Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Радио дайын.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
162.6 Кб
Скачать

3. Радиодағы тікелей эфир немесе радиодағы интерактивтілік байланыс

Тікелей эфир-радиожурналистикадағы уақыт дәлдігін сақтап, жедел хабар таратудын, кәсіби әдісі, шығармашылық-техникалык сипаттағы соны технологиялык процесс, аудиториямен қарым-қатынастың айрықша тәсілі, өзгеріске ұшырамайтын нақты құбылыс. Түптеп келгенде, алуан түрлі пішіндер мен жанрлық ерекшеліктерді қамтып, бір мезгілде атқарылатын бірнеше істің басын қосатын ұжымдық үйлесім мен жүргізушінің лингвистикалық және психологиялық белсенді іс-әрекетінің нәтижесінде жүзеге асатын қызмет жүйесі.

Тікелей эфирдің төл жанры болып есептелетін репортаж қазіргі тандағы техникалык мүмкіндіктер аясында жаңаша сипатқа еніп толыға түсті. Тонвагенмен де, ұялы байланыс телефонымен де оқиға орнынан репортаж жүргізуге болады. Радиорепортаж жанрын тікелей эфирде өз деңгейінде қолдану электронды журналистиканың ұшқырлығын танытпақ. Тікелей эфирдің өзін ғалымдардың бір тобы пішін деп бағалайды. Дәстүрлі радиожурналистикамен сабақтастыра отырып, тікелей эфир пішіндерін былайша топтастыруға болады.

Кері байланыс – студиядағы жүргізуші мен телефон желісіндегі тыңдарманның тікелей эфирдегі әңгімесі, сұрақ-жауап түріндегі пікір алмасуы, сауалнамалық радиоойын. Бұл пішін психологиялық желіге құрылады. Өйткені, жүргізуші тыңдарман ойына барлау жасай отырып, өз ойын соған сәйкес сабақтауы керек. Және бастан-аяқ әуенмен әрленіп, сазбен көмкерілуі тиіс. Себебі, тыңдарман жүргізуші тастаған сауал төңірегінде ой қозғау үшін немесе ол қойған нақты сұраққа жауап беру үшін ойланып алуына уақыт қажет.

9 Емтихан билеті

1. Әлемдегі және Қазақстандағы радиохабар тарату үрдісі

2. Аудитория қабылдайтын дыбыстық ақпараттың ерекшеліктері

3. Сөйлеу өнерін шешендік өнер дәстүрімен байыту әдістері

1. Радиохабарларын таратудың міндеттері (функциясы) дегенде бұқаралық ақпарат құралдарына ортақ ұстанымдар туралы сөз болады. «Функция» сөзін сөздіктер міндеттері, қызметтік мақсаты мен шеңбері деп түсіндіреді. Осы ұғымды басшылыққа ала отырып, радиохабарын таратудың міндеттерін айқындайтын болсақ, оның ауқымы кең екендігіне және қоғамдық сипаты басым екендігіне назар аударамыз. Өйткені, радионың аудиториясы кең, оның тыңдармандары қоғамның әртүрлі әлеуметтік топтары, хабардың өзі түрлі жағдайда тыңдалады. Радиожурналист те қоғамдық қарым-қатынастардың белсенді мүшесі ретінде көпшілік мүддесіне қызмет етеді, солардың ақпараттық және рухани сұраныстарын ескереді. Оның қоғамдық санаға кері ықпал етуге, жалған ақпарат таратуға, немесе бұрмалауға еш құқы жоқ. Түптеп келгенде радиожурналистика да өзінің мақсаттары мен мұраттарын қоғамдық қатынастармен байланыстырады. Соған қарамастан бұқаралық хабар тарату үшін ортақ 3 факторға назар аударамыз.

1. Радиохабарын тарату ісі бір мезгілде бірнеше міндетті қатар атқарады, яғни ол көп функциональды.

2. Хабар тарату тәжірибесінде алға қойған мақсаттарына кері нәтиже беретін іс-әрекет орын алуы да мүмкін. Мысалы, тұрғындарды ақпараттық қамтамасыз ету орнына жалған ақпарат тарап кетуі, немесе тексерілмеген жайды эфирге таратуы кездесіп қалады. Демалыстық мақсатта талғамсыз берілген музыка тыңдармандардың дегбірін қашырып, көңіл күйін бұзуы ғажап емес. Болмаса, таңертеңгісін қайғылы оқиғаны қатқыл формада таратса, оны тыңдаған адам күні бойы депрессиялық күй кешуі мүмкін.

3. Кез-келген бұқаралық ақпарат құралы, соның ішінде радиохабар таратушылар да, әртүрлі үгіт-насихаттық ағымдар мен жарнамалық ықпалдан тыс қала алмайды, белгілі бір дәрежеде осындай науқандардың жетегінде кетеді. Өйткені, белгілі бір уақыт шеңберіндегі қоғамдық-саяси және экономикалық жағдайларды сараптап, оқиғаларға баға беруде, деректерді екшеуде, жаңалықтар топтамасын іріктеуде, сыртқы ықпалды шектеу журналистен өте сарабдал білгірлікті талап етеді. Көп жағдайда журналистердің өзі де қоғамдық процесстерге араласып, соған атсалысып кетеді, соның жетегінде әртүрлі хабарларды әуе толқынына шығарады. Кей хабарлар еш өңдеусіз, тікелей эфирге тарайды, оған тосқауыл қойып, айтар ойды шектеу мүмкін де болмайды.

Жекеменшіктік қатынастың орнығуы кейбір радиостанцияларда қожайындарға жалтақтық психологиясының орын алуына әкеліп соқтырды. Ақпараттарды іріктегенде оларға жақпайды-ау дегендер эфирден түсіп қалады, керісінше, жарнама сипатындағы жағымды хабарларға көбірек орын беріледі. Журналистикаға жат жағымпаздық, жағынушылық қасиеттер өтпелі кезең тәжірибесінде кеңінен орын алды.

Сонымен бірге, мемлекеттік ұстанымдар мен әлеуметтік, адамгершілік ахуал да белгілі бір мақсатты алға шығарады да, кейбір жақсы мүдденің өзі екінші қатарда қалып қояды. Оның бәріне уақыт төреші, радио да уақыт ағымында қызмет атқарады. Мысалы, күні кешегі кеңестік кезеңде радионың дамуына айрықша мән берілді, ол ұжымдық насихатшы, үгітші және ұйымдастырушы деп бағаланып, ақпараттық саясаты осы мүдде тұрғысынан екшелді, цензура болды, сөз еркіндігі шектелді. Сөйтіп, идеологиялық қуатты қару радио мемлекеттік биліктің қатаң бақылауында болды, қызметі жоғарыдан реттеліп отырды.

Қоғамдық дамудың демократиялық жолын таңдаған егемен Қазақстан жағдайында радиостанциялар шынайы сөз бостандығын алды, цензура жойылды, жекеменшіктік қатынас орнықты, бәсекелестік күшейді, ақпараттық саясаты көбіне тыңдарман ықыласына қарай өзгерді. Енді радионың ақпараттық, демалыстық міндеттері алдыңғы қатарға шығып, ағартушылық қыры бәсеңсігендей болды. Адамның еркін ойлауы мен еркін жүріп тұруына, өз іс-әрекетіне толық жауап беретін қоғамдық қарым-қатынастар орнықты және соны жетілдірудің жолдары қарастырылуда.

Радиохабар таратудың сан қырлы міндеттерін үшке топтастыруға болады.

І. Ақпараттық: тыңдарманды құлақтандыру міндетінен туындайды, радиожарнаманы да осы топқа жатқызамыз.

ІІ. Қоғамды әлеуметтік топтастыру міндеті: интеграциялық міндет, қоғамдық пікірді жеткізу мен қалыптастыру, қарым-қатынас, тәрбие, үгіт-насихаттық және ұйымдастырушылық функциялары.

ІІІ. Мәдени-ағартушылық міндеттері: эстетикалық, ағартушылық және демалдыру — ойын-сауықтық функциялары.

Радиохабарларының міндеттерін білу хабар тарату кестесін сауатты жасау, станцияның бағыт-бағдарын, форматын анықтау, бағдарламалардың ішкі мазмұнын айқындауға және тыңдарман аудиториясының талап-тілектерін ескеру үшін қажет. Енді аталған міндеттерді тарқатып берейік.

2. Радиохабарын есту арқылы қабылдайтын болғандықтан, текстің немесе сценарийдің айтылатын әңгімеге, сөйленетін сөзге айналу процесіне аса зор мән беріледі.

Бұл мәселе қазір кең көлемдегі ғылыми кеңестерге, үлкен пікір алысуларға, теориялық және экспериментальдық зерттеулерге негіз болып отыр. Тіпті латынша “audire” сөзінен шыққан “аудирование” деген арнайы термин пайда болды. Өйткені, бүгінгі талғамы жоғары, талапшыл тыңдаушы аудиториясын шу дөгеннен меңгеріп кету, көпшілік ықыласын жаулап алу оңай шаруа емес. Ол журналист шығармашылығында кездесетін психологиялық сәттерді шебер игеруге байланысты болады екен.

Соңғы уақыттағы осындай зерттеулерге сүйенетін болсақ, радиотыңдаушылар ықыласын игерудің бір-бірімен тығыз байланысты үш кезеңін атайды. Оның алғашқы кезеңінің өзін үш түрге бөліп қарау керек:

Біріншісі — біраз үнсіздіктен кейін естілген диктор үні, немесе музыка. Сол сияқты сөз арасында жасалған тосын пауза да аудитория көңілін он-жиырма секундқа аударады екен. Ал дауыстың бірқалыпты емес, әлсін-әлсін бірде төмен, бірде жоғары шығуының тигізетін ықпалы одан да мол.

Келесісі — аудиторияның тап сол сәттегі өте қажетсініп отырған мәселесін қозғау. Радионың оперативтілігін пайдаланып тыңдаушылар күткен өзекті тақырыпқа бару.

Соңғысы, әрбір бағдарламаның, радиожурналдың бұрыннан қалыптасқан тәжірибесіне байланысты туындайды. Мәселен, хабардың музыкалық “шапкасын”, немесе атын естісімен-ақ аудитория одан қандай қызықты, әрі ақиқат ақпарат алатындығын шамамен болжалдап отырады.

Бірақ мұндай тәсілмен радиоаудиторияны көп уақыт ұстауы мүмкін емес. Сондықтан ол хабардың алғашқы минутында-ақ, тыңдаушы ықыласын меңгерудің екінші кезеңіне ұласып кеткені дұрыс. Яғни әңгіменің маңыздылығы, ақпараттың қызықтығы тыңдаушылар есіл-дертін одан әрі баурап алады.

Радиожурналистер арасында кез-келген хабарды текстісімен емес, естілуімен бағалау керек деген сөз бар. Бұл, әрине, тегін айтылмаса керек. Өйткені, дикторлық оқу мен жүргізуші шеберлігі арқасында орташа жазылған текстің өзін тым жақсы шығару, керісінше, тәп-тәуір туындыны өз деңгейінде жеткізе алмау тәжірибеде кездесіп жатады.

Олай болса, радиохабарының бастан-аяқ ойдағыдай тыңдалуы үшін тек мазмұнды болу жеткіліксіз. Себебі маңызды деген материалдың өзін бірқалыпты дауыспен /монотонды/ оқу адамның логикалық ойлау жүйесін іске қосқанымен, сезіміне әсер етпейді. Яғни, хабардың эмоциялық ықпалы нольге тең деген сөз. Мұндай хабардың тыңдалуы ауыр болғандықтан тез шаршатады, жалықтырып жібереді. Сондықтан оның мазмұнымен бірге эфирден берілу формасы, естілу ерекшелігі де тыңдаушысын тартып, сезімін үйіріп, көңіл-күйін жетелеп отыруы тиіс. Бұл радиоаудитория ықыласын игерудің үшінші кезеңінде іске асатын процесс.

Сонымен екінші кезеңнен үшінші кезеңге ауысу негізінен микрофон алдында сөйлеушінің шығармашылық мүмкіншілігіне, дайындығына, шеберлігіне байланысты. Дәлірек айтсақ, негізгі жүкті көтеретін, басты қызметті атқаратын нәрсе - сөйлеуші интонациясы.

Адам даусының ырғақтарын, үн реңдерін текстіге толық түсіру мүмкін болмайды. Немесе қағазға жазылған сөз өзінің қосымша бейнелеуші құралы - үннен айырылады, сол арқылы оның мазмұны да кемиді дейді З. Цаперный. Мәселен, сценарийді біз жүргізушінің сөзі, шешеннің әңгімесі күйінде естісек, онда одан алатын ақпарат арта түседі. Біріншіден, жүргізушінің сөйлеу мәнерімен, дикциясымен, шешендік қабілетімен танысамыз. Екіншіден, оның кейбір текстерге, сөздерге ерекше екпін тастауы, интонация жасауы негізінде автор ойын анық түсінеміз, мол мағлұмат аламыз. Әрі адамның логикалық пайымына, сезіміне жазбадан гөрі сөз күшімен, үн “тілімен” әсер ету оңайырақ та, мүмкіндік те мол. Өйткені, сөз бен дыбыс адамға шексіз әсер етуге, көңіл-қошын жасауға болатын өте нәзік құралдар дейді зерттеуші Т. Евгеньева. Адам баласының көру қабілетінен гөрі есту қабілетінің мүмкіншілігі көп екен. Яғни есту кезіндегі қабылдайтын үндегі бояу, көзбен көру арқылы қабылдайтын бояудан мол көрінеді. К.С. Станиславскийдің айтуынша сөз бен дыбыс мүмкіндігінің молдығы соншалық “бар” немесе “жоқ” деген сөзді елу түрлі етіп жеткізе алуға болады.

Ауызекі әңгімеде сөздердің айтылу ретін ауыстыру, түрлі екпін түсіру арқылы оның мәнін арттыра түсуге, бәсеңсітуге болады. Сөз зергері, белгілі шешен Ираклий Андронников “интонация күшімен сөзге тура, болмаса кері мағына беруге әбден болады” деген. Немесе, диктордың, хабар жүргізушінің, корреспонденттің, актердің сөз өнері, сөйлеу шеберлігіне байланысты интонациялық мүмкіншілік те өзгеріп отырады. Біраз зерттеушілердің пікірі ақпараттың 40 пайызға жуығын, тек сөздегі интонацияның өзі ғана жеткізе алады дегенге саяды.

Бүгінгі радиожурналист эфирдегі бейнелеу құралдарының қыр-сырын жетік меңгеріп, өзгеше табиғаты - акустикалық ерекшелігіне қанық болуы аса қажет. Себебі, Эстония ғалымдарының зерттеулері бойынша радиохабарлардың көпшілігіне тән олқылықтар осы ерекшелікті білместіктен, немесе оған дұрыс мән бермегендіктен туады екен.

Радиохабардың бейнелеу құралдары аз зерттеліп жатқанымен, талас пікірлер аз емес. Мысалға алғашқы кезде оның дыбыстық эффектілерін тым асық бағаласа, келесі зерттеушілер бейнелеуші құралдардың барлығы бірдей деп дәлелдеуге тырысты. /А.А. Музыря/. Ал, Ю.Д. Баранеевич сөз бен музыка-негізгі, шулар-қосалқы құралдар деп қарастырады.

Біздіңше, радионың бейнелеу құралдарын шатастырмау үшін екі топқа бөліп қараған жөн. Бірінші топқа - құбылыстың акустикалық көшірмесі сөз бен шу және музыка кіреді. Бұлар - табиғи бейнелеу құралдары. Екінші топқа - техникалық бейнелеу құралдары: түрлі монтаж, жаңғырық, сөзді жылдамдату, баяулату т.б. жатады. Радиожанрларын зерттеуші В.Н. Ярошенко да осы бағытты ұстайды.

Мәселен, сөз бен монтажды қатар қоюға болмайтындығын дәлелдеудің қажеті шамалы. Өйткені, олардың табиғаты да, радиохабарындағы орны мен ролі де екі бөлек, ерекше. Сол сияқты бейнелеу құралдарының да қызметі бірдей емес. Мысалы, радиоочерктің идеясын тек музыка мен шу арқылы толық жеткізу мүмкін емес. Олар сөзбен байланыста ғана міндетін атқара алады. Яғни өзінің түрлі дыбыстық эффектілерімен негізгі идеяны толықтырып, дамытып отырады. Сонымен, бұл бейнелеу құралдары /музыка мен шу/ сөзге бағыныңқылы.

Дәлелдеу үшін екі команданың арқан тартысы жарысынан жүргізілген репортажда бейнелеу құралдары қалай қызмет бөліскендігіне тоқталайық. Хабардың басында репортер немесе диктор түсініксіз шуларды ұғындыратын қажетті сөздерді айтады. Әрі қарай оның фонында естіліп тұрған шулар сюжет желісін жалғастырып кетеді. Ондай кезде комментарий беру де міндет емес. Қайта тартыс кезіндегі табиғи шу арқылы “көріп”, тамашалап отырған тыңдаушының елестету творчествосы іске қосылады. /Егер осы жарысты телевизиядан берсе, көрініс нақты болғандықтан көрерменнің қиялы, фантазиясы өз-өзінен сейіліп, жұмыс істеуді қояды, ой еріншектігі басады. М.Баринов/.

3. Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер. Халқымыздың даналығының үлгісі шешендік сөздер – ғасырлар бойы халық сынынан ерекшеленіп өткен құнды мұра, асыл қазына. Шешендік өнеріне ерте замандардан-ақ, үлкен мән берілген. Ежелгі грек, рим елдерінде шешендік өнерді "риторика" деген атпен жеке пән ретінде оқыған. Дүние жүзіне әйгілі ерте заман шешендері Пратогор, Демоссфен, Цицерон, Квинтилиан сияқты өз заманының мемлекет қайраткерлері, ел аузына қараған ойшылдары болған. "Риторика" ғылымы өнердің падишасы ретінде ерекше бағаланған. М.В.Ломоносовтың 1748 жылы басылып шыққан "Шешендікке қысқаша басшылық" атты еңбегі бұл өнердің Ресейде дамып, қалыптасуына түрткі болды.

Қазақтың шешендік сөз тарихы Майқы би мен Аяз билерден басталып (XII-XIII ғғ.), Жиренше шешен, Асан қайғы (XIV-XV ғғ.) есімдерімен қатысты калыптасып, өркендей түсті. Шалгез, Бұхар (XV-XVIII ғғ.), Шортанбай, Дулат, Мұрат, Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекелерге жалғасты. Шешендік өнерінің кеңінен дамып биіктеген кезеңі – XV-XVIII ғғ. Бұл кез қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес жылдары еді.

Шешендік сөздердің алғашқы үлгілерін халық ауыз әдебиеті туындыларынан, ертегі, аңыз әңгімелерден, өлең-жыр, дастандардан ұшыратамыз. Осы сөз өнерінің кең қанат жайып, орнығып дамуында тапқырлық пен шешендіктің тамаша нұсқалары – жыраулар толғаулары, айтыстар мен мақал-мәтелдердің орны ерекше.

Қазақтың шешендік сөздерін өзге жұрттың атақты адамдары, ғалымдары жоғары бағалады. Шешендік сөздер нұсқаларын академик В.В.Радлов (XIX ғ.) зерттеп жинаған болатын. Ол: "Қазақтар... мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауыз екі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласын", – деп көрсете отырып, әсіресе қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын дұрыс аңғарып, қазақтардың сөзге тапқырлығы мен шешендігі өзіне ерекше әсер еткенін жазған.

Сондай-ақ, қазақтың шешендік, тапқырлық, нақыл сөздерін жинап жариялағандардың бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ол халық даналығының жас өспірімдерді тапқырлыққа, өткірлікке, адамгершілікке баулитын тәрбие құралы екенін жете танып, өз еңбектеріне орнымен енгізіп, пайдалана білді.

Шешендік сөздерді алғаш зерттеушілердің бірі – М.Әуезов. "Қазақ әдебиеті тарихы" (1927 ж.) еңбегінде "Билер айтысы" деген арнаулы тақырыппен шешендік сөздердің кейбір түрлеріне мысалдар келтіреді. Ауыз әдебиетінде алатын орны мен халықтық сипатына дәлелді ғылыми тұжырымдама береді. Ауыз әдебиеті мұраларын зерттеп, жинап, ерекше еңбек сіңірген ғалым-лингвист А.Байтұрсынов шешендік өнерді жеке алып қарастырып, құнды пікірлер білдірді (1926 ж.). Шешен сөз, көсемсөз, дарынды сөз деп үш топқа бөліп, әрқайсысын қолданыс орнына қарай (саясатқа қатысты, сотта сөйлеу, қошемет сөздер, ғалымдардың ғылыми тақырыптағы сөзі, діни уағыз сөздер) іштей тағы беске бөліп, әрқайсысына қысқаша түсініктер, тың анықтамалар берген.

Нағыз шешен үшін сөзге шебер болу жеткіліксіз. Табанда тауып сөйлейтін тапқыр, топ алдында тайсалмай, мүдірмей сөз бастайтын батыл, сөз сайысында саспайтын сабырлы болуы қажет.

10 Емтихан билеті

1. Радио репортаж

2. Радиодағы диалогтық және монологтық жанрлар

3. Байтұрсыновтың тіл қисыны туралы қағидаларын эфир тілінің ережесі ретінде қолдану

1. "Радиорепортпаж дегеніміз – уақиға болып жатқан жерден берілген хабар, немесе репортердің микрофон алдында болып жатқан уақиға туралы алған әсерін баяндауы". Бұл анықтаманың өте дәл және ықшамды екенін айта кету керек.

Репортаж радиожурналистиканың неғұрлым ерекше жанрларының бірі болды. Ол әртүрлі жағдайда оқиға болып жатқан жерден хабар беруге, сол сәтте әңгімелесуге радионың барлық бейнелеуші құралдарын: сөзді, шуды, музыканы пайдалануға мүмкіндік берді.

Радиорепортаж – радионың табиғатына тән, оқиғаның дыбыстық суретін тыңдарманның көз алдына елестете алатын, жанды сөзбен әспеттелетін, оқиға аясындағы журналистің баяндауын табиғи шумен толықтырып, оқиғаға қатысушылардың әңгімесімен әсер етіп, тыңдарманды қайталанбас сәттің куәгері ететін ерекше жанр. Радиожурналистиканың тарихында алғашқы радиорепортаждар “Өмірдің ортасынан берілген хабарлар” деп аталған.

Өмірдің ортасынан берілген хабарлар деп біршама бұрыс аталған алғашқы радиорепортаждар студиядан кеңістікке шыққан микрофонның таңқаларлық мүмкіндіктеріне жол ашты. Радиорепортаждар радиолық шығармалардың ең таңдаулы түрі ретінде көрінді.

Демек, радиорепортаж радиожурналистиканың бейнелеуші құралдарын, яғни, сөзді, шуды, музыканы толық қамтыған, уақыт пен кеңістік аясындағы деректілігімен ерекшеленетін әуе толқынының төл жанры болып табылады. Сондықтан да радиорепортажды жүргізетін журналист, яғни, репортер шығармашылық, әрі техникалық тұрғыда кәсіби шебер болуы керек. Өйткені, өмірде болып жатқан қоғамдық маңызы бар оқиғаларды репортажға айналдыратын репортер.

Репортердің жанрлық элементтері:

1. Оқиға

2. Мекен-жай

3. Тілші баяндауы

4. Оқиғаға қатысушылардың әңгімесі

5. Уақыттық көрсеткіш.

Эфирден берілу сипатына қарай радиорепотаж тікелей және тікелей емес болып екіге бөлінеді.

Тікелей репортаж. Өтіп жатқан оқиғадан жүргізілетін репортаж сол сәтте қолма-қол әуе толқыны арқылы таралып, тыңдарманға жетеді. Өмірдегі оқиға мен эфирдегі репортаждың арасында уақыт айырмашылығы болмайды. Тікелей репортаж тарихи маңызы зор, елді елең еткізетін айтулы оқиғалардан жүргізіледі.

Тікелей емес репортаж. Оқиға ортасынан жазылып алынған репортаждың оқиғалық желісі тізбектеліп, мәнді тұстары іріктеліп беріледі. Яғни, оқиға барысынан таспаға басылып алынған дыбыстық жазба монтаждалып, қайта құрастырылған қалпында эфирге ұсынылады.

Ал тақырыптық тұрғыда қамтитын мәселесінің қисынына қарай радиорепортаж оқиғалық және проблемалық болып екіге бөлінеді.

Оқиғалық репортаж. Оқиға орнынан жүргізілетін репортаж. Бұл ретте тақырып оқиғаға орай туындайды.

Проблемалық репортаж. Бұл репортаждың мақсаты – күнделікті өмірде, заман ағымында туындаған проблемаларды нақты дерекке сүйеніп сөз ету, сол деректі немесе құбылысты әрекет аясында дыбыстық жазбамен дәйектеп, тыңдарманға ой салу.

2. Ауызекі сөйлесудің негізгі пішіні – диалог, яғни нақты бір проблеманы шешудің жолдарын бірлесе іздестіріп жүрген немесе бұл бағытта білетін ақпараттарымен ой бөлісуді көздеген екі немесе бірнеше адамның әңгімесі.

Радиодағы диалог құрудың өзіндік ерекшеліктері бар, яғни сөйлеуші адам мен тыңдаушы арасын кеңістік бөліп тұрады, тікелей байланыс жоқ. Бірақ журналист тыңдаушылардың назарын өзіне аударып, белсенді тыңдаушыларды ойша елестетіп, алдын-ала оның реакциясын бақылап, ойын түсініп, әңгіме барысында туындайтын сұрақтарды біліп, екеуара әңгімелесіп, бетпе-бет отырғандай әсерде ақпараттардың берілу ретін, логикалық шешімдердің жүйесін құрып алады. Радиоәңгімені диалогтың, яғни ауыз екі сөйлеу стилінің элементтерін қолдану арқылы шынайы, әрі тартымды етіп құруға болады, ауыз екі сөйлесудің мақамын пайдалану, сөздердің құрылу тәртібін бұзу, адам сөйлеп отырып қажетті сөзді таппаған жағдайда немесе ойланған кезде қолданатын сөз арасындағы кідірістерді табиғи қалыпта қолдану.

Диалогта ой дамып, қозғалыста болғаны жөн, әр түрлі көзқарастар мен дәйектемелердің жан-жақтылығынан ойлар туындап, әңгіменің бар мазмұны өз мәнінде ашылғаны дұрыс.

   Монолог – радионовелла, радиохат сияқты хабар түрлерінде  қолданылады. 

    Монологтың сөз  сөйлеушінің өзінің көңіл –  күйі мен ішкі толғаныстарынан  басқаша келетін түрі де бар.  Ол хабарлау, баяндау тұрғысындағы  монолог. Мұнда оқиға сендіру  мақсатында оның жай – күйін  логикалық тұрғыда дамыта мазмұндау  қажет. Яғни, үгіттік сипатта бар  болуы мүмкін. Бұл орайд субьекті  мен объекті бөлініп, сөйлеуші  сөзі өзіне байланысты емес, керісінше басқа біреуге арналғандай болады. Оның өз адресі бар деген сөз. Монологты бір адам жүргізетін болғандықтан, көбіне – көп ол шешендікті, сөз тапқырлықты қажет етеді.

Радиоәңгіме – монологқа құрылатын деректі-көркем жанр. Оған да радиоочерктегі тәрізді өмірлік дерек өзек болады. Сондықтан да, радиоәңгіме деректік сипат алады. Ал көркемдік деңгейі тұрғысынан келетін болсақ, бұл жанр әдебиеттегі әңгіме жанрының белгілерін тұтас қамтиды да, радионың табиғатына тән көркемдік элементтерді бойына сіңіреді. Әңгіменің негізгі жанрлық элементі ең алдымен, жанды сөз, содан соң музыка, келесі кезекте дыбыс эффектілері. Радиоәңгіменің мазмұнымен қатар эфирден берілу тәсілі, естілу ерекшелігі де тыңдармандарды тартып, оның көңіл күйіне әсер етіп, дыбыс арқылы оқиға көрінісі, кейіпкер бейнесі сомдалуы қажет.

Радиожурналистика жанрларының өзіндік ерекшеліктері радионың бейнелеуші құралдарынан келіп туындайды. Олар: жанды сөз (оны пайдалану әдісі; монолог пен диалог), дыбыстық дерек (өмір шындығының дыбыстық көшірмесі), музыка (радиохабардың әуенмен әрленіп, сазбен көмкерілуі, монтаж) сөз, музыка, дыбыс эффектілерінің астастырылып, көркемдік деңгейге жетуі.

3. Ал Ахмет Байтұрсыновтың қағидасына сүйенсек “бір нәрсе турасындағы пікірімізді, яки қиялымызды, яки көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол сөз өнері болады. Ішіндегі пікірді, қиялды, көңілдің күйін тәртіптеп, қисынын, қырын, кестесін келтіріп сөз арқылы тысқа шығару – сөз шығару болады”. Яғни Мағжанша айтсақ адамдардың ішкі жан дүниесіндегі толғаныстарды жеткізудің негізгі құралы, сонымен қатар ойдың тілі – сөз болса, ал Ахметше көңіл түкпіріндегі өзгерістерді, құбылыстарды жай тілмен емес, көркем, қисыны келіскен сөзбен кестелеп, жүйелеп жеткізу әр азамат үшін парыз болмақ. Ал сөз қадірін бірінші кезекте бағалайтын журналистер үшін Ахмет Байтұрсыновтың бұл талабы негізгі қағида болуы тиіс.

Ең алдымен сөзбен жұмыс істегенде журналистің алдында тұратын үш міндетті жүйелеп өтейік:

Біріншісі – журналист көңіл қойып, назар аударған оқиғаны және оның барлық болмысын сөзбен дәл әрі нақты мазмұнда суреттеп тыңдаушыға жеткізе білуі қажет.

“Айтушы өз ойын өзі үшін айтпайды. Өзге үшін айтады. Сондықтан ол ойын өзгелер қиналмай түсінетін қылып айту керек. Оның үшін айтушы сөйлейтін тілін жақсы қолдана білуі тиіс. Яғни әр сөздің мағынасын жақсы біліп, дұрыстап сөйлемді тізе білуі тиіс.

Тілді қолдана білу деп айтатын ойға сәйкес келетін сөздерді таңдап ала білуді және сол сөздерді сөйлем ішіне орын-орнына дұрыстап қоя білуді айтамыз”. Бұдан шығатын тұжырым сөзді дұрыс тауып қана қоймай, оны оқиғаның бар болмысын, негізгі мән-мазмұнын шынайы етіп суреттейтіндей дәрежеде қолдану керектігі.

Екінші міндет – сөздің оқу мақамын дәл табу, кез-келген мәтінді нақышына келтіріп оқи білу шеберлігі. “Бар” немесе “жоқ” сөздерін жазудың бір ғана тәсілі бар, ал айтудың 50 түрі бар, көп жағдайда кері мағынада, яғни айтылу мақамын таппасаңыз кез-келген сөздің өзіндік мәні, берер мазмұны жойылады.

Жазбаша түрде немесе ауызша айтылған сөз нақты бір мағынаны білдіретін болса адамның елестету қабілетіне тиімді түрде әсер ете алды, радиожурналист материалының көп бөлігі, әсіресе ақпараттық бағыттағы хабарлары аудиторияға осы жолмен жетіп жатады.

11 Емтихан билеті