Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мамандыққа кіріспе.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
107.96 Кб
Скачать

19) Ұлттық туризм және мемлекет көлеміндегі туризм.

1993 ж ЮНВТО-ның Оттавада өткен конференциясында туризмнің кейбір ұғымдары анықталды, атап айтсақ жаңа ұғымдар: ұлттық туризм және ел ішіндегі туризм түсініктері қабылданды. Ұлттық туризм ішкі және шығу туристік ағымдардан құрылады. Ел ішіндегі туризм – ішкі және кіру туристік ағымдарды қамтиды. Бұлар туристік ағымның бағыты арқылы айырмашылықта болады. туристің саяхат жасау мақсаты оның шыққан немесе баратын елін анықтайды. Егер турист өз елінен туристік мақсатпен шықса – мұндай туризмді шығу туризм дейді, ал баратын елінде кіру туризмі деп аталады.Ұлттық туризм ішкі және сыртқа шығу туристік ағымдардан құралады.Бір елдің ішіндегі туризм ішкі және келетін туристік ағымдарды қамтиды

20) Спорттық туристік маршруттардың нормативтары. Туристік маршруттың қиындық категориясы жөнінде түсінік және түрлі белсенді туризміндегі табиғи бөгеттердің қиындық категориясы.

Спорттық туризмге спорттық мақсаттары басым болатын туристік шаралар жатады. Спорттық туризмнің спорт түрлерінің барлық белгілері: жарыстар, ережелер, спорттық дәрежелер және оларға қойылатын талаптар бар. Спорттық шеберліктің спорттық туризмге сай өз ерекшеліктері тән. Спорттық туризм спортының мағынасы – классификацияланған әртүрлі қиындық дәрежедегі маршруттар бойынша жорықтарды орындау. Осындай жорықтардың мақсаты – құрамына әртүрлі табиғи және жасанды кедергілері, түрлі климат жағдайларында бейімделу кіретін жорық маршрутынан өту және спорттық шеберлікті жетілдіру.

Маршрутты әзірлеу

Маршрут күрделілігі біртіндеп қиындау керек, мысалы, 1 дәрежелі жорықта қатысқандар 2 дәрежеден өтуді көздеуі мүмкін және т.с.с.

Белсенді туризмдегі классификацияланған туристік саяхат - белгілі бір қиындық категориясына сәйкес келетін бағыт. Туристік маршрут - белгіленген қызмет көрсету бағдарламасы бар белгілі бір уақытқа арналған алдын –ала жоспарланған жылжу трассасы.

Асулардан өту ерекшеліктері

1. Жолдың қиын бөліктерінің сипаттамасы

2. Асулардан өтуге қажетті техникалық,тактикалық және демалуға қажетті орындарды айқындау.

3. Маршруттық сандық сипаттамалары. Сақтандыру нүктелерінің саны.

4. Жорыққа қажетті арнайы жабдықтары

Қиындық категорияларды анықтауда 3 классификациялық сипаттама:

1. Маршруттың техникалық қиындығы.

2. Жорықтың ұзақтылығы ( уақытпен )

3. Ара – қашықтық (км)

-5-ші категория үшін ара- қашықтық 10-20 күн.

-4- ші категорияға 7-8 күн берілед

-3-ші категорияға 4-5 күн.

- 2-ші категорияға 2-3 күн.

- 1-ші категорияға 1 күн.

35

Жорықтардың қиындық дәрежелеріне (категорияларына) қойылатын талаптар

Жорық күрделілігінің дәрежесі

I

II

III

IV

V

VI

Ұзақтығы (... күннен кем емес)

6

8

10

13

16

20

Жорық жолының арақашықтығы (... км-ден кем емес)

- жаяу

120

150

190

220

250

300

- шаңғы

130

160

200

220

300

300

- тау

100

120

140

150

160

160

- су (ескекті кемелер)

150

160

170

180

190

190

- велосипед

250

500

600

900

1000

1000

- мотоцикл

1000

1500

2000

2500

3000

3000

- автомобиль

1500

2000

2500

3000

3500

3500