Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
saly_1179_polny_shpor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.09 Mб
Скачать

221. Мониторингке қамтылатын субъектілер.

Ірі салық төлеушілер мониторингі - ірі салық төлеушілердің нақты салық салынатын базасын анықтау, Қазақстан Республикасының салық заңнамасының сақталуын және трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру мақсатында қолданылатын нарықтық бағаларды бақылау мақсатында олардың қаржылық-шаруашылық қызметін талдау жолымен жүзеге асырылады.

ҚР Үкіметінің қаулысы негізінде мониторинге мынадай қызмет саласында әрекет ететін және соңғы 3 жылдағы жылдық жиынтық табысы салыстырмалы түрде көп және тұрақты болып табылатын 300 ірі салық төлеуші қамтылады:

  1. электроэнергия

  2. шикі мұнай

  3. қара және түсті металлургия

  4. құрылыс

  5. байланыс

  6. көмір өнеркәсібі

  7. көлік қызметі, т.б.

ҚР Үкіметі мониторинге қамтылатын субъектілер тізімін әр бюджет жылының соңында мынадай критериилер негізінде нақтылайды және өзгерістер енгізеді:

  1. жылдық айналым мөлшері

  2. талдауға алынатын соңғы 3 салық жылындағы ЖЖТ мөлшері

  3. қызмет ету аясы

  4. өткен салық жылы үшін тапсырылған КТС бойынша декларация деректері

Қазақстан Республикасының Үкіметі мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесін аталған тізбе қолданысқа енізілетін жылдың алдындағы жылдың 15 желтоқсанынан кешіктірмей бекітеді.

Егер мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесін қолданысқа енгізер жылдың алдындағы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша талаптарға сай келетін салық төлеуші таратылу алдында тұрса, мұндай салық төлеуші бұл тізбеге енгізілуге жатпайды.

Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің бекітілген тізбесі оны бекіткен жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан кейін қолданысқа енгізіледі.

Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің бекітілген тізбесі қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл бойына қолданыста болады және осы кезең ішінде қайта қаралуға жатады

Мониторингке жататын ірі салық төлеуші таратылған жағдайда, сондай-ақ оны банкрот деп тану туралы сот шешімі күшіне енгізілген күннен бастап аталған салық төлеуші мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесінен шығарып тасталған деп танылады.

65. Қосылған құн салығы бойынша төлеушілерді есептен шығару механизмі.

Егер салық салынатын айналым мөлшері салықтық өтініш берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін ең төменгі айналымнан аспаса, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару үшін қосылған құн салығын төлеуші орналасқан жері бойынша салық органына қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтініш беруге құқылы.

2. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару үшін ұсынылған салықтық өтінішке мынадай құжаттар:

1) салық төлеуші куәлікті жоғалтып алған жағдайларды қоспағанда, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің түпнұсқасы;

2) қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясы қоса беріледі.

Салық органдары салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығаруды салықтық өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізуге міндетті.

Уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық органы шешімінің негізінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару салық төлеушіні хабардар етпестен мынадай:

1) қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін оны табыс етудің белгіленген мерзімнен алты ай өткен соң табыс етпеген;

2) салық органы қосылған құн салығын төлеушінің орналасқан жері бойынша нақты болмау фактісін растаған;

3) сот үкімінің заңды күшіне енген не қаулысы негізінде қосылған құн салығын төлеуші жалған кәсіпорын деп танылған жағдайларда жүргізіледі.

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару:

1) қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын резидент заңды тұлға, Қазақстан Республикасы аумағында филиал, өкілдіктер арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға, дара кәсіпкер қызметін тоқтатқан жағдайда - салықтық өтінішті тапсыру күнінен бастап;

2) заңды тұлғалар бірігу, қосылу жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайларда – қайта пайда болған заңды тұлғаның құрамына кірген заңды тұлғаларды, қосылған заңды тұлғаны Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелімінен алып тастаған күннен бастап;

3) заңды тұлға бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда – қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті берген немесе ол жоғалған не бүлінген жағдайда қағазда жазылған түсініктеме табыс еткен күннен бастап жүргізіледі.

Қосылған құн салығын төлеушіні банкроттық себебі бойынша таратқан кезде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелімінен алып тасталған немесе дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап жүргізіледі.

Салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен қосылған құн салығын төлеушінің шығарылғаны туралы ақпарат қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешім шығарылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органның сайтына орналастырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]