Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мамандыққа кіріспе.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
107.96 Кб
Скачать

29) Туризмнің әлемдік элеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде негізгі белгілері мен мазмұны.

Халықаралық туристік алмасудың заңдылығын табу туризмді өз-ара байланысты және тарихи құрылған ұлттық және халақаралық даму факторларының үйлесу процессі ретінде қарастыру мүмкіндігін растайды. Бұл екі жақты процесс туристік байланыстардың мазмұнымен және сипаты халақаралық қатынастардың жүйесі ретінде объективті нәтижесі болып табылады.

Ұлттық және халықаралық туризмнің өз – ара байланыстылығы, олардың экономикалық және әлеуметтік аспектілері туризм жөнінде дүниежүзілік конференциясының құжатында (Манила, 1980) дәлелділігін алды. Бұл құжатта туризм дүниежүзілік дамуының маңызды көрсеткішіне айналуы жайлы айтылған. Және туризм ролі ұлттық экономикалық әрекетте үнемі өсуде.

Қазақстан егемендік алғалы бері туризм дамуында жаңа мүмкіншіліктері пайда болды. Қазіргі күні республика шетелдік туристерді тарту үшін біраз әрекеттерді жасауда, бірақ жеткіліксіз жабдықталу, тозған материалды-техникалық база, төмен сервиз және көрсетілетін туристік қызметтің бағасы жоғары болуы потенциалды туристерді кері итереді. Туризм, өте мете халықаралық, бюджетке валюта кірісін көбейтеді, жұмыссыздықты азайтады, жұмыс орны нарығын кеңейтеді, халықтың табысын және өмір сүру денгейін жоғарлатады, сонымен бірге кез келген мемлекеттің тұрақты дамуына себеп болады.

«Қазақстан 2030» стратегиясында бірінші кезектегі міндетте туризм жайлы және туризм инфрақұрылымы тез арада шешілуін негізгі сұрақ ретінде қойған. Президенттің халыққа жолдауында туризм дамуының нүктелерін тауып, дамыту деген. Мысалға, таушанғы курортарын салу көзделген. Сонымен байланысты туристік бизнесті жүргізудегі жаңа технологияларды білу, коммециялық туристік әрекеттің тәжірибесін, халықаралық туризм дамуының тенденцияларын еске ала тұрып қазақстандық туристік индустрияны жоғары рентабельді қылу.

Халықаралық туристік алмасу ҚР-ың және оның халықаралық қатынастарының сыртқы экономикалық байланысының ажырамас бөлігі.

Қазақстанда және шетелде туризм дамуы, осы процесте түрлі ұйымдардың белсенді қатысуы, біздің республикада әр түрлі ұлттық және аймақтық туризм ұйымдастыруының формалары ғана емес, сонымен бірге екі жақты өзара алмасуды нығайту, қатынас және жол жүруге көңіл бөлу, екі жақты каналдар арқылы халықаралық денгейдегі қатынастарды және туристік бағдарламаларды іске асыру.

Қазір туризм индустриясы, өте мете халықаралық, толығымен қалыптасқан жоқ, ал ол, оның дамуы жаңа приоритетті жолдарды ашар еді. Көптеген Батыс мемлекеттерінде туризм қарапайым азаматтарының тұрмысына баяғыда енген. Шетелге саяхат – дағдылы құбылыс. Оған мемлекеттің әлеуметтік саясаты, жұмыстан бос уақыты, халықтың ауқаттылық денгейі, білімнің және мәдениеттің дамуы және басқа да фактор себепші болды.

Қазақстан дүниежүзілік туристік картада әлі де «ақ дақ». 1993 жылы Қазақстан Дүниежүзілік туристік ұйымға (ВТО) мүше болып және Қазақстан территориясында «Ұлы Жібек жолын жанғырту және дамыту» схемасы құрылсада, олар «туристік ағымға» эффект әкелген жоқ. Бұл факттер біздің елдің шетелде, өте мете жоғары индустриалды мемлекеттерде, ақпаратың аздығын білдіреді. Оларда Қазақстан әлі де көшпенді өмір сүрет деген пікірде.

Тәуелсездік алғанша, туризм, басқа да салалар сияқты, орталықпен регламенттелген. Совет Одағының негізгі туристік аймақтары Кавказ, Крым, Балтық елдері, Ресейдің тарихи орталықтары, Орта Азия болған. Ал Қазақстанның бір қатар әйгілі архитектуралық, археологиялық ескерткіштері жарнамасыз, сұраныссыз қалған.

Туристік әрекет Совет одағы кезінде мемлекеттің жәрдем ақшасына сүйенген. 1991 жылы ТМД-да туризмге деген шығын халықтың барлық шығынының 3% құраған, бірақ ескертетіні, туризм және демалыс индустриясының қызметтері мен товарларының біраз бөлігі ақысыз немесе жеңілдікпен көрсетілген. Қазіргі күні, Қазақстан нарық қатынастарына көшкен кезде, туризм кәсіподақтың немесе өкіметтің көмегіне сүйене алмайды. Ол шаруашылық әрекетінің саласы ретінде өз бетінше дамып, экономикалық жүйеге айналу керек.

Ұсыныс бар жерде, сұраныста болады. Қызмет көлемінің жеткіліксіздігі кез келген аймақта туристік индустрияны құруды шектейді. Басқа жағдайда, бар ұсыныс ол жаңадан пайда болып немесе аз мөлшерде болсада, тез арада жергілікті орынға туристік өзгешелік береді.

Қазақстанда, тәуелсіздік алғаннан кейін көптеген туристік фирмалар және агенттіктер пайда болды. Алғашында олардың ұсынысы шектелген, шамалы ғана болатын. Жылдан жылға, тәжірибе жинап және қаржы базасын нығайтқан кейбір турфирмалар түрлі қызметті ұсына бастады (мемлекет саны көбейді, виза, паспорт алу формалары жеңілдетілді т.б.). Қазіргі күнде біз сұраныстың да, ұсыныстың да үнемі өсуін байқаймыз, бұл тенденция жақын арада сақталады.b