
- •3) Спорттық туризм түрлері.
- •4) Белсенді саяхаттардың түрлер
- •6) Кіру және шығу туризмі.
- •7) Туристік өнімін құрастырудағы туристік фирманың әрекеті.
- •8) Туризмде қауіпсіздік түсінігі
- •9) Спорттық туризм федерациясының іс-әрекеті. Туристік секциялар мен клубтар. Қоғамдық туристік кадрлар түсінігі.
- •10) Туристік әрекетінің құқықтық негізі. Халықаралық туристік құқық. Қазақстан туризмінің дамуының нормативті-құқықтық базасы
- •11) Ресейде туризмнің пайда болуы. Вениамин Гейштің «План предприемлемого путешествия в чужие края» еңбегі.
- •12) Туризмдегі ақпараттық-жарнама әрекеті.
- •13) Туризмнің пайда болуы мен дамуының тарихи алғышарттары.
- •14) Туристік ақпараттың деректері, туризм саласы бойынша әдебиеттер
- •17) Халақаралық және ішкі туризм
- •18)Қазақстан республикасында жоғары оқу орындарында туризм менеджерлерін дайындау моделі. Оқу бітірушілердің білім денгейіне қойылатын талаптар.
- •19) Ұлттық туризм және мемлекет көлеміндегі туризм.
- •20) Спорттық туристік маршруттардың нормативтары. Туристік маршруттың қиындық категориясы жөнінде түсінік және түрлі белсенді туризміндегі табиғи бөгеттердің қиындық категориясы.
- •21) Туризмде қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
- •22) Қазіргі қонақ үй индустриясының жалпы сипаттамасы. Қазақстан қонақ үй шаруашылығының даму тенденциясы.
- •23) Қазіргі әлемдік туристік индустриясының жалпы сипаттамасы.
- •24) Қоғамдық туристік үйымдар.
- •25) Туризмнің ұйымдық формалары және негізгі категориялары.
- •26) Туризмде тасымалдауды ұйымдастыру.
- •27) Қазақстанда туризм мен экскурсиялық ісінің дамуындағы негізгі кезеңдері (1917-1991 жж.)
- •1917-1930 Жылдардағы туристік-экскурсиялық жұмыс
- •28) Туризм маркетингінің негізгі іс-шаралары.
- •29) Туризмнің әлемдік элеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде негізгі белгілері мен мазмұны.
- •30) Еліміздің туристік бизнесінің даму болашағы. Қр туризм дамуының негізгі концептуалдық жағдайы. Қазақстан туризмінің даму стратегиясы.
- •31) Белсенді туризм түсінігі.
- •32) Белсенді туризм түсінігі. Спорттық туризм ішкі және сыртқы туризм дамуының факторы ретінде.
- •33) Туризм индустриясы түсінігі, оның негізгі белгілері мен байланыстары
- •34) Туризм инфрақұрылымы түсінігі. Қазақстан Республикасындағы туризм инфрақұрылымының жағдайы.
- •35) «Рекреация», «туризм объектісі», «туризм зонасы», «туризм орталығы» түсініктері
- •36/ Қазақстан Республикасында туристік спорттық жорықтарды өткізу ережелері.
- •48. Туризмнің қазіргі классификациясы. Классификация қағидалары.
- •50. Туризмде қазіргі ақпараттық технологиялар
- •53. Әлеуметтік-экономикалық және табиғи туристік қорлар
- •61. Туризм және саяхат. Осы түсініқтердің қатынасы
- •62.Ресейлік туристік қоғам. Пролетарлық туризм және экскурсия қоғамы. Туристік-экскурсиялық кәсіподақ басқармасы (вцспс)
- •73. Туризм түрлерінің сипаттамасы
- •56. Туризмде сақтандыру
- •54. Туризмнің әлеуметтік негізі, іс-әрекеттің және қатынастың ерекше түрі
12) Туризмдегі ақпараттық-жарнама әрекеті.
Туризм саласындағы жарнама іс-әрекеті макро- және микро деңгейлерде жүзеге асырылады. Макродеңгейдегі жарнама мемлекет жарнамасын туристік дестинация ретінде де, мемлекеттің бөлек аймақтардың жарнамасы ретінде де анықталады. Бұл жарнама мемлекеттік әкімшілік органдарымен - министрлікпен, басқарма, комиттеттермен іске асырылады. Микродеңгейдегі жарнама туристік фирмалармен, қонақ үйлермен және басқа да туристік мекемелермен жүргізіледі. Бұл жарнаманың басты мақсаты - нарыққа белгілі бір туристік қызметтер және өнімдерді жылжыту, туристік индустрияның бөлек мекемелердің бедел жарнамасы.
Жарнама мақсаттары мақсатты аудиторияға және басқа да маркетингтік коммуникацияларға байланысты әр түрлі болу мүмкін.
Жарнаманың фирма және оның қызметтері туралы танымалдықты тудыру мақсаты мақсатты аудитория фирма және оның қызметі туралы білмеген жағдайда ғана бола алады. Әдеттегідей бұл мақсат жаңадан құрылған фирма, жаңа нарыққа шығу кезінде немесе жаңа өнім мен қызметті жылжыту үшін тән.
Жарнама кең географиялық нарықты қамтиды. Public Relations жүйеге қарағанда жарнамалық өнім жарнама иеленушімен толығымен бақыланады және өнім, қызмет пен фирманының өзін әсерлі таныстыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жарнама, мүмкін тұтынушымен сұхбатты (диалог) жүзеге асырады.
Кең мағынада жарнама мағынасында өнім мен қызметтер туралы кез келген ақпарат жатады. Кез келген жарнама-ақпараттық материалында тұтынушылардың белгілі бір фирма, қызмет пен өнімге назарын аударту. Жарнама, әдеттегідей, ақылы ақпарат ақпарат болып табылады, яғни, газет, теледидарда пайда болу үшін жарнама беруші төлейді.
13) Туризмнің пайда болуы мен дамуының тарихи алғышарттары.
Туризм қоғамдық, шаруашылық және кеңістіктік құбылыс ретінде ежелгі замандарға терең кең тамыр жайған мол дәстүрге ие. Туристік әдебиеттерде туризмнің дамуын кезеңдерге бөлу жайында көптеп айтылады, әсіресе В.
Унцикер мен Дж. Мариотти секілді ғалымдардың ортақ еңбегінде. Бұл еңбекте К. Пшеславскийдің (1973) бөлген кезеңдері келтірілген, оның келесідей кезеңдері бар:
1. XVІІІ ғ соңына дейінгі туризм:
а) ежелгі туризм;
б) орта ғ. мен қайта өрлеу дәуірі кезіндегі туризм;
в) XVІІ және XVІІІ ғ туризм.
2. ХІХ және ХX ғ.ғ – ІІ Дүниежүзілік соғысқа дейінгі
туризм.
3. Қазіргі заманғы туризм.
Туристік саяхаттар, сауда-саттық сапарлар өзінің мәнін жоғалтқанда басталды деп санайды. Біздің заманға дейінгі ІV мың жылдықта ескі Египетте аталынып жүрген, осындай алғашқы көшіп-қонушылыққа жататыны – діни негізіндегі саяхаттар. Біздің заманға дейінгі VІ ғасырда египет фараоны Нехао Африка төңірегінде атақты үш жылдық саяхат құрған. Ертеректе туристік саяхаттар қалаларды көріп, жасанды көлдер, шипалы бұлақтарға барумен байланысты болды; кейініректе жиілеп салына бастаған пирамидалар саяхаттаушылардың назарын аудара бастады. Алайда, жақсы
дамыған жол торлары мен сапалы түнеу үйлері және арзан асханалардың тек қана ежелгі Греция мен Римде пайда болуы бұл саяхаттарды белгілі мөлшерде тежеді. Туризм ол кездері ешқандай табыс көзін әкелмеді. Жол тораптарының маңызын тек қана парсылар айтарлықтай ұғынып, өз мемлекеттерінің территориясында қатынасу жолдарының жүйесін құрды. Бұл қатынас жолдары дегеніміз жақсы қалыптағы патшалық жолдар болды (ұзындығы 3 мың км). Бұл жолдар Вавилон, Сузы және Экбатан қалаларын мемлекеттің шеткей аймақтарымен байланыстырып тұрды. Әрбір 30 мильден
кейін парсы жолдары бойында саяхатшыларға демалыс жағдайларын қамтамасыз ететін тұрақтар (керуен-сарайлар) орналас-тырылды. Алайда, антикалық туризмнің гүлденуі ежелгі Греция және Риммен байланысты болды. Аталмыш мемлекеттерде туризмнің экономикалық жағына көп көңіл бөлінді. Ежелгі Грецияда курортология мен емдік туризм пайда бола бастайды. Римдіктер өздерін сауықтыру үшін жылы су көздеріне және курорттарға барып тұруды жақсы көрді. Емдеу құдайы Асклепийдің храмдары көне замандарда құрыла бастайды. Швейцариядағы курорт Сент Моритц әйгілі ерекшелігімен пайдаланылды. Біздің заманға дейінгі VІІІ ғ ертедегі гректер саяхаттар жасады. Олар арғы көне олимпиадаларға көрушілер немесе қатынасушылар ретінде қатынасты. Ортағасырларда туристік қозғалыс бәсеңдей түсті. Біздің заманның тек ІІІ және ІV ғ қайтадан діни табыну саяхаттары жанданып, аз уақыт ішінде діни туризмнің жақсы дамыған түріне айналды. ІV ғ қасиетті жерге қажылық бұқаралық сипатқа ие болғаны соншалықты, табынушылар арасында ол жиілеп жай шетелдік туризм ретінде қабылдана бастайды. XVІ ғ соңынан Англияда "гранд-тур" әйгілі бола бастады – бұл ауқатты адамдардың континентке саяхаты, гранд-турдың арқасында адамдар оқуын бітіріп, Жерорта теңізін көріп, өркениеттің шығу тегін көріп, сауаттанып қайтуына мүмкіндіктер туды. Әлеуметтік құбылыс сияқты туризмнің дүниеге қайта келуі XVІІ ғасырдың соңы мен XVІІІ ғ басына жатады. XVІІ ғ Еуропада "таза туризм" формасы пайда болды. Бұл, К. Либеренің айтуынша, танымдық, емдік немесе демалыс мақсаттарында
саяхаттаушы тұлғаларды қамтиды. XVІІІ ғ Ресей курорттарының дамуының бірінші кезеңі. Бұл процесті бастаушы Ұлы Петр І. Ол 1713 ж бүкіл халықтың алдында минералды сулардың ізделуі керектігін жариялады. Бұл мәселе бойынша 1719 ж 20 наурызда арнайы жарлық шығып (Дохтырлық ережелер жайындағы жарлық), здравница мекемелерінің заңдық негізіне айналды. Бұл дата Ресей курорттарының тарихының бастауы болып саналады. ХІХ ғ жартысына дейін еуропалық туризм тек қана элитарлық келбетке ие болады, ал оған қатысушылар ауқатты жоғарғы сынып өкілдері
болып, сол кезгі кейбір авторлар туризмді "аристократтық туризм" деп де атады (tourіsme arіstocratіque). Тек ХІХ ғ 2-ші жартысында ғана, әсіресе ХХ ғ 20-ж туристік қозғалыс өзгерістерге ұшырап, демократиялана бастайды. ХІХ ғ және ХХ ғ бірінші жартысында туризмнің дамуы көптеген факторларға байланысты болады, олардың ішінде ең маңыздылары мыналар:
- көлік құралдарының дамуы;
- өнеркәсіптің дамуы және оған байланысты халықтың тіршілік
деңгейінің жақсаруы;
- урбандалудың дамуы;
- бос уақыттың артуы;
- қоғамның мәдени деңгейінің жоғарылауы;
- туризм жөніндегі мемлекеттік саясат.
Ең бірінші темір жол желісі – Манчестер-Ливерпуль 1825 ж Англияда ашылды. Негізінен, ең маңызды да бастапқы нүкте 1841 ж ағылшын мұғалімі Т. Куктың Мидленд округіндегі темір жол компаниясын Лейстер-Лафборо деген 18 км трассада мейрамдық поезды енгізуге үгіттеуінен басталады. Томас Кук алғашқы болып, 1872 ж қалағандарға жерді айналып өтетін саяхат ұсынып, бұл турды индустриалды негізге қойды. Алғашқы 20 саяхатшы жерді 220 күнде айналып өтті. Лондонның көрмелері мен Еуропа қалаларына экскурсия жасаудан бастаған Томас Куктың бюросы бірте-бірте іс-әрекет сферасын кеңейтті: жаңа туристік нарықтарды игеру арқылы саяхаттар санын арттырды. Томас Кук қазіргі заманғы туризмнің негізін қалаушы, бірінші менеджержәне туризмнің алғашқы маркетологы болып танылып, саяхатшылардың ұйымдастырылған бұқаралық қозғалыстарының тиімділігі мен мәнін ең бірінші болып түсінген адам болып саналады. Германия, Швейцария, Франция, Италия, Чехияда халықаралық курорттардың дамуына байланысты, бұл елдер де, Англиямен қатар, Еуропада халықаралық туризм орталығына айналып отыр. ХХ ғ 1-ші жартысында халықаралық және ұлттық туризм өз шеңберіне басқа да елдерді тартып, онан әрі дами түседі. Туристік сапар желісіне жиі тарихи орындар мен мәдени ескерткіштер енгізілінеді. Халықаралық туристік қозғалыстың басым көпшілігі бұл кезеңде Еуропағакеледі. ІІ Дүниежүзілік соғыс халықаралық туризмнің көлемін қатты қысқартты. Соғысқа дейінгі туризмнің деңгейіне 40-шы жылдардың соңында ғана жетті. Соғыстан кейінгі кезеңде туристік саяхаттар АҚШ пен Канадада кең тарай бастады. 1948 жылдың шілде айынан бастап шетелдік туристердің Жапонияға баруына ресми түрде рұқсат етілді. Егер қазіргі жағдайындағы туризм ХІХ ғ соңында пайда болып құрылса, ол ХХ ғ 2-ші жартысында ғана шынайы интенсивті дамуға ие болып, техника, фтехнология, қоғамдық қатынастардың шапшаң дамуымен қатар келіп ХХ ғ феномені атағына ие болды.