
- •4. Хх ғасырдың басындағы биологиядан сабақ беру әдістеріндегі ерекшеліктерді атаңыз.
- •7. Мектептердің 12 жылдық оқу жүйесіндегі биологияны оқытудың рөлі қандай?
- •8 Әдістер мен әдістеменің айырмашылығы қандай. Оған анықтама беріңіз.
- •9. Оқу әдістемесін қалыптастыруға үлесін қосқан ғалымдар (XIX, XX, XXI ғасырлар) туралы не білесіз?
- •10. Сөз. Сөйлеу әдістері, оның түрлерін баяндаңыз.
- •16. “Экологиялық факторлар” тақырыбынан сабақ өткізу әдістері мен тәсілдерін түсіндіріңіз
- •2. Ортаның факторлары және ағзалардың оған адаптациясы.
- •17. “Гүлді өсімдіктердің құрылысы мен тіршілігі” деген тақырып бойынша дәріс беру әдістерін түсіндіріңіз.
- •18. “Өркен, құрылысы және қызметі” тақырыбына дәріс өткізу әдістерін түсіндіріңіз.
- •19. “Жапырақ, оның құрылысы және қызметі” тақырыбы бойынша сабақ беру әдістерін түсіндіріңіз?
- •20. «Буылтық құрттар типінен» сабақ өткізу әдістерін түсіндіріңіз.
- •22. Дара тұқымдастар класына сабақ өткізу әдістерін жазыңыз.
- •23. “Тыныс алу жүйесі” тақырыбынан сабақ беру әдісін түсіндіріңіз.
- •24. “Агроценоз. Биоценоздан айырмашылығы” тақырыбы бойынша дәріс беру әдістерін жазыңыз.
- •25. Ішекқуыстылар типіне жалпы сипаттама тақырыбы бойынша сабақ өткізу әдістерін түсіндіріңіз.
- •1. 5 Жолдық тұжырымдама (Бодо)
- •28 Балықтар класынан” дәріс беру әдістерін мысал келтіре түсіндіріңіз.
- •V. Білімді бағалау
- •Бунақденелілердің табиғаттағы ролі қандай?
- •36. “Өсімдік тану” пәнінің құрылымы мен мазмұны. Оның қазіргі кездегі ерекшеліктері мен айырмашылығы қандай?
- •37. Биология ғылымының дамуына үлесін қосқан Қазақстан ғалымдарының еңбектері жайлы сипаттама беріңіздер.
- •38. Мектеп қабырғасындағы оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы биология пәнінің ролі.
- •39. Биологияның дүние танымдық принциптері және оның
- •43. Б.Е. Райковтың білім алу әдісіне қарай оқу әдісін жүйелеудегі ерекшелігін нақтылап көрсетіңіз.
- •44. Оқытудың белсенді әдістері мен құралдары жайлы айтыңыз.
- •45. Білім берудегі инновациялық технологиялар туралы жазыңыз.
- •46. Эвристік әңгіме және оны қолданудың талапқа сәйкестігі туралы айтып беріңіз
- •47. Адаптивті мектепте оқушыларға сабақ өткізудің ерекшеліктері
- •48 Сабақ өткізу әдістері жайлы әдіскер зерттеушілердің пікірлері мен принциптері (в.В.Всесвятский, и.Я.Лернер, м.Н.Скаткин, н.М.Верзилин) жайлы жазыңыз.
- •56. Лекция, оның мазмұндау әдістеріне мысал келтіре түсіндіріңіз.
- •58. Проблемалық сабақтар, оны өткізу әдістері қандай?
- •59.Кейс-стади әдісі туралы жазыңыз.
Бунақденелілерді зерттейтін ғылым қалай аталады?
Бунақденелілердің көбеюі?
Бунақденелілердің табиғаттағы ролі қандай?
31 |
Практикалық әдістер және оның түрлеріне анықтама беріңіз. |
Практикалық әдіс оқушылардың қабілеттілігін дамытуда маңызы зор әдістердің бірі. Бұл әдіспен сабақ өткізген кезде ол күрделі, өзара байланысып жатқан сөйлеу, көрнектілік және практикалық әдістердің қолданылуы арқылы іске асырылады. Әдісті жүргізілуге берілген тапсырмалардың өзінің де оқу-тәрбиелік маңызы зор. Бұл әдіспен сабақ өткізу ұстаз жағынан өте тиянақты дайындықты, оны ұйымдастырушылық қабілетін талап етеді. Өткізілген сабақтың нәтижесінде де басқа әдіспен өткізілген сабақтарға қарағанда ерекше болады.
Практикалық әдіс:
-таратпа материалдармен жұмыс
a) жіктеу, жеке бөліктеріне талдау;
ә) анықтау арқылы, жіктей салыстыру;
б)биологиялық обьектілерді анықтау.
- Табиғаттағы биологиялық обьектілерге бақылау жүргізу. Эксперимент жасау.
Практикалық сабақ кезінде оқушылардың танымдылық іс-әрекетін қалыптастыру үшін бес кезеңнен өткізу арқылы көруге болады. 1) оқытушы түсінік береді. Бұл кезеңдік жұмыстың мазмұнын теориялық тұрғыдан ойланту. 2) көрсету. Бұл кезең нұсқау беру. 3) Сынақ кезеңі. Бұл кезеңде 2-3 оқушы берілген жұмысты орындайды, ал қалғандары іс барысын бақылап, оқытушының нұсқауымен жіберілген қателіктеріне ескертулер жасайды. 4) Жұмысты орындау. Бұл кезеңде әрбір берілген жұмысты орындайды. 5) Тексеру. Бұл кезеңде орындалынған тапсырманы қабылдап, оған баға беріледі. Сапасына, уақытты құрыс бөлуіне, оның дұрыс орындалып, нәтижесі бойынша жасалынған қорытындысына тиісті бағасын береді.
32.Кіріктіріліп оқыту және дамыту жолдары туралы айтып беріңіз.Кіріктіру-заманауи оқу процесінің қажетті шарттары,оны қандай да бір мектепте жүзеге асыру сол мектептің білім берудің жаңа сапалы деңгейге көтерілгендігін көрсетеді.Кіріктірілген оқытудың мақсаты:
- жаратылыстану пәндерінің кіріктірілу негізінде оқу барысында оқушылардың ойлау қабілетінің дамуы үшін барлық жағдайларды жасау;
- оқу процесі кезіндегі кейбір қарама- қайшылықтарды жою;
- оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын дамыту және көтеру.
Оқу үрдісінде оқушының ойлау қабілетін дамыту үшін оптимальді жағдай жасау деген түсінікті анықтап және нақтылайтын болсақ,әрине,ондай жағдайдарды тек қана кіріктірілген оқыту ғана емес,басқа да әдістерді пайдалануға болады,дегенмен,кіріктірілген оқыту бұл процестегі ең маңызды тәсілдердің бірі болып табылады.
Ойлау қабілетін дамытуға арналған оптимальды жағдайларға мыналарды жатқызамыз:
Сабақты тек пән үшін емес қарастырылып отырған мәселелердің (теориялық,практикалық мәні оқушылардың ойлау қабілетін дамыту) мәнін көре білу керек.
Ойлаудың ғылыми стилі: ыңғайлылығы,тереңділігі,белгілі бір мақсатқа бағытталуы (ойлау рациональдылығы),тереңдігі (ойлаудың жинақталуы),белсенділігі,дәлелділігі,есте сақтаудың ұйымдастырылуы сияқты қасиеттермен анықталады.
Кіріктірілген сабақтардың тақырыптарын таңдаған кезде,ол тақырыптарды қарастыру,мақсаттарды жүзеге асыру үшін жаңа жағдайларға сәйкес бағытталудың жылдамдығы қажет.Кіріктірілген сабаққа тән ерекшелік бұл алға қойылған мәселелерді шешудің ерекше бір жолын іздеу.
Оқушылардың кіріктірілген сабақта алған үлкен материалдардың көлемінің үлкендігі,оларда оперативті және ұзақ уақыттың еске сақтау,білімдер систематикасы,мәселелерді шешу де жалпы әдістерді қолдану- ойлау қабілетінің ұйымдастырылуын дамытады.
Кіріктірілген сабақ үлкен дәрежеде естің ұйымдастырылуына бағытталған,ол ойлаудың үнемділігі принципін сақтауға мүмкіндік береді.
33. «Жануартану» пәнінің мазмұны мен құрылымы, жүйелері және негізгі дидактикалық принцптері қандай?
Тақырып: «Жануартану» пәні бойынша жекеленген тақырыптарды оқыту әдістері
Мақсаты: «Жануартану» пәні бойынша жекеленген тақырыптарды оқыту және омыртқасыз жануарларды өсіру әдістемесін меңгерту.
Тапсырмалар: 1. «Жауын құрты» тақырыбы бойынша тірі үлестірме материалдарымен оқушылардың жұмысын ұйымдастыру.
Жауын құртын зерттеу оның сыртқы құрлысымен танысудан басталады.Үлестірме материалдарымен оқушылардың жұмысын ұйымдастыруды,жауын құртын оқушыларға үлестіріп беруден бастаймыз.Оқушылар жауын құртының цильиндір пішіндес,буылтық болып келетінін көреді.Жауын құртының сыртқы құрлысын зерттеп болғаннан кейін,ішкі құрлысын қарайды.Тітіркенуге жауап реакциясын бақылау керек.
2. Жауын құртының сыртқы құрылысы, қозғалуы және тітіркендіруге қайтаратын жауабын бақылау Зертханалық жұмысын өткізу әдістемесі.
Мақсаты:Жауын құртының сыртқы құрлысымен тіршілік әрекеті топырақ арасында тіршілік етуге бейімдеушілігінің басты белгілерімен таныстырып,олардың топырақ түзудегі,құнарлы- ғын арттырудағы рольін түсіндіру.Зертханалық жұмысты нұсқау карточкасы бойынша жүргіземіз. Мына терминдерге түсінік беріледі:целом,параподия,трохофора,гирудин.
3. Жауын құртын өсіру және оларды сабаққа пайдалану әдістері (жазбаша)
Жауын құртын әртүрлі жәшіктерде сақтап,температурасы пльюс3-5градус погрубте сақтайды.Жәшіктің түбіне 1см.құм төсейді.Оның үстіне құнарлы топырақ төсейді.Топырақ- тың үстіне ағаштан түскен жапырақтарды төсеп оның үстіне тағы да топырақ салады. Ең үстіне құм себеді.Құрттарды құмның үстіне төгу керек.Оқушылар құрттардың бірігіп түйдектелуі арқылы едәуір дәптерге ылғалдықты сақтай алатын,рефлекторлық қорғаныс бірлестігін ,соның нәтижесінде тіршілігін ұзарта алатынын бақылады.Содан соң топырақты ылғалдаса болды,құрттар бірте бірте жан жаққа тарап кетеді.
Әдістемелік нұсқаулар: Жауын құртының суретін салу, құрлысының схемасын қолдану.
Сұрақтар: 1. «Жауын құрты» тақырыбы бойынша тірі үлестірме материалдарымен оқушылардың жұмысын қалай ұйымдастырасың?
2.Жауын құртының сыртқы құрылысы, қозғалуы және тітіркендіруге қайтаратын жауабын бақылау үшін қандай жұмыстар жасайсыңдар?
3. Жауын құртын өсіру және оларды сабаққа пайдалану әдістері қандай?
Дидактиканың басты мақсаты – методикаға байланысты, оқушыларға білім берудегі біртұтастығын қамтамасыз ету, сонымен қатар мазмұнын, ідіс-тәсілдерін таңдай білуге көмектесу.
Дидактиканың тағы да бір артықшылығы білім беру бағытын алдын ала болжау арқылы жаңа әдістерді, білім стандартын жаңа оқу материалдарын, бақылыу жіне бағалау жүйелерін енгізуге мүмкіндік береді.
Пәннің мазмұнын саралаудағы басты талаптың бірі, оның биология ғылымы мен өзара байланысын және оның даму деңгейіне қарап құрастыру болып табылады. Сондықтанда пәннің мазмұны мен мағынасын талдауда оның ғылыми жағын ескере отырып түсініктілік жақтарын да қамтып қарайтын болса, онда биологиялық түсініктерді терең ашып анықтап көрсетуге үлкен роль атқарады. Сондықтанда пәннің мазмұнын арттыру үшін, сол ғылымның даму деңгейін барлық уақытта есепке алып отырған жөн.Қазіргі мектеп оқушыларының қолданып жүрген биология оқулықтарындағы көптеген материалдардың мазмұны, биология ғылымындағы жетістіктерді, жаңалықтарды толық қамтамасыз ете алмай келеді. Соның нәтижесінде оқушылардың сана сезімінде биология жайлы шын пікірлердің, олардың дұрыс қалыптасуына әсерін тигізуі мүмкін.
Мектеп оқушыларының білім жүйелігін арттырудың методологиялық шартының бірі, оқулықтың мазмұнына, әсіресе жоғарғы кластарда ғылыми мағлұматтардың барлық элементтерінің біртұтастығын сақтай отырып мазмұндау болып табылады. Осы жағдайда орындаудың ең бірінші кепілі ғылыми теория немесе білім жиынтығы, методология мен дүние тану көзқарасының дүниенің көрінісі және практика арсындағы байланыстарды біріктіруші деп есептеледі.Мүшелер мен мүшелер жүйесінің ырғақты қызметі болуы үшін, оған оны реттеп отыратын нервтік және гуморальдық реттеуді түсіндіру үшін, алдымен нерв жүйесінің құрылысымен таныспай оның реттеу механизмін түсіну қиын. Мысалы, кезеген нерв ішкі мүшелердің, жүректің қызметін реттейді, сол үшін кезеген нервтің құрылысын, шығу тегін білмей, оның қызметін түсіне алмайды. Немесе гуморалдық реттеу мен нервтік реттеудің арасында қандай айырмашылықтар бар. Организмдердің эволюциялық даму жолында осы реттеу процессінің қайсысы бұрын пайда болды. Әрине осындай мәселелерді түсіндіру үшін әуелі ең қарапайым, жеңіл жақтарымен таныстыра келіп, оның әрі қарай күрделендіріп қарастырған жөн. Әрбір фактілердің, түсініктердің мағынасын түсіндіре отырып, оның басқада бір фактілермен байланысын анықтай отырып мазмұндауды сақтаған жөн.
34.Өсімдіктану пәнінен экологиялық білім және тәрбие беру әдістерін түсіндіріңіз. І-ші ден, оқушыларды өсімдік денесін құрайтын қарапайым бірлік - клеткамен таныстырып, оның қабықшасы, қозғалу қабілеті бар цитоплазмасы, ядросы, клетка шырыны, пластидтерді болатынымен таныстыру;2-ші ден, өсімдіктің тірі клеткасына қоректік заттар келіп тұратынын, клетканың өсетінін және бөлінетінін, клетканың бөлінуін ядроның бөлінуінен басталатыны, ал ядро бөлінгенде микроскоппен оның хромосомасында күрделі өзгерістер болып жатқанын көретінімізді, ал оның өзі екі жаңа клетканың ядроларын, түзуге әкелеітінін түсіндіру;3-ші ден пияз өзінің мысалынан оқушыларға тканьдер жайында түсінік беру керек, бұл одан әрі қарай тамырдың, сабақтың, жапырақтардың клеткалы құрылысын оқығанда тереңірек өтілетінін түсіндіру.Тақырыпты оқу оқушыларды үлкейтіп көрсететін приборлардың /қол лупалы» штатавті мура, микроскоп/ құрылысымен және оларды пайдалану техникасымен таныстырудан басталады. Келесі сабақтарда оқушылар пияз өңінен препарат даядлаумен, өсімдік клеткасының құрылысымен, клеткаға заттардың енуі және цитоплазманың қозғалуымен /клетканың бөлінуі және өсуімен танысады. Жоғарғы кластарда бұл мәселені тереңірек өтуге байланысты, өсімдіктердің клеткалы құрылысы жайындағы түсініктің оқушыларда дұрыс қалыптасуы – ботаника курсының негізгі мақсаттарының бірі. «Тәрбие дәрменсіз болмауы үшін, ол халықтық болуы тиіс» К.Д.Ушинский.Халықтық тәрбие адам баласының дүниеге келген күнінен бастап біргежасап келеді. Оның қағазға жазылып түспеген, бірақ халық жадында мәңгі сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ғасырлар бойы ауызша ақыл-нақыл, өсиет-өнеге, қағида болып келген білім-білік, тәлім-тәрбие беру тағылымдары бар. Халық өзінің өмір сүруінің барлық жақтарына да халықтық білімді жинақтаған.Халық педагогикасы – халық ауыз әдебиетінде, салттарында, әдет-ғұрыптарында, ырымдарында, балалар ойындарында мәңгі сақталып қалған білім, педагогикалық мағұлыматтар мен тәрбиелеу тәжірибесінің жиынтығы. Бұлар әдетте ауызша таралады. Өсімдіктану пәнінен «Өсімдіктің табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы», «Гүлді өсімдіктердің алуан түрлілігі», «Өсімдік тұқымдастары» т.б. көпшілік тақырыптарда ата – бабамыз өз туған жерінде өсетін өсімдіктердің атын, қасиетін жақсы білгендігін әңгіме етуге болады. Өсімдік табиғаттың құрамды бөлігі екенін айтып, оларды қорғаудың ережелерін, елімізде жүргізіліпжатқан шараларды түсіндіру арқылы экологиялық тәрбие берсек, екінші жағынын табиғатты суреттеуде қазақтың халық даналығын, айтыс –жырларын, аңыз - әңгімелерін, мақал–мәтелдерін насихаттау арқылы эстетикалық әрі ұлттық тәрбие қалыптастырамыз. Ерте заманнан қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін білген. Әбу Насыр Әл-Фараби, Әбу Әли Ибн-Сина, Беруни, Әл-Джуржани және орта ғасырда өмір сүрген тағы басқа да шығыс ғалымдары қазақ халқы медицинасының дамуына ықпал етті. Осыған байланысты көне көз қариялардың ақыл-кеңесінен және Шығыс елдерінің қолданып жүрген өсімдіктері қарапайым ауруларға ем болатыны туралы «Дәрілік өсімдіктер» тақырыбында түсініктеме беруге болады.
35. Ғылыми дүниетанымдылығын қалыптастыру әдістеріндегі биология пәнінің ролін дәлелдеңіз. «Дүниетаным» жеке тұлғаның тіршілік бағдары, оның идеалы, сенімі, қызығушылығы, құндылығымен анықталады. Ең ақырында адамдардың мінез-құлқының даму бағытына себепші болады. А.Швейцердің айтуы бойынша тіршіліксіз дүниетаным жоғары сезімталдықта болатын патологиялық бұзылыстың басталуы. Дүниетанымның теориялық ядросы – философия. Философиялық таным төрт проблеманы қарастырады. Материя туралы ілім, таным туралы ілім, құндылық жайлы ілім, практика тура ілім. Философияның барлық аспектері дүниетанымдылықтың негізі ретінде бір-бірімен өзара байланыста және бір-бірін толықтырушы. Дүниетанымдық бағытта биологиядан білім берудің басты талаптары мыналар:- бір кезеңнен екінші кезеңге көтерілу барысында биологиялық реальдылықты (шындықта) терең үйрете отырып биология пәнінің көзқарасындағы бір тұтастыққа үйрету; - басты теориялар мен концепциялардың мазмұнындағы құбылыстарды белгілі бір деңгейде суреттеп, методологиялық тұрғыдан түсіндіру. Мектепте өтілетін әрбір пән оқушыларға белгілі бір жүйеде білім, ептілік пен дағды беріп, олардың ғылыми дүниетанымын тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Оқу пәні ретінде биология оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптастыруда үлкен және жан-жақты мүмкіншіліктер береді. Орта мектептегі биология пәнінің негізі материалының барлық деңгейдегі құрылымдарының әртүрлі жүйелерін (молекулалық, клеткалық, организмдік, популяциялық, түрлік биоценоздық, биосфералық, планетарлық) оқыту болып табылады. Биология сабағында берілетін материал оқушыларға тірі табиғаттың даму негізі жаңдылықтарын ашып көрсетеді. Биология пәнінің мұғалімі оқу материалын таңдау және баяндау барысында оқушыларға тірі табиғаттың құбылыстарын ғылыми негізінде түсіндіріп, оларды дұрыс ұғынуға үйрету үшін диалектикалық материализмнің негізгі баптарын қолдана білуі қажет.