- •3) Спорттық туризм түрлері.
- •4) Белсенді саяхаттардың түрлер
- •6) Кіру және шығу туризмі.
- •7) Туристік өнімін құрастырудағы туристік фирманың әрекеті.
- •8) Туризмде қауіпсіздік түсінігі
- •9) Спорттық туризм федерациясының іс-әрекеті. Туристік секциялар мен клубтар. Қоғамдық туристік кадрлар түсінігі.
- •10) Туристік әрекетінің құқықтық негізі. Халықаралық туристік құқық. Қазақстан туризмінің дамуының нормативті-құқықтық базасы
- •11) Ресейде туризмнің пайда болуы. Вениамин Гейштің «План предприемлемого путешествия в чужие края» еңбегі.
- •12) Туризмдегі ақпараттық-жарнама әрекеті.
- •13) Туризмнің пайда болуы мен дамуының тарихи алғышарттары.
- •14) Туристік ақпараттың деректері, туризм саласы бойынша әдебиеттер
- •17) Халақаралық және ішкі туризм
- •18)Қазақстан республикасында жоғары оқу орындарында туризм менеджерлерін дайындау моделі. Оқу бітірушілердің білім денгейіне қойылатын талаптар.
- •19) Ұлттық туризм және мемлекет көлеміндегі туризм.
- •20) Спорттық туристік маршруттардың нормативтары. Туристік маршруттың қиындық категориясы жөнінде түсінік және түрлі белсенді туризміндегі табиғи бөгеттердің қиындық категориясы.
- •21) Туризмде қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
- •22) Қазіргі қонақ үй индустриясының жалпы сипаттамасы. Қазақстан қонақ үй шаруашылығының даму тенденциясы.
- •23) Қазіргі әлемдік туристік индустриясының жалпы сипаттамасы.
- •24) Қоғамдық туристік үйымдар.
- •25) Туризмнің ұйымдық формалары және негізгі категориялары.
- •26) Туризмде тасымалдауды ұйымдастыру.
- •27) Қазақстанда туризм мен экскурсиялық ісінің дамуындағы негізгі кезеңдері (1917-1991 жж.)
- •1917-1930 Жылдардағы туристік-экскурсиялық жұмыс
- •28) Туризм маркетингінің негізгі іс-шаралары.
- •29) Туризмнің әлемдік элеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде негізгі белгілері мен мазмұны.
- •30) Еліміздің туристік бизнесінің даму болашағы. Қр туризм дамуының негізгі концептуалдық жағдайы. Қазақстан туризмінің даму стратегиясы.
- •31) Белсенді туризм түсінігі.
- •32) Белсенді туризм түсінігі. Спорттық туризм ішкі және сыртқы туризм дамуының факторы ретінде.
- •33) Туризм индустриясы түсінігі, оның негізгі белгілері мен байланыстары
- •34) Туризм инфрақұрылымы түсінігі. Қазақстан Республикасындағы туризм инфрақұрылымының жағдайы.
- •35) «Рекреация», «туризм объектісі», «туризм зонасы», «туризм орталығы» түсініктері
- •36/ Қазақстан Республикасында туристік спорттық жорықтарды өткізу ережелері.
- •48. Туризмнің қазіргі классификациясы. Классификация қағидалары.
- •50. Туризмде қазіргі ақпараттық технологиялар
- •53. Әлеуметтік-экономикалық және табиғи туристік қорлар
- •61. Туризм және саяхат. Осы түсініқтердің қатынасы
- •62.Ресейлік туристік қоғам. Пролетарлық туризм және экскурсия қоғамы. Туристік-экскурсиялық кәсіподақ басқармасы (вцспс)
- •73. Туризм түрлерінің сипаттамасы
- •56. Туризмде сақтандыру
- •54. Туризмнің әлеуметтік негізі, іс-әрекеттің және қатынастың ерекше түрі
34) Туризм инфрақұрылымы түсінігі. Қазақстан Республикасындағы туризм инфрақұрылымының жағдайы.
Туризм инфрақұрылымы ретінде құрылыс кешендерін, инженер және коммункиация жүйелері, оның ішінде телекоммуникация байланысы, жолдар кешендерін қабылдайды.
Халықаралық келесімдер, келу мемлекеттің (аймақ) заңнамасына сәйкес туроператор немесе турагент туристік шетелге шығу жолдаманы тек қана өмір және денсаулықты сақтандыру туралы күәлікті рәсімдеген кезде туристерге ұсына алады. Туризмдегі сақтандыру туристер медициналық көмегін және олардың белгілі бір мемлекетте (орталықта) келу кезінде қауіп жағдайы туындаған кезде шығындарды өтейтін сақтандыру полисін рәсімдеуді көздейді. Аурулар, төтенше жағдайы болған кездегі сақтандырудан басқа туристер талаптары бойынша туристік агент сапар кезінде туындайтын басқа да қауіп түрлерінен сақтандыру бойынша қызмет көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң деректерi бойынша 2005 жылы Қазақстан Республикасының аумағында 515 туристiк объект болды, оның iшiнде: 273 мейманхана, 7 кемпинг, 36 санаторий, 15 санаторий-профилакторий, 12 профилакторий, 5 емдеу-профилакторий орталықтары, 4 пансионат, 29 демалыс аймағы, 27 демалыс үйi, 24 туристiк база, 35 сауықтыру лагерi, 4 тау шаңғысы базасы, 13 қонақ үй, 9 аңшылық үй, 1 балалар мен жасөспiрiмдер туризмi орталығы, 7 сауықтыру кешенi, 6 мұражай, 2 кесене, 1 туризм жөнiндегi мемлекеттiк кәсiпорын және басқалары (клубтар, қолөнершiлер қалашықтары) - 5.
2005 жылғы қолданыстағы 385 қонақ үй мен басқа да орналастыру орнының 340-ы жеке меншiк нысанында, 22-сi мемлекет меншiгiнде және 23-i басқа мемлекеттердiң меншiгiнде болды.
Елде үш, төрт және бес жұлдызды 78 қонақ үй жұмыс iстейдi, қалған қонақ үйлер басқа санаттарға жатады.
Туристiк қызметке жасалған талдау Астана және Алматы қалаларына шекараның арғы жағынан келген туристер сапары iскерлiк мақсатта болатынын (iскерлiк туризм) және олар сапалы әрi қызмет көрсетулердiң толық жиынтығын ұсынатын қонақ үйлерге тоқтағанды жөн санайтынын көрсеттi. Елдiң iскерлiк орталықтары - iрi қалалардағы халықаралық деңгейдегi қонақ үйлер желiсiнiң одан әрi дамуы дәл осы iскерлiк туризмге байланысты болады. Алайда, қонақ үйлердi, пансионаттарды, демалыс үйлерi мен базаларын қоса алғанда, орналастыру объектiлерiнiң материалдық базасы, сондай-ақ санаторийлiк-курорттық мекемелер моральдық және физикалық тұрғыдан тозудың жоғары шегiне жетуiмен сипатталады.
35) «Рекреация», «туризм объектісі», «туризм зонасы», «туризм орталығы» түсініктері
Рекреация – бұл халықтың тұрақты жерінен тыс жердегі арнайы мамандандырылған аумақтарда тәуліктік, апталық және жылдық өмір циклдеріндегі, адамның бос уақытын пайдалану кезінде іске асатын сауықтыру, танымдық, спорттық ж/е мәдени-көңіл көтеруге арналған қатынастар мен құбылыстар жиынтығы.
Рекреациялық мүмкіндік (потенциал) дегеніміз - белгілі бір территорияда рекреациялық шаруашылықты ұйымдастыруға және жүзеге асыруға болатын табиғи, тарихи-мәдени, әлеуметтік-экономикалық және т.б. алғы-шарттардың жиынтығы. Территорияның рекреациялық мүмкіншілік түсінігін "рекреациялық шаруашылықты жүзеге асыруға болатын қолайлы жағдайлар мен факторлар жиыны" деп қарастыруға болады.
Рекреациялық мүмкіндік негізін құраушы бөлік "туристік-рекреациялық ресурс" болып табылады, оның ішіне демалыс пен туризмді дамыту мен ұйымдастыруға негіз болып табылатын, өзіндік тартымдылығымен, тарихи және көркемдік құндылығымен ерекшеленетін, қоршаған орта компонентері мен антропагендік шаруашылық обьектілерін жатқызуға болады. Туристік-рекреациялық ресурс, территорияның туристер тарапынан қызығушылығына (аттрактивтілік) боялаған жағдайда ғана "туристік құндылыққа" ие болады. Туристік территорияның құндылығы (дамыту мүмкіндігінің алғы-шарты) - туристер тарапынан қызығушылық танытатын, жеке немесе қосалқы түрде ұйымдасқан, қоршаған орта мен адам қолымен жасалынған элеменнтердің бар болуы. Бірақ, табиғи және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан, демалыс пен туризмге жарамды территориялардың бар болуы, әр уақытта туристік-рекреациялық ресурс ретінде қарастырыла берілмейді. Аталған элементтердің негізгі туристік ресурсқа бағытталуының көрінісі, технологиялық жағынан жетілген, қоғамдық еңбек бөлінісі тарапынан зерттеуге кеткен шығын мөлшерін, туристік қызмет көрсетуге лайық болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Туристердің қажеттіліктері мен талғамдарына байланысты, туристік құндылықтарды келесідей бөліп қарастыруға болады:
табиғи ортаның қалыптасқан жағдайына қарамастан демалысты ұйымдастыру;
арнайы, туризмнің кез-келген түрін қоршаған ортаға байланысты, табиғат ерекшеліктерін қолдану арқылы жүзеге асыру, минералды су көздері немесе қолайлы климат жағдайлары болған жағдайда - бальнотерапия және тағы басқа емдік сауықтыру түрлерін ұйымдастыру;
танымдық, табиғи ерекшеліктермен (қорықтар, саябақтар және т.б.) бірге, материалдық және рухани құндылықтарды: ескерткіштер, фольклор, қоғамның қазіргі заман жетістіктерін қоса қарастыратын демалысты ұйымдастыру.
Туризм географиясының мәселелерін теориялық және практикалық тұрғыдан географиялық орта кеңістігінде шешу жолында таксономия үлкен рөл атқарады
"Туристік жергілікті орын (местность) - туристік құндылық, инфрақұрылым және көліктік қолайлығы жағынан туристік миграцияның кезеңін немесе пунктін құрайтын жайылым көрсеткіші (қала, аудан, ауыл).
Географиялық ландшафтық белдеу орнына байланысты: таулы, теңіз жағалауы, көлдің жағалауы және т.б. болып бөлінеді. Туристік құндылығы, атқаратын қызметіне және туристік шаруашылықты жүргізу түріне байланысты: а) демалыс орны; б) курорт; в) танымдық туризм орындары; г) транзиттік туризм орындары (мысалы, шегаралас аудандар) болып жіктеледі.
"Туристік орталық" - шоғырланған туристік-рекреациялық ресурстар негізінде туристік-экскурсиялық қызмет көрсету комплексі ұйымдастырылған тұрғылықты орын, жер учаскесі, табиғи обьект және т.б. болып табылады. Аталған комплекс құрамына туристерді орналастыру мекемелері (турбаза, қонақ үй, пансионаттар және т.б.), тамақтандыру, сауда-саттық орындары, спорттық ғимараттар, экскурсиялық және тағы басқа туристік қызмет көрсету орындары кіреді. Туристік орталықтар дәрежесіне қарай (халықаралық, мемлекеттік, аудандық, жергілікті), функционалдық бағытына қарай (емдік, сауықтыру, танымдық, комплексті) және басқа да көрсеткіштер бойынша бөлінеді.
"Туристік аудан" - туристік функциясы басым болып келетін немесе елеулі орын алатын, туризмді дамытуға қолайлы табиғи, тарихи-мәдени, әлеуметтік-экономикалық мүмкіндігі бар, салалық экономикалық аудан. Аудандарды деңгейіне байланысты - жергілікті, облыстық, мемлекеттік, ұлттық, халықаралық туризм деп бөлуге болады. "Рекреацияның шаруашылық потенциалы" немесе "демалыс пен туризмнің материалдық-техникалық базасы" анықтамалары, рекреациялық география және туризм географиясында да күрделі және ауқымды түсініктемелер мен талдауларға ие (кей ғалымдар оны "туризм инфрақұрылымы" деп те атайды). Бұл, ең бастысы, демалушыларға тауарлар мен қызмет түрлерін өндіру, сату және ұсыну арқылы жүзеге асырылатын негізгі фонд, қолайлы рекреациялық жағдай жасауға тікелей араласпайтын қосымша еңбек бөлінісі.
"Түнеу орны" - туристік шаруашылықтың негізгі элементі, оның ішіне туристердің түнеуіне барлық қолайлы жағдайлар жасайтын обьектілер мен құрылғылар жиынын жатқызуға болады. Оны екі түрде қарастыруға болады: түнеу мекемелері (қонақ үйлер, турбазалар, демалыс орындары, пансионаттар, мотельдер) және лагерлер (кемпинг, палаталар қалашығы). Қолданыс ерекшелігіне байланысты: жыл бойғы және маусым аралық; қызмет көрсету жағынан - ашық (бәріне қол жетерлік) және жабық (арнайы тұтынушылар тобы). Түнеу орындары мемлекеттік немесе жекеменшік (тұрғылықты халықтың пәтерді жалға беру) болуы мүмкін.
Туристер мен демалушылардың тамақ пен сусындарға деген сұраныс- қанағаттарын өтеуге "тамақтандыру орындары" көмектеседі, оның ішіне мейрамхана, кафе, бар, буфет, асхана және т.б. кіреді. Түнеу орындары сияқты жыл бойғы немесе маусым аралық болып бөлінеді; қызмет көрсету жағынан - ашық, жабық немесе аралас; мемлекеттік, жекеменшік немесе өзге меншік басшылығында болуы мүмкін.
"Коммуникациялық база" негізінен көліктік қызмет көрсетумен байланысты. Көліксіз туристік қызметті ұйымдастыру өте қиын, жаяу туризмді есепке алмағанда. Соңғы кездері, туризм саласында ақпаратық байланыс жүйесі ерекше рөл алуда, оның өсу қарқына жаһандық тұрғыда кеңею үстінде.
"Қосалқы қызмет базасына" туристерге келесі негізгі қызмет көрсету түрлері кіреді: табиғаттың қолайлы жақтары (пляждар ұйымдастыру, шомылу орындары, тамашалау алаңдары және т.б.); спорттпен шұғылдану; ойын-сауықтарды ұйымдастыру; туристік құрал-жабдықтар мен сувенирлерді өндіріп шығару; ақпараттық қызметтер және т.б.
"Туристік территория немесе объект сыйымдылығы" - түнеу орнының (түнеу орындарының саны), тамақтандыру мекемесінің (ас мәзірі берілетін орындар саны) және қосалқы қызмет базасының (орындар саны немесе аудан көлемі) жалпы сыйымдылығы негізінде анықталатын, туристік базаның жекелеген объектілерін бір мезетте қолдана алатын, туристік ағымға қатысушылардың жалпы саны.
Туризм географиясының негізгі түсініктерінің біріне, тұрғылықты жердің немесе объектінің "туристік аттрактивтілігі" (тартымдылығы) кіреді. Туризмнің көптеген түрлері мен формаларына байланысты бұл түсініктің құрылым өте күрделі болып келеді. Туристік аттрактивтілік "туристік ұсыныс" түсінігімен көп ұқсастықтары байқалады.
