Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аида,Меруерт,Айнур.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
47.57 Кб
Скачать

11. Оралхан Бөкеевтің шығармашылық портретін жасау

Өз шығармашылығымды – қазақы болмыстың, қазақы өмірдің шындығына қазақы көзбен қараудың нәтижесі деп айтар едім. Баяғыда Оралхан марқұм: «Сен осы елдің ойына келмеген детальдарды қайдан тауып аласың?» – деп күлуші еді. Мен де қалжыңдап: «Біздің Шымкентке бар. Бір ай емес, бірер жыл тұр. Содан кейін көрген-білгеніңді бояусыз көшіріп жаза бер. Боясаң мәні кетіп қалар. Біздің ауылда көркем шығармаға астар болатын кейіпкерлер қаптап жүр», – дейтінмін. «Бонапарттың үйленуіне» қатты риза болып еді жарықтық. Сол кезде өзі де ауылына барып келген кезі екен. Катон Қарағайда кержақтар көп, кейбір салт-дәстүрлеріміз бұрмаланып кетті ғой. Орекең ауылына барған тұста Моңғолиядан ер-тұрман, киіз үй жасайтын бір қазақ кеп, барлық баланы сүндетке отырғызыпты. Тіпті, баласымен қоса үлкендердің де біразы мұсылмандықтың шартын қабылдапты. Соны айтып Орекең: «Әттең, сол кезде сен біздің ауылда болмадың. Болғаныңда тағы бір керемет детальды қосар едің. Әңгімең қолымызға тиіп, ішегіміз түйілгенше күлдік. Шөп оруға жарайтын бүкіл еркек кіндікті ауруханада сүндетке отырғызылып жатыр. Бізде шөп ору, оны жаңбырға қалдырмай жинап алу деген үлкен науқан. Жұмысқа жарайтын еркек атаулы қалмады. Әйелдер жағы дәл қызу науқан кезінде Моңғолиядан келген ана байғұсты жазғырып-ақ жатыр. Шөптері шіріп кететін болған соң, амал жоқ, еркектер бұттарына ағаш тостақ байлап, шөп жинауға шықты. Әй, осыны қосқаныңда тіптен керемет болар еді бұл шығармаң», – деді күліп. «Бізде ондай шөп ору науқаны болмайды ғой. Әйтпесе қосар едім», – дедім. Міне, елді, жұртты білсең, өмірдің осындай детальдары қолыңа қалам алған шақта ойыңа орала бастайды. Білмесең, жақсы шығарма жазу қайда? Өмірдің өзінен сұрыптап, талдап: «Мынау жарайды, мынау жарамайды», – деп, оны әлемдік әдебиеттің озық үлгілерімен ұштастырсаң керемет дүние туары сөзсіз. Бізде кейбір жазушыларымыз шетелге еліктегеннің жөні осы екен деп, біздің дүниетанымымызға жат, үш қайнаса сорпасы қосылмайтын бірдеңелерді тықпалағысы келеді. Ешқандай синтез жоқ ондай дүниелерді, әрине халық қабылдамай-ды. Өмірге үстірт, сырттай қараған жазушыдан ештеңе шықпайды. Терезеден қарап тұрып, даланы білем деу асылық болар. Ол – өлі сурет қана. Өкінішке қарай, кейде қарап отырсаң қазіргі кейбір жас жазушылардан «өлі суретке» жаны үйірлік байқалады. Ықылым заманнан бері өнердің мәні – шынайылығымен өлшенді. Бұдан кейін де солай болатыны талас тудырмайтын ақиқат.

Оралхан кейіпкерлерінің тағы бір ерекшелігі — олар арманшыл, қиялшыл болумен бірге ойшыл, мұңшыл, жан-дүниелерінде сағынышқа толы аңсау, ынтығу, күрсініс пен өкініш, шексіз ынтызарлық, жұмбақты сыр жатады. Олармен бірге белгісіз бір сағынышқа толы мұңға беріліп кеткеніңді өзің де байқамай қаласың

12.Т.Әлімқұловтың «Жазушылық оңай ма?» мақаласынан түйген ойыңыз

13. Көркем шығармашылық еңбек пен ғылыми шығармашылық еңбек

Көркемдік ойлау - өнер туындысын жарататын және одан эстеткикалық нәр алып қабылдайтын ақыл-ой қызметінің ерекше түрі. Мұның ғылыми-тоериялық ойлау жүйесінен өзгешелігі бар.Көркем ойлау табиғаты мен миәні – дүниені көркемдік тұрғыдан игерудегі рухани қабілет. Образдық, сезімдік тұрғыдан әлемді тану, адам болмысына үңілу, тіршілік-тұрмыс мәнін бағалау, көңіл-күй құбылыстарын, қиял ырқымен суреттей білу-міне, бұның өзі көркемдік ойлау ерекшелігі болып табылады. Көркем сананың эмоциялық белсенділігін, эстетикалық сезім, шабыттық, болжағыштық – көркем ойлаудың қуатын танытады. Әсерлеу тұтас шығармашылық процеске қатысады. М. Жұмабаев “Педагогика” еңбегінде: “ Әсерленудің болуына жан да, дене де қатысады” деп жазды.

Демек, әсерлену арқылы өмір шындығының философиялық мәні ашылады.

Көркем шындық – өмір шындығының жазушының ой-елегінен, шығармашылық елегінен өтіп, қорытылып, әдеби шығармада баяндалатын көркем суретке айналуы. Жазушының қиыннан қиыстыру, метафоралық толғанысы- көркем ойлаудан туындайды. Ал осының негізінде көркемдік идея жасалады.

Көркемдік идея- шығармада суреттелетін өмір құбылысы туралы автордың айтқысы келген ойы, өмір құбылысына берген бағасы . Идеясыз шығарма болмайды. Әрбір әдеби шығармада шешімін тапқан көркем идеяның түзілісі сол туындыны жазған суреткердің дүниетанымына, әлеуметтік-қоғамдық көзқарасына