
- •Қазақстан республикасы неврологтарының ғылыми зерттеулеріне қысқаша шолу
- •Нерв жүйесінің құрылымы мен атқаратын қызметі туралы негізгі деректер
- •1.1. Нерв жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне қысқаша шолу
- •1.2. Нерв жүйесінің элементтері
- •Рецепция, сезімталдықтың және сезімталдықтың бұзылуының түрлері мен типтері
- •2.1. Анализатор және оның құрылымы
- •2.3. Сезімталдықтың клиникалық жіктелуі
- •2.5. Сезімталдыкты зерттеу тәсілдері
- •2.6. Сезімталдықтың бұзылу түрлері
- •2.7. Сезімталдықтың бұзылу типтері
- •3.1. Ми қыртысы-бұлшық ет шоғырының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
- •3.2. Рефлекстер, оларды тексеру әдістері, рефлекстердін патологиялық жағдайларда өзгеруі
- •3.3. Қимыл-әрекеттерін зерттеу тәсілдері, ми қыртысы-бұлшық ет шоғыры зақымдануының симптомдары мен синдромдары
- •1. Белсенді қимыл мөлшерін тексеру,
- •2. Бұлшық еттердің ширығу (жиырылу) күшін тексеру
- •3. Бұлшық ет серпімділігін (тонусын) тексеру әдістері және оның патологиялық өзгерістері.
- •4.Бұлшық еттердің трофикалық (нәрлендірілу) функциясы.
- •5.Нервтер мен бұлшық еттердің электр әсерінен тітіркенуін зерттеу.
- •IV т арау
- •4.1. Экстрапирамида жүйесінің негізгі анатомиялық-физиологиялык ерекшеліктері
- •4.3. Экстрапирамидтік жүйе қызметін зерттейтін тәсілдер -
- •4.4. Экстрапирамидтік жүйе зақымдануынын симптомдары мен синдромдары
- •9. Жекеленген бұлшық еттер
- •4.5. Мишық қызметін тексеру әдістері, мишықтың және онымен байланысты құрылымдардың зақымдану симптомдары
- •5.1. Иіс сезу және көру анализаторлары зақымдануының симптомдары мен синдромдары
- •5.3. Үшкіл нерв және көпір-мишык бұрышынан шығатын ми нервтерінің зақымдану симптомдары мен синдромдары
- •1. Мийяр-Гублер (алмасушы) айқасушы синдромы.
- •5.4. Сопақша мидан шығатын ми нервтерінін зақымдану симптомдары мен синдромдары
- •VI тарау
- •6.1.Ми қыртысының анатомиялық-гистологиялық құрылымы
- •6.2. Ми қыртысының қызметі
- •6.3. Жоғары ми қызметін зерттеу тәсілдері
- •6.4. Ми қыртысы проекциялық алаңдарының зақымдануы симптомдары
- •6.5. Ми қыртысы ассоциативтік алаңдарының зақымдануы симптомдары
- •VII тарау
- •7.1. Вегетативтік нерв жүйесі құрылымдары
- •7.3. Вегетативтік нерв жүйесі зақымдануьшьщ симптомдары мен синдромдары
- •2. Симпатикалық түйіндер зақымдану симптомдары.
- •8.1. Қысқаша анатомиялық-физиологаялық шолу
- •8.2. Бас сүйегі ішінің гипертензиясы (гидроцефальдык синдром)
- •8.3. Гипотензивтік (гипотензиялық) синдром
- •8.5. Ликворлық синдромдар
- •9.1. Бас сүйегін және миды рентген тәсілімен зерттеу
- •9.2. Омыртқа бағанасы мен жұлынды рентгенологиялық зерттеу
- •X тарау
- •10.1. Электроэнцефалография
- •10.2. Ми бағанынан шығатын жасанды потенциалдар
- •10.3. Эхоэнцефалография
- •10.4. Электромиография
- •XI тарау
- •11.2. Ультрадыбыстық допплерография (уддг)
- •11.3. Көз флюоресценттік ангиография әдісімен тексеру
- •12.1. Қимыл мен әрекетті зерттеу
- •12.2 Есту гнозисін тексеру
- •12.3.Көру және көру-кеңістіктігін ажырата тексеру
- •12.4.Есте сақтау қабілегін тексеру
- •12.5. Ойлау процестерін зерттеу
- •13.1. Генеалогия тәсілі
- •13.3. Егіздер ерекшеліктерін тексеру әдісі
- •13.4. Цитогенетикалык әдістер
-------------------Қайшыбаев С. Неврология. 1-кітап. Алматы, 1999 — 278 б.
Оқулықта Қазақстандағы неврология ғылымының даму тарихына қысқаша шолу жасалып, нерв жүйесінің құрылымы мен атқаратын кызметі, неврологиялық ауруды тексеру тәсілдері, органикалық және синдромологиялық диагноз негіздері жөніндегі тиісті мағлұматтар берілген. Осы заманғы зерттеу тәсілдерінің диагностикалық мүмкіндіктері баяндалған. Ренетенологиялык, электрофизиологиалық, нейропсихологиялык және клиникалық-генетикалық әдістер көмегімен алынатын деректерді, сонымен қатар ми-жұлын сұйығы өзгеруін клиникалық тұрғыдан түсіндіруге көп көңіл аударылған. Кітап студенттер мен дәрігерлерге, клиникалық ординаторларға, сондай-ақ неврологиялық синдромдармен танысқысы келетін барлық мамандарға арналған.
АЛҒЫ СӨЗ
Невропатология — неврологияның құрамдас бөлігі. Оған невропатологиядан басқа эмбриология, анатомия, гистология, қалыпты және патологиялық анатомия, нерв жүйесінің биохимиясы, әлеуметтік неврология, психоневрология да кіреді. Аталған пәндерді жетік білу арқылы невропатология мамандығын игеруге мүмкіндік туады.
Неврологияның негіздерін білу әр түрлі мамандықтарда қызмет атқаратын дәрігерлерге аса қажет. Өйткені аурудың алуан түрлерін анықтау және зерттеу кезеңдерінде әр түрлі патологиялық жағдайларда кездесетін неврологиялық өзгерістерді толық білмейінше тиісті емдеу тәсілдерін белгілеу қиынға соғады. Демек, клиникалық мамандықтың ешқайсысы неврология ғылымына соқпай кете алмайды.
Нерв жүйесі ішкі ағзалармен және ағзалар жүйесімен өзара морфофункционалдық байланыстар жасау арқылы бірыңғай нейросоматикалық бірлестікке үйлеседі. Сондықтан да ішкі ағзалар дертке шалдықса, алуан түрлі соматоневрологиялық ауытқулар пайда болады, Осыған дәлел ретінде жүрек қан тамырлары ауруларында мидың қан айналымы бұзылуы, бауыр мен өт жолдары дерттенсе энцефалопатия немесе полинейропатия синдромдары, плевритке байланысты қабырғааралық невралгия, қант диабетімен сырқаттанғандарда моно- және полинейропатия болуы мүмкіндігін, тағы басқадай патологиялық өзгерістерді тілге тиек етуге болады. Десек те, кейбір жағдайларда ішкі ағзалардың дерті нерв жүйесіне залал келтірмей-ақ сырттай соған ұқсас белгілер беруі мүмкін. Мәселен, зәр тасы несіпағар арқылы өткен кезде ол бел-сегізкөз радикулитіне тән белгілер тәрізді болып білінуі мүмкін.
Жұқпалы ауруларды емдейтін және балалар дәрігерлері өздерінің жұмыс тәжірибесінде полиомиелит, әр түрлі менингиттер мен энцефалиттар, сондай-ақ грипп т. б. жұқпалы аурулардың неврологиялық көріністерімен жиі кездесетіндігіне куә болып жүр.
Ауырсыну және дәрі-дәрмектер арқылы ауырсынуды жою проблемасы, ішкі ағзалар жарақаттануының неврологиялық құбылыстарға ұқсастығын, бас сүйек немесе омыртқалар зақымдануына байланысты ми мен жұлын қызметінің бұзылуын т. б. хирургтер тәжірибесінде күнделікгі кездесетін неврологиялық жәйт.
Құлақ пен кеңсірік аурулары асқынуына байланысты бас сүйек ішінде болатын өзгерістер, үшкіл нерв невралгиясы және тепе-теңдік қимыл-әрекеттерінің бұзылуы кезінде отоларингологтардың жедел көмегі аса қажет.
Офтальмологтар нерв ауруларын анықтау кезінде көру мүшелері және көз түбіндегі өзгерістер туралы көптеген деректер береді. Сонымен қатар глаукомаға байланысты неврологиялық белгілер болатындығын да ескере кеткен жөн.
Дерматовенерологтар сифилиске байланысты неврологиялық өзгерістерді ескере отырып, псориаз, экзема және дерматиттерді т. б. тері ауруларының даму процесінде неврогендік фактордың атқаратын роліне көңіл аударуға міндетті.
Көптеген ауру түрлерінің пайда болу және даму процесінде нерв жүйесінін реттегіш ықпалының бұзылуы жетекші орын алатындығы медицина ғылымындағы белгілі жәйттердің бірі болып саналады. Айталық, демікпе, гипертония ауруы, атеросклероз, стенокардия, инфаркт, диатез, микседема, ұлтабар және онекі елі ішек жарақаты, диабет, Меньер ауруы т. б. нерв жүйесінің реттегіш әсерінің бұзылуына тікелей байланысты.
Жоғарыда келтірілген мысалдар (жәйттар) арқылы кез келген мамандықтағы дәрігерлерге неврология ғылымының негізгі қағидаларын білудің қаншалықты қажеттігіне көз жетікізуге болады. Әсіресе, жанұялық немесе дәрігерлік тәжірибемен шұғылданып жүрген мамандар аталған ескертпелерді әрқашан есінде сақтауы керек. Өйткені, аталмыш мамандар күн сайын алуан түрлі аурулардың зардабын шеккен сырқаттарды емдейді, көбіне оларға жедел дәрігерлік жәрдем жасауға мәжбүр болады.
Тағы да тоқтала кететін күрделі мәселелер бар. Олар — нерв жүйесінің трофикалық әсері, қан мен ми арасындағы тосқауыл және ми-жұлын сұйығы, организмдегі зат алмасудың реттелуі, нейропологиялық байланыс. Аталған жәйттер тек қана неврология ғылымымен шектеліп қоймай, жалпы медициналық проблема болып саналады. Демек, медицинаны таңдаған әр маман жоғарыда көрсетілген ғылым салаларынан дәйекті түрде хабардар болуға міндетті.
Көптеген жағдайларда жүйке ауруларынан тағы басқа да соматикалық ауытқуларды ажырату мүмкін бола бермейді. Сондықтан да әр түрлі мамандықтағы дәрігерлер аурудың түрін өзінше пайымдап, пікірталастар туғызуға мәжбүр болады.
Медициналық жоғары оқу орындарында дәріс алу барысында басқа клиникалық пәндерден алған дәйектер арқылы адамның жекелеген мүшелері немесе тұтас жүйелері қызметінің бұзылуы аурудың негізі болатындығына көз жеткізуге болады. Демек, нерв жүйесі қызметінің ауытқуы нерв ауруы деген сөз. Ол неврология мамандығына тікелей қатысты.
Нерв (жүйке) ауруларына нерв жүйесінің басымырақ зақымдануы салдарынан оның сан-алуан қызметінің бұзылуы жатады, бірақ адамның ақыл-есі, объективтік болмысы өзгермейді. Соңғысы психиатрия саласындағы мамандардың объектісі болып есептеледі.
Невропатологтарда басқа клиникалық мамандарға қарағанда ауру белгілерін сипау, сыртқы көрінісі немесе дыбыс ерекшеліктері арқылы анықтау мүмкіндігі шектеулі. Себебі орталық нерв жүйесі (ми және жұлын) бас сүйек қуысы мен омыртқа ішінде, ал шеткі (сыртқы) нервтер бұлшық еттер мен тері асты қабаттарының түбінде орналасқан. Сол себепті невропатологтар нерв жүйесі құрылымдарының қызметі бұзылу белгілерін іздестіру арқылы нерв ауруларын анықтауға мүмкіндік алады. Ол үшін осындай дертке ұшыраған ауруларды (сырқаттарды) шеберлікпен тексеру арқылы алынған мағлұматтарды дұрыс тұжырымдай білу қажет.
Невропатология негізінен екі саладан тұрады:
Біріншісі — пропедевтикалық (алғашқы, бастапқы) мәселелерді, нерв жүйесінің құрылымы мен қызметі туралы зандылықтарды, топикалық диагностика және синдромология негіздерін қамтитын жалпы невропатология. Ал екіншісі — нерв жүйесі ауруларының жеке клиникалық түрлеріне арналған жекеше невропатология.
Студенттер мен жас мамандарға арналған оқу құралының бірінші бөлімінде Қазақстан Республикасы неврологтарының ғылыми еңбектеріне қысқаша шолудан кейін, нерв жүйкесінің әр түрлі деңгейдегі құрылымы, атқаратын қызметі және патологиялық ауытқулары туралы қажет деректер баяндалған. Сонымен қатар бас сүйек қуысы қысымының көтерілуі мен төмендеу белгілері, менингеальдық және ликворлық синдромдар, нерв жүйесі зақымданған сырқаттарды тексеру кезінде қазіргі заманда қолданылып жүрген әдістер толығынан сипатталған. Сондай-ақ мұнда рентгенологиялық, электрофизиологиялық, нейрофизиологиялық және клиника-генетикалық зерттеулер арқылы алынған деректерді клиникалық тұрғыда түсіне білудің маңызына ерекше көңіл бөлінген, өйткені оның нерв (жүйке) ауруларын анықтаудағы ролі айрықша зор.
Оқулықта Қазақ мемлекеттік медицина университеті нерв (жүйке) аурулары кафедрасы қызметкерлерінің ми, қан айналымы бұзылуын зерттеу барысында жаңадан қолданған әдістері де толығынан баяндалады. Кітаптың бірінші бөлімінің қосымшасында қанның, несептің және ми-жұлын сұйығының қалыпты жағдайдағы құрылымы туралы тиісті мағлұматтар келтірілген.
Оқулықтың екінші бөлімі неврологияның мәселелеріне арналған. Мұнда студенттер мен жас дәрігерлер алдымен неврологиялық диагноздың әдістемелік негіздерімен және ауру тарихын (сырқаттаманы) толтыру схемасымен танысып меңгергеннен кейін синдромдардың нерв ауруларының белгілі нозологиялық түрлерімен байланыстылығы арқылы олардың, даму процестерінің механизмі және емдеу әдістері туралы қажетті деректер ала алады.
Оқулық жоғары медициналық оқу орындарының студенттеріне, клиникалық ординаторларға, сондай-ақ нерв жүйесі ауруларының диагностикасын білгісі келетін дәрігерлерге арналған.
Автор Қазақ мемлекеттік медицина университеті жүйке аурулары кафедрасының қызметкерлеріне және осы оқу құралын дайындауға қол ұшын берген басқа да адамдарға рахметін айтады. Оқулықтың қазақ тілінде сөйлеуіне зор үлес қосқаны үшін Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті журналистика кафедрасының меңгерушісі Тайшыбаев Зарқын Сыздық ұлына алғыс сезімін білдіреді.
Автор осы еңбегіне байланысты мамандардың сын ескертпелері болса ризашылықпен қабылдап, оны кітаптың келесі басылымдарында ескеретін болады.
Қазақстан республикасы неврологтарының ғылыми зерттеулеріне қысқаша шолу
Неврология дербес пән ретінде ХІХ ғасырдың орта кезінде қалыптасты. Алайда нерв жүйесінің сау және сырқат адамдардың іс-әрекеттерін реттеушілік ролі ертеден-ақ мәлім болған. Нерв жүйесінің құрылымы мен зақымдану белгілері туралы деректерді Гиппократтың, Авиценнаның, Әл-Фарабидің, Везалидін т.б. ғалымдардың еңбектерінен кездестіреміз.
Неврология ғылымының жедел дамуы XIX ғасырдың екінші жартысында басталды. Нерв жүйесінің қызметі және оның зақымдануының белгілері туралы неврологтардың басшылыққа алып келген ұғымдарының негізін қалыптастыруда Броун-Секар, Франсуа-Мажанди, Ж.Шарко, К.Вернике, Н.И.Пирогов, В.А.Бец, Х.Джексон, Ж.Дежерин және т. б. өз еңбектерімен үлкен үлес қосты.
Ресейдегі нерв ауруларының алғашқы клиникасы Мәскеудің Жаңа Екатеринина ауруханасында дүниеге келді. Оның тұңғыш ұйымдастырушысы әрі басқарушысы аса көрнекті орыс дәрігері Алексей Яковлевич Кожевников (1836-1909 жж.) еді. Ол жүйке ауруларының анатомиялық субстратына ерекше мән берген. 1887 жылы Мәскеу невропатологтары мен психиаторларының қоғамы құрылды. 1901 жылдан бастап «С.С.Корсаков атындағы невропатология және психиатрия журналы» шыға бастады.
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында неврологияның көптеген салалары В.М.Бсхтеревтің, М.И.Аствацатуровтың, Л.В.Блуменаудың, В.Эрбаның, Г.Оппенгеймнің, С.Вильсонның, Н.Н.Бурденконың, Г.И.Россолимоның, Л.О.Даркшевичтың т. б. еңбектерінде одан әрі дамытылды. Бехтерев пен Даркшевич ядролары, Бец клеткалары, Россолимо рефлексі, Кожевников эпилепсиясы, Керниг симптомы және басқа да жаңалықтар мен деректер неврология ғылымының іргетасы ретінде дүниежүзілік медицина ғылымының алтын қорына айналды.Неврологияның ғылым ретінде қалыптасуына және одан әрі дамуына арнайы қоғамдар мен ассоциациялар құрудың, съездер, конференциялар, конгрестер, симпозиумдар ұйымдастырудың, тиісті журналдар мен ғылыми еңбектер жинақтарын шығарудың да тигізген пайдасы мол. Алғашқы неврологиялық қоғамдар XIX ғасырдың аяғында Парижде, Берлинде, Мәскеуде, Петербургте, Нью-Йоркта, Токиода, Лондонда ұйымдастырылды.
Қазақстанда неврология саласындағы ғылыми зерттеулердің басталуы және оның одан әрі дамуы Алматы мсдицина институтында 1935 жылы жүйке аурулары клиникасының ұйымдастырылуымен тікелей байланысты. Осы клиниканың мамандары оның тұңғыш меңгерушісі профессор Е.М.Стебловтың басшылығымен жұқпалы нерв ауруларының және кене энцефалитінің Қазақстанның әр түрлі аймақтарына таралу ерекшеліктері терең зерттелді (Е.М.Стеблов, М.Х.Фаризов, Р.Г.Мандрыко, Е.Л.Фалькова-Калико, М.С.Генина).
Аталмыш клиника мамандары малярия мен бруцеллезге байланысты жүйке ауруларының клиникалық-физиологиялық және патологиялық-физиологиялық өзгерістерін зерттеуге назар аударды (Е.М.Стеблов, Р.Г. Мандрыко, М.Х.Фаризов). Сол жылдары тұңғыш қазақ невропатологы М.Х.Фаризовтың зерттеулері нәтижесінде этилценген бензинмен, гранозанмен және дәрі-дәрмектср-мен улану кезінде кездесетін неврологиялық өзгерістср туралы қажетті деректер беріледі.
Ұлы Отан соғысы жылдарында орталық нерв жүйесі жарақаттануы мен каузалгияның патогенезін және емдеу тәсілдерін анықтау жөнінде көптеген ғылыми деректер пайда болды (В.В.Зикеев, Б.Н.Серафимов)
Қазақставда неврология ғылымының дамуына Қарағанды, Семей, Ақмола, Ақтөбе, Шымкент медицина институттарының және Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтынын құрамында неврология кафедраларынын, сондай-ақ Өлкелік патология және Еңбек гигиенасы мен кәсіби аурулары институттарында кәсіби аурулар клиникасының ұйымдастырылуы үлкен әсерін тигізді.
Қазақстандық ғалым-невропатологтардың ықпалы нәтижесінде ми-қан тамырлары аурулары (М.Х.Фаризов, Н.П.Касаткина, З.М.Брянцева, М.А.Ахметов, С.Қ.Қайшыбаев, А.Я.Шияневски т.б.), омыртқа остеохондрозы мен жарақаттануына байланысты неврологиялык өзгерістердің (О.Г.Коган, С.Қ.Қайшыбаев, Е.М. Ткач, ЦІ.М.Ғазалиева, М.С.Букчина, С.Н.Кассовская, М.А.Ахметов т.б.), ми ісіктері және бас сүйек - ми жарақаттарының (Е.Л.Фалькова-Калико, Т.И.Ермилова, ЕА.Азарова, А.А. Бірімжанова, Ю.В.Би-рючков, С.Қ. Ақшолақов, Ж.М.Ермеков т.б.), нерв жүйесі кәсіптік ауруларының (Б.А.Атшабаров, У.А.Аманбеков, М.Т.Бердыхожин, Ә.Б.Кәдіржанова т.б.) таралымы, патогенезі, клиникалық ерекшеліктері және емдеу тәсілдері туралы көптеген жаңа деректер дүниеге келді.
Нейросатурнизмнің (Б.А.Атшабаров, Б.Ә.Әбеуов), діріл ауруы' (С.Қ.Қайшыбаев, Ә.А.Аманбеков), эпилепсия және локальды гиперкинездердің (Ю.И.Бсляев, Р.Қ.Алдоңғарова, А.В.Чемерис), хроммен улану (Н.А.Яковлев) клиникасының патогенезі және емдеу тәсілдеріне арналған қомақты зерттеулер жүргізілді.
Бұлшық ет-нерв аппараты мен нерв жүйесінің тұқым қуалайтын ауруларының патогенезі мен емдеу тәсілдері туралы М.Х.Фаризовтың, Г.А.Жанайдарованың, Қ.Ғ.Нәдірованың, Г.А.Нұркенованың және М.М.Лепесованың еңбектерін ерекше атап өтуге болады. Г.Я.Высоцкийдің көп жылғы еңбектерінің нәтижесінде вегетативтік-трофикалық бұзылулардың клиникалық және диагностикалық маңызы анықталды. Шашыранды склероз (Ф.Х.Хасенова) бен сирингомиелияның (Р.А.Зверинцева) Орталық Қазақстан тұрғындарында кездесетін кейбір клиникалық ерекшеліктері де айқын болды.
Жұлын ауруларымен сырқаттанғандарды сауықтырудың ғылыми жүйесі қалыптасты (О.Г.Коган). Паркинсонизмді (Н.Д.Лапшин), үшкіл нерв невралгиясын (Т.И.Изаков), жекелеген нерв жарақаттарын (Қ.Қ.Ахметов) және қан тамырларыньщ омыртқа-базилляр бассейніндегі бұзылымдарын (Б.Ф.Ручкин, Н.А.Красноярова, Н-С.Қайшыбаев) тиімді емдеу тәсілдері іске қосылды.
Бас сүйек қуысы көлемінің және оның ішіндегі тканьдардың эластикасы өзгеру белгілерін анықтайтын, ми-қан айналымын зерттейтін әдістер (Е.С.Нұргожаев, Т.Т.Бәкебаев) іске қосылды. Аталған әдістерді күнделікті дәрігерлік тәжірибеге енгізу ми мен жұлын ауруларын анықтау және емдеу кезінде кездесетін көптеген кедергілерді жеңілдетеді. Нейробруцеллез (У.И.Бисембин) бен гидроцефалияны (Б.М.Кәрібаев) анықтау мен емдеу әдістерін тағайындауда клиникалық-генетикалық тексерістер арқылы жаңа аспектілер пайда болды. Соңғы жылдары церебральды атеросклероздың алғашқы кезеңдерін зерттеудің ми-қан айналымы бұзылуының алдын алу барысында үлкен маңызы бар екендігі дәлелденді (С.Қ.Қайшыбаев, Т.Т. Бәкебаев, Е.С.Нұрғожаев, Г.А.Дошанова, Г.М.Мұстафина, Н.К.Клипицкая, Ф.А.Мұсабаева, А.Ш.Байтышқанов т.б.)-Қазіргі кезеңде Қазақстан ғалым-неврологтарының зерттеулері төмендегі проблемаларға байланысты жүргізілуде:
— экологиялық қолайсыз аймақтарда кездесетін факторлардың нерв ауруларының пайда болуына және олардың дамуына тигізетін әсері;
— Семей полигоны мен Арал маңы тұрғындарында тұқым қуалау заңдылықтарының бұзылуына байланысты жүйке ауруларыньщ таралымы мен пайда болу ерекшеліктері;
— эпилептикалық талмалар мен экстрапирамидтік гипер-кинездердің нейрофизиологиялық ерекшеліктері;
— ми-қан айналымыньщ оқыс бұзылуына және бас сүйек-ми жарақаттануының бірінші кезендеріне байланысты ликвородинамикалық өзгерістер ерекшеліктері;
— церсбральды атеросклероз бен қант диабетіне байланысты мидағы өзгерістер, бас сүйек-ми жарақаттануынын зардаптарын емдеу үшін тиісті дәрі-дәрмектерді электроэлимиация арқылы қолданудың емдік тиімдігін зерттеп, оларды күнделікті дәрігерлік тәжірибеге ұсыну.
І ТАРАУ