- •1. Деректер базаларының анықтамасы мен негізгі түсініктерін келтіріңіз.
- •3. Деректердің негізгі түрлері қандай болады?
- •5. Деректер базалары реляциялық моделінің ерекшеліктері мен кемшіліктері
- •7. Деректер базалары желілік моделінің ерекшеліктері мен кемшіліктері
- •13. Реляциялық модельдің принциптері
- •15. Cals-технологияларды пайдалану
- •17. Эксперттік жүйелердің құрылымын түсіндіріңіз
- •19. Эксперттік бағалау әдістері қандай болады?
- •21. Білім базасының қызметі
- •23. Эксперттік жүйелердің жұмыс істеу режімдері
- •25. Эксперттік жүйелердің қолдану салаларын көрсетіңіз
- •27. Кестелер арасындағы байланысты қалай орнатады?
- •29. Кілт деген не?
- •9. Деректер базаларын басқару жүйелері туралы ұғым, өнім сапасын қамтудағы ролі вторую часть вопроса не нашла
- •11. Деректер базаларындағы деректер қасиеттері этот вопрос вообще не нашла, но по-моему сюда можно написать про типы данных (в 3-ем вопросы есть про типы данных), но я в этом не очень уверенна
7. Деректер базалары желілік моделінің ерекшеліктері мен кемшіліктері
Желілік модель – желілік құрылымның мәліметтерін ұсынуға және олармен амал- әрекет жасауға арналған мәліметтер моделі. Желілік модельдер әр түрлі файлдардағы жазбалар арасында күрделілеу қатынастарды сүйемелдейді. Желілік модельдерде мәліметтердің арасындағы өзара байланыстар еркін графалар түрінде болады, ондағы әрбір ұрпақтың екі және одан да көп ата тегі болуы мүмкін.
Желілік модельдің мәліметтер қоры жазбалар жинағы мен байланыстар жинағынан құралады. Байланыстардың жинағы физикалық көрсеткіштері бар өрістен тұрады.
Осылайша, желілік ДБ сұлбасын сипаттау үшін типтердің екі тобы: «жазба» және «байланыс» қолданылады. «Байланыс» типі «жазба» типінің ата тегі және ұрпақ типтері үшін анықталады. «Байланыс» типінің айнымалылары байланыстардың даналары болып табылады.
Желілік ДБ жазбалар жинағы мен сәйкес байланыстар жинағынан тұрады. Байланыстарды қалыптастыруға ерекше шектеулер қойылмайды. Егер иерархиялық құрылымдарда ұрпақ-жазбаның бір ғана ата тегі –жазбасы болса, ал мәліметтердің желілік моделінде ұрпақ-жазба ата тегі-жазбаларының кез келген санына ие бола алады.
Желілік модель схемасы
Мәліметтердің желілік моделінің артықшылығы – жылдам әрекет етуі болып табылады. Сонымен қатар, желілік-модель иерархиялық модельмен салыстырғанда еркін түрдегі байланыстардың құрылу тұрғысынан үлкен мүмкіндіктер ұсынады.
Мәліметтердің желілік моделінің кемшілігі – оның негізінде құрылған ДБ сұлбасының жоғары дәрежедегі күрделілігі мен қатаңдығы, сондай-ақ қарапайым пайдаланушы үшін ДБ-дағы ақпаратты өңдеуді түсіну мен орындаудың қиындығы. Бұған қоса, мәліметтердің желілік моделінде жазбалардың арасында еркін түрдегі байланыстардың орнау мүмкіндігінің салдарынан байланыстардың біртұтастығына қатысты бақылау әлсірейді.
Мәліметтер қорының иерархиялық және желілік модельдерінде физикалық көрсеткіштерді пайдалану, мәліметтерді өңдеудің жылдамдығын едәуір арттыра түсті. Сонымен бірге, бұл модельдерде мәліметтердің өзара байланыстарының біртұтастығын сақтауға қатысты елеулі кемшіліктер анықталды. Байланыстардың біртұтастығының сақталуын бақылау ата-тегсіз ұрпақ болмайды деген ұстанымды сақтауға негізделген. Мәліметтер қорына өзгертулер енгізген жағдайда байланыстарды, физикалық көрсеткіштерді қайтадан анықтау қажеттігі туындайды, бұл үлкен қиындықтармен, пайдаланушының уақыты мен күш-жігерінің шығындарымен байланысты болады.
13. Реляциялық модельдің принциптері
1970 жылы ІВМ фирмасының қызметкері Эдгар Кодд реляциялық модель деп аталған деректер базасының жаңа моделін ұсынған бірқатар еңбектерін жариялаған болатын. Реляциялық модельдің мәні – ол мәліметтерді реляциялар немесе қатынастар деп аталатын екі өлшемді кестелер түрінде беруді ұйымдастырады және ұсынады. Бір кесте бір объектіні сипаттайды. Кестенің бағандары мәліметтер қорының өрістеріне сәйкес келеді және атрибуттар деп аталады. Сол арқылы атрибут объектінің жеке қасиетін сипаттайды. Кестенің жолдары жазбалар деп аталады. Сонымен, жазбалар объектінің бір элементіне арналған атрибуттар мәндерінің жиынтығын сипаттайды. Деректер базасының құрылымын әзірлеу және сипаттау кезінде әрбір кестедегі атрибуттарға атаулар беріледі және олардың типтері анықталады.
Реляциялық модельден басқа мәліметтердің желілік, иерархиялық және т.б. модельдері бар. Бірақ реляциялық модель қолдануға ыңғайлы болғандықтан, ол қазіргі таңда кеңінен таралған.
Реляциялық модельдің негізгі принциптерін былай тұжырымдауға болады:
Концептуалды деңгейде барлық мәліметтер жолдар мен бағандар түрінде анықталған және қатынас деп аталатын ұйымдасқан құрылым түрінде көрсетілуі тиіс;
Барлық мәндер скаляр болып табылады. Бұл кез келген қатынастағы жол және баған үшін тек қана бір мән болатынын көрсетеді.
Барлық операциялар тұтас қатынасқа өткізіледі және олардың нәтижесі тұтас қатынас болып табылады. Бұл принцип тұйықталу принципі деп аталады.
