Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
saly_1179_polny_shpor.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.09 Mб
Скачать

32. Салықтық бақылаудың мақсаттары мен міндеттері

Салық әкімшілігін жүргізу салық қызметі органдарының салық бақылауын жүзеге асыруы, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеушілерге (салық агенттеріне) және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.

Салықтық бақылау – Қазақстан Республикасының салық заңнамасы, орындалуын бақылау салық қызметі органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы нормаларының орындалуына салық қызметі органдары жүзеге асыратын мемлекеттік бақылау.

Салықтық бақылаудың басты мақсаты- ҚР нормативтік актілерінде салық міндеттемесіне қатысты көзделген іс-әрекетерді қамтамасыз ету.

Салықтық бақылаудың міндеттеріне мыналар жатады:

  • салық төлеушілерді салық органдарында тіркеу;

  • салықтық нысандарды қабылдау;

  • камералдық бақылау;

  • ірі салық төлеушілердің мониториигі;

  • салықтық зерттеп-қарау жүзеге асыры¬лады.

  • салық міндеттемесінің, міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндеттердің орындалуын есепке алу;

  • бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібінің сақталуына бақылау;

  • акцизделетін тауарларға бақылау;

  • трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау;

  • мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуға жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуына бақылау;

  • Қазақстан Республикасының салық заңнамасын орындауға бағытталған функция¬ларды жүзеге асыру бойынша міндеттерді орындау бөлігінде уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау жүзеге асырылады.

33.127. Салықтық бақылау түрлері

Салық әкімшілігін жүргізу салық қызметі органдарының салық бақылауын жүзеге асыруы, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеушілерге (салық агенттеріне) және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.

Салықтық бақылау – Қазақстан Республикасының салық заңнамасы, орындалуын бақылау салық қызметі органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы нормаларының орындалуына салық қызметі органдары жүзеге асыратын мемлекеттік бақылау.

Салықтық әкімшіліктендіру нысандары мен түрлерінің ерекшелік белгілері бойынша жіктелуі салықтық бақылаудың сыныпталуын құрайды.

Салықтық бақылау:

1) салықтық тексеру нысанында;

2) мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарында жүзеге асырылады.

3. Салықтық бақылаудың осы нысандары шеңберінде:

1) салық міндеттемесінің, міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндеттердің орындалуын есепке алу;

2) бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібінің сақталуына бақылау;

3) акцизделетін тауарларға бақылау;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]