
- •1. Әдеби шығармашылық пәнінің мақсаты мен міндеттері
- •2. Әбіш Кекілбаевтың шығармашылық портретін жасау
- •3. М. Жұмабаев шығармаларындағы ауыз әдебиеті үлгілері
- •5. Дулат Исабековтың шығармашылық портретін жасау
- •6. Ш.Айтматов шығармаларындағы мифтік сарындар
- •11. Оралхан Бөкеевтің шығармашылық портретін жасау
- •12.Т.Әлімқұловтың «Жазушылық оңай ма?» мақаласынан түйген ойыңыз
- •13. Көркем шығармашылық еңбек пен ғылыми шығармашылық еңбек
- •14. Төлеген Айбергеновтың шығармашылық портретін жасау
- •15. Қ.Жұмаділов «Соңғы көш» романының жазылу тарихы
- •16. Әдеби шығармашылық еңбек, оның түрлері
- •17. Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылық портретін жасау
- •18. І.Есенберлин романдарындағы тарихи шындық және көркемдік шешім
- •19. Жазушы еңбегінің ерекшелігі
- •20. Роллан Сейсенбаевтың шығармашылық портретін жасау
- •21. Ә.Нұрпейісов «Қан мен тер» романының жазылу тарихы
- •22. Жазу үдерісіндегі тілдің көркемдік бейнелеу құралдарының орны
- •23. Қадыр Мырза Әлінің шығармашылық портретін жасау
- •24. Х.Есенжанов «Ақ Жайық» романының жазылу тарихынан
- •25. Қаламгердің қоғамдық тұлғасын анықтайтын факторлар
- •26. Тұманбай Молдағалиевтың шығармашылық портретін жасау
- •1. М.Әуезовтің «Қилы заман» повесі және тарихи шындық
- •2. Жазушының дүниетанымын қалыптастырушы негіздер
- •8. Жазушы еңбегі және әдеби мұра
- •9. Марат Қабанбайдың шығармашылық портретін жасау
- •10. Ә.Нұршайықов «Махаббат, қызық мол жылдар»романының жазылу тарихынан
- •11. Жазушы еңбегі және тарихи шындық
- •12. Шерхан Мұртазының шығармашылық портретін жасау
- •13. С.Сматаев «Қара таудың басынан көш келед...», «Елім ай» романының жазылу жайы
19. Жазушы еңбегінің ерекшелігі
Жазушы көркем шығарманы үнемі оқып отыруы тиіс, оның әсері: 1)суреткердің ой-қиялын дамытады; 2) ойдан шығарушылыққа жетелейді; 3) жазу мәнерін, стилін қалыптастырады; 4) шындық, болмыс жөніндегі түсінігі қалыптасады; 5) талант және дәстүр, талант және жаңашылдық мәселелері анықталады.
20. Роллан Сейсенбаевтың шығармашылық портретін жасау
21. Ә.Нұрпейісов «Қан мен тер» романының жазылу тарихы
1973 жылы "Жазушы" баспасынан жарық көрген трилогияның мұқаба беті
Майданнан қайтқан жас офицер Әбдіжәміл туған жерімен қаншама сағынып қауышса, оған деген махаббатын роман жанрының кең байтақ өрісінде шын жүректен жырлап шығуға соншама ынтыққандығын шығармашылығынан айқын аңғартады.
«...Әлі күнге бір бүйірің ауыл өміріне бұрып тұрады. Қанша қашыққа шырқап кетсең де, бойыңдағы бір тамырың туған жеріңнің топырағында бүлк-бүлк етіп соғып жатқандай. Кей күні... сен әлденеге өзек аузында жалғыз үй отырған балықшы шалдың қамыс қосын, жұпыны жиһазын, жалпылдақ шамын есіңс аласың. Өз үйің жайнап тұрса да, саған осынау балық сасыған кішкентай қос ыстық. Қос ішінде, ақ иық қылған ауыр еңбектен болар, жан әкең сілесі қатып шаршаған. Күнге күйген жылтыр қара бетінде қалжыраған ажар бар. Үні де қалжырап ақырын шығады. Сол кезде қара пұшық бала әлдеқайдан жүгіре кеп отырса болғаны, оның әжім беті іштей нұрланып елжіреп қоя береді»[8]– дейді жазушы.
Жазушының «Қан мен тер» романының дүниеге келу сыры осы сөздерде жатыр. «Қан мен тер» трилогиясын құрайтын «Ымырт» (1961), «Сергелдең» (19б4), «Күйреу» (1970) романдарынан, атының өзінен-ақ байқалып тұрғандай, төбеден жарқырап тұрған күнді аз кезіктіреміз. Ал, жарқырап шақырая қалса, кейіпкерлері тағы бір тозаққа ілінді дей бер. Өзінің бас кейіпкері Еламан тәрізді туынды ұдайы дерлік томырылып, үнсіз-түнсіз тұнжырап түнерген қалпынан жазбайды. Соның өзінде де туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімінің орны бөлек.
Прозашының туған халқына, оның жазира даласына деген сүйіспендігі елінің кең қолтық мінезін, шалқар әнін, салқар көштей шұбатылған тарихын эпостық құзарға көтере суреттеуінен аңғарылады.
Ақын белгілі бір тақырыпты терең зерттеп зерделейтін жүйе жинақтарды өмірге әкелді. Олар «Ақ отау», «Бұлбұл бағы», «Ой арманы», «Дала дидары», «Домбыра», «Жерұйық», «Алақан», «Қорамсақ», «Көкпар», «Қызыл кітап», «Мәңгі майдан», «Қылыш пен қанжар», «Заман-ай», «Алмас жерде қалмас» тағы басқа жинақтар қазақ поэзиясында бұрын –соңды болып қөрмеген құбылыс ретінде қабылданды. Ақын қаламынан әдебиеттің әр жанрына қатысты шығармалар туды.
Ол лирика, поэма, драма, эссе, афоризмдер, ғибратты мөлтек әңгімелер,әдеби сын, аудармалар және балалар әдебиетіне өлшеусіз үлес қосты.
22. Жазу үдерісіндегі тілдің көркемдік бейнелеу құралдарының орны
23. Қадыр Мырза Әлінің шығармашылық портретін жасау
«Қазақ поэзиясында осы ғасырдың орта тұсынан өте бере келіп, соңғы отыз жылда тек қана өзіне тән өзгеше пішінін тапқан шын мәніндегі шынайы талант екеу болса - бірі, біреу болса өзі -Қадыр Мырзалиев...Қазіргі қазақ поэзиясын көп дауысты, қуатты оркестр десек, мұның құрамындағы Қадыр музыкасының қайталанбас өз үні, машығы мен мәнері бар: Қадыр лирасының сыңғыры бөлек, сыры терең» ,-деп баға береді академик Зейнолла Қабдолов
Әр дәуір өз ақынын тудырады десек, Қадыр шығармалары оның өзі өмір сүрген жылдардағы көркем тілмен жазылған шежіре десе болады. Қадыр Мырзалиевтың поэзиясы сан қырлы. Олар адал еңбек, пәк махаббат, биік адамгершілік, Отан, дәуір, халық, қазақ мінезі, елге, жерге сүйіспеншіліктен бастап, барлық жақсылық атаулыға сүйсініп, соғыс қаупінен бастап, туған табиғатқа деген немқұрайлыққа дейінгі барлық әлеуметтік келеңсіздіктерге ашынады.