Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
21-40 и 50-60.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
88.54 Кб
Скачать

21. Тромбының пайда болу механизмдерінің кезендерін атаңыз. Тромбоз деп қанның қан тамырлары ішінде ұйып қалуын айтады. Ұйып қалған зат тромб деп аталады. Тромб қан тамырлар свңылауын тарылтып немесе бүтіндей тығындап, қан айналысына кедергі жасайды. Артериямен қан келмей қалғанда, ағзалар некрозға дейін болатын аса қауіпті өзгерістерге ұшырайды. Тромбоздың негізінде физиологиялық құбылыс – қан ұю үдерісі жатады. Бұл организмнің қоршаған ортаға бейімделу реакцияларының ең бір маңызды түрі, себебі тамырлар жарақаттанғанда қанағу тоқтамаса, организм сәл ғана жарақаттан қансырап өледі. Сонымен қатар қан ұю үдерісіне белсенді қатынасатын, қанның ең майда түйіршіктері – тромбоциттер – қан тамырларының ішкі қабатын (эндотелиін) үздіксіз бүтіндеп тұрады. Тромбоциттердің 15 пайызы тек осы қызметті атқару үшін пайдаланылады. Тромбоциттер көшіп түскен эндотелий орнына жабысып (адгезия) , сол жерде желімдеп, қан тамырының физиологиялық регенерациясын қамтамасыз етеді. Қанның ұюы өте күрделі, көп салалы үдеріс, ол әрдайым қанды ұйытушы және қан ұйюына қарсы әрекет ететін екі жүйе барлығы анықталды. Тромбоздың шығу механизмі (патогенезі) өте күрделі. Қалыпты жағдайларда қантамырларда ұйымайды, ал тромбтың түзілуі организмдегі қанды ұйытушы және қан ұйюына қарсы жүйелердің өзара қатынасының бұзылуының анық белгісі. Тіндер жарақаттанғанда , операция уақытында, миокард инфарктында және басқа ауруларда тіннен тромбопластин факторы қанға көп мөлшерде бөлініп шығады. Көптеген аурулар, мысалы, атеросклероз, гепертония, қантты диабет, қатерлі ісіктер, шок, қан ұю үдерісін күшейтіп қана қоймай, қандағы фибринолиз (фибрин ұйындысының еруі) үдерісін төмендетіп, тромбтың пайда болуына жағдай тудырады. Сонымен қатар тромбоз үдерісіне жоғарыда аталған қанның сапасының өзгеруі де себеп болады. Аталған факторлар тромб дамуының жалпы жағдайлары болап есептелсе, ал тромбтың орны жергілікті факторларға байланысты. Оларға қан тамырларының кемігіндегі өзгерістер, қан ағымының баяулауы және т.б. кіреді. Мысалы қан тамырларының аневризмасы, қан тамыры кемігінің қабынуы сол жерде тромб пайда болуына соқтырады. Қазіргі деректер бойынша қанның қю үдерісі төмендегі 4 кезеңнен тұрады. 1) Белсенді тромбопластиннің пайда болуы; 2) Тромбопластин кальций әсерінде протромбиннен (проферменттен) тромбиннің пайда болуы; 3) Тромбин әсерінде фибриногеннің фибрин- мономерге айналуы; 4) Фибрин- мономердің фибринді юелсендіретін заттардың әрекетімен фибрин- полимерге айналуы. Белсенді тромбопластин ішкі қан ұю жүйесінде тромбоциттер зақымданғанда, сыртқы қан ұю жүйесінде тіндік факторлардан жасушалар мен тіндердің зақымдануына байланысты бөлініп шығады. Ал, протромбин гепатоциттерде витамин К- ның бақылауында синтезделеді. Тромбин болса протромбиннен протромбиназа әсерінде түзіледі. Тромбиннің негізгі қызметі фибриногеннен фибринопептидтер А және В- ны ажыратып алып, соның нәтижесінде фибрин ұйындысы пайда болады.

22. Инфарктың тікелей себептерін атаңыз. Инфаркт деп бүтін ағзаның немесе оның бір бөлігінің қанайналымының бұзылуына байланысты өлуін айтады. Демек инфаркт қантамырлық (ишемиялық) некроз. Инфарктың пайда болуына: әдетте қан тамырларының тромбозы, эмболиясы немесе спазмы себеп болады. Кейде инфаркт, ағып келген қан мөлшерінің ағза қызметін қамтамасыз ете алмауынан дамиды. Осыған байланысты инфаркты циркуляторлық некроз деп те атайды. Көбінесе инфарктың дамуы жалпы қан айналуының бұзылуына байланысты, сондықтан инфаркт созылмалы жүрек, өкпе ауруларында көп кездеседі. Қан тамырының тығындалу жылдамдығы, инфаркт пайда болуының ең бір шешуші факторы. Инфаркт коллатералдық жолдар ашылып үлгермеген жағдайда ғана дамитын құбылыс. Қан тамырының кенеттен пайда болған эмболиясы тек сол тамырдың ғана емес, оның бойындағы барлық тармақтарының да рефлекторлық түрде таралуымен (спазм) қатарласа жүреді. Әдетте инфарктүшбұрышты болып көрінеді. Инфарктың пішіні қантамырларының ағзада таралу ерекшеліктеріне байланысты. Өкпеде, бүйректерде, көкбауырда үшбұрышты түбі ағзаның қабына қарай жйғасады да, оның ұшында тромбпен тығындалған қантамыры табылады. Ақ инфаркт көбінесе көкбауырда, бүйректерде, мида, жүректе кездесіп, коллатералдық қан тамырлардың жеткілікті ашылмауының морфологиялық көрінісі есебінде дамиды. Қызыл инфаркт жүрек қызметінің жетіспеулігіне байланысты веналық қан іркіліп қалғанда пайда болады. Қызыл инфарктың ең көп кездесетін жері өкпе. Өкпе әдетте екі қан жүйесінен қанмен қамтамасыз етіледі. Бұл жерде бір жүйеден қан келмей қалған жағдайда пайда болған некроз ошағына екінші жүйеден келген қан құйылады. Ірі вена қан тамыры тығындалып қалғанда ішекте, көкбауырда, бүйректерде веналық инфаркт дамиды, ол қызыл инфаркт түрінде көрінеді. Веналық қан ағып кетуі қиындағанда, артерия қанының ағып келуі тоқтайды,яғни бұл инфарктың да себебі артерия қанының жеткіліксіздігі. Қызыл инфаркт эритроциттердің, гемолизіне байланысты бірте- бірте реңсізденіп ақ инфаркт түріне айналып қалуы мүмкін. Кейде ақ инфарктың айналасында қанқұйылу ошақтары пайда болады (қызыл жиекті ақ инфаркт) оның себебі қан тамырларының алғашқы спазмының парездік кеңеюінің алмасуы.

23. Некроздың микроскопиялық белгілерін атаңыз.Никроз (гр. Nekros – өлген) деп, тірі организмде жасушаның тінінің немесе ағзаның бір бөлігінің бүтіндей өлуін айтады. Демек некроз тірі организмде болатын жергілікті өлім. Некроз бұл қалыпты жағдайда да ұдайы болып тұратын құбылыс. Тері эпидермисі, асқазан – ішек шырышты қабатының жасушалары, қан элементтері және тағы басқа әрдайым өліп, жаңа жасушалармен алмасып отырады (регенерация). Ағзалар негізін құраушы жасушалар бірнеше сағаттан бірнеше жылдарға дейін өмір сүріп, кейін өз тіршілігін жояды. Бұл – физиологиялық өлім. Егер жасушаның өлімі әртүрлі зақымдаушы әсерлер нәтижесінде болса, оны патологиялық өлім дейді. Некроз өте күрделі үдеріс, бірнеше сатылардан тұрады. Некроз дегеніміз толығымен зақымдалған жасушаның ферменттер әсерінде ыдырауы немесе жасуша ақуызының денатурациясы. Егер ферменттік ыдырау басым болса- колликвациялық никроз, денатурация басым болса – коагуляциялық никроз дамиды. Жасуша өлместен бұрын оның морфологиялық құрылысында көптеген өзгерістер болады. Егер осы кезенде зақымдаушы себептер жойылса, жасуша өзінің әуелгі қалпына келе алады. Кейінен апоптоз деген термин пайда болды. Оның некроздан айырмашылығы ол негізінен жасушалардың зақымдануына, әсіресе олар ДНҚ-ларындағы өзгерістерге байланысты гендік бағдарлама нәтижесінде дамитын өзін – өзі өлтіру п.і

24.Қан кетуге алып келетін тамырлар қабырғасының зақымдалу себептерін атаңыз. Қан кету (лат.Haemorrhagia compensatio - қан кету, ағу) - қан кету. Қан кету деп зақымданған қан тамырынан қанның құйылуы (шығуы) . Оның түрлері гематома, геморрагиялық сіңбе, қан сүйелері, петехия, экхимоздар.Егер қан дене сыртына айналаға ағып кетсе сыртка қан кету деп аталады. Ал дененің ішкі қуысына кетсе ішке қан кету дейді. Қанағудың (геморагия) деп қанның қан тамырларынан, жүректен ішкі н\е сыртқы ортаға шығуын айтамыз. Қанағудың негізгі үш себебі бар: 1) қан тамырларының жыртылып н\е жарылып кетуі; 2) қан тамырлары кемерінің іріп ыдырауын\е жегілуі. 3) диапедез. Қан тамырларының жыртылып н\е жарылып кетуі денеге оқ тигенде ж\е басқа да жарақаттарға байланысты кездеседі. Мысалы, адамды қайта тірілту (реанимация) кезінде сынған қабырғалар өкпені, бауырды жарақаттап, ол жерден қан ағады. Патологиялық өзгерістерге шалдыққан қан тамырлары да жарылуға бейім келеді.Қолқаның атросклероз, мерез салдарынан кеңіп кеткенжерлері (аневризма) жарылып, ауру жедел қансырап өлуі мүмкін. Қан тамырларының жарылуы гематома пайда болуына соқтырады. Егер жарылған тамыр мен гематома арасында байланыс сақталып қалса ол жерде жалған анивризма пайда болуы ықтимал, оны солқылдаушы(пульсрующая) аневризма деп атайды.Қан тамыр қабырғаларының іріп ыдырауын\е жегіленуі күнделікті өмірде көбірек кездеседі. Мысалы, асқазан жарасы сол жара түбіндегі қан тамырларды,. Жатырдан тыс жүктілік кезінде трофобласт элементтері жатыр түтігінің қан тамырларын зақымдайды. Қатерлі ісік, туберкулез үдерісіндегі некрозға байланысты қан тамырларының кемерлері жегіленіп кетеді, сөйтіп қан кетугесоқтырады. Қан, қан тамыры кемерінде диапедезжолымен, оны бұзбастан, сыртқа шығуы мүмкін. Диапедез құбылысы капиляр мен майда венулалардың өткізгіштік қасиетінің артып кеткенінде ғана мүмкін. Бұл жағжай гипоксияға, әр түрлі авитаминоздарға байланысты, кейбір қан ұйытушыфакторлардың тума жетіспеушулігінде байқалады. Эритроциттер эндотелийй клеткалары арқылы сыртқа шығады. Бұл үдерісті тек электронды микроскоп арқылы бақылауға болады. Организмде капилярлар өте көп болғандықтан, қан элементтері бір-біріне қосылып, аумақты, өмір сүру үшін қауіпті қан құйылуошақтарын тудыруы мүмкін. Мысалы, гипертония ауруындағыөте ауыр хал ми тінінде диапедездік қан құйылуға байланысты. Диапедездік қан ағуға бейімділікті геморрагиялық диатез деп атайды. Ол гемофилияда, жаңа туған баланың геморрагиялық ауруында, тромбоцитопенияларда, лейкозда, бауыр ауруларында кездесіп, теріде, шырышты қабықтарды қанталау ошақтары түрінде байқалады.Еккен жерлерде қанталап қалады.

  1. Қанталаудың түрлерін атап көрсетіңіз.

Геморрагиялық (Syndromum haemorrhagicum) - қанталау, геморрагиялық. Ішкі және сыртқы қан кету, органдарға қан құйылу тән патологиялық күй. Тромбоцитопенияларда, қанның қан ұю жүйесінің қызметі бұзылғанда және тамыр қабырғасының өткізгіштігі артқанда кездеседі.

Қан айналым бұзылысының төрт варианты бар:

Қанның реологиялық қасиетінің бұзылуы( стаз, сладж феномен, тромбоз, ҚШҰ синдромы, эмболия) Қан тамырының тонусының реттелуінің бұзылуы( шок) Қан кемерінің толуына қарай толақандылық (венозды және артериялық), қан аздық (ишемия)Қан тамырының өткізгіштігінің бұзылуы( қан ағу)

Гемаррагиялық процесс 1) Сыртқа қан кету тромбалық жарақаттану, қан құсу, нәсіспен, жатырдан қан кету. 2) Ішке қан кету гемапирикард, гемоаторикс, гемартроз, гемаперетум. Осы жерлерге жиналған қанды қанталау , яғни гематома деп атайды. Гематома тері астындағы шелде шырышты қабық астында, ішкі мүшенің некрозды қабықтардың ішінде кездеседі. Гематоманың соңы жиналған жерде қан ұйды, лейкоциттер ериді. Эритроциттер де ериді, гемоглобиннің макрофактардың реттелуіменгемосидирин мен гемобилирубин түзіледі.

Егер ойылу салдарынан эритроциттер сыртқа шықса диапедездық қанталау деп атайды.

─инфекциялық аурулар

─инвазиялық аурулар

─жіті өтетін процесс

Артериялық және венозды толақандылық: Артериялық толақандылық: жүректен шыққан артерия қанының көп мөлшерде ағзаға келуінен, ағзаның қанға толуы. Физиологиялық және патологиялық, жалпы және жергілікті түрі бар.

Жалпы қан айналымындағы қанның мөлшерінің көбеуі немесе эритроциттердің санының көбеюі:физиологиялық АГ(рефлекторлы гиперемия, жұмысшы гиперемиясы, патологиялық АГ ( қан қысымының жоғарылауы)

Патологиялық жергілікті АГ: ангионевроздық(нейропарездік), коллатериальді, постишемиялық, вакатты(барометрлік қысымның төмендеуі, жалпы және жергілікті), қабынулық, артерия веноздық саңлау нәтижесінде болатын АГ.

Веноздық толақандылық веналық қанның жүрекке ағып кетуінің қиындауынан, ағзаның венозды қанымен толуы.: Жедел және созылмалы,жалпы және жергілікті.

Жедел ВТ жергілікті тіннің ісінуі, Созылмалы ВТ созылмалы гипоксиямен сипатталып, стериотипті үш үрдіспен дамиды:

Қан тамырлардың өткізгіштігі жоғарылайды(диапедез және гемосидероз)

Фибрилогенез үрдісі белсенді жүреді(тығыздану, склероз)

Капилляр паренхиматозды блок( фибробласт, біріңғай салалы бұлшық еттердің активтенуінен эндотелий мен эпителийдің базальді мембранасының қалыңдауы)

Кіші қан айналым жүйесінің жедел ВТ қан тамырдың өткізгіштігі жоғарылап, өкпенің ісінуімен сипатталады.(сурет2-14,2-15)

Кіші қан айналымының созылмалы ВТөкпенің қоңыр тығыздануы дамиды.

Үлкен қан айналымында веналық қанның тоқырауынан, плазморрагия дамып, тері асты май қабатының ісінуі анасарка, табиғи қуыстарға жиналып гидроторакс, гидроперикард, асцит дамиды. Созылмалы веноздық толақандылықта бүйрек, көк бауыр үлкейеді,күйі қанық қызыл түсті болады. Бауыр мускат діні тірізді, сұр сары түспен қоңыр қызыл нүктелермен көрініс береді. Микр: орталық вена қанға толған, гепатоциттер бағанасы дискомплексацияланады, шеткері аймақта гепатоциттер майлы дистрофияға ұшырайды, соңында мускатты цирроз дамиды. Қан құйылудың түрлері: Гематома қанның тіндерде жинақталыпұйып, тіннің бүтіндігін бұзуы және қуыстың түзілуі. Әр түрлі қуыстарға қанның құйылып жинақталуы: М: гемоторакс, гемоперикардиум, гемоперитонеум, гемартроз

Геморрагиялық сіңбелену тіннің бүтіндігі бұзылмай қан құйылу: қан тамырдың маңында эритроциттердің жинақталуынан нүктелі(петехия) және нүктелердің бірігуінен экхимоздар, пурпура жатады.

Шок: организмге шамадан тыс күш әсер еткенде, тіннің қанмен толуының күрт төмендеуімен жүретін генерализацияланған жедел қан айналым бұзылысы. Шоктың түрлері: гиповолемиялық, кардиогенді,сепсистік, нейрогенді, анафилактикалық. Шок кезінде негізгі қан айналым бұзылысының морфологиялық өзгерісіне қан ұюының бұзылысы, ҚШҰ синдромы, микроциркуляция қан айналымының шунттануы.М: шокта бүйректің проксимальді өзекшелері ауыр дистрофиялық және некробиоздық өзгерістерге шалдығып, некро нефроз дамиды

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]