- •1.164. Салықтық әкімшіліктендірудің экономикалық мәні, мақсаттары, міндеттері.
- •2. Трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау.
- •3.158.174. Салық төлеушінің дербес шотын ашу және жүргізу.
- •4.42. Салықтық бақылаудың сыныпталуы
- •5. Мемлект меншігіне айналдырылған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану, және өткізу тәртібінің сақталуын бақылау.
- •13. Резидент еместі салық төлеуші ретінде тіркеу ерекшелігі
- •39.101.135.193.205.Қр бейрезиденттерін тіркеу
- •14.159.183. Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін өткізу есебінен салық берешегі есебінен өндіріп алу
- •15. Салық міндеттемесінің, міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндеттердің орындалуын есепке алу
- •17.168. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын салық төлеуші (салық агенті) ақ ның жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығару
- •18.166 Салықтық зерттеу
- •19.187. Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі.
- •20.171.180. Салық қызметі органдарының тәуекелді бағалау және басқару жөніндегі іс-қимылы.
- •21.Ірі салық төлеушілерге мониторинг жасау
- •23. Хронометраждық зерттеп тексеру жүргізудің ерекшеліктері
- •25. Салық салу объектілерін және салық салуға байланысты объектілерді орналасқан жері бойынша тіркеу.
- •26.173. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат болып табылмайтын салық төлеуші жеке тұлғаның салық берешегін өндіріп алу /622-бап./
- •27.195. Бақылау-касса машиналарының қолдану тәртібінің сақталуын бақылау
- •28.196. Салық төлеушіні тіркеу және оны тіркеу есебіне алу кезінде банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, уәкілетті органдардың міндеттері
- •29.197. Құжаттық тексерулерді жүргізудің ерекшеліктері.
- •97.125. Салықтық бақылаудың объектілері мен субъектілері
- •31./106. Салық төлеушілерді мемлекеттік тіркеуден өткізу мерзімі
- •32. Салықтық бақылаудың мақсаттары мен міндеттері
- •33.127. Салықтық бақылау түрлері
- •4) Трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау;
- •34.130.194.199. Заңды және жеке тұлғалардың салық қызметі органдарында мемлекеттік тіркеуге алыну ерекшеліктері
- •35.Салықтық бақылау кезеңдері.
- •37.126. Салық салу объектілері мен оған қатысы бар объектілерді есепке алу барысында қажетті құжаттарды тапсыру тәртібі.
- •109.Салықтық бақылау салық қызмет органдарының қызметін ұйымдастыру функциясы ретінде.
- •115.137.227.Көтерме және бөлшек бензин саудамен айналысатын салық төлеушілерді тіркеу ерекшеліктері.
- •41.132.Жеке шот ашу үшін қажетті құжаттарды дайындау тәртібі.
- •46.Мемлекеттік тіркеуден өту үшін қажетті құжаттарды тапсыру тәртібі.
- •47.140. Салық қызметі органдарының салық төлемдері бойынша қарыздарды қысқарту барысындағы іс –әрекеті.
- •49.146.Салық төлеушілердің тіркеу номерлерінің берілу дұрыстығын тексеру.
- •36.110.129.Салық төлеушілердің тіркеу номерлерінің берілу тәртібі
- •51.112.144.224. Талдау, зерттеу салықтық бақылауды жүргізу нысаны ретінде
- •52.143. Салық салу объектілері мен оған қатысы бар объектілерді есепке алу үшін қажет ақпарат көздері.
- •53.145.186. Салық қызметі органдарында уақытылы тапсырылмаған салық декларациясы бойынша салық санкциялары.
- •54.147.172. Салықтық бақылау нысандары
- •56.104.149.200. Қосылған құнға салынатын салық бойынша салық төлеуді есепке қою бойынша талаптар
- •57.116.150.228. Қосылған құнға салынатын салық бойынша салық төлеушілерді есепке қою тәртібі:
- •58.151.162.217. Салықтық бақылау қаржы бақылауының негізгі нысаны ретінде:
- •59.96.148.215. Камералдық бақылау: өткізу тәртібі мен мерзімі
- •123.Камералдық бақылау
- •61.154.219. Салық тексеру салықтық бақылаудың негізгі нысаны ретінде
- •62.156.175. Камералдық бақылау нәтижесін рәсімдеу
- •221. Мониторингке қамтылатын субъектілер.
- •65. Қосылған құн салығы бойынша төлеушілерді есептен шығару механизмі.
- •66. Салық тексеруінің жүргізілу кезеңділігі.
- •67. Салық төлеушілердің қаржылық-шаруашылық қызметінің мониторингін жүргізу үшін қажетті ақпарат көздері.
- •68. Қосылған құнға салынатын салық бойынша салық декларациясын тапсыру мерзімі
- •69.111.212.Құжатты тексеру , өткізу тәртібі мен мерзімі.
- •70.218. Электронды мониторинг.
- •71.Таңбалауға тиісті акцизделетін тауарлар.
- •73. Салық төлеушілердің қаржы-шаруашылық қызметінің мониторингін жүргізу үшін қажетті қаржы есептілігінің нысандары.
- •74.Таңбалауға тиісті акцизделетін тауарлар бойынша жауапкершілік.
- •75.Хронометраждық зерттеу салық тексеруінің түрі ретінде.
- •76.Мемлекет меншігіне алынған мүліктерді есепке алу, сақтау, бағалау және жүзеге асыру тәртібінің сақталуына жауапты орган.
- •77.102.Акциздік бекеттер: бекіту тәртібі және оның функциясы.
- •78.113.225.Кешенді және тақырыптық салықтық тексерулері
- •79.Мемлекет меншiгiне алынған мүлiктерді есепке алу, сақтау, бағалау және жүзеге асыру тәртiбi
- •80.Акциздік бекеттер арқылы акцизделетін тауарларды өткізу тәртібі.
- •82. Мемлекет меншігіне алынған мүліктің тізімге алыну тәртібі
- •84.202.234.Салық тексеруінің нәтижесін шағымдану тәртібі
- •85. Өкілетті органдарға бақылау
- •87.100.201.211. Салық қарыздарын мәжбүрлеп өндіру шаралары.
- •Салық берешегін банк шоттарындағы ақша есебінен
- •98.124. Интегральды салықтық ақпарат жүйесі және оның есеп тиімділігін қамтамасыз етудегі ролі.
- •30.99. Рейдтік тексеру – салық тексеруінің түрі ретінде.
- •223.Рейдтік тексеруді жүргізу ерекшеліктері
- •207. Уақтылы төленбеген салық төлемдері үшін салық санкциялары.
- •38.103.131.192.222. Салықтық бақылаудың басқа бақылау түрлерінен ерекшелік нышандары.
- •93.105.210 Салық міндеттемесін орындау бойынша салық органдарының ескертпесі (уведомление).
- •109.134.Салықтық бақылау салық органдарының қызметін ұйымдастыру функциясы ретінде
- •45.118.136.230.Ағымдағы салықтық бақылаудың ерекшіліктері
- •119.231.Құжаттық тексеру салық тексеруінің түрі ретінде
- •121.233.Дербес шоттың жүргізу ерекшеліктері
- •122.198.235.Фискалды жады бар бақылау касса машиналасын қолдану тәртібі
- •128.Салықтық бақылаудың ұйымдастыру кезеңдері
- •40.133. Іске қосылған салық салу объектілерін есепке алу барысында қажетті құжаттарды дайындау тәртібі.
- •43.141.188.Лотерея билеттерін ұйымдастыру, өткізу жәнен жүзеге асырумен айналысатын салық төлеушілерді тіркеу ерекшеліктері.
- •48.142. Кейінгі салықтық бақылаудың сипаттамасы.
- •81.169.182. Салық тексеру нәтижесін рәсімдеу.
- •163.190. Салық есептілігінің түрлері.
26.173. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат болып табылмайтын салық төлеуші жеке тұлғаның салық берешегін өндіріп алу /622-бап./
Салық берешегі – бересі сомасы, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдардың төленбеген сомасы. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген өсімпұлдар сомасы, сондай-ақ әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыда ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалу кезеңінде шағым жасалу бөлігінде көрсетілген айыппұлдар сомасы салық берешегіне қосылмайды.
1. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат болып табылмайтын салық төлеуші жеке тұлға салық берешегінің сомаларын төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда салық органы сот бұйрығын шығару туралы өтінішпен немесе аталған салық төлеушінің мүлкі есебінен салық берешегі сомасын өндіріп алу туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді.
2. Сот бұйрығын шығару туралы өтініш немесе дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат болып табылмайтын салық төлеуші жеке тұлғаның салық берешегі сомасын өндіріп алу туралы талап-арыз бойынша іс қарау Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
3. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат болып табылмайтын салық төлеуші жеке тұлғаның салық берешегі есебіне оның мүлкін өндіріп алуды Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен атқарушылық іс жүргізу органдары жүргізеді.
27.195. Бақылау-касса машиналарының қолдану тәртібінің сақталуын бақылау
Бақылау-касса машинасын қолдануға қойылатын талаптар
Бақылау-ксса машинасын есептен шығару
1-сұрақ. ҚР аумағында сауда операцияларын жүзеге асыру кезінде, қолма-қол ақша арқылы қызмет көрсету кзінде ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыратын тұлғалар фискалды жады бар бақылау касса машинасы арқылы жұмыс жасауға міндетті. Мынадай тұлғалардың бақылау-касса машинасының негізінде жұмыс жасау тәртібін қолданбауына болады:
Патент негізінде жұмыс жасайтын дара кәсіпкерлер;
Арнаулы салық режимі негізінде жұмыс жасайтын шаруа қожалықтары;
Дара кәсіпкер ретінде міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жеке тұлғалар;
Өкілетті органдардың келісімі бойынша көлік саласындағы өкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысанда билет беру арқылы қоғамдық қалалық көлікте тасымалдау бойынша қызмет көрсететін тұлғалар.
Бақылау-касса машиналары – тауар өткізу (қызмет көрсету) кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы ақпарат тіркеу және көрсетуді қамтамасыз ететін фискалды жады, блогы бар, фискалды модульды электрондық құрылғылар және компьютерлік жүйелер.
ҚР аумағында қолданылуы рұқсат етілген фискалды жады бар құрылғылар бақылау- касса машинасының мемлекеттік тізіліміне алынады. Мемлекеттік тізілімде ҚР аумағындағы рұқсат етілген моделдердің тізбесі келтіріледі. Мемлекеттік тізілімге алу бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасымен рәсімделеді. Тіркеу карточкасы – фискалды жады бар, фискалдық белгіге ие салық органдарының пломбасы қойылған және салық органдарында тіркелгенін растайтын есепке алу құжаты.
Фискалды жады – ақпараттың үздіксіз тіркелуін және энергиядан тәуелсіз ұзақ сақталуын қамтамасыз ететін бағдарламалық-ақпараттық құралдар кешені.
Фискалды белгі – бақылау-касса машинасының фискалды режимде жұмыс жасайтынын растау дәлелі ретінде бақылау чектерінде көрсетілетін ерекше белгі.
Салық органдарының пломбасы – фискалы жады бар бақылау-касса машинасының корпусын рұқсатсыз ашудан қорғау құралы.
2-сұрақ. Бақылау –касса машиналарын қолдану кезінде мынадац талаптар қойылады:
Қолма-қол ақша арқылы ақшалай есеп айырысумен байланысты қызметін бастағанға дейін бақылау-касса машинасын салық органдарында есепке қою.
Тауар өткізу (қызмет көрсету) үшін төленген сомаға бақылау-касса машинасының чегін және тауар чегін беру.
Бақылау-касса машинасына салық органы лауазымды адамының қол жетімділігін қамтамасыз ету.
Бақылау-касса машинасына техникалық тұрғыдан талаптарға сай болған жағдайда мынадай ережелерді орындауы қамтамасыз етіледі:
Салық органдарында міндетті тіркеу есебіне алынуы;
Мемлекеттік тізілімге енуі;
Техникалық ахауының болмауы;
Салық төлеушінің орналасқан жері бойынша өтініш бергеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде бақылау-касса машинасының тіркеу номерін алу және тіркеу карточкасы негізінде қызмет бастау құқығына ие болу.
Фискалды жады бар бақылау-касса машинасын салық органдарында есепке қою үшінсалық төлеуші салық органдарына мынадай құжаттар табыс етуі тиіс:
Есепке қою туралы өтініш;
Бақылау-касса машинасы туралы мәліметтер;
Дайындаушы заводтың төл құжаты;
Номерленген, тігілген салық төлеушінің қолымен немесе мөрімен расталған қолма-қол ақша есебінің кітабы;
Тауар чектерінің кітабы.
Сандық фискалдық жады бар компьютерлік жүйе болып табылатын бақылау-касса машинасын есепке қою үшін салық органдарына мынадай құжаттар табыс етеді:
Есепке қою туралы салық өтініші;
Компьютерлік жүйенің жұмыс істеу мүмкіндіктері мен техникалық сипатының қысқаша нұсқасы;
Компьютерлік жүйе моделінің «салық инспекторының жұмыс орны» модулі негізінде жұмыс жасау мүмкіндігі туралы қорытынды;
Бақылау-касса машинасының заводтық номері;
Қолма-қол ақша есебінің және тауарлар чегінің кітабы.
Бақылау-касса машинасын есепке қою кезінде салық органы мынадай іс-әрекеттерді жүзеге асырады:
1. салық өтінішінде көрсетілген мәліметтердің ұсынылған мәліметтермен сәйкестігін тексеру.
2. бақылау-касса машинасының заводтық номері мен заводтың төл құжатында көрсетілген номермен сәйкестігін тексеру.
3. қолма-қол ақша есебінің кітабы және тауарлар чегі кітабының дұрыс рәсімделуін тексеру.
4. бақылау-касса машинасына фискалдық режим орнату.
5. бақылау-касса машинасы корпусына салық органдарының пломбасын салу.
6. бақылау-касса машинасына тіркеу карточкасын рәсімдеу.
7. қолма-қол ақша есебі және тауарлар чегі кітаптарының салық қызметкерінің, салық төлеушінің және салық органдары басшысының қолдарының қойылуын және салық органдарының мөрімен бекітілуін қамтамасыз ету.
8. салық төлеушіге мыналарды қайтару:
8.1. фискалдық жұмыс режимі белгіленген және салық органдарының пломбасы орналастырылған бақылау-касса машинасы;
8.2. қолма-қол ақша есебі және тауарлар чегі кітаптарын;
8.3. бақылау –касса машинасын дайындаушы заводтың төл құжаты.
Бақылау-касса машинасының тіркеу деректерінде мәліметтер өзгерген жағдайда 5 жұмыс күні ішінде салық төлеуші салық органдарына бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасы мен салық өтінішін ұсынады. Нәтижесінде жоғарыдағы аталған қабылданған күннен бастап, 5 жұмыс күні ішінде өзгерістері енгізілген тіркеу карточкасы қайтарылып беріледі.
Бақылау-касса машинасын есептен шығару мынадай жағдайда жүргізіледі:
Сауда операциялары немесе қолма-қол ақша арқылы қызмет көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысумен байланысты қызмет тоқтатылса;
Бақылау-касса машинасын пайдаланатын жер немесе сауда автоматында немесе қызмет көрсетуді төлеу терминалында бақылау-касса машинасын қолданатын салық төлеушінің орналасқан орны өзгерсе;
Техикалық ахауларына байланысты бақылау-касса машинасын одан әрі қолдану мүмкін болмаған жағдайда;
Бақылау-касса машинасы Республикалық мемлекеттік тізілімнен шығарып тасталса;
ҚР қолданыстағы заңнамасына қайшы келетін немесе талап етілетін жағдайда.
Бақылау-касса машинасын есептен шығару үшін салық органдарына салық төлеуші мынадай материалдарды ұсынуы тиіс:
Салық өтініші;
Салық органдарының пломбасы салынған бақылау-касса машинасы;
Бақылау-касса машинасын дайындаушы заводтың төл құжаты;
Қолма-қол ақша есебі, тауарлар чегі кітаптары;
Бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасы.
Бақылау-касса машинасын есептен шығару барысынада салық органы мынадай шаралар жүргізеді:
Фискалдық есепті алады;
Камералдық бақылау жүргізеді;
Қолма-қол ақша есебі және тауар чегі кітаптарының деректерін фискалдық есеп көрсеткіштерімен салыстырады;
Қолма-қол ақша есебі және тауарлар чегі кітабының жабылғандығы туралы жазба жүргіеді.
Салық органдары бақылау-касса машинасын қадағалау барысында мынадай іс-әрекеттерді жүзеге асырады:
Тіркеу есебіне алу;
Қолдану барысын бақылау;
Бақылау-касса машинасының фискалды жадындағы деректердің сақталуын қадағалау және оны пайдалану, т.б.
