Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-я книга.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.09 Mб
Скачать

2.6. Сезімталдықтың бұзылу түрлері

1. Ауырсыну - афферентік жүйе зақымдануына байланысты жиі кездесетін симптом. Белгілі орыс ғалымы И.П.Павловтың пікірі бойынша, ауырсыну дегеніміз организмдегі жайсыз жағдайдың көрінісі. Сондықтан ол биологиялык теріс реакция болып табылады. Ауырсыну сезімі өмір сүру процесіне кедергі, тіпті оған нұқсан келтіріп, организмнің қоршаған ортамен тепе-тендігінің бұзылуына ықпал жасайтын әсерлердің бәрінен құтқаруға тырысады. Сонымен патологиялык өзгерістер кезінде ауырсыну белгісін организмді қорғауға ықпал жасайтын әсер ретінде ұғынған жөн. Ауырсынудьщ да бірнеше түрі бар. Олар:

1)тұрақты ауырсыну - дененің бір бөлігі зақымданса, дәл сол тұсында ауырсыну сезілуі;

2) проекциялық ауырсыну - дененің белгілі бір кескінінің немесе аймағының ауырсынуы, яғни белгілі бір нерв бағанасынын тітіркенуіне байланысты сол нерв нервтендіретін аймақтарға ауырсынудың таралуы (жайылуы);

3) иррадияциалайтын (көлемі үлкейіп-кеңейіп сезілетін) ауырсыну- ауырсыну сезілуінің нервтің тітіркенген тармағы аймағынан сол нервтің зақымданбаған тармақтарына байланысты аймақтарын тегіс қамтуы;

4) шағылысқан немесе рефлектік-реперкуссиялық ауырсыну — ауырсыну сезінілуінің зақымданған нервке байланысты тұсынан басқа зақымданбаған нервтерінің біріне қатысты аймақтарға таралуы. Оған ішкі ағзалар дертке шалдықса ауырсынудың теріге сезіліп, Захарьин-Гед аймағына шоғырлануы да жатады;

5)реактивтік ауырсыну - нерв тармақтары қысылғанда немесе созылғанда сезілетін ауырсыну;

6)каузалгия («кауза» - күйдіру, «альгос» - ауырсыну) — ауырсынудың теріні күйдіргендей болып сезілуі. Бірақ терінің қай тұсының ауырып тұрғаны онша мәлімді емес. Каузалгияны дәрі-дәрмектер арқылы емдеумен қайтару өте қиын. Оған дымқыл шүбе-рек басу арқылы ғана тойтарыс беруге болады. Сондықтан каузал-гияны анықтайтын белгінің бірі «дымқыл шүберек» симптомы. Оның пайда болуы миелинсізденген жұқа нерв талшықтарының тітіркенуіне байланысты. Сол себепті каузалгия көбіне ортаңғы немесе үлкен жіліншік нервтері жарақаттанғанда кездеседі;

7)фантом ауырсынуы — тыртықтану немесе нервтің кесілген ушында неврома пайда болуына байланысты ауырсынудың қол-дың немесе аяқтың кесіліп алынып тастаған бөлігіне таралғандай сезілуі;

8) синестезиалгия — дененің зақымданбаған тұстарын инемен шұқылағанда жарақаттанған қолдың немесе аяқтың ауырсынуы.

Ауырсынудың жоғарыда аталғандардан басқа да сипаттамалық түрлері бар. Олардың ішінде жиі кездесетіндері: сыздау, шаншу, сырқырау, куйдіру, батыра, қыса немесе сыздап ауыру.

Ауырсыну сезінілетін түсына байланысты үстірт, терең (аса қатты және белдеулене ауырсыну болып жіктеледі.

2. Паресетезия — денені сырттан ештеңе тітіркендірмесе де жайсыз (құмырсқа жүргендей, шаншып, ұйып, күйіп немесе мұздап) сезіну.

3. Анестезия — сезімталдықтың (сезімділіктің) мүлде жойылуы. Мұның ішінде сезімталдықтың дененің екінші жарты бөлігіңде жойылуы — гемианестезия, бір аяқтың немесе бір қолдың жансыздануы — моноанестезия, екі аяқ, екі қол немесе дененін, төменгі жағының жансыздануы — параанеапезия деп аталады.

4. Гипестезия — сезімталдықтың бәсендеуі.

5. Гиперестезия — қоздырғыштың бастапқы әсерінің әлсіреуіне байланысты сезімталдықтың күшеюі (өршуі).

6. Гиперпатия — қоздырғыштың (тітіркендіргіштің) бастапқы әсерінің шамадан тыс күшеюіне байланысты сезімталдықтың бұзы-луы. Ауырсыну тітіркендіргіш әсері тоқталса да жанға жайсыз сезіліп, қай тұсы ауырып тұрғаны да белгісіз болып, оның зардабы созылып кетуі де мүмкін. Гипернатия зақымданған шеткі нерв қызметі қалпына келе бастаған кезде және көру төмпешігі зақымданғанда пайда болады.

7. Дизестезия — тітіркеністі теріс сезіну. Мысалы, ыстық-суық тәрізді, жанасу ауырсыну т.б. болып сезіледі.

8. Полиестезия — жеке тітіркеністердің әрқайсысы бірнеше тітір-кеніс ретінде сезілуі.

9. Аллохейрия (синестезия) - тітіркендіргіш түйіскен тұстан емес, соған қарсы симметриялы басқа нүктеге жанасқандай (тигендей) болып сезінілуі.

10. Диссоциация — дененің белгілі бір аймағында жанасу және терең сезімталдық сақталып, ауырсыну мен ыстық-суықты сезінбеу.