Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мамандыққа кіріспе.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
107.96 Кб
Скачать

24) Қоғамдық туристік үйымдар.

Туризм саласындағы түңғыш халықаралық негізгі конвенциялары БҰҰ құрастырылып қабылданды. Бұл ұйым қонақжай саласы үшін мамандарды даярлау мәселелері бойынша халықаралық семинарлар мен коллоквиумдерді ұйымдастырып, туризмдегі статистикалық есептеу әдістерін құрастырушылардың бірі болды.

Туристік ұйымдар мен тасымалдаушылар арасындағы келісілген іс-әрекет қажеттілігі 20 жылдардан бастап сезіле басталды. Мәселені шешу мақсатында 1925 жылы Туризмді насихаттау ресми ассоциациялардың халықаралық конгрессі құрылды, 1927 жылы - Ресми туристік ұйымдардың халықаралық конгрессі, 1930 жылы Туризмді насихаттау мен ресми ұйымдардың халықаралық бірлестігі құрылды. Туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты бақылаудағы қарама-қайшылықтар туризмнің дамуы үшін үлкен кедергіге айналды. Осыған орай, жоғарыда аталған үш ұйым негізінде Париж қаласында (1947 жылы) 116 мемлекет өкілдерін біріктірген Ресми туристік ұйымдардың халықаралық бірлесітігі (РТҰХБ - МСОТО) құрылды.

1969 жылы РТҰХБ өкімет аралық Дүниежүзілік туристік ұйымға қайта құрылды. ДТҰ жарғысы өз күшіне 1975 жылы 51 мемлекетпен ратификациялаудан кейін енді.

БҰҰ және ДТҰ арасындағы келісім қайталауларды алып тастау мақсатында екі жақтың ассамблеялар және конференциялар кезінде бақылаушы ретінде қатысуын қамтамасыз етеді.

25) Туризмнің ұйымдық формалары және негізгі категориялары.

26) Туризмде тасымалдауды ұйымдастыру.

Көлік қызметі (әуе жолдары, көлік тасымалы, темір жол, жолаушы немесе круиз кемелері). Туристік көлік - туристерді тасымалдауға арнайы жабдықталған көлік құралдары және жалпы көлік, оның ішінде қоғамдық көлік. Туристердің қозғалыс құралдары: адамның бұлшық күшін (қайық, велосипед), жануарлардың күші (піл, түйе, жылқы), жергілікті құралдар (қозғалыстың механикалық түрлері: автомобиль, темір жол), әуе және ғарыш құралдары , мотор және желкен қайығы, су асты кемелері, т.б. Жұмыс кезеңдері бойынша бөліп көрсетуге болады: трансфер (туристерді негізгі/магистральды тасымалдаушыға жеткізу, әуежай/вокзал терминалынан отелге жеткізу), туристерді алыс қашықтыққа жеткізу және дестинация шебіндегі жергілікті тасымал, қозғалыс құралы түнеу құралы да болатын көлік сапарлары, экскурсиялық маршруттағы тасымал, шоппинг турларға арналған жүк сапарлары

27) Қазақстанда туризм мен экскурсиялық ісінің дамуындағы негізгі кезеңдері (1917-1991 жж.)

1917-1930 Жылдардағы туристік-экскурсиялық жұмыс

Бұл кезең әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың туындауымен, туристік және экскурсиялық қозғалыстың пайда болуы және ұйымдастырылуымен сипатталады. Халық шаруашылығының жандануы мен қайта құрылымы, мәдени төңкерістің ашылуы жағдайында еңбекшілердің жаппай демалысын белсендіретін және отан табиғатын, мәдени құндылықтарын зерттеуде олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында пролетар туризмнің алғашқы мекемелері пайда болды.

Кейбір орталарда қала сыртына туристік саяхат пен экскурсия жүргізетін бөлімшелер пайда болды. 1920 жылы мақсаты пролетарлық туризм мен экскурсияны кең насихаттаушы біріккен дәрістік-экскурсиялық бюро құрылды. Жұмысшылар мен борыштыларға туристік қызметтерді кәсіподақ ұйымдастырды.

Тұрғындардың туризм мен экскурсияға қызығушылығының артуына байланысты қоғамдық кадрларды даярлау сұрағы туындады; құрылған экскурсиялық бекеттер топ экскурсоводтары мен туризм ұйымдастырушыларын дайындай бастады.

Кеңес туризміндегі алғашқы кәсіби кадрларға мұғалімдер мен комсомол белсенділері жатады. Комсомол комитеттері жанында туризм бюролары құрыла бастады.

Осымен қатар элиталық демалыс пен сауықтыру үшін база және де шығу туризмі нарығы құрылды. Әл-ауқатты тұрғындар үшін танымдық бағытта саяхаттар мен экскурсия және де Қырым мен Кавказда демалыс ұсынушы коммерциялық ұйымдар құрыла бастады.

1925-1928 жылдары поезд бен теплоходта жолдама бойынша алыс саяхаттар ұйымдастыратын «Кеңес туристі» мемлекеттік акционерлік қоғамы жұмыс істеді.

Бұл кезең мынадай тенденциялармен сипатталады:

  • туристік бағыттағы кіші және орта коммерциялық мекемелерді құру;

  • туристік қызмет нарығын құру және олардың сұранысын элиталандыру;

  • туристік инфрақұрылымды құрастыру: мейрамханалар, қонақ үйлер, транспорттық жүйелер;

  • екі элемент: әл-ауқаттылар үщін элиталық туризм және интеллигенция үшін экскурсиялық туризм байқалатын туристік нарықты құрастыру;

  • туристік фирма, бюро, компания, клуб, қоғамның пайда болуы.

Ұйымдық-орталықтанған кезең (1930-1970жж).

1927 жылы Мәскеуде Ресейлік туристер қоғамы (РТҚ) өз жұмысын қайта бастады, бірақ конференциядан кейін ол Пролетерлық туризм мен экскурсия қоғамы (ПТЭҚ) деген атқа өзгертілді. Қоғамның өзінің нақты ұйымдастырылған құрылымы болды: әр мекемеде құрылған филиалдар, қоғам құрамына кірген бөлімшелер.

Туристік-экскурсиялық жұмыс кезінде олар еңбекшілер тілектеріне бағытталды. Шаңғы және жаяу туризм, өзіндік туризм ерекше сұранысқа ие болды.

ПТЭҚ елдегі туристік-экскурсиялық жұмыстардың 90% іске асырды. Қоғам қызметі тек қана ересектер туризмін қамтыған жоқ. 1929 жылы қоғам жанында балалар туристік-экскурсиялық бекеттері құрылды.

Туризмнің даму кезеңі, яғни 1936-1970 жылдар басқаруға жаңа ұйымдастыру формаларының енуімен сипатталады. 1936 жылы ПТЭҚ өз ісін тоқтатты, ал барлық мүлік туризм мен экскурсия саласындағы қызметтермен айналысатын Туристік-экскурсиялық басқармаға (ТЭБ) өтті.

ТЭБ басқаруында барлық материалды-техникалық база мен халықты туристік-экскурсиялық өызметпен қамтамасыз ету болды.

1937-1940 жылдары туризм құрылымына кешенді қайта құру жасалынды, оның негізінде капитал салуды, кадрларды, рекреациялық қызмет географиясын мемлекеттік-партиялық қатаң жоспарлау. 1940 жылы ерекше сіңірген еңбегі үшін туристік атақ енгізілді. Құрметті туристер «КСРО туристі» белгісімен марапатталды.

Туристік шаруашылықтың жандануы соғыстан кейінгі алғашқы жылдары-ақ басталды. Соғыс кезінде әскери ұйымдар орналасқан Сочи, Грузия, Оралда базаларға жөндеу жұмыстары жүргізілді. 1946 жылы Калинин облысында және Эстонияда, 1947 жылы Краснодар өңірінде, 1948 жылы Бақшасарай, Ленинград облысында жаңа базалар ашыла бастады.

Жастар халықаралық туризмін дамыту мақсатында 1958 жылдың маусымында «Спутник» халықаралық жастар бюросы құрылды. Бюро КСРО жастар тобын басқа елдермен тәжірибе алмасу жұмытарымен айналысты

1960 жылдардың басында туристік іс-әрекет белсендіріле бастады. Сондықтан туризм бойынша кеңестер құрылды.

Соғыстан кейін қалпына келтіруден басқа Ұйымдастыру-орталықтандыру кезеңі мынадай да ерекшеліктерімен сипатталады:

  • рекреациялық туризм үшін материалдық базаны құру (демалыс үйлері, санаторийлер, пионер лагерлері)

  • шығу туризмін шектеу

Әкімшілік-нормативтік кезең (1970-1990жж)

Бұл кезеңдегі туризмнің дамуы орындалуы міндетті жоспарларға сәйкес іске асты. Олар ұзақ мерзімдерге арналды, туризмнің жоғарғы органдарымен бекітілді. Туристік индустрия мен қызмет көрсетуді дамытудағы жоспардың нормативтік көрсеткіштері қатаң бақылауға жатты.

Туризм жастарға деген тәрбие құралы ретінде қарастырылды. Осылайша, 1970 жылдары жалпыодақтық жастар мен оқушылар экспедициялары мен саяхаттары іске асырылды. Бұл шаралардың негізгі мақсаты патриоттыққа тәрбиелеу, экскурсия-өлкетану жұмыстарына үйрету, спорттық жаттығу болып табылды.

Осы уақыттан бастап демалыстың жаңа формалары енгізіле бастады. Кейбір турбазалар балалар мен ата-аналарын бірге қабылдай бастады. Туристік шаруашылықта туристік қызметтер ассортименті артты.

Туризм және экскурсия орталық кеңесі (1969 жылдан бастап осылай атала бастады) Туристік-экскурсия жұмысшыларының біліктілігін арттыру орталық курсын және туристік және экскурсиялық қызмет бойынша әдістемелік әдебиеттер шығаратын «Турист» жарнама-ақпараттық бюросын ашты. Негізгі бағдар сол кездегі жұмыс істеп тұрған қонақ үйлер мен кемпинг, базаларға аударылды.

Туристік-экскурсиялық іс-әрекет қызмет көрсету саласының үлкен бөліміне айналды. Маршруттар дамыды, транспорт саяхаттары ұйымдастырылды: теплоход, темір жол, әуе саяхаты.

Болашақтағы құрылыс жоспарларында негізгі назар үлкен туристік кешендерге бағытталды. Олар: құрамында қонақ үй, турбаза, кемпинг, қоғамдық тамақтандыру орны, дүкендері бар туристік кешендер.

1980-1992 жылдар аралығында емдік-сауықтыру мекемелерінің иатериалдық-техникалық базалары өсті, ірі қалаларда қонақ үй кешендері пайда болды (Мәскеуде «Измайлово» және «Салют», Кисловодскте «Велинград» т.б.). Санаторий, демалыс үйлері базасында рекреациялық қызмет өте жақсы болды.

Әкімшілік-нормативтік кезеңнің негізгі ерекшелітері мынадай:

  • қатаң норматив пен жоспарлау шартындағы туризмнің дамуы;

  • қызметтің жаңа түрлерінің дамуы (отбасылық демалыс, курстық емдеу)

  • ірі және комфортты қонақ үй кешендерінің салынуы

  • туризмді оқудың ғылыми негізінің қалануы

Өтпелі кезең (1990ж)

Туризм дамуының бұл кезеңі әкімшілік бақылау кезеңінен кәсіпкерлік және нарық, туристік іс-әрекетке бағытталған жаңа заңдарға негізделген экономикалық тұрақтылыққа өтумен сипатталады.

Өтпелі кезең ерекшеліктері:

  • монополиялық шаруашылықтан көпдаралыққа өту;

  • жаңа заңдар негізінде туристік нарықты құрастыру;

  • жаңа экономикалық және құқықтық қатынастар негізінде туристік ресурстарды пайдалану;

  • туризм материалдық базасының қажетсіздігі;

  • көптеген кіші және орта туристік мекемелердің пайда болуы;

  • шығу туризмінің дамуы, соның ішінде шопинг мақсатында.