Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мамандыққа кіріспе.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
107.96 Кб
Скачать

10) Туристік әрекетінің құқықтық негізі. Халықаралық туристік құқық. Қазақстан туризмінің дамуының нормативті-құқықтық базасы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1445 қаулысымен бекiтiлген Туризм саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру кезеңiнде халықаралық туристiк байланыстар бiршама кеңейдi, туристiк саланың заңнамалық және нормативтiк құқықтық базасы жетiлдiрiлдi. Бұл ретте туристiк саланы дамыту жөнiндегi шараларды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 шiлдедегi N 712-1 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын iске асыру жөнiндегi 2003-2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарының негiзгi өлшемдерiн есепке ала отырып iске асыруға басты назар аударылды.

     Жетi кластерлiк бастаманың iшiнде туристiк индустрияның экономиканың басым секторларының бiрi ретiнде танылуы оны дамытуға жаңа серпiн бердi.

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң туризм саласындағы белгiлеген барынша маңызды мiндеттерiнiң бiрi - Қазақстанды орталық азиялық өңiрдегi туризм орталығына айналдыру

11) Ресейде туризмнің пайда болуы. Вениамин Гейштің «План предприемлемого путешествия в чужие края» еңбегі.

Ресей империясындағы туризмнің ұзақ тарихы бар. Егер «ел туризмі» деген үғымның қазіргі түсінігін басшылыққа алатын болсак, орыс дворяндарының шет елге шығуы XVIII ғасырдың басынан басталады. Олардың сапарларын «туристік» деп атауға әбден болады, себебі дворян шет елге барғанда ақша табу үшін емес, білім және әсер алу үшін жолға шықты.

Ресей ішінде немесе шет елге арнайы ұйымдастырылған ұжымдық сапарлардың алғашқысы деп зерттеушілер 1777 ж Москвада В. Генш ұйымдастырған «Жат елдерге мүмкін болар саяхаттардың жоспарын» санайды. Бұдан ерте мұндай саяхат болды деген құжат табылған емес. Сондықтан да В.Генштің «Жоспарын» Ресей туризмінің тарихының басталуы, кездейсоқ жеке адамдардың уақыт өткізуі емес, алғашқы ұйымдасқан кимыл-қозғалыстың бастамасы болып есептеледі.

1777 ж желтоқсанда «Московские ведомостидің» оқырмандары түрлі хабарлардың қатарында газет беттерінен «Жат елдерге мүмкін болар саяхаттарды ерекше адамдардың талап етуі бойынша В. Генш мазмұнды да игілікті істі бастап отыр» деген айдармен мақала шықты. ұйымдастыру ісінің барлығьш өз мойнына алған «Жоспар» авторының ресейліктерді Батыс Европа елдеріне топ құрып сапар шегуге алғашқы шақыруы осылай деп аталды.

В. Генштің Москвада пансионы болды, 20 жылдан астам уақыт бойы жасөспірім ұлдардың тәрбиесімен шұғылданды. өте білімдар адам болған, шет елдің бірнеше академиясында жұмыс істеп, саяхаттың жастар тәрбиесіндегі маңызын саналы түрде біліп, Европаны бірнеше мәрте аралаған.

Саяхаттарға ерекше маңыз беру оның «Жоспарынан» бастау алады, онда «Сәби санасын тек қана ғылыммен толтыруға риза емеспін, олардың жүрегін мейірбанды іске дағдыландырып, оған әлемге пайдалы саяхатгар жасау арқылы жетуге болады. Олар жат жерлерден көрген есте қаларлық керекті білімдерді өз Отанында пайдаға асыруы керек» деді. Генш «Жоспарында» немістің не итальянның немесе француздың бір-бір университетіне қысқа оқу курсымен шегуді жобалады. Университеттерді көріп болғаннан соң Швейцария, Италия және Франция елдерін аралап, ол елдердің көркемөнерімен танысып, фабрика ісін жолға қоюды мақсат етіп еді. В. Генштің «Жоспары» XVIII ғасырдың соңғы ширеі шет елге туристік саяхат ұйымдастырудың алғашқы ұсынысы болумен қатар онда топ-топ адамдар тәжірибелі жеті бастауымен Батыс Европа елдеріне ұжымдық сапар керек болатын.