Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Токсич фарм соед и мет их опр КАЗ 2014-2015...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
753.66 Кб
Скачать

С. Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ

С. Д. АСФЕНДИЯРОВА

«ФАРМАЦЕВТ-ТОКСИКОЛОГ» МОДУЛІ

ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

«Фармацевт-токсиколог» модулі

ФАРМАКОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ

УЛЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ АНЫҚТАУДЫҢ ӘДІСТЕРІ»

ЭЛЕКТИВТІ ПӘНІ БОЙЫНША

ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Алматы, 2014 ж.

Бекітемін

ОТЖ жөніндегі проректор

профессор Төлебаев Қ.А.

_______________

«___» «______» 2014 ж

«Фармакологиялық белсенді қосылыстардың улылығы және

оларды анықтаудың әдістері»

элективті пәні бойынша

жұмыс бағдарламасы

Мамандығы – 051103 «Фармация»

Курс – 5

Семестр – IX, X

Оқу сағатының көлемі:

(кредиттер) - 90 сағат / 2 кредит

Бақылау үлгісі: емтихан (ТО тестілеу, практикалық дағдылар бойынша қабылдау)

Алматы, 2014 ж.

Жұмыс бағдарламасы «Фармацевт-токсиколог» модулінің отырысында талқыланды және 28 тамыз 2014 ж., №1 хаттамамен бекітілді.

«Фармацевт-токсиколог» модулінің жетекшісі м.а, х.ғ.к., А.С.Қожамжарова

Жұмыс бағдарламасы «Фармация» білім бағдарламасының комитеті кеңесінде 1 қыркүйек 2014 ж., №1 хаттамада талқыланды.

«Фармация» ББК төрайымы, доцент Ғ.М.Саякова

Жұмыс бағдарламасы С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ әдістемелік кеңес орталығы (ӘКО) отырысында «___» _______________ 2014 ж., № хаттама қабылданды.

Әдістемелік кеңес төрағасы, профессор К.А.Төлебаев

1.Жалпы мағлұматтар:

ЖОО атауы: С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті

Модуль: «Фармацевт-токсиколог»

Пән, пәннің коды: «Фармакологиялық белсенді қосылыстардың улылығы және оларды анықтаудың әдістері»

Мамандығы: 110300 «Фармация»

Сағат көлемі (кредит) 90 сағат / 2 кредит

Курс – 5, семестр - IХ, Х

2. Бағдарлама

2.1. Кіріспе

Жоғары терапевтикалық белсенділікке ие фармакологиялық белсенді заттардың улылығы жоғары болып табылуы мүмкін. Фармакологиялық белсенді заттарға алкалоидтардың күшті әсер етуші препараттары, жүрек гликозидтері, барбитураттар, фенотиазиндер, сынаптар, күшәндар және т.б. дәрілік заттар (ДЗ) жатады. Көрсетілген құрамдардың және жеке қауіпті басқа қосылыстардың көптеген факторларман байланысты екендігін атап өтуімізге болады. Мына төменде келтірілген құрамдарды атап өтетін болсақ:

  • медицина қызметкерлерінің препараттарды артық мөлшерде қолданылуы немесе жеке өз бетінше емделу нәтижесінде;

  • дәрілік заттардың өзара әсерлесуі (синергизм);

  • аллергиялық реакция немесе жеке қабылдау кезінде байқалатын қарсы көрсетілімдері;

  • фармакологиялық белсенді заттардың сапасының өзгеруі;

  • дәрілік заттарды ағзаға қабылдау кезінде ережелерді ұстанбау;

  • ағзадағы улы агенттердің сіңірілу және таралу ерекшеліктері;

  • ағзаның дәрілік заттарға деген тәуелділігін тудыратын толеранттылығы;

  • улы заттардың токсикалық әсерінің ерекшеліктері және т.б.

Жасуша-мишендердің мембрана рецепторларымен (байланысу) әсер ету механизмін түсіндіру мәселелері. Нәтижесінде қалыпты жасушалық микроқұрылымдардың өзгеріске ұшырауы, өмірлік маңызы зор жасуша-мишендердің қалпының бұзылуы. Ағзаға түскен фармакологиялық белсенді заттар, ферменттер әсерімен - биотрансформацияның әр түрлі тасымалдауына алып келеді. Ксенобиотиктер биотрансформациясына (бөгде текті қосылыстар) бастапқыда детоксикациондық процестер ретінде саналатын. Ксенобиотиктер ағзада көбінесе улы қосылыстарға – «леталды синтез» айналады. Бөгде текті қосылыстардың метаболизмінің жылдамдығы көптеген факторларға тәуелді, яғни улылығы және метаболизм түріне әсер ететіндігін атап өтуге болады. Бұл факторларды генетикалық, физиологиялық және қоршаған ортаға байланысты деп айтуымызға болады.

Фармакологиялық белсенді заттардың улылығы, улану деңгейіне байланысты токсикометрия параметрлері – LD50 (LD100), LC50 (LC100), LDmin, ОБУВ және токсикалық қауіпті болып өлшенеді. Уланудың түрлері – өткір және асқынған болатын болса, уланудың клиникалық деңгейі– токсикогенді және соматогенді деп бөлінеді. Уланудың жіктелінуі – қасағана, оқыс жағдайда, өндірістік және т.б болып жіктелінеді.

Фармакологиялық белсенді заттарға клиникаға дейін сынақ жүргізу кезінде олардың фармакодинамикасына (токсикодинамикасына) – ДЗ (улы заттардың) ағзаға әсер ету механизмдеріне және фармакокинетикасына (токсикокинетикасына) зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Фармакокинетика (токсикокинетика) ДЗ (улы заттар) ағзада жүретін процестер (улы заттардың сіңірілуі, таралуы, шығарылуы және т.б.). Фармакокинетика (токсикокинетика) ДЗ (улы заттар) терапевтикалық дозаны дұрыс қабылдауды, шығарылу жолдарына, түсу жылдамдықтарын бақылауға, ағзадан ксенобиотиктердің таралу және жойылуын білу қажет.

Фармакологиялық белсенді қосылыстардың барлық токсикологиялық параметрлерін, адамдардың биологиялық сұйықтықтарын химико-токсикологиялық талдауда өзекті мәселе ретінде жаңа улы емес фармакологиялық белсенді қосылыстарды емдік практикаға енгізу.