
- •4. Хх ғасырдың басындағы биологиядан сабақ беру әдістеріндегі ерекшеліктерді атаңыз.
- •7. Мектептердің 12 жылдық оқу жүйесіндегі биологияны оқытудың рөлі қандай?
- •8 Әдістер мен әдістеменің айырмашылығы қандай. Оған анықтама беріңіз.
- •9. Оқу әдістемесін қалыптастыруға үлесін қосқан ғалымдар (XIX, XX, XXI ғасырлар) туралы не білесіз?
- •10. Сөз. Сөйлеу әдістері, оның түрлерін баяндаңыз.
- •16. “Экологиялық факторлар” тақырыбынан сабақ өткізу әдістері мен тәсілдерін түсіндіріңіз
- •2. Ортаның факторлары және ағзалардың оған адаптациясы.
- •17. “Гүлді өсімдіктердің құрылысы мен тіршілігі” деген тақырып бойынша дәріс беру әдістерін түсіндіріңіз.
- •18. “Өркен, құрылысы және қызметі” тақырыбына дәріс өткізу әдістерін түсіндіріңіз.
- •19. “Жапырақ, оның құрылысы және қызметі” тақырыбы бойынша сабақ беру әдістерін түсіндіріңіз?
- •20. «Буылтық құрттар типінен» сабақ өткізу әдістерін түсіндіріңіз.
- •22. Дара тұқымдастар класына сабақ өткізу әдістерін жазыңыз.
- •23. “Тыныс алу жүйесі” тақырыбынан сабақ беру әдісін түсіндіріңіз.
- •24. “Агроценоз. Биоценоздан айырмашылығы” тақырыбы бойынша дәріс беру әдістерін жазыңыз.
- •25. Ішекқуыстылар типіне жалпы сипаттама тақырыбы бойынша сабақ өткізу әдістерін түсіндіріңіз.
- •1. 5 Жолдық тұжырымдама (Бодо)
- •28 Балықтар класынан” дәріс беру әдістерін мысал келтіре түсіндіріңіз.
- •V. Білімді бағалау
- •Бунақденелілердің табиғаттағы ролі қандай?
- •36. “Өсімдік тану” пәнінің құрылымы мен мазмұны. Оның қазіргі кездегі ерекшеліктері мен айырмашылығы қандай?
- •37. Биология ғылымының дамуына үлесін қосқан Қазақстан ғалымдарының еңбектері жайлы сипаттама беріңіздер.
- •38. Мектеп қабырғасындағы оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы биология пәнінің ролі.
- •39. Биологияның дүние танымдық принциптері және оның
- •43. Б.Е. Райковтың білім алу әдісіне қарай оқу әдісін жүйелеудегі ерекшелігін нақтылап көрсетіңіз.
- •44. Оқытудың белсенді әдістері мен құралдары жайлы айтыңыз.
- •45. Білім берудегі инновациялық технологиялар туралы жазыңыз.
- •46. Эвристік әңгіме және оны қолданудың талапқа сәйкестігі туралы айтып беріңіз
- •47. Адаптивті мектепте оқушыларға сабақ өткізудің ерекшеліктері
- •48 Сабақ өткізу әдістері жайлы әдіскер зерттеушілердің пікірлері мен принциптері (в.В.Всесвятский, и.Я.Лернер, м.Н.Скаткин, н.М.Верзилин) жайлы жазыңыз.
- •56. Лекция, оның мазмұндау әдістеріне мысал келтіре түсіндіріңіз.
- •58. Проблемалық сабақтар, оны өткізу әдістері қандай?
- •59.Кейс-стади әдісі туралы жазыңыз.
37. Биология ғылымының дамуына үлесін қосқан Қазақстан ғалымдарының еңбектері жайлы сипаттама беріңіздер.
Қазақстан Ғылым Академиясының академиктері Н.В. Павлов, И. Байтулин, Б.А. Быков, Ғ.Бияшев, корреспондент мүшелері Л.Қылышев, А. Ғаббасов, ғылым докторлары Б. Қалымбетов, М.В. Бессчетнова, т.б. қатысуымен кең ауқымды ботаникалық-географиялық, геоботаникалық зерттеулер жүргізілді. Ең үлкен гербарий жинақталды, өсімдік биологиясы туралы аса бағалы басылымдар жарық көрді. Мысалы, 9 томдық “Қазақстан флорасы”, 13 томдық “Қазақстанның споралы өсімдіктер флорасы”(Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы, 1986), т.б. Республика зоологтары омыртқалы және омыртқасыз жануарлар фаунасын зерттеді; кәсіптік мәні бар бірқатар сүтқоректі жануарлар (ондатр, америка құндызы) мен балық түрлері (ақ амур, дөңмаңдай, көксерке, т.б.) жерсіндірілді.
Қазақстан фаунасы туралы аса құнды басылымдар: мысалы, С.Н. Боевтың “Легочные нематоды копытных животных Казахстана” (1957), И.Г. Галузоның “Природная очаговость болезней и вопросы паразитологии” (1961) және “Токсоплазмоз животных” (1965) деген монографиялық еңбектері ағылшын тіліне аударылды. Академик Галузо, А.Д. Долгушин, т.б. ғалымдардың қатысуымен “Қазақстанның қансорғыш кенелері” (КСРО Мемлекеттік сыйлығы, 1951), Э.И. Гаврилов, А.Ф. Ковшарь, т.б. ғалымдардың қатысуымен 5 томдық “Қазақстанның құстары” (Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы, 1978) және А. Бекеновтың “Қазақстандағы ақ бөкенді қорғау және оны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау” (1978) (Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы, 1982), Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі А.А. Слудский, Бекенов, т.б. ғалымдардың қатысуымен 4 томдық “Қазақстанның сүтқоректілері” (Бүкілодақтық табиғат қорғау қоғамы сыйлығы, 1988) деген еңбектер жарық көрді. Адам және жануарлар физиологиясы институтында академик А.П. Полосухиннің басшылығымен лимфа және қан айналым, ас қорыту, т.б. жүйелерін зерттеу жұмыстары үлкен табыстарға жетті. Академик Н. Базанованың ауыл шаруашылығы жануарларының физиологиясы жөніндегі зерттеулері — малдың өнімділігін жоғарылатудың теориялық негізін қалады. 1946 ж. құрылған Экспериментальді биология институтында (қазіргі “Биоген” жабық акционерлік қоғамы) жануарлар селекциясының генетикалық негіздерін зерттеуге бағытталған түр аралық будандастыру жүргізіліп, соның нәтижесінде қойдың (“қазақ арқар-мериносы”, “жартылай биязы жүнді қой”, т.б.), шошқаның (“жетісулық”, т.б.) жаңа тұқымдары шығарылды. Қазақстанда молекулалық биологияның қалыптасуы академик М. Айтхожиннің есімімен байланысты. 1983 ж. құрылған Молекулалық биология және биохимия институты үлкен ғылыми орталыққа айналып, елімізде алғаш рет клеткалық және гендік инженерия, трансгеноз,өсімдік геномы лабораториялары ашылды.
38. Мектеп қабырғасындағы оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы биология пәнінің ролі.
Биологияны оқыту әдістемесі – мектеп пәнінің ерекшелігіне байланыс- ты оқыту және тәрбиелеу процесінің жүйесі туралы ғылым. |
БОӘ- рационалді әдістер мен тәсілдерді орнатады, және биология пәнінен мұғалім оқушыға оқу материалын сапалы түрде меңгертіп, тиянақты білім беріп, оны өмірде қолдана білуге үйретеді.
БОӘ- оқу пәнінің мазмұнын, оқыту және тәрбиелеу әдістері мен үлгілерін қарастырады. Бұл тараулар бір-бірімен байланысты және бірін-бірі толықтырады.
БОӘ- мен оқу жұмысының жабдықтары мен тәсілдері белгіленеді.
Биология оқу пәні ретінде оқыту әдістері мен формаларының ерекшелігімен өзге пәндерден айырмашылығы бар. Бұнда нақтылы объекттер мен күрделі табиғат құбылыстары, және табиғаттың дамуы зерттеледі.
Материалдық ерекшелігі оның тәрбие мүмкіндіктерін де белгілейді (анықтайды).
Оқушылар ойын дамытуда биологиядан жүргізілетін мектептік курстың маңызы зор.Биологияның басқа оқу пәндерінен ерекшелігі,ол қарапайымнан күрделіге өту жолын байқап,отыруға,бөлік пен бүтіннің құрылысы мен қызметінің өзара байланыстылығы және өзара тәуелділігін айқындауға, табиғаттағы құбылыстардың аса күрделі байланыстылық себептерін түсінуге мүмкіндік береді.
Кез келген басқа оқу пәндері тәрізді биология курсын меңгерген кезде оқушы әр түрлі ойлау процестерін атқарады:бақылап, салыстырады, анализ жасайды,қорытындылайды, өздері бақылаған құбылыстардың себебі мен салдарын белгілейді.
БОӘ-сі жалпы БОӘ мен жеке (арнаулы) әдістемелерге бөлінеді (табиғаттану,ботаника,зоология,тәнтану,физиология,адам гигенасы және биоло-
гия).