- •Қазақстан республикасы неврологтарының ғылыми зерттеулеріне қысқаша шолу
- •Нерв жүйесінің құрылымы мен атқаратын қызметі туралы негізгі деректер
- •1.1. Нерв жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне қысқаша шолу
- •1.2. Нерв жүйесінің элементтері
- •Рецепция, сезімталдықтың және сезімталдықтың бұзылуының түрлері мен типтері
- •2.1. Анализатор және оның құрылымы
- •2.3. Сезімталдықтың клиникалық жіктелуі
- •2.5. Сезімталдыкты зерттеу тәсілдері
- •2.6. Сезімталдықтың бұзылу түрлері
- •2.7. Сезімталдықтың бұзылу типтері
- •3.1. Ми қыртысы-бұлшық ет шоғырының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
- •3.2. Рефлекстер, оларды тексеру әдістері, рефлекстердін патологиялық жағдайларда өзгеруі
- •3.3. Қимыл-әрекеттерін зерттеу тәсілдері, ми қыртысы-бұлшық ет шоғыры зақымдануының симптомдары мен синдромдары
- •1. Белсенді қимыл мөлшерін тексеру,
- •2. Бұлшық еттердің ширығу (жиырылу) күшін тексеру
- •3. Бұлшық ет серпімділігін (тонусын) тексеру әдістері және оның патологиялық өзгерістері.
- •4.Бұлшық еттердің трофикалық (нәрлендірілу) функциясы.
- •5.Нервтер мен бұлшық еттердің электр әсерінен тітіркенуін зерттеу.
- •IV т арау
- •4.1. Экстрапирамида жүйесінің негізгі анатомиялық-физиологиялык ерекшеліктері
- •4.3. Экстрапирамидтік жүйе қызметін зерттейтін тәсілдер -
- •4.4. Экстрапирамидтік жүйе зақымдануынын симптомдары мен синдромдары
- •9. Жекеленген бұлшық еттер
- •4.5. Мишық қызметін тексеру әдістері, мишықтың және онымен байланысты құрылымдардың зақымдану симптомдары
- •5.1. Иіс сезу және көру анализаторлары зақымдануының симптомдары мен синдромдары
- •5.3. Үшкіл нерв және көпір-мишык бұрышынан шығатын ми нервтерінің зақымдану симптомдары мен синдромдары
- •1. Мийяр-Гублер (алмасушы) айқасушы синдромы.
- •5.4. Сопақша мидан шығатын ми нервтерінін зақымдану симптомдары мен синдромдары
- •VI тарау
- •6.1.Ми қыртысының анатомиялық-гистологиялық құрылымы
- •6.2. Ми қыртысының қызметі
- •6.3. Жоғары ми қызметін зерттеу тәсілдері
- •6.4. Ми қыртысы проекциялық алаңдарының зақымдануы симптомдары
- •6.5. Ми қыртысы ассоциативтік алаңдарының зақымдануы симптомдары
- •VII тарау
- •7.1. Вегетативтік нерв жүйесі құрылымдары
- •7.3. Вегетативтік нерв жүйесі зақымдануьшьщ симптомдары мен синдромдары
- •2. Симпатикалық түйіндер зақымдану симптомдары.
- •8.1. Қысқаша анатомиялық-физиологаялық шолу
- •8.2. Бас сүйегі ішінің гипертензиясы (гидроцефальдык синдром)
- •8.3. Гипотензивтік (гипотензиялық) синдром
- •8.5. Ликворлық синдромдар
- •9.1. Бас сүйегін және миды рентген тәсілімен зерттеу
- •9.2. Омыртқа бағанасы мен жұлынды рентгенологиялық зерттеу
- •X тарау
- •10.1. Электроэнцефалография
- •10.2. Ми бағанынан шығатын жасанды потенциалдар
- •10.3. Эхоэнцефалография
- •10.4. Электромиография
- •XI тарау
- •11.2. Ультрадыбыстық допплерография (уддг)
- •11.3. Көз флюоресценттік ангиография әдісімен тексеру
- •12.1. Қимыл мен әрекетті зерттеу
- •12.2 Есту гнозисін тексеру
- •12.3.Көру және көру-кеңістіктігін ажырата тексеру
- •12.4.Есте сақтау қабілегін тексеру
- •12.5. Ойлау процестерін зерттеу
- •13.1. Генеалогия тәсілі
- •13.3. Егіздер ерекшеліктерін тексеру әдісі
- •13.4. Цитогенетикалык әдістер
6.1.Ми қыртысының анатомиялық-гистологиялық құрылымы
Үлкен ми жарты шарын 14 миллиардтай нерв клеткаларынан тұратын сұр затты қыртыс жауып тұрады. Ми қыртысы алты қабатты құрылымнан тұрады
1) сыртқы молекулярлық қабат;
2) сыртқы түйіршікті қабат;
3) шағын жәнс орташа пирамидалык клеткалардан тұратын қабат;
4) ішкі түйіршікті қабат;
5) Бец үлкен пирамидалық клеткаларынан тұратын қабат;
6) әр түрлі клеткалардан тұратын қабат. ,-.
Ми қыртысы түрлі салалар мен ирелендері бар бүктесінге ұқсайды. Мидың жарты шарының сыртқы бетіндегі негізгі салалар мен ирелендер: ролланд, сильвий және қарақұсаралық салалар, алдыңғы және төменгі маңдай ирелеңдері; жоғарғы, ортаңғы және төменгі самай ирелендері; жоғарғы самай ирелеңі маңайындағы Гешль ирелеңі; жоғарғы және ортаңғы қарақұс бөлігіндегі шеткі және бұрышты ирелеңдер; сильвий саңылауында алдыңғы орталық ирелеңнің сыртқы орталық ирелеңге ауысатын тұсы — жамылғы .
Ми жарты шарының ішкі бетіндегі негізгі салалар: қарақұс-шүйде (желке) саласы; құс аяғының тепкісі тәрізді сала; Ролланд саласының жоғарғы ұшы; белдеуленген сала.
Ми жарты шарының ішкі бетіндегі негізгі ирелеңдер: парацен-тральдық бөлек; самай бөлігіндегі ат басты теңіз балығы тәрізді ирелең мен аммонов мүйізі, желке бөлігіндегі сына және тіл ире-лендері, мандай бөлігінің астындағы иіс сезу саласы, иіс сезу жуашығы, иіс сезу жолы, иіс сезу үш бұрышы және алдыңғы тесіктелген кеңістік.
6.2. Ми қыртысының қызметі
Ми қыртысы көңіл-күй, таным, мақсатты қимыл-әрекеттері, сөйлеу, жазу, оқу, санау және ойлау қабілеттерінің негізі болып саналады.
Ми қыртысы өзінің атқаратын қызметіне байланысты проекциялық және ассоциативтік алаңдарға бөлінеді.
Проекциялық алаңдар қоршаған ортамен өткізгіш жолдар арқылы байланысады. Олар — түрлі анализаторлардың қыртыстық ұшы болып есептеледі.
Алдыңғы орталық ирелең пирамида жолы арқылы ерікті қимыл-дарды реттейді; дененің қарама-қарсы жағымен айқаса байланыса-ды. Мұнда дененің қарама-қарсы жағы төңкерілген сипатта көрініс береді.
Артқы орталық ирелең - жалпы сезімділік анализаторының қыртыстық ұшы, онда осы ирелеңді дененің қарама-қарсы жағымен байланыстыратын барлық жалпы сезімділік жолдары аяқталады.
Дененің қарама-қарсы жағы артқы орталық ирелеңде де төңкерілген сипатта қабылданады.
Гешль ирелеңі — есту анализаторының қыртыстық ұшы, ол құлақ ішімен өз жағы және қарама-қарсы жағы арқылы байланысады.
Ат басты теңіз балығы тәрізді ирелең мен аммонов мүйізі — иіс сезу анализаторының қыртыстық ұшы. Олар мұрынның жартысы-мен өз жағы және қарама-қарсы жағымен байланысады.
Құс аяғының тепкіші тәрізді, сына және тіл ирелендері аймағы – көру анализаторының қыртыстық ұшы. Олар көздің торлы қабықшасымен екі жақты байланысады. Оң жақтағы көру орта-лығы екі көздің торлы қабықшасының оң жақ жартыларымен бай-ланыста болады, сол жақ көру аясын қамтамасыз етеді, ал сол жак-тағы көру орталығының әсері керісінше.
Ассоциативтік алаңдар сыртқы ортамен тікелей байланыспайды, бірақ олардың проекциялық аландармен және қыртыс асты орталықтарымен байланысы көп. Бұл алаңдар қарапай-ым әрекеттерді ойластырылған күрделі әрекеттерге айналдыруды жүзеге асырады және олардың (мысалы көру, есту, түйсіну) әсерін сақтайды. Мұнда миға келіп жеткен мағлұматтар қорытылады.
Ми жарты шарларының әрқайсысы өзіне арналған бағытта алған күрделі әрекеттердің іске асырылуына ықпал жасайтындығын ескерте кету керек. Сол жақ жарты шар сөйлеу қабілеті мен ауызша
ойлануды қамтамасыз етеді. Оң жақ жарты шар сыртқы дүние әсерін бейнелеуге, көркем сурет және музыкалық қабілеттерге негіз болып табылады.
