Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
metodika_shpor-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
608.77 Кб
Скачать

43. Б.Е. Райковтың білім алу әдісіне қарай оқу әдісін жүйелеудегі ерекшелігін нақтылап көрсетіңіз.

Биология пәнін оқыту методикасы, дамуындағы басты роль атқарушы профессор Борис Евгеньевич Райков (1880-1966) болды. Ол сабақ беру әдістерінің проблемалары және оның даму тарихын зарттеу, және зоология оқулығының авторы. Ең бірінші рет биология пәнін оқытудағы арнаулы кабинеттік жүйелікпен өткізуді насихаттаушы.

  • Б.Е.Райков бойынша.

Бұл әдістің де өзіндік ерекшелігі бар. Жіктелу принципіне «Логикалық үрдіс бағыты» басты фундамент деп алынған.

Логикалық үрдіс бағытына қарай

А. Бекітуші (дедуктивті)

Анықтаушы

(индуктивті)

Бекітуші анықтаушы

(дедуктив индуктивті)

I. Сөз сөйлеу

Сөз сөйлеу арқылы бекіту

Сөз сөйлеу арқылы анықтау

Сөз және анықтау

II. Көрнекілік

Көрнекілікпен бекіту

Көрнекілікпен анықтау

Көрнекілік

Бекіту

Практика

III. Практикалық

Практика арқылы бекіту

Практика арқылы анықтау

Практика

Бекіту

Анықтау

Бұл жіктелу әдісіне талдау жасай қарастыратын болсақ. Бекітуші немесе (ақпараттандыру) оқыту дедукция әдісінің негізі белгілі қағидаларды бекітуге жеке фактілер арқылы жүргізілсе, анықтаушы (индукция) әлі белгісіз айтылмаған қағидаларды оқытушының тапсырмасы бойынша оқушы өзбетімен, шығармашылық іздену арқылы, эксперимент жасау арқылы орындалады. Көп жағдайларда көп жағдайларда индукцияны дедукциямен байланыстырып оқытуға болады. Соның нәтижесінде оларды синтездейді – традукциялайды яғни бекітіп, анықтай оқытады.

44. Оқытудың белсенді әдістері мен құралдары жайлы айтыңыз.

Оқытудың белсенді әдістері 1. оқушының іс-әрекеті өнімді, шығармашылық, ізденіс сипат таситын окыту әдістері; 2. оқушының танымдық іс-әрекетін ынталандырушы және қандай да болсын мәселенің шешу жолдары жөнінде еркін пікір алмасуды көздейтін диалогқа құрылған әдістер. Оларга әңгіме, диспут, тақырыптың семинар, ісойын, тренинг жатқызуға болады.

Репродуктивтік әдіс арқылы оқушы "дайын" білімдерді есінде сақтап, кейін қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл-ой белсен ділігі төмен болады. Эвристикалық әдіс арқылы ақыл-ой жұмысы күшейеді, оқушы білімді өзінің танымдық іс-әрекеті арқылы алады. Бұл әдіс бастауыш мектептерге де таралған. Бірақ сабақты тұрақты түрде мәселелік, эвристикалық, зерттеу әдістерімен өткізу мүмкін болабермейді. Ю.К. Бабанский оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістерін топтады. Ол іс-әрекет 3 бөліктен: ұйымдастыру, ынталандыру, бақылаудан тұратынын атап көрсетіп, әдістерді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау әдістері деп бөледі. М.И.Махмутов оқыту әдісіне сәйкес келетін оқу әдістерін і іріктеген. Оқыту әдістері: а) ақпарат беру әдісі, ә) түсіндіру әдісі, б) ынталандыру әдісі, в) тәжірибелік әдіс. Бинарлық әдістер бір-бірімен тығыз байланысты оқыту мен оқудың тәсілдерін (хабарлау, міндеттер қою, мұғалімнің тапсырма беруі, оқушылардың тыңдауы, жаттығулар орындауы, есептер шығаруы, мәтінді оқуы, т.б.) қолдануды талап етеді. Мысалы, мұғалім оқушыларға фактілер мен ережелерді хабарлайды, заттарды көрсетеді, фактілердің мәнін түсіндіреді, оларға сұрақтар қояды. Егер оны тәсілдердің арасында түсіндіру тәсілдері, дәлірек айтсақ фактілерді талдау, салыстыру, хабарлау, т.б басым болса, онда оқыту әдісін түсіндірмелі деп атауға болады. Егер негізгі тәсіл - ақпараттарды, фактілерді ұсынумен шектелсе, (мысалы: мұғалім оқушыларға ережелерді жаттауды ұсынады, бірақ ереженің мәнін түсіндірмей, оны жаттау тәсілін айтады), онда оқыту әдісі ақпараттық- хабарлау, немесе оны жай ғана хабарлама әдісі деп атайды. Осыған сәйкес бірінші жағдайда оқушылар заттарды бақылап, фактілерді есінде сақтайды, мұғалімнің түсіндіргенін тындайды және ой елегінен өткізеді, ақпараттық сұрақтарға жауап іздейді. Бұл жерде оқу әдісі репродуктивтік, дәлірек айтсақ жаңа ережені оқушылар дайын күйінде меңгереді (оқушылар фактілерді талдап, ережелер шығармайды). Егер оқыту әдісі хабарлау әдісі болса, оқудың негізгі тәсілі жаттау, оқушылардың үлгі бойынша жұмыс істеуі. Мұндай оқу әдісін шартты түрде орындаушылық деп атаймыз. Эвристикалық әдісті қолданғанда мәселелік деңгей (оқушылардың белсенділігі) едәуір көтеріледі, эвристикалық әңгімелерге танымдық (логикалық) есептер және проблемалық тапсырмалар қосылады. Оқушылар мұғалімнің көмегімен "жаңалық" ашады, бірақ негізінен оқушылар өз бетімен жұмыс істейді. Зерттеу әдісін қолданғанда мұғалім оқушыларға тәжірибелік сипаттағы тапсырмалар (тәжірибе жүргізу, қосымша ақпарат, фактілерді жинап оларды өз бетімен талдау және қортындылау, өз ойын дәлелдеуге керекті материалдарды жинау, т.б) береді. Оқушылар оларды өз бетімен орындайды, бірақ бұдан мұғалімнің басшылығы керек емес деген сөз тумайды.

Оқыту құралдары - мұғалімге оқытуда көмектесетін аспаптар мен тұп деректер, яғни оңушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға көмектесетіндердің бәрі. Оқыту құралдарына мұғалімнің сөзі, оқулықтар, оқу құралдары, кітаптар, анықтамалық әдебиетоқу жабдығы мен көрнекі құралдар, оқу киносы, радио, дыбыс таспасы, теледидар, т.б. техникалық құралдар, бағдарламалық оқытудың арнаулы құралдары - бағдарламалық оқулықтар, оқу құралы, үйрететін машиналар жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]