Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
metodika_shpor-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
608.77 Кб
Скачать

19. “Жапырақ, оның құрылысы және қызметі” тақырыбы бойынша сабақ беру әдістерін түсіндіріңіз?

Сабақтың мақсаты:  1. Білімділік: Оқушыларға жапырақтың ішкі құрылысы, жарықта және көлеңкеде өсетін жапырақтар туралы түсінік беру 2. Дамытушылық: Әр оқушының қабілетін шыңдап, ізденімпаздығын, жауапкершілігін дамыту 3. Тәрбиелілік: Өсімдіктер тіршілік негізі болғандықтан, оларды қорғауға тәрбиелеу Сабақтың түрі: Аралас  Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап  Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, бейне-роликтер, электронды оқулық Сабақтың барысы:  I. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгелдеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару. II. Үй тапсырмасын сұрау: 1.Жапырақ тақтасының пішіндерін ата 2. Жапырақтың сабаққа орналасуы  3. Есептеп шығар:  «Жапырақ» тобы: Бір өсімдіктің 30 сағағында 390 жапырақ орналасқан. Бұл жапырақтың орналасуы қандай? Жұп па, әлде тақ қауырсынды ма?(13 тақ қауырсынды) «Сабақ» тобы: Диаметрі 30 см ағаштың қалыңдығы – 3 см, камбийдің қалыңдығы – 3 см, өзегі – 3 см. Қай қабат белгісіз? Оның қалыңдығы қанша?  4. Сөзжұмбақ. Жапырақ.  III. Жаңа сабақ: Жапырақ өңінің құрылысы: жанаспалы жасушалар, мөлдір және түссіз өң жасушалары, тыныс саңылауынан тұрады. Жапырақ өңінің рөлі: жапырақты сыртқы әсерлерден сақтау, газ алмасу, су буландыру, күн сәулесін ұлпаларға өткізу. Жапырақ ұлпасының қызметі : фотосинтез- күн сәулесінің көмегімен ағзалық заттар түзу, газ алмасу, су буландыру  Жапырақ ұлпасының құрылысы. Бағаналы ұлпа: жасушалары сопақша пішінді , тығыз орналасқан, жасыл түсті- хлорофилі бар. Борпылдақ ұлпа: жасушалары әр түрлі пішінді, тығыз орналаспаған, жасыл түсті- хлорофилі бар, жасушааралық қуысы бар. Жарықты және көлеңкеде өсетін жапырақтар. Күн сәулесі мол түсетін жерлерде өсетін өсімдіктердің жапырақтарында бағаналы жасушалар 2-3 қатар болып орналасқан. Жанаспалы жасушалар саны да көп. Көлеңкеде өсетін өсімдіктердің жапырақтарында бағаналы жасушалар 1-2 қатар немесе тіпті болмайды. Хлоропластары ірі, хлорофилдері көп. Көлеңке сүйгіш өсімдіктер: шамшат, жөке, т.б. Ылғалы аз жердегі жапырақтар кішкене, бозғылт сұр түсті, түкті, тікенекке, қабыршаққа айналған.  ІV. Жаңа сабақты бекіту: 1.№10-зертханалық жұмыс. Жапырақтың ішкі құрылысымен танысу  Көрнекілігі: кез-келген бөлме өсімдігі, өткір ұстара, микроскоп, жабын әйнек пен зат әйнегі, сапты ине, су Орындалатын тапсырмалар: 1. Кез келген бөлме өсімдігінің жапырағының астыңғы өңінен сылып препарат жасап микроскоппен қарау, жабын ұлпа – өң жасушаларымен ондағы жанаспалы жасушалардың құрылысы, ерекшелігімен танысу, оқулықтың суретімен салыстыру. 2. Жапырақ тақтасынан өте жұқа көлденең кесіндіден препарат жасап микроскоппен қарау. Өңнің астындағы жұмсақ бөліміндегі бағаналы, борпылдақ жасушаларды көру, хлорофилл дәндерін қарау.  2. Сәйкестігін тап  Берілген сипаттамалардың тұсына тиісті мүшелер аттарын бас әрпін қойыңдар (тамыр, сабақ, жапырақ). 1.Бүкіл тірі ағзаларға керекті қоректік зат түзіледі. 2.Топырақтан минералды тұздарды сіңіреді.  3.Жер асты және жер үсті мүшелерін жалғастырады. 4.Өткізгіш бөлімі бар.  5.Газ алмасу, су буландыру жасушалары болады.  6.Бағаналы және борпылдақ жасушалары бар мүше. 7.Буын және буынаралығы болады. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]