Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оразбеков 2 есеп.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
26.26 Кб
Скачать

2. Машина–трактор агрегатын құрастыру

 

Тапсырманың мазмұны, шарты және орындау реті:

 

Тапсырманың шартында көрсетілген трактормен берілген ауыл шаруашылық операциясын орындау үшін қажетті машинаны таңдап аналитикалық әдіспен машина–трактор агрегатын құрастыру қажет.

Құрастырылған агрегаттың жұмыс режимін, агрегаттың, танаптың кинематикалық параметрлерін белгілеп және агрегаттың техникалық–экономикалық көрсеткіштерін анықтау керек.

-трактор маркасы: Т-70С    

-операцияның атауы: Тырмалау

-танап өлшемдері (ұзындығы х ені), м: 2800х1900

-тапсырмаға ерекше шарттар: тор тырма

     

  Ауыл шаруашылық машинасы: БСО-4

-массасы: 0,96 кН

-машинаның конструкциялық алымы: 4 м

-өлшемдері: 1,8м

-жұмыс жылдамдығы: 6-8 м/сағ    

1-тапсырманың нәтижесіндегі берілістердің мәндері:

Ріл5т= 16,69 кН; Vж5т = 6,1 шақ/сағ;

Ріл7т = 9,33 кН; Vж7т = 7,24 шақ/сағ;

2.1 Жер жырпайтын тартқыш–тіркемелі агрегаттар үшін

 

1–тәсіл бойынша–көп машиналы агрегаттар үшін

2.1.1 Агрегаттың шекті алым ені анықталады:

 

                           Bшек=Pіл/[к+qм(fм+i)+qтір(fтір+i)], м                                         (2.1)

                  Bшек5=16,69/[0,3+0,24(0,2+i0,0523)+0,76(0,2+0,0523)]=30,34

Bшек7=9,33/[0,3+0,24(0,2+i0,0523)+0,76(0,2+0,0523)]=16,66

     мұнда Ріл–таңдап алған берілістерде жердің еңкіштігінің әсерін ескере   

                       отырып операция орындалатын жер жағдайындағы трактордың  

                    ілмектегі тарту күші (1-ші тапсырмадан немесе қабылданғағ), кН;

               к–машинаның меншікті жұмыс кедергісі (2.3 өрнек бойынша), кН/м;

                qм =Gмк–машинаның салмағының конструтивтік алым еніне    

                                  қатынасы, кН/м (Gм және Вк В қосымшадан);

                qтір =Gтртір–тіркеуіштің салмағының оның максималды алым еніне  

                                       қатынасы (Г қосымшадан);

                 i–жер бетінің еңкіштігі (i=sinα; a-тапсырманың шартынан, sinα 

                       мәні 1.2 кестеден);

                 fм, fтір–сәйкес машинаның және тіркеуіштің тербелісіне кедергі

                            коэффициенттер (2.4–кестеден).

 

     Егерде құрастырылатын агрегат әртүрлі жеке машиналардан жиналатын, яғни агрегат кешенді және бір уақытта бірнеше операция орындайтын болса (мысалы бір уақытта жер жырту және тырмалау), онда агрегаттың жалпы меншікті кедергісі әр машинаның кедергілерінің қосындысына тең:

 

                                   к=к1+ к23+...+кn, кН/м                                          (2.2)

 

     Таңдап алынған берілістерде агрегат қозғалысының жұмыс жылдамдығының мәні үшін жеке бір машинаның меншікті тарту кедергісі мына өрнекпен анықталады:

 

                                   к=к0[1+(Vж+V0)Δс/100], кН/м                                  (2.3)

к1=0,3[1+(6,1+5)2,5/100]=0,3

к2=0,3[1+7,24+5)2,5/100]=0,31

 

     мұнда Vж–таңдап алынған берілістерде агрегат қозғалысының жұмыс 

                       жылдамдығы, шақ/сағ;

                 V0–5 шақ/сағ жылдамдық;

                 к0–V0 =5км/сағ жылдамдыққа сәйкес таңдап алынған машинаның  

                              меншікті тарту кедергісі (2.1–кестеден);

                 Δс–агрегаттың жылдамдығының өсуіне байланысты меншікті тарту

                        кедергісінің үдеу қарқыны, % (2.3–кестеден).

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]