
- •Қазақстан республикасы неврологтарының ғылыми зерттеулеріне қысқаша шолу
- •Нерв жүйесінің құрылымы мен атқаратын қызметі туралы негізгі деректер
- •1.1. Нерв жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне қысқаша шолу
- •1.2. Нерв жүйесінің элементтері
- •Рецепция, сезімталдықтың және сезімталдықтың бұзылуының түрлері мен типтері
- •2.1. Анализатор және оның құрылымы
- •2.3. Сезімталдықтың клиникалық жіктелуі
- •2.5. Сезімталдыкты зерттеу тәсілдері
- •2.6. Сезімталдықтың бұзылу түрлері
- •2.7. Сезімталдықтың бұзылу типтері
- •3.1. Ми қыртысы-бұлшық ет шоғырының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
- •3.2. Рефлекстер, оларды тексеру әдістері, рефлекстердін патологиялық жағдайларда өзгеруі
- •3.3. Қимыл-әрекеттерін зерттеу тәсілдері, ми қыртысы-бұлшық ет шоғыры зақымдануының симптомдары мен синдромдары
- •1. Белсенді қимыл мөлшерін тексеру,
- •2. Бұлшық еттердің ширығу (жиырылу) күшін тексеру
- •3. Бұлшық ет серпімділігін (тонусын) тексеру әдістері және оның патологиялық өзгерістері.
- •4.Бұлшық еттердің трофикалық (нәрлендірілу) функциясы.
- •5.Нервтер мен бұлшық еттердің электр әсерінен тітіркенуін зерттеу.
- •IV т арау
- •4.1. Экстрапирамида жүйесінің негізгі анатомиялық-физиологиялык ерекшеліктері
- •4.3. Экстрапирамидтік жүйе қызметін зерттейтін тәсілдер -
- •4.4. Экстрапирамидтік жүйе зақымдануынын симптомдары мен синдромдары
- •9. Жекеленген бұлшық еттер
- •4.5. Мишық қызметін тексеру әдістері, мишықтың және онымен байланысты құрылымдардың зақымдану симптомдары
- •5.1. Иіс сезу және көру анализаторлары зақымдануының симптомдары мен синдромдары
- •5.3. Үшкіл нерв және көпір-мишык бұрышынан шығатын ми нервтерінің зақымдану симптомдары мен синдромдары
- •1. Мийяр-Гублер (алмасушы) айқасушы синдромы.
- •5.4. Сопақша мидан шығатын ми нервтерінін зақымдану симптомдары мен синдромдары
- •VI тарау
- •6.1.Ми қыртысының анатомиялық-гистологиялық құрылымы
- •6.2. Ми қыртысының қызметі
- •6.3. Жоғары ми қызметін зерттеу тәсілдері
- •6.4. Ми қыртысы проекциялық алаңдарының зақымдануы симптомдары
- •6.5. Ми қыртысы ассоциативтік алаңдарының зақымдануы симптомдары
- •VII тарау
- •7.1. Вегетативтік нерв жүйесі құрылымдары
- •7.3. Вегетативтік нерв жүйесі зақымдануьшьщ симптомдары мен синдромдары
- •2. Симпатикалық түйіндер зақымдану симптомдары.
- •8.1. Қысқаша анатомиялық-физиологаялық шолу
- •8.2. Бас сүйегі ішінің гипертензиясы (гидроцефальдык синдром)
- •8.3. Гипотензивтік (гипотензиялық) синдром
- •8.5. Ликворлық синдромдар
- •9.1. Бас сүйегін және миды рентген тәсілімен зерттеу
- •9.2. Омыртқа бағанасы мен жұлынды рентгенологиялық зерттеу
- •X тарау
- •10.1. Электроэнцефалография
- •10.2. Ми бағанынан шығатын жасанды потенциалдар
- •10.3. Эхоэнцефалография
- •10.4. Электромиография
- •XI тарау
- •11.2. Ультрадыбыстық допплерография (уддг)
- •11.3. Көз флюоресценттік ангиография әдісімен тексеру
- •12.1. Қимыл мен әрекетті зерттеу
- •12.2 Есту гнозисін тексеру
- •12.3.Көру және көру-кеңістіктігін ажырата тексеру
- •12.4.Есте сақтау қабілегін тексеру
- •12.5. Ойлау процестерін зерттеу
- •13.1. Генеалогия тәсілі
- •13.3. Егіздер ерекшеліктерін тексеру әдісі
- •13.4. Цитогенетикалык әдістер
IV т арау
ЭКСТРАПИРАМИДТІК ЖҮЙЕ, ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ,
ЗАҚЫМДАНУЫНЫҢ СИМПТОМДАРЫ МЕН
СИНДРОМДАРЫ
4.1. Экстрапирамида жүйесінің негізгі анатомиялық-физиологиялык ерекшеліктері
Әрбір ерікті қимылдарға ми қыртысы жұлынның алдыңғы мүйізімен байланыстыратын пирамида шоғырымен қатар, экстра-пирамида ядролары мен шоғырлары да қатысады. Экстрапирамида ядролары мен шоғырлары жұлынның алдыңғы мүйізіне тікелей жалғаспай оған орталық нерв жүйесінің әр түрлі деңгейлері ар-қылы жетеді.
Экстрапирамидтік жүйе негізінен мына төмендегі құрылымдардан тұрады:
1. Ми қыртысы асты түйіндері — құйрықты ядро (nucleus caudatus), сыртқы қауыз (putamen) және бозғылт шар (glodus pallidus), жасымық тәрізді ядро (nucleus lenticularis). Сыртқы қауыз құйрықты ядромен бірігіп, белдеулі дене (corpus striftum) құрастырады.
2. Көру төмпешігі (thalamus opticus) - аралық мидың негізгі (көптеген деңгейіне) бөлігіне орналасқан көлемді сұр зат жиын-тығы. Экстрапирамидтік реттеу процесінде көру төмпешігі вент-ролатеральдық сыртқы және алдыңғы ішкі (вентральды) ядрола-рының маңызы өте зор.
3. Люис денвсі немесе субталамикалық ядро ми сирақшасы мен қара заттың сыртына жанасып, көру төмпешігінің вентральдық сыртқы ядросының астына орналасқан.
4. Қызыя ядро орталық мидың қақпағында (үстіңгі қабатында). Ол ірі және ұсақ клеткалы ядроларға бөлінеді. Адамда қызыл ядро көбіне ұсақ клеткалы болып келеді.
5. Қара зат (sudstantia nigra) - орталык мидың табаны мен қақпа-ғының аралңғына орналасқан миелині мол нерв клеткаларының жиынтығы.Бұл клетка қасиеті жағынан адреналин мен нороадре-налинге ұқсас медиатор-дофаминді өндіреді. Дофамин қара зат клеткаларының тармақтары арқылы боз шарға, қауызға және құйрықты ядроға жетіп, олардың қызметінің белсенділігін арттырады.
Экстрапирамидтік жүйе құрамына гипоталамус ядролары, мишық, вестибулярлық (кіреберістік) ядролар, төменгі олива, торлы фор-мация және ми қыртысындағы премотор аймағы (6 алаң) да кіреді.
Күрделі қимыл-әрекеттерді реттеу экстрапирамидтік жүйенің же-келеген құрамдарының түйық нейрон шеңберінде (кері байланыс шығыршығы) қатысуымен жүзеге асырылады. Тұйық нейрон шеңберінің ең бастылары: көру тәмпешігі мен белдеулі дене арасындағы байланыс (көру төмпешігі - құйрықты ядро - боз шар көру төмпешігі); көру төмпешігі мен ми қыртысы арасындағы байланыс (көру төмпешігі - ми қыртысы, белдеулі дене – көру төмпешігі және көру төмпешігі - ми қыртысы - воролий көпірі, көру төмпешігі).
Экстрапирамидтік жүйедегі жекелеген құрылымдардың тұйық неврондар шеңберіне жедел қосылуы нәтижесінде адамға қажетті күрделі іс-қимылдар дәлме-дәл орындалатын болады. Нейрон шең-берлері жүйесі кері байланыстар жасау принципімен өз қызметін іске асырады. Егер бұйрық берілген болса, оның орындалуы жөніңде тиісті мағлұматтар қабылданады, одан әрі қажетті қимыл-әрекетті іске асыруға бағытталған түзету импульстері іске қосылады.
Ми қыртысы мен экстрапирамидтік жүйе құрылымдарын жұ-лыннын алдыңғы мүйізіндегі мотонейрондармен байланыстыра-тын көп сатылы қатынастар да бар. Олар қызыл ядро- жұлын және торлы зат (субстанция) - жұлын даңғылдары (трактлары).
Қызыл ядро-жұлын жолы (Монаков жолы) қызыл ядроның ірі клеткаларынан басталып оның астында айқасады (Форель айқа-суы) да ми бағаны арқылы жұлынның бүйір бағанының бойымен (пирамида шоғырының алдыңғы жағымен) жұлынның алдыңғы мүйізіндегі клеткаларға жетеді.
Қызыл ядроның ұсақ клеткалы бөлімінен қызыл ядро — торлы зат шоғыры басталады. Одан әрі ол жұлынның бүйір бағанына баратын сыртқы торлы зат—жұлын (ігасіш геіісиіо-зріпаіік Іаіегаііз) және жұлынның алдыңғы бағаны арқылы ететін алдыңғы торлы зат-жұлын (Ігасш? геіісгііо-кріпаіів апіегіог) жолдарын құрастырып жұлынның алдыңғы мүйізіндегі мотонейрондарда аяқталады.
Пирамида жолының үздіксіз, ал экстрапирамидтік жүйе жолда-рының үздік-үздік болып келуі олардың қимыл-әрекеттер тонусына экстрапирамидтік қозғалу (кинетикалық) процесіне пирамидтік ықпал беретін ерекшелігаеріне байланысты. Қимыл-әрекеттердің осы аталған екі түрлі механизм арқылы іске асырылатындығының себебі жұлынның алдыңғы мүйізіндегі мотонейрондардьщ екі жақты бақылауда болуында: (х - клеткалар арқылы тікелей пирамидтік, ал у -клеткалар арқылы түрлі бұлтарыстары бар экстрадирамидтік бақылау. у - клеткалар а - клеткаларға әсер ете отырып бүкіл қимыл-әрекеттерінің тонусын (тонустық компонент) қолдап және жұлынның қимылдатқыш аппаратының қозуын тиісті деңгейден ауытқызбайды.
Негізінен Ү - жүйесі ми қыртысы асты түйіндермен тығыз бай-лаңысы бар ми бағаны торлы затының бақылауында болады. Сол себепті у - клеткалар экстрапирамидтік жүйеге етене жақын.
4.2. мишық жолы ми аяқшасында кері бұрылады да мидың алдыңғы желке-ніінде екінші рет айқасып, мишықтың алдыңғы аяқшасы құрамында ми табаны қыртысына келіп тіреледі. Осылайша екі рет айқасқандықтан Флексиг жолы сияқты бұл жол мишықтың жарты шарын дененін, өз жағындағы бөлігімен тікелей байланыстырады.
Мишықтың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
Мишық бас сүйегінің артқы шұқырындағы ромбы тәрізді ми мен үлкен ми жарты шарының желке бөлігі аралығында орналасқан. Мишықтың ортаңғы бөлігі табаны, оның екі жағында жарты шарлары орналасқан. Мишық сұр (клеткалар жиынтығы) және ақ (өткізгіш жолдар) заттардан құрастырылады. Сұр зат мишық қыртысы мен оның қыртысты ядроларында орналасқан. Мишық қыртысы үш қабатты құрылымнан тұрады. Олардың біріншісі молекулалық клеткалар (сыртқы) қабаты, екіншісі ганглиозды (түйінді) клеткалар (Пуркинье клеткалары) қабаты, үшіншісі - түйіршіктенген клеткалар қабаты.
Мишықтың ақ заты түбінде төрт жұпты ядролар бар. Олар: тісті, тығын тәрізді, шар тәрізді және шатр ядролар.
Пуркинье клеткалары мишық қыртысына келіп түсетін импульс-тарды біріктіріп (интеграциялап) отырады. Пуркинье клеткалары-нан басталатын негізгі шоғыр тісті ядроға бағытталады. Мишықта белгілі деңгейдегі іс-әрекеттерге ықпалын тигізетін бөлімдер бар. Мәселен, қолмен атқарылатын қимылдарға мишық жарты шары-ның алдыңғы бөліктері, ал аяқ қимылдарына оның артқы бөліктері қатысады. Мишық жарты шарларының ішкі жағында қол мен аяқтың жоғарғы, ал олардың сыртқы беткейінде төменгі бөліктерінің қимыл-әрекеттеріне. ықпал жасайтын орталықтар орналасқан.
Мишықтың жоғарғы табанына бас пен мойын, төменгі табанына
дене мен жартылай қол мен аяқтың жоғарғы бөліктері сәйкес келеді. Мишықтың үш жұп сирақшалары (аяқшалары) бар. Олардың біріншісі - жоғарғы аяқшалар төрт төмпешікпен, екіншісі — ортаңғы аяқшалар варолий көпірімен, ал үшіншісі – төменгі аяқшалар сопақша ми арқылы мишықты жұлынмен, ми бағанымен және ми қыртысымен байланыстырады.
Мишықтың афференттік байланыстары екі өткізгіш жолдар
арқылы жүзеге асырылады. Олардың бірінші неврондарының клет-
калары омыртқааралык түйіндерде. Бұл клеткалардың дендриттері
проириорецепторларға бағытталып, аксондары жұлынның артқы мүйізі түбіндегі клеткалармен тоғысады. Осы клеткалардан жұлын-мишық жолдары басталады. Олар: артқы (Флексиг) және алдың-
ғы (Говерс) жолдары.
Флексиг жолы — жүлынның түбір бағанының артқы
Бөлігі құрамында сопақша миға жетіп, одан жіп тәрізді дене бойымен мишыққа келеді де оның табанының қыртысында бітеді. Бұл жол еш жерде айқаспайды.
Говерс жолы — жұлын сегменттерінің алдыңғы сұр жік тұсында айқасып, қарама-қарсы жағына өтеді де, оның бүйір бағанының алдыңғы бөлігімен жоғары көтеріліп, ми бағанына өте бере ми аяқшасында кері бұрылады да мидың алдыңғы желкенінде екінші рет айқасып, мишықтың алдыңғы аяқшасы құрамында ми табаны қыртысына келіп тіреледі. Бұл жол тісті ядродан басталып, мишықтың жоғарғы аяқшалары бойымен ортаңғы мидағы қызыл ядроға жетеді де мидың алдыңғы желкеніңде қарама-қарсы жағына өтіп (Верник айқасуы), қызыл ядро-жұлын жолымен (Монаков жолы) төмен түсіп жұлынның алдыңғы мүйізіндегі клеткаларға келіп тоқтайды. Үлкен жарты шар қыртысы мишықпен екі неврондық жол арқылы байланысады. Олардың ішіндегі ең бастысы маңдай-көпір-мишық жолы-даңғылы (tractus fronto-ponto-ceredellaris). Оның бірінші невроны мидың маңдай бөлігінің алдығы полюсынан басталып, ішкі капсуланың алдыңғы тізесінен өтеді де өз жағындағы варолий көпірі ядроларына барып тоқтайды. Екінші неврон көпірдің орта тұсында қарама-қарсы жағынан келетін екінші невронмен айқасады да мишықтың ортаңғы аяқшаларының құрамында мишық жарты шары қыртысына келеді. Мидың самай мен қарақұс бөліктері де мишықпен осылайша байланысады.
Мишықтың негізгі қызметі — дененің тепе-теңдігін, қимыл үйлесімділігі мен синергаясын (біріге әсерленуін) қамтамасыз ету. Мұнымен қатар мишық бұлшық еттерді ширатып отыруда да әсер етеді.