Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мамандыққа кіріспе.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
107.96 Кб
Скачать

9) Спорттық туризм федерациясының іс-әрекеті. Туристік секциялар мен клубтар. Қоғамдық туристік кадрлар түсінігі.

Демалыс күнгі жорықтар мен көпкүнді саяхаттардың өткізілуін бақылауды денешынықтыру ұжымдарының кеңесі, спорттық клубтары, туристік клубтары мен секциялары, туризм бойынша жергілікті кеңестері іске асырады.

Туристік топ күрделі жорыққа шығар алдында маршрутқа шығарға екі апта қалған кезде кешіктірмей туризм эәне экскурсия бойынша облыстық кеңестің ұйымына хабарлайды, бақылау-іздестіру қызмет бөліміне топтың қайту уақытын және жеке бөліктерді жүріп өтуге кететін уақытын көрсетілген нақты маршрутты айтып кетеді.

Топтың күрделі маршрутты жүріп өтуін тікелей бақылауды смаяхатқа рұқсат берген ұйым іске асырады.

Барлық дәрежедегі күрделілікті саяхаттарды өткізу кезінде топ жергілікті билік орындарында маршрутты жүріпөту туралы белгілер жасауға міндетті. Күрделі саяхаттарда топ өзінің ұйымына маршруттың бақылау пунктерін өтуі туралы хабарлауы тиіс.

Клубтардың мақсаты мен міндеттері:шығармашылық бос уақытты ұйымдастыру, салауатты өмір үлгісін насихаттау, спорттың әртүрлі түрлерін көпшілікке тарату, жастарды алдын ала әскерге дайындау, халықтық-қолданбалы кәсіпшілікке оқыту, халықтық шағармашылыққа қатыстыру. Біздер үйірмелердің және секциялардың зор таңдауын ұсындық: дойбы, шахматтар, стол үсті теннисі, бокс, күрес, гимнастика, домбырада ойнауды үйрету, пантомималар, би, футбол, және тағы да көп басқалар. Клубтар жалпы білімдік мектептермен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Аула клубтарының сындарлы жұмысы жастардың салауатты үлгідегі өмірдің және жасөспірімдер ортасында нашақорлық және қылмыстықтың профилактика кепілі болады, бұл мемлекет билігі жергілікті органдарының мүддесі саласында болмауы мүмкін емес.

Туристiк кадрларды сапалы дайындауды қамтамасыз ету үшiн мыналарды орындау қажет:

      Халықаралық тәжiрибеге сәйкес Дүниежүзiлiк туристiк ұйым ұсынған туризм бойынша мамандықтарды "Қазақстан Республикасының бакалавриат және магистратура мамандықтарының жiктегiшi" ҚРМЖ08-2004 Мемлекеттiк жiктегiшке енгiзу;

      туристiк сала үшiн кадрлар дайындайтын жоғары оқу орындарына туристiк бiлiм беру сапасының "WTO - Теd Qual" сертификатын енгiзу;

      республикада ғылыми-практикалық конференциялар өткiзудi және кадр дайындау мен туристiк индустрияны дамытудың негiзгi мәселелерi жөнiндегi халықаралық туристiк iс-шараларға Қазақстанның қатысуын ұйымдастыру;       туристiк кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жоғары және орта оқу орындары үшiн оқу бағдарламаларын, оқу-әдiстемелiк құралдарды, оқулықтар мен көрнекi материалдарды әзiрлеуге қатысу;

      гидтар, экскурсияшылар, туризм нұсқаушыларын қоса алғанда, туристiк индустрия мамандарын, оның iшiнде айрықша қорғалатын аумақтар мен мемлекеттiк ұлттық парктер үшiн, оқытып-үйрету семинарлары мен бiлiктiлiгiн арттыру курстарын тұрақты негiзде жүргiзу;

      Еуропа бiлiм беру қорымен халықаралық ынтымақтастық шеңберiнде дайындалған "Туризм саласындағы ұлттық бiлiктiлiк құрылымы" (ҰБҚ) пилоттық жобасын iске асыруды және Алматы қаласында ҰБҚ әзiрлеу жөнiндегi Үйлестiру орталығын және орталықазиялық өңiр елдерi үшiн басқа да бiрлескен халықаралық жобалар құруды жүзеге асыру.       Бұдан басқа, халықаралық сарапшылардың қорытындысы бойынша туристiк саланы дамыту жөнiндегi маңызды шаралардың бiрi оның ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз етiлуi болып табылады. Республикада саланың ғылыми-әдiстемелiк базасы жоқтың қасы, ал осы уақытта Германия, Ұлыбритания секiлдi әлемнiң дамыған елдерiнде мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын ұлттық туризмнiң даму болашағын зерттеу және болжамдау жөнiндегi орталықтар бар.