Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мамандыққа кіріспе.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
107.96 Кб
Скачать

61. Туризм және саяхат. Осы түсініқтердің қатынасы

Туризм (франц. tourіsmetour – серуендеу, жол жүру) – адамның бос уақытындағысаяхаты, белсенді демалыстың бір түрі. Туризм – халықтың рекреациялық қажеттілігін (денсаулығын жақсарту, күш-қуатын қалпына келтіру, т.б.) қанағаттандырудың ең тиімді жолы. Туризм адамдардың қарым-қатынасын, танымдық қабілетін арттырып, мәдениет пен өнердің дамуына, ел экономикасының өркендеуіне өзіндік үлесін қосып, ел мәртебесін әлемге танытуға мүмкіндік туғызады. Ел ішінде саяхат жасау ішкі (ұлттық) Туризм, ал шетелге саяхатқа шығу халықаралық (шетелдік) Туризм; саяхат мақсатына қарай: экологиялық, ойын-сауық, танымдық, спорттық, балалар Туризмі; әлеуметтік мақсатына қарай: іскерлік (конгресс, жәрмеңке), этникалық, діни Туризм болып бөлінеді. [1] Саяхат –  бұл адамдардың уақыт пен кеңістікте қозғалуы, ал өзінің мақсатына, қозғалыс құралына және уақыт аралығына тәуелсіз саяхатта жүретін адамды саяхатшы деп атайды.ХІХ ғасырдың соңында ғана түрлі халық тілдерінде де туризм термині тұрақталды.Оғанға дейін саяхат сөзі қолданды.1838 жылы Ф.Стендай өзінің «Туристің жазбалары» еңбегінде алғаш рет осы түсінікті қолданды.Мақсатты түрдегі саяхаттар сауда мақсаты аяқталғаннан кейін басталды.5-6 мың жыл бұрын алғашқы саяхатшылар саудагерлер болса,18 ғ.аяғында туристерге айналды.Ең алғашқы саяхаттар Мысыр елі мен Египетке жасалды.Саяхат – бұл көне және сыйымдылығы кең ұғым. Дальдің В.И. сөздігі бойынша, саяхат бөтен жерлерге бару дегенді білдіреді.

51. Совет өкіметінің алғашқы жылдарындағы туризммен экскурсия. Алғашқы жылдарда туризм мен экскурсиялардың жаңа ұйымдастырушылық формаларын іздестіру әреккеті жолға қойылды.Кейбір мекемелерде қалдан тыс жерге экскурсиялар мен туристік жорықтар өткізу ммақсатында арнайы бөлімшелер құрылды. Ең біррінші болып бұл жұмысты 1917жылғы қараша айынан бастап Халық ағарту комисириатының мектептен тыс жқмысы бөлімі жүргізілді.Оны Крупская басқарды.1927жылы Мәскеуде революцияға дейін 500 мүшесі бар Ресейлік туристік қоғам өз іс ірекетін қайта жалғастырды. Әлеуметтік құрылымы бойынша қоғам мүшелері толығымен дерлік интеллегенция мен бұрынғы бай азаматтрадан тұрған,арасында біреуі ғана жұмысшы болған.БЛКЖО жанындағы Туризм бюросының нұсқауымен РОТ- қа 1500 жас турист жас турист жіберілді,олар кезектен тыс конференциясын шақыру талабын қойды.Осы конференцияда ескі басқарма жұмысын қанағаттанрлық емес деп бағалап,жаңа басқарма сайланды.Қоғамның атын Пролетарлық туризм қоғамы деп өзгертті.1929 жылы ПТҚ Жарғысы қабылданды.ПТҚ і с әрекеті тек ересектерді ғана қамтыған жоқ.1929 жылы қоғамның жанында туристік экскурсиялық балалар станциялар ашылды.Пролетарлық туризм қоғамының бөлімшелері Укрина,Беларусь,Әзірбайжан және басқа республикада дамып,туризм геогрфиясын бүкіл Кеңес Одағына таратты.ПТҚ мен бірге 1928 жылы Халық ағарту комисириаты құрған «Советский турист» мемлекеттік экскурсиялық қоғамы ашылды.Осы қоғамның әрбір мүшесі акциялардың иесі болған.ПТҚ өз еркімен жасалатын жорықтарды ұйымдастырса ,Совтур көбнесе,жалпы ағартушылық,өлкетану сипаттағы күні бұрын анықталған маршруттар бойынша демалушыларға өызмет көрсеткен.Халық комиссарлар кеңесінің қаулысы бойынша Совтур мен ПТҚ бір ұйымға - Пролетарлық туризм мен экскурсиялардың бүкілодақтық ерікті қоғамына ПТЭҚ біріктірілді.

Совет өкіметінде туризм дамуының екінші кезеңінде 1936 жылы сәуір айында КСРО Орталық Атқару комитеті туризмнің ерікті қоғам шеңберіндегі дамуы мақсатныа сәйкес емес деп қоғамды жою шешімін қабылдадаы.ПТЭҚ барлық меншігі (турбзалар,фирмалар) ВЦСПС ға берілді.Оған бүкілодақтық маңызды туристік маршруттарды басқару және туризм мен экскурсиялар аясындағы

Іс әрекет жүргізу міндеті артылған..