құрылады. Өйткені, жүргізуші тыңдарман ойына барлау жасай отырып, өз ойын соған сәйкес сабақтауы керек. Және бастан-аяқ әуенмен әрленіп, сазбен көмкерілуі тиіс. Себебі, тыңдарман жүргізуші тастаған сауал төңірегінде ой қозғау үшін немесе ол қойған нақты сұраққа жауап беру үшін ойланып алуына уақыт қажет.

Радиодағы келесі бір бейнелеу құралы – дыбыс эффектілері, яғни, табиғи және табиғи емес шулар. Сондай-ақ, сөйленген сөзді жылдамдату, баяулату, дыбысты қатайту, бәсеңдету, сөз бен сазды астастыру, жаңғырық қосу, сөздің астарында бірімен-бірі қабаттасқан шуды беру, бір сөзбен айтқанда, өмір шындығының дыбыстық көшірмесін жасау – радио табиғатының мән-мағынасы, мазмұны. Радиожурналистиканың жанрлық ерекшеліктері де осыдан келіп туындайды.

2. Радиосұхбат, оның қазіргі кездегі сипаты

Радиосұхбат, яғни, радиоинтервью ағылшын тілінен аударғанда “кездесеу, әңгімелесу” деген мағынаны білдіреді. Сұхбат баспасөзде кең қолданыс тапқан жанрлардың бірі. Сұхбаттың құрамында екі жанрлық элемент бар:

1) Журналистің қоятын сұрағы;

2) Сұхбат берушінің қайтаратын жауабы;

Сонымен радиосұхбат дегеніміз – журналистің өзекті мәселеге орай кездесу кезінде сұрақ қою арқылы әйгілі адамның, маманның, я қызметкердің немесе оқиға куәгерінің пікірін анықтауы.

Сұрақ қоятын журналистің алдына қойған мақсаты мен оған қол жеткізу тәсілдеріне қарай радиосұхбат 5 топқа бөлінеді: Ақпараттық сұхбат, Портреттік сұхбат, Сауалнамалық сұхбат, Хаттамалық сұхбат, Проблемалық сұхбат.