Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мамандыққа кіріспе.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
107.96 Кб
Скачать

6) Кіру және шығу туризмі.

Халықаралық туризмнің екі басқа екі түрімен тығыз байланысты кіру,шығу. Бұлар туристік ағымның бағыты арқылы айырмашылықта болады. туристің саяхат жасау мақсаты оның шыққан немесе баратын елін анықтайды. Егер турист өз елінен туристік мақсатпен шықса – мұндай туризмді шығу туризм дейді, ал баратын елінде кіру туризмі деп аталады.Ұлттық туризм ішкі және сыртқа шығу туристік ағымдардан құралады.Бір елдің ішіндегі туризм ішкі және келетін туристік ағымдарды қамтиды.

7) Туристік өнімін құрастырудағы туристік фирманың әрекеті.

Туристік өнім бұл туристік кәсіпорындардың халыққа (туристерге) көрсететін қызметтердің кешені. Туристік

мекеме дегеніміз барлық керекті өндірістік құралдарды біріктіріп (жерді, ресурстарды, еңбек күшін, қаражатты және т. б.), туристерге қызмет көрсететін мекемелер. Туристік мекемелер өз қызметтерін ұсынып, халықтың туристік

қажеттілігін өтейді. Туристік мекемелердің біреулері клиенттерге тек қана туристік қызмет көрсетіп тұрса, басқалары үшін туризм олардың коммерциялық іс-әрекетінің бір ғана тармағы болады. ХХ-ғасырдың 50-ші жылдардан бастап қарқынды дамып келе жатқан бұқаралық туризм туристік қызметтердің стандартталуын, алдын ала дайындалған, жоспарланған және есебі жасалған «қызметтер пакетін» қажет етті. Қызметтердің осындай жиынтығы бір бағамен туристік фирма каталогында тұтынушылардың назарына ұсынылады. Бұрын тұристің өзі ойластырған заттардың барлығын: маршрутты, орналасуды, тамақтануды, тур бағдарламасын күні бұрын жоспарлауын – мұның барлығын қазір туристік фирманың өзі әзірлейді. Қазір ұйымдастырылған туризм деп «туристік саяхатты» құратын туристік қызметтердің стандартталған толық пакеттерінің ұсынысын айтамыз. Туристік қызметтер халық тұтынатын қызметтердің елеулі бөлігі болып табылады.

Туристік өнім дегеніміз туристердің саяхат кезіндегі қажеттіліктерін қанағаттандыратын туристік тауарлар мен қызметтер жиынтығы. Туристік өнім турдың негізі, оның жеке элементтері тур бағдарламасына енгізіліп ваучерге жазылуы мүмкін. Туризм индустриясының негізгі ерекшелігі өнімді шығаруы мен өнім өткізуі бір уақытта болады. ТӨ бір жерде шығарылып сол жерде пайдаланылады және шығарылған уақытында пайдаланылады. ТӨ артығымен шығарып сақтап қоюға болмайды. Пайдаланған ТӨ тұтынушының өз бойында, алған әсер, эмоция немесе ден саулық ретінде қалады.

8) Туризмде қауіпсіздік түсінігі

Туризмдi дамытудың негiзiн қалаушы шарттардың бiрi оны туристер үшiн қауiпсiздiкпен қамтамасыз ету болып табылады. Туристердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету Дүниежүзiлiк туристiк ұйым Бас ассамблеясының София қаласында (Болгария) 1985 жылы өткен VI сессиясында мақұлданған Туризм хартиясында, Сантьяго қаласында (Чили) 1999 жылғы 1 қазанда қабылданған Этикалық туристiк кодексте жарияланды. Туристiң қауiпсiздiгi мемлекеттiң саясатына, туроператорлар мен турагенттердiң турларды ұйымдастыру кезiнде қабылдайтын шараларына тiкелей байланысты. Террорлық актiлердiң,мiндет пен техногендiк сипаттағы жағымсыз зардаптардың өсiп отырған жағдайында қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселесi өткiр қойылып отыр. Туристердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн мыналар қажет:

туристiк кадрларды арнайы даярлауды және туристерге қызмет көрсету жөнiндегi туроператорлар мен турагенттердiң қызметiнде қауiпсiздiк техникасы жөнiндегi нормалардың, ережелердiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру мәселесiн пысықтау;

туристiк ортаны қорғау және күзету;

қорғану және қауiпсiздiк мәселелерi бойынша халықты және туристердi ақпараттандыруды қамтамасыз ету;

ұйымдасқан қылмысқа, лаңкестiкке және адам саудасына, әйелдер мен балаларды жұмыспен және жыныстық қатынаспен қанауға қарсы күрес жүргiзу;

Қазақстанға туристiк және өзге де көшi-қон ағындарының кiрiп кету, оның iшiнде туристiң атын жамылған экстремистердiң "ыстық нүктелерге" өтiп кету мүмкiндiгiнiң алдын-алу үшiн бақылауды күшейту; облыстар мен Астана және Алматы қалаларында туристерге көмек ретiнде "hot line" режимiндегi телефондық ақпараттық қызмет құру