Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
База данных 1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
144.19 Кб
Скачать

1. Деректер базаларының анықтамасы мен негізгі түсініктерін келтіріңіз.

Ақпараттық технологияларда деректер базасы үлкен роль атқарады. Деректер базасы дегеніміз – берілген құрылымдағы ақпараттардан тұратын арнайы форматтағы файл. Деректер базасы бірнеше ортақ қасиеттері бар элементтер жиынтығынан тұратын объектілерді сипаттауға арналған. Деректер базасын басқару теориясы өз алдына жеке пән ретінде ХХ ғасырдың 50-жылдарынан бастап дами бастады. Осы уақытқа дейін оның белгілі бір фундаментальді ұғымдары мен түсініктері қалыптасты. Солардың негізгілерін келтіре кетейік.

Пәндік аймақ – белгілі бір саладағы басқаруды ұйымдастыру мен одан кейінгі басқару процессін автоматтандыру мақсатында зерттелетін нақты дүниенің бөлігі.

Объект дегеніміз – мәліметтері деректер базасында сақталатын ақпараттық жүйенің элементтері.

Атрибут - бұл объект қасиеттерінің ақпараттық бейнеленуі. Әрбір объект атрибуттардың белгілі бір жиынтығымен ситатталады.

Алғашқы кілт дегеніміз - объектінің әрбір данасын (жазбаны) бірегей түрде идентификациялайтын атрибут немесе атрибуттар жиыны.

Екінші ретті кілт - бірнеше жазбалар (объект даналары) үшін мәні қайталана алатын атрибут немесе атрибуттар жиыны. Екінші ретті кілттер жазбаларды іздестіру операцияларында қолданылады.

Деректер базасында мәліметтерді сақтау бірнеше жалпы принциптерге бағынуы керек, солардың ішінде мыналарды атап өту қажет:

- мәліметтердің тұтастығы мен қарама-қайшылықсыздығы, рұқсат етілмеген қол жетімділіктен қорғау қамтамасыз етілу қажет;

- мәліметтердің кез келген элементі деректер базасында тек 1 данада сақталуы қажет.

Жаңа мәліметтер базасын құруға, оны мәліметтермен толтыруға, оның мазмұнын редакциялауға, оларды реттеуге, безендіруге және баспа құрылғыларына шығаруға немесе байланыс арналарына жөнелтуге арналған программалық құралдар кешені деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ) деп аталады. Ол жоғарыда аталып өткен принциптердің орындалуын қамтамасыз етуі қажет.

3. Деректердің негізгі түрлері қандай болады?

Деректер базасының құрамында бір немесе бірнеше кестелерден тұратын байланысқан объектілер бейнеленеді. Өрістер, яғни объектінің белгілі бір қасиетін сипаттайтын ең кіші ақпарат бірліктері, объектінің атрибутына немесе қасиетіне сәйкес құрылады. Әрбір өріс ондағы деректер типі арқылы сипатталады. Күнделікті пайдалануымыздағы MS Access деректер базасында деректердің мынандай түрлері пайдаланылады:

Мәтіндік (Текстовой – Text) – ұзындығы 255 символға дейінгі мәтіндік информацияны сақтау үшін қажет;

МЕМО өрісі (Поле МЕМО – Memo) – жай мәтіндік өріс сияқты мәндер қабылдайды. Бірақ MEMO өрісінің ерекшелігі - ол көлемі 255 символ емес, 65 535 символға дейінгі мәтінді сақтай алады

Сандық (Числовой – Number) – сандық мәліметтерді сақтау үшін қажет. Тек сандық өрістер мәліметтерімен ғана математикалық операциялар орындалады.

Дата/уақыт (Дата/время – Data/tіme) – күн/ай/жыл форматында мерзімді және сағат:минут:секунд форматында уақыт мөлшерін сақтау үшін қажет. Бұл типтегі өріс форматын алдын ала таңдап алған дұрыс.

Ақшалай (Денежный – Currency) – ақшалай көрсетілген ақпараттарды енгізу үшін қажет. Жалпы, оларды сандық типтегі өріске де енгізуге болады, дегенмен осы типте жұмыс істеу ыңғайлы. Өріс форматындағы тізімнен қажетті ақша бірліктерін таңдауға, олардың үлгісін беруге болады. Өте үлкен сандардың дәл мәнін сақтау үшін жиі қолданылады.

Санауыш (Счетчик – Counter) – мәні автоматты түрде жаңа жазба енгізілген сайын бірге өзгеріп отыратын реттік нөмір болып табылады. Олар қайталанбайды және өзгертілмейді, көбінесе кестелерді бір-бірімен байланыстыру үшін қажетті өріс болып табылады.

Логикалық (Логический – yes/no) – логикалық мәліметтерді (Иә/Жоқ, 0/1, Ақиқат/Жалған, т.с.с.) сақтау үшін керек.

OLE объектісі ( Объект OLE – OLE object) – Wіndows қолданбалы программаларынан алынған OLE технологиясын сүйемелдейтін құжаттарды, кестелерді, графиктерді және басқа объектілерді сақтау үшін қолданылады. Оның мәндерінің жазылу түрі өріс форматындағы мәліметтер тізімінен таңдап алынады.

Гиперсілтеме әріптер мен цифрлардан тұратын гиперсілтеме адресін сақтайды.

Алмастыру шебері – тұрақты мәндер жиынтығынан немесе басқа кестеден қажет мәндерді тізімнен немесе тізімі бар өрістен таңдауға мүмкіндік беретін өріс.