- •2. Машина–трактор агрегатын құрастыру
- •2.1 Жер жырпайтын тартқыш–тіркемелі агрегаттар үшін
- •2.1.1 Агрегаттың шекті алым ені анықталады:
- •2.1.2 Агрегаттағы машиналар саны:
- •2.1.3 Агрегаттың нақты алым ені:
- •2.1.4 Тіркеуіштің қажетті ені (фронты):
- •2.1.5 Агрегаттың жалпы жұмыс тарту кедергісі:
- •2.1.6.1 Тарту күші бойынша трактордың тарту күшін пайдалану коэффициентімен (тіркемелі сүйреу агрегаттары үшін):
- •2.1.8 Агрегатты жұмысқа дайындау
- •2.2 Машина–трактор агрегатының және танаптың кинематикалық
- •2.02.1 Агрегаттың жүріс әдісі – айқара (Ұршықты)
- •2.2.9 Бос жүрістің орташа ұзындығын Lб анықтау
- •2.2.10 Жұмыс жүрістерінің коэффициентін φ анықтап және φ коэффициентінің максималды мәні бойынша жүрістің тиімді әдісін таңдау
- •2.3 Машина-трактор агрегаттарының жұмысының технико-экономикалық көрсеткіштері
- •2.3.1.1 Циклдық уақытты анықтау
- •2.3.1.2 Ауысым ішіндегі циклдар саны келесі өрнекпен анықталады:
- •2.3.1.3 Ауысым ішіндегі агрегаттың жұмыс уақыты ұзақтығын
- •2.3.1.10 Ауысым уақытында орындалған жұмыстың бірлігіне жұмыс уақытының меншікті шығыны (еңбек шығыны) мына өрнекпен анықталады:
- •2.1 Кесте – Ауыл шаруашылық операциясын (операциясының атауы) орындау үшін агрегат құрамы және жұмыс көрсеткіштері
2.2.10 Жұмыс жүрістерінің коэффициентін φ анықтап және φ коэффициентінің максималды мәні бойынша жүрістің тиімді әдісін таңдау
Агрегаттың жүріс әдісін сипаттайтын маңызды көрсеткіш жұмыс жүрісінің коэффициенті (φ) болып табылады. Ол агрегаттың жұмыс істеген кездегі жұмыс жүрісі ұзындығының агрегат жүріп өткен бүкіл жолға қатынасын көрсетеді және келесі өрнек бойынша анықталады:
Φ=Sж/Sж+Sб, (2.15)
мұнда Sж–барлық жұмыс жүрістерінің жиынтық ұзындығы, м;
Sб–агрегаттың бұрылыс жолақтарындағы бұрылыстарды
орындағанда барлық бос жүрістерінің жиынтық ұзындығы, м.
Sж=Lж *nж және Sб=Lб*nб, (2.16)
мұнда Lж, Lб – сәйкес пайдалы жұмыс істелетін жүріс жолының және пай-
дасыз бос жүріс жолының орташа ұзындықтары, м;
nж,nб – сәйкес жұмыспен жүрістің және бос бұрылыстардың саны.
мұнда: С-танаптың ені,м;
Вж- агрегаттың жұмыстық алым ені,м
Sж=1400*4=5200 м
Sб=8*3=24 м
φ=5200/(5200+24)=0,96
2.3 Машина-трактор агрегаттарының жұмысының технико-экономикалық көрсеткіштері
Машина-трактор агрегаттарының жұмысының экономикалық тиімділігі келесі көрсеткіштер: агрегаттың сағаттық Wсағ және Wаус өнімділіктері, отын-ның жұмыс бірлігіне массалық шығыны qга, жұмыс уақытының меншікті шығыны (еңбек шығыны) Hга бойынша бағаланады. Төменде осы көрсеткіш-терді есептеу жолы келтірілген.
2.3.1 Технологиялық сыйымдылықсыз машина-трактор агрегаттарының жұмысының технико-экономикалық көрсеткіштері (бораналау, культивация-лау, жер жырту, мал азығын жинау, орақ және т.б.) келесідей есептеледі.
2.3.1.1 Циклдық уақытты анықтау
Циклдық уақыт екі жұмыс жүрістердің және екі бос жүрістердің ұзақты-ғынан тұрады:
tц=tжц+tбц (2.18)
мұнда: tц-цикл уақыты, сағ;
tжц, tбц-сәйкес агрегаттың екі жұмыс және екі бос жүрістерді орын-
дауға жұмсаған уақыты, сағ.
tжц=2Lж/Vж, (2.19) tбц=2Lорб/Vб, (2.20)
мұнда: Lж,Lорб-сәйкес жұмыс жүрісінің және бос жүрістің орташа
ұзындығы, шақ, Lж- қабылданған жүріс әдәсіне сәйкес;
Vр – қабылданған берілістердегі агрегаттың жүрісінің жұмыс
жылдамдығы, , шақ/сағ;
Vб-агрегаттың бұрылыстар кезіндегі жүрісінің жылдамдығы,
шақ/сағ.
Vб жылдамдығының мәні агрегаттың құрамына байланысты: бір тіркемелі машинамен жұмыс істегенде Vб=5 шақ/сағ, екі және одан көп 4 шақ/сағ, аспа-лы машинамен 6,0 шақ/сағ.
tжц=2*1400/6.1=459.01 мин
tбц=2*31.04/5=12.4мин
tц=459.01+12.4=471.4 мин=7,85 сағ
2.3.1.2 Ауысым ішіндегі циклдар саны келесі өрнекпен анықталады:
nц=(Тауыс−Татқ−Тфиз−Ттехн)/tц, (2.21)
мұнда: nц-ауысым ішіндегі циклдар саны;
Тауыс-нормативтік ауысым уақыты, сағ, Тауыс=7 сағ;
Татқ-агрегат құрамына кіретін трактор мен машинаға ауысымдық
техникалық қамтуды орындауға уақыт шығыны, сағ;
Тфиз-жеке қажеттілік бойынша үзілістерге уақыт шығыны, сағ,
Тфиз=0,25...0,30 сағ;
Ттехн-ауысым ішінде технологиялық қамтулар кезінде агрегаттың
тоқтап тұру ұзақтығы, сағ, Ттехн=0,20...0,35 сағ.
nц мәнін дөңгелету ережесіне сәйкес бүтін санға дейін дөңгелетеді.
nц=(7-0,13-0,25-0,2)/7,85=0.81≈1сағ
