Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
базы данных 2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
112.06 Кб
Скачать

10.Деректер моделіндегі өзара байланыстардың типтері

Мәліметтер схемасы мәліметтер базасының құрылымын жасап, оның графикалық бейнесі болып қана қоймай, жұмыс істеу процесінде де кең қолданылады. МБ схемасын жасау көпкестелі формаларды, сұраныстарды және басылымдарды жеңіл құрастыруға, сондай-ақ, кестелерді түзету кезінде байланысқан мәліметтер тұтастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Схемада кестелер арасындағы байланыстар анықталып, олардың нұсқалары жасалады. Осылай құрылған схемалар өзара байланысқан кестелер негізінде формалар, сұраныстар және басылымдар құрастыру кезінде мәліметтер байланысын автоматты түрде пайдалануға мүмкіндік береді. МБ схемасы графикалық түрде арнайы терезеде өрістер тізімі арқылы көрсетілген әр түрлі кестелердің керекті өрістерін сызықтармен байланыстыру жолымен бейнеленіп тұрады.

Осындай өзара байланысу бейнесі мәліметтердің екі тобы арасындағы нақты байланысты көрсетеді. Бұлардың “бірдің бірге” (1:1), “бірдің көпке” (1:М немесе 1: ) және “көптің көпке” (М:М) қатынасы сияқты бірнеше түрлері бар.

Мысалы, СТУДЕНТ объектісі бар болсын делік. Оны сипаттау кезіде ФАМИЛИЯСЫ, АТЫ, ТУҒАН ЖЫЛЫ, СЫНАҚ КІТАПШАСЫ НӨМІРІ, ТОПТЫҢ НӨМІРІ сияқты өрістерді пайдаланамыз. Бұл өрістердің арасында мынадай байланыстар бар:

1. “Бірдің бірге қатынасы”

ФАМИЛИЯСЫ СЫНАҚ КІТАПШАСЫ НӨМІРІ

2. “Бірдің көпке қатынасы”

СЫНАҚ КІТАПШАСЫ НӨМІРІ ТОПТЫҢ НӨМІРІ

3. “Көптің көпке қатынасы”

ТУҒАН ЖЫЛЫ ТОПТЫҢ НӨМІРІ

Осыған ұқсас өзара байланыстар объектілер арасында да орнатылуы мүмкін.

12.Коддтың ережелерін түсіндіріңіз

1985 жылы Эдгар Кодд реляциялық мәліметтер базасын басқару жүйесі қанағаттандыруы тиіс 13 ереже тағайындаған.

  1. Негізгі ереже. Мәліметтер базасын басқаруға арналған реляциялық жүйе тек реляциялық мүмкіндіктерді қолдануы қажет. Бірақ бұл ереже көптеген МББЖ-де орындалмайды. Тіпті, SQL стандартталған тілі «реляциялық емес» элементтерді қамтиды.

  2. Ақпарат ережесі. Ақпарат ұяшықтарда сақталған мәліметтер түрінде көрсетілуі тиіс. Ұяшықтарда сақталған акпараттар атомдық болуы қажет. Реляциялық кестедегі жолдардың реті мәліметтердің мағынасына әсер етпеуі керек.

  3. Мәліметтерге кепілденген қол жетімділік ережесі. Реляциялық базадағы мәліметтердің барлық және әр элементіне қол жетімділік кестенің аты, жолдың алғашқы кілті және бағанның аты комбинациясымен қамтамасыз етіледі.

  4. Белгісіз мәндерді өңдеу ережесі. Реляциялық базада белгісіз мәндерді көрсететін мүмкіндік болуы керек. Белгісіз мәндер кез келген белгілі мәндерден (сандық, жолдық т.б) ерекшеленеді.

  5. Онлайн реляциялық каталог. МБ-ның сипаты мен мазмұны логикалық деңгейде оларға мәліметтер базасы тілінің көмегімен сұраныстарды (запросы) қолдануға болатын кестелер түрінде болуы қажет.

  6. Мәліметтерді басқаратын тіл. Реляцилық жүйе әр түрлі тілдерді және пайдаланушымен өзара әрекеттесудің режимдерін қолдай алады. Бірақ, кемінде, белгілі бір нақты анықталған синтаксиске сәйкес, операторларын символдар жолдары (строка) ретінде көрсетуге болатын тіл болуы керек.

  7. Көрсетілімдерді жаңарту. Теориялық тұрғыдан жаңартуға болатын барлық көрсетілімдер жүйе арқылы жаңартыла алады.

  8. Мәліметтерді басқарудың жоғарыдеңгейлі операцияларының болуы. Мәліметтерді өзгерту, енгізу, жою операциялары реляциондық кестенің бір ғана жолы үшін емес жолдардың кез келген жиыны үшін де орындалуы тиіс.

  9. Мәліметтердің физикалық тәуелсіздігі. Компьютерлік аддендумдер мәліметтерді сақтау түрінен, реляционды мәліметтер қоры жинақталған компьютердің аппараттық қамсыздандырылуынан тәуелсіз болуы тиіс.

  10. Мәліметтердің логикалық тәуелсіздігі. Мәліметтердің ұсынылу түрі реляционды кестелердің құрылымынан тәуелсіз болуы тиіс. Егер белгілі бір жағдайларда кестелердің ажырауы орын алатын болса олардың құрылымының өзгерісі аддендумдердің қызметіне әсер етпеуі үшін мәліметтер біріктірілген күйінде ұсынылуы тиіс.

  11. Тұтастықты қадағалаудың тәуелсіздігі. Тұтастықты қамтамасыз ететін барлық ақпарат мәліметтер сөздігінде сақталуы тиіс. Мәліметтермен жұмыс істеу тілі енгізіліп жатқан мәліметтерді сараптап, автоматты түрде мәліметтердің тұтастығын қамтамасыз етуі тиіс.

  12. Орналасқан орнынан тәуелсіздігі. Мәліметтер базасы бөлшектенген күйінде болуы, әр түрлі компьютерлерде сақталуы мүмкін. Бұл жағдай аддендумдердің қызметіне әсер етпеуі тиіс.

  13. Әр түрлі деңгейдегі тілдердің ортақ міндетті функциялары. Егер мәліметтер базасына кірудің төменгі деңгейлі тілі қолданылса, ол жоғары деңгейлі тілімен қамтамасыз етілетін тұтастық пен қауіпсіздік ережелеріне бағынуы тиіс.

14.Ақпараттық жүйелерді жасау принциптері

Ақпараттық жүйе деп ақпаратты өңдеуге арналған есептеу кешені аталады. Ақпараттық жүйе келесілерден:

  • компьютерлік құрал-жабдықтан;

  • программалық қамтудан;

  • мәліметтерден;

  • қызмет көрсетушілер құрамы (пайдаланушылар, әкімші) құралады.

Жергілікті ақпараттық жүйе деп бір компьютерде орнатылған және сонда жұмыс істейтін жүйе аталады.

Ақпараттық жүйелер және мәліметтер базалары көп пайдалунышылық (многопользовательские) болу керек. Екі міндетті шарт орындалуы қажет:

  • Жүйелілік принципі

  • Стандарттау

Жүйелілік принципі. Өзара байланысқан және өзара әсерлескен элементтерден құрылған үлкен жүйе. Принциптері:

  • Барлық потенциалдық пайдалынушылардың мүдделерін қамтамасыз ету;

  • Қай мамандарға және қай салаларда ақпараттық объект туралы ақпарат қажеттілігі

  • Әртүрлі пайдаланушылар объект сипаттамасының белгілерін анықтау

  • Бір кластағы объектілер белгілерінің жалпы құрылымын анықтау

  • Өндеудің және енгізудің модульдік принципі . Кез келген жүйе өндірісте жеке, жүйе толығымен өнделгенше, бөлек өзара байланысқан модульдер (ішкі жүйелер) түрінде жасалу керек

Стандарттау

Ақпараттық жүйелер өңдеудің стандарттау аспектілері:

  • Ақпараттық: ақпараттық объектілерді бірдейлендіру

  • Программалық: бір жүйенің мағлұматы басқа жүйенің программалық құралдарымен өңделуі

  • Аппараттық: компьютерлік техниканы қолдану кезіндегі шығындарды азайту

Жүйелік технологиялар

Файл – сервер

  • Клиенттік компьютерде ақпаратты өңдеу: сұранысқа мәліметтер файлы жіберіледі

  • Бірнеше пайдаланушы қолданған кезде, мәліметтер үлкен көлемде жүйемен жұмыс істеу өнімділік шұғыл азаяды

  • Ақпараттың дұрыстығы бұзылады

Клиент – сервер

  • Ақпараттық өңдеу серверде орындалады; клиентке өңдеудің нәтижелері жіберіледі;

  • Жүйеге түсетін жүктеме азаяды;

  • Көп пайдаланушылардың жұмыс істеу мүмкіндігі;

  • Өнімділігі жоғары;

  • Мәліметтерді орталықтандырылған өңдеу және сақтау;

  • Серверлік өңдеуде қолданбалы программалық құралдарды қолдану

16. Эксперттік жүйелердің анықтамасы және олардың жіктелуі

Экспертті жүйе деп мамандардың нақты саладағы білімдерін қолданып және сол эмпирикалық тәжірибені қолданушыға кеңес ретінде ұсынатын күрделі программалалық кешендерді айтады.

«Экспертті жүйелер» классы қазіргі уақытта мыңдаған программалық кешендерді біріктіреді. Оларды әртүрлі критерийлер бойынша класстарға бөлуге болады.

  1. Шығарылатын есеп бойынша классификация

  2. Нақты уақытпен байланыс бойынша классификация

  3. Басқа программалармен интеграциялану дәрежесі бойынша классификация

Шығарылатын есеп бойынша классификация

    1. Мәліметтерді интерпретациялау. Бұл экспертті жүйелердің дәстүрлі есептерінің бірі. Мәліметтерді интерпретациялау деп нәтижесінде нақты болатын мәліметтердің мағынасын анықтауды айтамыз. Көптеген жағдайларда мәліметтердің көп вариантты анализі қолданылады.

    2. Диагностика. Диагностика деп қайбір жүйедегі қателерді түзетудә айтамыз. Қателік – нормадан ауытқу. Негізгі проблемалар – қауіпті жағдайды «өткізу» және «ложного срабатывания» инверсті есебі. Бұл проблемалардың қиындығы қауіпті жағдайдың симпомдарының түсініксіздігі және уақытты ескеру.

    3. Проектілеу. Проектілеу деп алдын-ала белгілі қасиеттермен объектілерді жасаудың ерекшеліктерін құруды айтамыз. Ерекшелік деп барлық керек құжаттар жиынын айтамыз – сызба, түсініктеме қағазы және т.б. Мұндағы негізгі проблемалар – объект жайлы білімнің нақты структуралық сипаттмасын алу және «іздер» проблемасы. Эффективті проектілеу және қайта проектілеу үшін проектті шешімдірді ғана емес және оларды қабылдау мотивтерін де құру керек. Проектілеу есептерінде экспертті жүйеде болатын екі негізгі процесстер тығыз байланысты болады: қорытындыны шығару процессі және түсіндіру процессі.

    4. Болжамдау. Болжамдаушы жүйелер берілген жағдайлардан ықтималды салдарды логикалық түрде шығарады. Болжамдаушы жүйеде параметрлер мәндері берілген жағдайға келтірілетін параметрлік динамикалық модельдер қолданылады. Бұл модельден алынатын салдар ықтималдық бағалардан тұратын болжамдар негізін құрады.

    5. Жоспарлау. Жоспарлау деп қандай да бір функцияларды орындайтын объектілерге қатысты іс-әрекеттер жоспарын құруды айтамыз. Мұндай экспертті жүйелерде жоспарланған іс-әрекеттердің салдарын логикалық түрде тұжырымдайтын нақты объектілердің әрекет модельдері қолданылады.

    6. Оқыту. Оқыту жүйелері ЭЕМ көмегімен қандайда бір пәнді оқу барысындағы қателерді анықтайды және дұрыс шешімді көрсетеді. Олар нашар оқушы жайлы және оның қателіктері жайлы білімді қолданады және жұмыс істеу барысында оқытылатындырдың қателіктерін анықтап, оларды жоюға бағытталған. Оқушының деңгейіне байланысты қарым-қатынас жасау мүмкіндігі қарастырылған.

Нақты уақытпен байланыс бойынша классификация

  1. Статистикалық экспертті жүйелер білім базасының интерпретацияланатын мәліметтері уақыт бойынша өзгермейтін салалапрда құрылады.Олар тұрақты болады.

  2. Квазидинамикалық экспертті жүйелер белгілі бір уақыт аралығында мәліметтері өзгеретін саларда құрылады.

  3. Динамикалық экспертті жүйелер деп мәліметтер үздіксіз қабылданатын қазіргі уақытта құрылады.

ЭЕМ типі бойынша классификация:

-супер ЭЕМ-дегі стратегиялық есептерге арналған ЭЖ-лер;

-орта деңгейлі ЭЕМ-гі ЭЖ-лер;

-символды процессорлар және жұмыс станцияларындағы ЭЖ-лер;

-мини- және суперминиЭЕМ-гі ЭЖ-лер;

-персоналды компьютергі ЭЖ-лер.

Басқа программалармен интеграциялану дәрежесі бойынша классификация

  1. Автономды экспертті жүйелер мәліметтерді өндеудің дәстүрлі әдістерін (есептеу, модельдеу, т.б.) қолданбай тек қолданушымен кеңес беру режимінде жұмыс істейді.

  2. Гибридты (қосылған) экспертті жүйелер қолданбалы программалардың стандартты пакетттерін (математикалық статистика, сызықты программалау немесе мәліметтер базасын басқару жүйесі) және білімді басқару құралдарынан тұратын программалық кешен. Ол қолданбалы программалар пакетіне интеллектуалды құрылымдар енгізу немесе күрделі есептерді шешуге арналған экспертті білімдердің элементтерінен тұратын интегралданған орта.

Гибрдты экспертті жүйелердің мүмкіндіктері көбірек болса да, автономды жүйелерден қарағанда оларды құру әлде қайда қиынрақ. Әртүрлі пакеттер, сонымен қатар әртүрлі әдістемелерді біріктіру көптеген теориялық және практикалық қиындықтарды туғызады.

18.Эксперттік жүйелерді өңдеу технологиясын көрсетіңіз

24.Эксперттік жүйелерді құру этаптарын көрсетіңіз

ЭЖ өңдеу этаптары

  • Идентификаттау

  • Тұжырымдама жасау

  • Формализация

  • Орындау

  • Тексеру (тестілеу)

  • Тәжірибелік қолдану (опытная эксплуатация)

Идентификаттау

  • Шешуге жарамды мәселелерді анықтау;

  • Өңдеу мақсаттарды анықтау

  • Сарапшыларды және пайдаланушыларды тағайындау

  • Ресурстрады анықтау

Қойылатын сұрақтар

  • Қандай міндеттерді ЭЖ шешу керек?

  • Бұл мәселелердің сипаттамасы мен анықтамасы?

  • Қандай есептерге (подзадача) әр мәселе бөлінеді, қандай деректерді қолданылады?

  • Мәселенің шешімін табу үшін қандай кедергілер әсер етеді?

  • Бұл кедергілер ЭЖ қалай әсер етеді?

  • Т.б. сұрақтар

Идентификаттау