
- •4. Хх ғасырдың басындағы биологиядан сабақ беру әдістеріндегі ерекшеліктерді атаңыз.
- •7. Мектептердің 12 жылдық оқу жүйесіндегі биологияны оқытудың рөлі қандай?
- •8 Әдістер мен әдістеменің айырмашылығы қандай. Оған анықтама беріңіз.
- •9. Оқу әдістемесін қалыптастыруға үлесін қосқан ғалымдар (XIX, XX, XXI ғасырлар) туралы не білесіз?
- •10. Сөз. Сөйлеу әдістері, оның түрлерін баяндаңыз.
- •16. “Экологиялық факторлар” тақырыбынан сабақ өткізу әдістері мен тәсілдерін түсіндіріңіз
- •2. Ортаның факторлары және ағзалардың оған адаптациясы.
- •17. “Гүлді өсімдіктердің құрылысы мен тіршілігі” деген тақырып бойынша дәріс беру әдістерін түсіндіріңіз.
- •18. “Өркен, құрылысы және қызметі” тақырыбына дәріс өткізу әдістерін түсіндіріңіз.
- •19. “Жапырақ, оның құрылысы және қызметі” тақырыбы бойынша сабақ беру әдістерін түсіндіріңіз?
- •20. «Буылтық құрттар типінен» сабақ өткізу әдістерін түсіндіріңіз.
- •22. Дара тұқымдастар класына сабақ өткізу әдістерін жазыңыз.
- •23. “Тыныс алу жүйесі” тақырыбынан сабақ беру әдісін түсіндіріңіз.
- •24. “Агроценоз. Биоценоздан айырмашылығы” тақырыбы бойынша дәріс беру әдістерін жазыңыз.
- •25. Ішекқуыстылар типіне жалпы сипаттама тақырыбы бойынша сабақ өткізу әдістерін түсіндіріңіз.
- •1. 5 Жолдық тұжырымдама (Бодо)
- •28 Балықтар класынан” дәріс беру әдістерін мысал келтіре түсіндіріңіз.
- •V. Білімді бағалау
- •Бунақденелілердің табиғаттағы ролі қандай?
- •36. “Өсімдік тану” пәнінің құрылымы мен мазмұны. Оның қазіргі кездегі ерекшеліктері мен айырмашылығы қандай?
- •37. Биология ғылымының дамуына үлесін қосқан Қазақстан ғалымдарының еңбектері жайлы сипаттама беріңіздер.
- •38. Мектеп қабырғасындағы оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы биология пәнінің ролі.
- •39. Биологияның дүние танымдық принциптері және оның
- •43. Б.Е. Райковтың білім алу әдісіне қарай оқу әдісін жүйелеудегі ерекшелігін нақтылап көрсетіңіз.
- •44. Оқытудың белсенді әдістері мен құралдары жайлы айтыңыз.
- •45. Білім берудегі инновациялық технологиялар туралы жазыңыз.
- •46. Эвристік әңгіме және оны қолданудың талапқа сәйкестігі туралы айтып беріңіз
- •47. Адаптивті мектепте оқушыларға сабақ өткізудің ерекшеліктері
- •48 Сабақ өткізу әдістері жайлы әдіскер зерттеушілердің пікірлері мен принциптері (в.В.Всесвятский, и.Я.Лернер, м.Н.Скаткин, н.М.Верзилин) жайлы жазыңыз.
- •56. Лекция, оның мазмұндау әдістеріне мысал келтіре түсіндіріңіз.
- •58. Проблемалық сабақтар, оны өткізу әдістері қандай?
- •59.Кейс-стади әдісі туралы жазыңыз.
56. Лекция, оның мазмұндау әдістеріне мысал келтіре түсіндіріңіз.
Оқытудың бұл формасы тақырыптың мазмұны аса күрделі болған жағдайда қолданылады. Бұл әдіс көбінесе жоғарғы класс оқушыларымен жүргізіледі. Бұл сабақта уақытттың жартысы лекция түрінде мазмұндауға кетсе, қалған уақытында өз бетінше берілген натуралды объектілерді көруге, танысуға, үшінші бөлімі семинар түрінде жүргізіледі. Лекция-семинар түрінде өткізілетін сабаққа лекция және семинар түрлерін кіргізуге болады, егер сабақтың тақырыбы үлкен бір күрделі проблемаларға арналған болса. Мысалы, 10-кластағы «Зат алмасу және клеткадағы энергияның алмасуы» деген тақырып бойынша лекция түрінде оқып, ал фотосинтез, белоктардың биосинтезі, сонымен қатар тіршіліктің жер бетінде пайда болуы жайлы проблемалар бойынша семинар түрінде жүргізілген тиімді болады.
Әрине, лекция-семинар түріндегі өткізілетін сабақтың тиімділігі, оқытушының сабақты мазмұндау шеберлігіне және семинар сабағын ұйымдастыра білу қабілеттілігіне көп байланысты болады. Семинар сабағында оқушылар берілген жоспар бойынша баяндама жасайды, әртүрлі есептерді шешуге қатысады. Семинар сабағын өткізудің дәстүрлі формаларының бірін мынандай схема түрінде көрсетуге болады: тақырыбын анықтау→талқылауға қойылатын сұрақтарды дайындау→қосымша әдебиеттерді талдау→тапсырмалар мен тақырыптарды саралап бөлу→семинар сабағының жоспарымен таныстыру→оқушылардың жауабы→берілген сұрақтарды талқылау→қорытындылау.
Семинар сабағына берілген сұрақтарға оқушылардың барлығы да дайындалып келуі тиіс, бірақ, олардың ішінен бірнеше оқушыларға баяндама жасауға нақты тапсырмалар беріледі.
Дәріс – семинар түрінде өткізілетін сабаққа дәріс және семинар түрлерін кіргізуге болады, егер сабақтың тақырыбы үлкен бір күрделі проблемаларға арналған болса. Дәріс – семинар түріндегі өткізілетін сабақтың тиімділігі оқытушының сабақты мазмұндау шеберлігіне және семинар сабағын ұйымдастыра білу қабілеттілігіне көп байланысты болады.
Лекцияның басқа тәсілдерден айырмашылығы уақыты ұзақтау (25-45') копозициясы мен қызметі. Басқа артықшылығы тыңдаушының миына, жүрегіне әсер ету. Рухани күйін, белсенділігін әсер ете отырып жаңалық ашу. Лекцияның баяндамадан айырмашылығы оқытушы өзінің ойын, тақырыптың мазмұнын еркін, конспектіден оқымай, аудиториямен еркін тығыз байланыста жүргізу. Дәріске қойылатын негізгі талаптар: идеялығы, өзектілігі, ғылымилығы, түсініктілігі, жоғары көңіл-күймен мазмұндаушылығы. Формасы және мазмұны біртұтас, басқа әдістермен байланыстырып түсіндіру.
Дәрістің типтері:1) Қалыптағы орнына байланысты; 2)Кіріспе, негізгі (оқытушы, білім беруші), қортынды;3) Тыңдаушыға әсер етуіне байланысты; 4) Ақпараттық (жеке мамандар үшін), сендіруге, нанымдылыққа, танымдылыққа, мойындатуға, аралас.
Лектордың тіліне және сипаттауына тәуелді: а) бірқалыпты-тыныштықпен, бірағындылықпен, бірырғақты, асықпай, саспай оқу-сангвиниктерге тән; б) көңіл-күйі жоғары жылдам, аудиторияны қыздырып, өзіне тартушы (холерик);в) жоспарлы-көңіл күйі өзгермелі (аралас комбинированные).
Тыңдаушыларға байланысты (залдағы) – академиялық, оқыту, білім беру (мектепте), оқу-әдістемелік, ғылыми-популярлы (еңбек ұжымына байланысты).
57. Сабақ, оның формалары. Өзара байланыстарын дәлелдеңіз. Қазіргі кезде біздің елімізде де, Бұрынғы Совет одағы мен шет елдерде көп таралып жүрген оқыту формасы кластағы өткізілетін сабақ. Бұл XVII ғасырдан басталып келеді. Оның алғашқы жобасын сызып берген неміс педагогы И.Штрум болса, әрі қарай теориялық негізге салып, қалыптастырып жасаған және іс жүзінде қолдану технологиясын жасаған Я.А.Коменский. Класта өткізілетін сабақтың ұйымдастыру формасының өзіне тән ерекшеліктері бар:
-кластағы оқушылардың құрамы тұрақты, жас ерекшеліктері бірдей, бір деңгейлі дайындықтары бар;
-әрбір класс өзіне арналып дайындалынған оқу жоспарымен жұмыс істейді;
-оқу процессі жеке-жеке, бір-бірімен өзара байланыста жүретін сабақтардың оқу барысы белгілі ретпен бірінен кейін бірі ауысып отыратын процесс;
-сабақты бастаудағы басты фигура оқытушы;
-оқушылардың танымдылық қызығушылығын арттыру мақсатында әртүрлі әдістер мен тәсіодерді қолдану арқылы жүреді, сондықтан сабақ жүргізудің осындай формасы ең негізгі деп есептеледі.
Оқу жүйесін ұйымдастыру формасының ең басты түрі класта өткізілетін сабақ болып есептеледі.
Сабақ-оқу процесіндегі ұйымдастырушы, белгілі бір уақыт аралығында жүргізілетін жеке элементтерден, кезеңдерден тұратын толық қалыптасып өткізілетін процесс деп айтуға болады. Бұл процесіндегі өте күрделіде, жауапты кезеңдердің бірі. Қысқа түрде жақсы, сапалы өткізу ұстаздың ұстаздығына байланысты.
Сапалы сабақ берудің басты талаптары мынаған сай болу керек:
1.Сабақты оқу-тәрбие процесінің негізгі заңдылықтарына сүйене отырып құрастырып, ғылымның, педогогикалық практиканың алдыңғы жетістіктерін пайдалана отырып дайындау.
2.Сабақ барысында дидактикалық принциптер мен ережелердің арақатынастары толық пайдалана отырып іске асыруды қамтамасыз ету.
3.Оқушылардың танымдылық қызығушылық жақтарын есепке ала отырып оған қолайлы жағдайлар жасау.
4.Пәнаралық байланыстардың артықшылығын белгілеу, анықтау арқылы оқушылардың көзқарасын ұғындыру, жетілдіру.
5.Бұрынғы алған білімдерін, шеберлігіне сүйене отырып оқушылардың деңгейін жоғарылату.
6.Практикалық білім шеберлігін қалыптастыра отырып, оның рационалды ойлау және іс-әрекетін орындауға дағдыландыру.
7.Әрбір сабақты ұқыпты жоспарлап, болжап, саралап. Бақылап, дұрыс басқару.
Әрбір сабаққа қойылатын мақсаты білім беру, тәрбиелеу, дамыту. Сабаққа қойылатын жалпы талаптарды есепке ала отырып дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық жақтарын нақтылаған жөн.
Сонымен дидактикалық немесе білімдік талаптарға жататындар:
-Әрбір сабақтың білімдік мақсатын анық көрсете білу.
-Әлеуметтік және жеке тұлғаның мұқтаждығын есепке ала отырып, сабақтың мазмұнын ыңғайландыру және тиісті ақпараттармен қамтамасыз ету.
-Танымдылық қызметін арттыру үшін оқу процесіне жаңа технологияларды өндіру.
-Сабақ берудің әртүрлі әдістері мен тәсілдерін, формаларын қолдана отырып дәріс беру.
-Сабақтың құрылымын қалыптастыруға творчествалық тұрғыдан қарастыру.
-Сабақ өткізуге коллективтік өз бетімен ізденіс формаларын іске асыра білу.
-Кері байланыс, былайша айтқанда сабақ игеру процесін бақылау, бағалауды қамтамасыз ету.