
- •1. Қазақстанда радиохабар тарату ісінің тарихы
- •2. Қазақ радиосының құрылымы (кеше жіне бүгін)
- •3. Радионың даму кезеңдері
- •1. Қазақ радиосының құрылымы (кеше жіне бүгін)
- •2. Радиожурналистика жаныры мен пішіндерінің эвалюциясы
- •3. Орфаграфия мен орфаепия, фонетика заңдылықтары
- •1. Радиожурналистиканың ақпараттық жанры
- •2. Какафония және эффония туралы ұғым
- •3. Радиохабардың тілі мен стиль ерекшелігі
- •1. Тікелей эфирді жүзеге асыру тәртібі
- •2. «Шалқар»ақпаратты-сазды бағдарламасы,оның тарихы, өзгешелігі
- •3. Радиодағы талдамалы жанр
- •1. Радиожурналистикадағы деректі көркем жанрлар
- •2. Кеңес дәуіріндегі радио жетістіктері
- •3. Радиодағы музыканың рөлі
- •1. Радиожурналистің соз мәдениеті
- •2. Радиохабарлардың жіктелуі.
- •3. Радиопішіндердің дамуы
- •1. Логиканың радиодағы рөлі
- •2. Қазақ радиосындағы –«Алтын қор»
- •3. Радиожурналист әдебі
- •1. Қазақ радиосындағы көркем хабарлар
- •2. Радиогазет, оның құрлымы, атқаратын қызметі
- •3. Радиодағы тікелей эфир немесе радиодағы интерактивтілік байланыс
- •1. Дыбыстық дерек – радиожурналистика өнімі
- •2. Радиоөнер және әуе толқынындағы әрбір сөздің салмағы
- •2. Шешендік өнерді меңгерудің кәсіби әдістері
- •2. Диктор-информатор және диктор-бастаушының айырмашылығы
- •3. Радиохабар жасауда интонация, екпіннің рөлі
- •15 Емтихан
- •2. Диктор, актер, журналист жүргізушіге байланысты тіл қолданыстары
- •1.30Ж. Радиода пайда болған жанрлар мен пішіндер радионың дамуына қандай үлес қосты?
- •2.Михайлов “Радионың табиғаты сөйлеу тілінің әдеби ауызша түріне жатады”,-деген сөзінің мәнісін түсіндіріңіз
- •3. Соғыс жылдарындағы радионың рөлі қандай болды?
- •1. Радиоүндесу мен радиогазеттің айырмашылығы неде?
- •2. Радиохабарларда «ырғақты» не үшін қолданады?
- •3. «Мағынасыз сөз болмайды, әрбір диктор сол мағынаны дөп басып таба білу керек»,-деген сөздің астарын түсіндіріңіз
- •1. Радиохабардағы саз- бейнелеудің тиімді құралы
- •2. Радиосұхбат, оның қазіргі кездегі сипаты
- •3. Радиожурналистке қойылатын талаптар
- •Баспасөз тілі мен радио тілінің айырмашылықтары
- •Радиодағы тікелей эфир дегеніміз не? тікелей эфирге тән ерекшеліктер
- •3. Журналистика және әдеп терминдері
- •Радио – ақпарат таратады, құлақтандырады дегенді таратып айтыңыз
- •Диджей – радионың жаңа жанры
- •3. Радиосұхбат пен радиоәңгімелесудің айырмашылығы
- •Радиодағы баспасөз мәслихаты
- •Радиохабардың өн бойында қолданылатын музыкаларды іріктеу
- •3. Саунд дизайнер радиода қандай қызмет атқарады?
- •1. «Қазақ радиосы» және ұлттық музыканың насихатталуы жайлы зерттеулер.
- •2. Тікелей эфирге алдын-ала жасалатын даярлық
- •3. Диктор – сөз шебері немесе жүргізуші журналистке қойылатын талап
- •1. Радиохабардағы өзіне тән тілдік және стилдік қолданыстары
- •2. Журналистің кәсіби санасының құрылымы қандай сипат алады?
- •3. Радиорепортаждағы дыбыстық фон деген не?
- •Радиорепортаждың өзіндік белгілері
- •Бернард Шоудың «Радиода «Иә» немесе «Жоқ» сөзін 50 түрлі етіп қолдануға болады»,-деген пікірін қалай түсінесіз?
- •Радиода сингормонизм заңын пайдалану
2.Михайлов “Радионың табиғаты сөйлеу тілінің әдеби ауызша түріне жатады”,-деген сөзінің мәнісін түсіндіріңіз
3. Соғыс жылдарындағы радионың рөлі қандай болды?
Ұлы Отан соғысының 1941жылы басталуы радиопублицистиканың қалыптасуына ықпал етті. Бұл кезеңде көптеген газет-журнал редакцияларының жабылуы, радионың өркендеуіне жол ашты. Радионы тыңдау үшін арнайы уақыт бөлу не болмаса күш жұмсау қажет емес. Бұлда радионың басқа бұқаралық ақпарат құралдарынан ерекшелігі. Соғысқа дейін жайбарақат жұмыс жасап келген радио, Ұлы Отан соғысы жылдарында жұмысын күрт өзгертіп қысқа толқынды үш арнадан бір арналық хабарға көшті. Қанмайданға отанды қорғау үшін аттанған жауынгерлерге күш-қайрат беріп, жігерлендіру радиохабарлар арқылы жүзеге асырылды.“Соңғы хабардың” ең алғашқы әскери саны неміс фашистерінің Кеңес еліне шабылуы жөнінде үкімет хабарламасынан кейін 45 минуттан соң эфирге шықты. Осындай жедел ақпарат тарата білген ресейлік радиостанциялар 1943 жылы соғысқа дейінгі дәрежесінен асып түскен. 1941 жылы жылдары митингттік, насихат түрінде берілетін «Тыңда, фронт!» бағдарламасы дүниеге келді. Ал, 1945 жылдың 2 мамырында 23 сағат 30 минутта Маграчаев Берлиннен: «...дәл осы сәтте Германияның тізе бүгіп, Кеңес Одағының жеңгені жөніндегі құжатқа қол қойылып жатыр!» деп хабарланды.Радиожурналистер радиорепортаждың нағыз үлгісін, шапшаңдықтың өнегесін осылайша танытты. Ал, 9 мамыр күні И.В. Сталин халыққа арнап сөз сөйлеп, фашистердің толық жеңілгенін хабарлады.
№ 18 Емтихан билеті
1. Радиоүндесу мен радиогазеттің айырмашылығы неде?
Қазақтың тұңғыш радиогазеті: «Еңбекші қазақ» осылайша бір жылға жуық шығып тұрды».
Көріп отырғанымыздай, бұл жерде көп тәжірибе баспа газеттерінен алынғанмен, тек қана радиоға тән өзіндік белгілер де біртіндеп қалыптаса бастағаны айқын аңғарылады. Бұлар: сөйлеу тілі, бірнеше дауыспен оқу, аудиторияға сөз тастау, автордың тыңдаушылармен тікелей әңгімесі, сұрақтарға жауаптардың тікелей берілуі, материалдардың барынша ұғынықтылығы және т.б.
Кеңес радиосы қалыптасу кезінде оның қоғамдық-саяси хабарларының негізін радиогазеттер құрады. Ал газет хабардың мазмұны, мәні болды. Хабардың өзі оның дыбыс арқылы бейнеленуінен тұрды. Осылайша қазақ радиогазеттері біршама уақыт өмір сүрді. Ол осы уақыт ішінде ақпарат және насихат хабарларының негізгі пішіні ретінде едәуір өзгеріске ұшырады. Бұл өзгерістер хабардың аса маңызды жанрларының эволюциясын бейнелейді, олар үшін радиогазет құнарлы орта болды. Радиогазеттер өткен жол өзінің соңында шығармашылық әдістерінің жиынтығын, ойдағыны эфирде бейнелеу әдістерін қалдырды. Радиогазеттердің даму ерекшеліктерін талдау қызғылықты, сондықтан тарихи жағынан ғана емес, сондай-ақ әдістемелік жағынан да құнды. Өйткені оларда ізденістердің, қателіктердің, жетістіктердің тағылымды тәжірибесі бар.
30-шы жылдар – радионың «алтын ғасыры». Радиожурналистикадағы "пішін" мен "жанр" ұғымы. Радиожурналистика пішіндері мен жанрлары эволюциясы. Қазақстандық радиогазеттер. Радиожурналистиканың жаңа пішіндерінің жетілуі мен радиогазеттердің жойылуы. Радиоға тән ерекшелігі бар хабарлардың көбеюі. Микрофон алдындағы көсемсөз, тікелей хабар тарату — радиожурналистиканың жаңа пішіндері. Алғашқы студиядан тыс хабарлар. Радиожиналыс, радиомитинг және басқа да кеңестік кезеңдегі радиохабар таратудың пішіндері мен жанрлары.
Радиоүндесу – бұрыннан қалыптасқан, қазіргі таңда жаңаша сипатқа ие болған пішін. Қалааралық тікелей телефон желісіндегі байланысқа меншікті тілшілердің шығуы арқылы, сондай-ақ, тонвагеннің және ұялы байланыстың көмегімен оқиға өтіп жатқан жердегі тілшімен тілдесу нәтижесінде жасалатын пішін. Радиоүндесу айтулы оқиға, өзекті проблема болған жағдайда ғана ұйымдастырылуы тиіс. Өйткені, оның әрбір минуты қыруар ақша болып есептеледі. Радиоүндесу негізінен байланысқа шыққан екі журналистің әңгімесінен тұрады. Кейде тақырыпқа сәйкес лауазым иесі, жауапты қызметкер сөзге тартылуы мүмкін. Радиоүндесу кезінде тікелей телефон желісіндегі тыңдарманның сөзіне саналы түрде жол берілмейді. Себебі, бұл пішіннің тақырыбы нақты, уақыт мөлшері өлшеулі болып келеді. Радиоүндесу тікелей техникаға тәуелді пішін. Телефон желісіндегі байланыс іске қосылмаса, жүргізуші өзі әзірлеген басқа бір дыбыстық жазбаны беріп немесе жазбаны оқып шығуы мүмкін. Бірақ, оның ешқайсысы радиоүндесуді алмастыра алмайды. Ән немесе музыка радиоүндесу басталмас бұрын я болмаса, радиоүндесу аяқталғаннан кейін ғана беріледі.