Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
saly_1179_polny_shpor.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.09 Mб
Скачать

25. Салық салу объектілерін және салық салуға байланысты объектілерді орналасқан жері бойынша тіркеу.

Салық органы салық төлеушіні салық салу объектілерінің және салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қоюды, салық салу объектілерін және салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды, тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде салық төлеушінің мүлік салығын, көлік салығын, жер салығын,бірыңғай жер салығын және бюджетке төленетін бпсқа да міндетті төлемдерді төлеуін қамтамасыз етуі үшін жүргізіледі.

Меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану, уақытша иелену және пайдалану, сенімгерлік басқару құқығында салық салу объектілері және салық салуға байлансты объектілері бар, салық органында олар жөнінде мәліметтер жоқ жеке тұлғалар салық салу объектілерінің және салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша салық қызметі органына тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш тапсыруға құқылы.

Меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану, уақытша иелену және пайдалану, сенімгерлікпен басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер мұндай құқық туындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органына тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш беруге міндетті.

Салық салу объектілерінің және салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қою үшін табыс етілеген салықтық өтінішке құқық белгілейтін сәйкестендіру немесе салық салу объектісінің иелігін не оны пайдалануын растайтын және (немесе) салық салу объектісін және (немесе) салық салуға байланысты билік ететін өзге де құжаттардың нотариат куәландырған көшірмесі қоса беріледі.

Салық органы салық төлеушіні салық салу объектілерінің және (немес) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қоюды уәкілетті мемлекеттік органдардан мәліметттер және (немесе) салықтық өтініш алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Салық органы салық төлеушіні салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығаруды салық салу объ.рі және (немесе) салық салуға байланысты объектілер бойынша туындаған салық міндеттемесі орындалатын болса мынадай жағдайларда:

  1. салық салу объектіліеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану , өтеулі уақытша жер пайдалану , шаруашылық жүргізу , жедел басқару құқықтарының тоқталуы – егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды, тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде;

  2. салық салу объектісін және (немесе) салық салуға байланысты объектіні уақытша сенімгерлікпен басқару құқығының тоқтатылуы – салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша салық органына тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініш негізінде жүргізеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]