
- •Қазақстан республикасы неврологтарының ғылыми зерттеулеріне қысқаша шолу
- •Нерв жүйесінің құрылымы мен атқаратын қызметі туралы негізгі деректер
- •1.1. Нерв жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне қысқаша шолу
- •1.2. Нерв жүйесінің элементтері
- •Рецепция, сезімталдықтың және сезімталдықтың бұзылуының түрлері мен типтері
- •2.1. Анализатор және оның құрылымы
- •2.3. Сезімталдықтың клиникалық жіктелуі
- •2.5. Сезімталдыкты зерттеу тәсілдері
- •2.6. Сезімталдықтың бұзылу түрлері
- •2.7. Сезімталдықтың бұзылу типтері
- •3.1. Ми қыртысы-бұлшық ет шоғырының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
- •3.2. Рефлекстер, оларды тексеру әдістері, рефлекстердін патологиялық жағдайларда өзгеруі
- •3.3. Қимыл-әрекеттерін зерттеу тәсілдері, ми қыртысы-бұлшық ет шоғыры зақымдануының симптомдары мен синдромдары
- •1. Белсенді қимыл мөлшерін тексеру,
- •2. Бұлшық еттердің ширығу (жиырылу) күшін тексеру
- •3. Бұлшық ет серпімділігін (тонусын) тексеру әдістері және оның патологиялық өзгерістері.
- •4.Бұлшық еттердің трофикалық (нәрлендірілу) функциясы.
- •5.Нервтер мен бұлшық еттердің электр әсерінен тітіркенуін зерттеу.
- •IV т арау
- •4.1. Экстрапирамида жүйесінің негізгі анатомиялық-физиологиялык ерекшеліктері
- •4.3. Экстрапирамидтік жүйе қызметін зерттейтін тәсілдер -
- •4.4. Экстрапирамидтік жүйе зақымдануынын симптомдары мен синдромдары
- •9. Жекеленген бұлшық еттер
- •4.5. Мишық қызметін тексеру әдістері, мишықтың және онымен байланысты құрылымдардың зақымдану симптомдары
- •5.1. Иіс сезу және көру анализаторлары зақымдануының симптомдары мен синдромдары
- •5.3. Үшкіл нерв және көпір-мишык бұрышынан шығатын ми нервтерінің зақымдану симптомдары мен синдромдары
- •1. Мийяр-Гублер (алмасушы) айқасушы синдромы.
- •5.4. Сопақша мидан шығатын ми нервтерінін зақымдану симптомдары мен синдромдары
- •VI тарау
- •6.1.Ми қыртысының анатомиялық-гистологиялық құрылымы
- •6.2. Ми қыртысының қызметі
- •6.3. Жоғары ми қызметін зерттеу тәсілдері
- •6.4. Ми қыртысы проекциялық алаңдарының зақымдануы симптомдары
- •6.5. Ми қыртысы ассоциативтік алаңдарының зақымдануы симптомдары
- •VII тарау
- •7.1. Вегетативтік нерв жүйесі құрылымдары
- •7.3. Вегетативтік нерв жүйесі зақымдануьшьщ симптомдары мен синдромдары
- •2. Симпатикалық түйіндер зақымдану симптомдары.
- •8.1. Қысқаша анатомиялық-физиологаялық шолу
- •8.2. Бас сүйегі ішінің гипертензиясы (гидроцефальдык синдром)
- •8.3. Гипотензивтік (гипотензиялық) синдром
- •8.5. Ликворлық синдромдар
- •9.1. Бас сүйегін және миды рентген тәсілімен зерттеу
- •9.2. Омыртқа бағанасы мен жұлынды рентгенологиялық зерттеу
- •X тарау
- •10.1. Электроэнцефалография
- •10.2. Ми бағанынан шығатын жасанды потенциалдар
- •10.3. Эхоэнцефалография
- •10.4. Электромиография
- •XI тарау
- •11.2. Ультрадыбыстық допплерография (уддг)
- •11.3. Көз флюоресценттік ангиография әдісімен тексеру
- •12.1. Қимыл мен әрекетті зерттеу
- •12.2 Есту гнозисін тексеру
- •12.3.Көру және көру-кеңістіктігін ажырата тексеру
- •12.4.Есте сақтау қабілегін тексеру
- •12.5. Ойлау процестерін зерттеу
- •13.1. Генеалогия тәсілі
- •13.3. Егіздер ерекшеліктерін тексеру әдісі
- •13.4. Цитогенетикалык әдістер
5.4. Сопақша мидан шығатын ми нервтерінін зақымдану симптомдары мен синдромдары
Қысқаша анатомиялык-физиологиялық мағлұматтар
IX жұп тіл-жұтқыншақ және X жұп — кезбе нервтер аралас нервтерге жататындықтан, олардың құрамында қимылдатқыш, сезгіш және вегетативтік талшықтар бар.
Аталған нервтердің ядролары сопақша мидың қақпағында ор-наласқан. Олар: екі нервке ортақ қимылдатқыш екі жақтылық ядро және ссзімділік — сұр аймақ ядросы; тіл-жұтқыншақ нервіне қатысты сілекей шығаратын және дәм сездіретін ядролар; кезбе нервіне қатысты сыртқы вегетативтік парасимпатикалық ядро
Бұл нервтердің екеуі де төменгі олива мен жіп тәрізді дененің арасындағы өзекте бірнеше түбіршелерімен сопақша мидың сыртына шығады. Олар бас сүйек қуысынан артқы бас сүйек шұңқырындағы мойындырықтық тесіктен (мойындырықтық венамен бірге) шығады.
Екеуінің де сезімділік бөлігі жалпы сезімділік анализаторы сияқты үш неврондық құрылымнан тұрады. Бірінші сезімділік неврондардың клеткалары арнаулы төрт түйінде. Олар мой-ындырықтық тесіктің маңайында орналасқан.
қимылдатқыш бөлігі ми қыртысы-бұлшық ет жолына ұқсап, екі невроннан құрастырылады. Орталық неврондары сопақша мидағы ядроларынан жоғары екі жағынан жартылай айқасады. Сол себепті екі жақтылық ядро ми қыртысымен екі жақты байланысады.
Тіл-жұтқыншақ және кезбе нервтер соматикалық және
вегетативтік қызметтерді үйлестіреді.
Соматикалық функциялары:
а) екеуі де жұмсақ таңдай, жұтқыншақ және көмей бұлшық еттерінің жиырылуын, жұтыну және дыбыс шығару актысын үйлестіреді;
б) екеуі де тіл түбірі, жұтқыншақ, көмей және ортаңғы құлақ сезімділігін қамтамасыз етеді, ал тіл-жұтқыншақ нерві бұған қосымша тіл түбіріндегі дәм сезу қабілетіне әсер етеді;
в) екеуі де сопақша мида тұйықталатын жұтқыншақ рефлексінің доғасын құрастырады.
Вегетативтік функциялары:
1) тіл-жүтқыншақ нерві шықшыт безінен сілекей шығуын реттейді;
2) кезбе нерв кіші жамбас куысы ағзаларынан басқа ішкі ағза-ларды тегіс парасимпатикалық иннервациямен қамтамасыз етеді.
XII жұп — тіласты нерві таза қимылдатқыш нерв. Оның орталық неврондары клеткалары алдыңғы орталық ирелеңінің төменгі жағында, аксондары ми қыртысы -ядро жолымен төмен түседі де сопақша мидағы тіласты нерві ядроларынан жоғарырақ тегіс айқасады. Тіл-асты нервінің ядролары сопақша ми қақпағындағыы (жапсарындағы) ромбы тәрізді шұңқыр түбінің ортасына таяу орналасқан.
Бұл ядроларда сыртқы неврон клеткалары бар, олардың аксондары тіласты нервін құрастырады. Нерв бірнеше түбіршіктерімен төменгі олива мен пирамида арасындағы сала арқылы сопақша мидың табанына шығады (келеді). Нерв бас сүйек қуысынан қарақұс сүйегінің буын өсіндісі түбіндегі тіласты өзегі арқылы өтеді. Тіласты нерві тіл бұлшық еттерін нервтендіреді. Тіл ауыз куысындағы тамақты алмастырады, сөздің дыбыс ырғағын реттейді.
XI жұп — қосымша нерв — таза бірыңғай қимылдатқыш жұлын нерві. Оның ядросы жұлынның біріншіден жетінші мойын сегменттеріне дейінгі алдыңғы мүйізіне орналасқан, ядроның алдыңғы (үстінгі) бөлегі сопақша миға кіреді. -Нерв көптеген түбіршіктерімен жұлынның түбір бетіне шығады да бір нерв бағанына бірігіп, шүйденің үлкен тесігі арқылы бас сүйек қуысына кіреді де одан мойынтырықтық тесік арқылы қайта қай-тады.
Қосымша нерв екі төс-бұғана-емізіктік және трапеция тәрізді бұлшық еттерді нервтендіреді. Олар басты оңға және солға бұрады, алға қарай еңкейтеді, шынтақты көтереді, жауырынды ортаға қарай қозғайды.
Бульбар (сопақша ми ) нервтері қызметін зерттеу және олардың зақымдану симптомдары
Тіл-жұтқыншақ және кезбе нервтердің қызметі мына төмендегі тәсілдер көмегімен тексеріледі:
1. Дәрігер сырқаттың аузын кең аштырады да тыныштық жағдайда көмейіне қарап кішкене тілге, жұмсақ таңдай имегіне назар аударады; «а-а-а» дыбысын шығартып, таңдай мен кішкене тілдің қаншалыкты қимылдайтындығын байқайды.
2. Ширатылған қағаз түтікті көмейдің түбіне тигізіп, жұтқыншақ рефлексін, содан кейін жұмсақ тандайға тигізіп, жұмсақ таңдай рефлексін тексерсді. Мұндайда жұмсақ таңдай жоғары көтеріледі, жұтқыншақ бұлшық еттері жиырылады.
3. Сырқат дауысының үнділігін байқау керек, қажет болса отоларингологқа жіберіп, ларингоскопия жасатылады.
4. Жұтыну қабілетін (актысын) байқау керек.
5. Қышқыл және тұзды ерітінділері көмегімен тіл түбінің оң және сол жағындағы дәм сезіну қабілеті тексеріледі.
6. Тамыр соғу мен тыныс алу-ырғағы және олардың жиілігі анықталады.
Тіласты нервінің қызметі төменде келтіршен әрекеттер арқылы тексеріледі:
1. Сырқатқа тілін көрсету өтініледі. Дәрігер онын тілінің қалай жатқанына (тіл ауыздың ортасында жатыр ма, әлде бір жағына ауытқыған ба), қалыңдығын (солып семіп қалған жоқ па екен), бұлшық-ет талшықтары жыбырлауы бар-жоқтығын байқайды.
2. Сырқатқа жаңылтпаш иемесе қиын сөздерді айтқызу арқылы оның дыбыс шығарып сөйлеу мүмкіндігін анықтайды.
Қосымша нерв қызметін тексеру
1. Сырқатқа басын оңға және солға бұруын өтінеді де оны қоз-ғайтын бұлшық еттердің күшін сынайды.
2. Сырқатқа иығын көтертеді, екі жауырынын шамасы жеткенше біріне-бірін жақындатуын, қолын жоғары көтеруін өтінеді де, дәрігер осы қимылдар кезіндегі күшін тексереді.
3. Басып, сипау арқылы дәрігер сырқаттың төс-бұғана-емізіктік және трапеция тәрізді бұлшық еттердің тонусын екі жағынан тексереді, олардың сыртқы жағдайына (солып, семіп қалған жоқ па екен) назар аударады.
Сопақша мидан шығатын ми нервтерінің зақымдану симптомдары
Тіл-жұтқыншақ және кезбе нервтерінің жартылай зақымдану белгілері:
- маңқаланып сөйлеу (назолалия);
- дыбысы шықпай қалуы (афония) немесе оның бәсендеуі (гипофония);
- жұтынудың қиындауы - дисфагия (сұйықты жұта алмайды, егер жұтпақшы болса шашалып қалады, сұйық мүрнынан қайта шығады);
- жұтыну рефлексінің тәмендеуі немесе жоғалып кетуі;
- таңдайдың салбырап кетуі, оның қимылының шектелуі немесе жоғалуы;
- тіл түбірінде дәм сезу баяулайды (гапогейзия) немесе мүлде сезілмейді (агейзия).
Бұл нервтердің ми бағанындағы ядролары жартылай зақымданса жоғарыда аталған белгілермен қоса жүрек соғуы нашарлайды, тыныс алу жиілігі қалпынан тыс ауытқиды, ал егер осы ядролар толығынан зақымданатын болса, сырқат тынысы тарылып, демін ала алмай өліп кетуі мүмкін.
Тіл-жұтқыншақ және кезбе нервтің орталық неврондарының бір жағынан зақымдануы олардың қызметіне соншалықты әсер етпейді. Ядролар үстіндегі байланыстар екі жағынан бірдей зақым-данса псевдобульбтар (жалған сопақша ми) синдромы пайда болады.
Тіл асты нервінің немесе оның ми бағанындағы ядросы зақым-данса, зақымданған жаққа сәйкес тілдің бөлігі солып, әлсіреп немесе қимылдамай қалады (глоссоплегия), тілді аузынан шығармақ-шы болса ол әлсіреген жағына қисаяды. Егерде ядро зақымданса мұнымен қоса тіл бұлшық еттерінің талшықтары жы-бырлап дірілдейді, сөйлеу қабілеті қиындайды (дизартрия).
Тіл асты нервінің орталық невроны зақымданса, тілдің зақымданған жаққа қарсы бөлігі қозғалмайды (глоссоплегия), тілді ауыздан шығармақшы болғанда ол зақымданған жаққа қарама-қарсы қисаяды, тіл солмайды (семімейді), сәл бұзылмайды.
Тіласты нерві ядролары екі жағынан зақымданса, тіл қозғалмай қалады (глоссоплегая), сөйлеу мүмкіндігі жойылады.
Қосымша нервтін зақымдануы
Қосымша нерв немесе оның ядросы бір жағынан зақымданса, басты немесе мойынды сау жағына қарай қимылдату бұру қиындайды. Зақымданған жағындағы жауырыны төмен түсіп, иығы салбырап қалады.
Қосымша нервтің орталық невроны тітіркенсе, бас зақымданған жаққа бұрылып дірілдейді, мойыны қисаяды, басы изеңдейді. Ми нервтерінің сопақша мидағы қимылдатқыш ядролары екі жағынан бірдей зақымданса булъбар синдромы пайда болады. Таңдай, көмей және жұтқыншақ бұлшық еттері қимылдамай қалады, маңқаланып сөйлейді (назолалия), дыбысы ақырындайды (гипо-фония), немесе үні шықпай қалады (афония), жұтынуы қиындайды (дисфагия), жұтыну рефлексі төмендейді немесе жоғалады, тілдің бұлшық еттері семіп қалады (атрофия) және олардың талшықтары жыбырлап дірілдейді.
Сопақша ми нервтерінің орталық қимылдатқыш неврондары зақымданса жалған бульбар (псевдобульбар) синдромы пайда болады. Мұндай жағдайда бульбар синдромдары қайталанады. Одан ерекшелігі — тілдің еті солмайды, талшықтары жыбырлап дірілдемейді, сырқат өздігінен қиналып күлгендей немесе жылағандай болады. Ауыз маңайын немесе мұрын қырын тітіркендірсе калыпты жағдайда кездеспейтін оральдық автоматизм рефлекстері білінеді. Сопақша мидың қақпақшасы зақымданғанда тіл-жұтқыншақ және кезбе нервтер ядролары, үшкіл нервтің төменгі жолының ядросы және жұлын-көру төмпешігі шоғыры қоса зақымдануы мүмкін.
Мұндай жағдайда Валенберг-Захарченко айқасу синдромы пайда болады. Зақымданған жақта жұмсақ таңдай салбырайды, дауыс жалғамасы қимылдамайды, кішкентай тіл сау жағына қисаяды, гипофония, назолалия және дисфагия білінеді, жүтқын-шақ рефлекс жойылады, бетте ауырсыну және температура сезімділігі бәсендейді, ал қарама-қарсы жағында гемигипалгезия және геми-термогапестезия білінеді.
Сопақша мидың артқы төменгі бөлімі зақымданғанда оған қо-сымша қимыл және сезімділік өткізгіштері, сонымен қоса мишық-тың төменгі аяқшасы да зақымдануы мүмкін. Мүндай жағдайда Бабинский—Нажотт айқасу синдромы кездеседі.
Зақымданған жағында мишық қызметі бұзылады (гемиатаксия, гемиасинергия, латеропульсия), қарама-қарсы жағында сіреспе гемиплегия көрініс береді.
Сопақша мидың төменгі бөлігінің түкпіріндегі құрылымдар зақымданғанда тіл-жұтқыншақ, кезбе және қосымша нерв талшық-тары да зақымданады.
Сол себепті зақымданған жағында жұмсақ жұтқыншақ салбырап қалады, дауыс жалғамасы қозғалмайды, төс-бұғана-емізіктік және трапеция тәрізді бұлшық еттер семіп сал болып қалады, ал қарама-қарсы жағында сіреспе гемиплегия байқалып, Шмидт синдромын кұрастырады.
Сопақша мидың ортаңғы бөлігіндегі екі жақтық ядро тұсы тіл-жұтқыншақ және кезбе нерв ядролары мен пирамида жолының талшықтары қоса зақымданса Авеллис синдромы пайда болады да зақымданған жағында жұмсақ таңдай мен дауыс жалғамасы қозғалмайды, ал қарама-қарсы жағында сіреспе гемипарез немесе гемиплегия байқалады.
Сопақша мидың астыңғы ұшы бөлігі тіласты нерві пирамида жолымен қатар зақымданғанда Джексон синдромы пайда болады да зақымданған жағында тілдің жартысы семіп қозғалмай қалады, ал қарама-қарсы жағында гемипарез немесе гемиплегия белгілері болады.