Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
metodika_shpor-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
608.77 Кб
Скачать

22. Дара тұқымдастар класына сабақ өткізу әдістерін жазыңыз.

Сабақтың тақырыбы: Тұқым. Қос жарнақты және дара жарнақты  тұқымдардың құрылысы  Сабақтың мақсаты: Оқушыларды тұқымнын құрылысымен таныстыру. Қос жарнақты, дара жарнақты тұқымдардың қызметтерін айқындау.  Генеративті мүшелер туралы алған білімдерін дамыту. Оқушыларға пәнге деген көзқарасын, білімге деген құштарлықтарын , адамгершілік қағидаларын бойына сіңіре отырып табиғатты қорғауға тәлім тәрбие беру .  Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,баяндау.  Сабақтың типі: жаңа сабақ  Сабақтың барысы:  I Ұйымдастыру  Психологиялық дайындық  II Үй тапсырмасы. IV. Жаңа сабақ.  Бүгінгі сабағымыз тұқым, тұқымнын түрлері ,қызметтері, айырмашылықтары туралы болмақ.  Тұқым-жатынның тұқым бүршігінен дамиды.  1.Қос жарнақты 2.Дара жарнақты  Оқушыларға тұқымнын құрылысын талқылау үшін дайын микропрепататтар таратылады.  Қос жарнақты тұқымның құрылысы:  1.Қабығы 2.Екі жарнағы 3.Ұрығы  3.1Алғашқы тамырша  3.2.Алғашқы сабақша 3.3Бүршікше  Үрмебұршақ тұқымының құрылысын талқылау  Дара жарнақты тұқымның құрылысы:  1.Қабығы 2.Бір жарнақ 3.Эндосперм 4. Ұрық 

Биологиялық диктант: тұқымның өнуіне қажетті жағдайлар  1. Өне бастаған тұқымға ауа жетіспесе ................... 2. Су мен жылу жарнақтағы ,эндоспермдегі ерімейтін крахмалды ....................... айналдырады.3. Тұқымның ісініп жарылуына ....................... .................. қажет. 4. Тұқым өну үшін ......... қажет. 5. Өне бастаған тұқымның тыныс алуын күшейтетін-......................... 6. Асқабақ,қауын,мақта тұқымдары ..................... өнеді. 7. Су ........... әсер етеді. 8. Топырақта қалатын тұқым жарнақтары өскіндерді ............... қамтамасыз етеді. 9. Тұқымды суға салғанда тыныс алуы ................ . 10. Судың сіңірілу мөлшері тұқымның сыртындағы ................. байланысты.  1.Су,жылу,ауа  2. Тұқымның өнуіне,шығымдылығын сақтауға  3.Еритін қантқа  4. Ашып шіриді  5. Су  6. Қабығына  7. Ауа  8. +15С да  9. Жылдамдайды  10. Қорекпен  II-тапсырма :  Оқулық пен жұмыс  1) Тізімдегі сөздерді пайдаланып сөйлемді дұрыс құрастыр.  Үрмебұршақ тұқымының құрылысында ................. болады.  Тұқым қауызы; кіндігі; ұрық; эндосперм; екі жарнақ; тұқым қабығы; қоректік заты.  2) Сұрақтарға дұрыс жауаптың астың сыз.  Тұқым өнген кезде өскіннің қай мүшесі бірінші болып шығады?  А) Сабақ; Ә) Тамыр; Б) Жапырақ; В) Барлығы бір мезгілде шығады.  3) Өніп келе жатқан ұрық алғашқы кезде немен қоректенеді?  А) Эндоспермдегі су мен минералды тұздар;  Ә) Су, ауа , органикалық заттармен;  Б) Эндосперм мен тұқым жарнағындағы органикалық заттар қорымен.  III-тапсырма  Тұқым тыныс алғанда қандай өзгеріс болатынын анықтап дұрыс жауаптың астын сыз.  1. Тұқым көмірқышқыл газын сіңіріп оттегін бөліп шығарады;  2. Оттегін сіңіріп көмірқышқыл газы мен жылу бөледі;  3. Оттегін сіңіріп көмірқышқыл газын бөледі.  IV- зертханалық жұмыс  №15-зертханалық жұмыс.  Қос жарнақты және дара жарнақты тұқымдардың құрылысы.  Көрнекілігі: қос жарнақты және дара жарнақты тұқымдардың жинақтамалары, алдын ала суға жібітілген тұқымдар (үрмебұршақ пен бидай), өткір ұстара, ұлғайтқыш қол әйнегі (лупа) және т.б.  Орындалатын тапсырмалар:  1. Құрғақ және суға жібітілген үрмебұршақ тұқымының пішінін, қабығының түсін, кіндігінің қай жерде орналасқандығын анықтап суретін салу.  2. Жібітілген тұқымның қабығын (қауызын) ептеп сылып, ішіндегі екі жарнағы мен ұрығының орналасуының суретін салу (оқулықтың суретімен салыстыру).  3. Ұрық бөлімшелерін ұлғайтқыш қол әйнекпен қарап, атын жазу.  4. Бидай тұқымының сыртқы құрылысын, пішінін, ұрық орналасқан бөлімі (үшкірлеу жағында) және жарнағының білеуленіп білінетінін қол әйнекпен қарау, суретін салу, атын жазу.  5. Ойыстау жағынан (сайынан) ұзынынан екіге (ұстарамен) бөліп ішкі бөлімдерін талдап, аттарын жазу. Қабығының (қауызының) ерекшелігіне көңіл аудару.  V-Бағалау.  VI- Үй тапсырмасы . Қос жарнақтылар мен дара жарнақтыларға жататын өсімдіктердің аттарын (түрлерін) кесте сызып толтырыңдар. 2. Жүгері, бидай, бұршақ, күнбағыс тұқымдарын суға бөрттіріп, қайсысының қабығы оңай сылынатынын салыстырып қорытынды жасаңдар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]