Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
metodika_shpor-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
608.77 Кб
Скачать

V. Білімді бағалау

Оқушылардың білімдерін жариялы түрде бағалау.

VІ. Үй тапсырмасы: §55 Сүйекті балықтар класы. 161 суретті салу. VІІ. Нәтиже

Не білемін?

Нені білдім?

Нені білгім келеді?

29

Былқылдақ денелілер типінің жалпы сипаттамасы” бойынша сабақ өткізу әдістерін түсіндіріңіз.

Сабақтың тақырыбы: Ұлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Бунақденелілердің көп түрлілігін, жәндіктердің негізгі ерекшеліктерін, дамуы және пайда – зиянымен таныстыру.

Дамытушылық: Сабақта оқытудың жаңа технологияларын қолданып, оқушы белсенділігін арттыру, оқушылардың іс-әрекетін басқару арқылы ой таласын туғызу,білім-біліктілігін дамыта отырып, оқушылардың өз бетімен ізденісін қалыптастырып, логикалық ойлау, биологиялық тілмен сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.Экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың көрнекілігі:

Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сәлемдесу, түгендеу.

2. Оқушылардың құрал – жабдығын тексеру.

3.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын сұрау

Жаңа сабақты түсіндіру.

Ұлулар денесі жұмсақ, үш қабатты, екіжақты симметриялы көпжасушалы омыртқасыз жәндіктер. Олардың денсі бастан, тұлғадан, аяқтан, бақалшақтан және бақалшақ қалдығынан тұрады. Ұлулар типіне бұрын «былқылдақденелілер» деген атау пайдаланылған. Ұлулар типінде 130 мыңнан астам түр бар деп есептеледі.

Ұлулар типі

Бауыраяқтылар Қосжақтаулылар Басаяқтылар

Ұлулардың буылтық құрттардан негізгі ерекшелігі – денесі бунақтарға бөлінбейді. Тұлғадан ерекше қатпарлы қабат – шапанша (мантия) түзіледі. Тұлға мен шапанша аралығында шапанша қуысы болады, ал шапаншаның үстіңгі бетінен бақалшақ қалыптасады.

Асқорыту жүйесі едәуір күрделі. Дененің алдыңғы бөлігіндегі ауыз тісшелері – үккі тілге және жұтқыншаққа жалғасады. «Бауыр» деп аталатын асқорыту безінің аузы қарынға ашылады. Көпжасушалы жәндіктерден бұрын кездеспеген асқорытуға қатысатын без бауырды ұлулардан бірінші рет байқаймыз.

Тағы бір ерекшелік – ұлуларда қантарату жүйесі ашық. Көптеген ұлулардың қаны түссіз. Қанның түсі көгілдір (басаяқтылар) ұлулар да бар. Жүректе бір немесе екі құлақша, бір қарынша болады.

Құрлықта тіршілік ететін ұлулар өкпемен тыныс алады. Суда тіршілік ететіндерінің тыныс алуы шапанша астында орналасқан желбезектер арқылы жүзеге асады.

Ұлулардың зәршығару жүйесі бір немесе екі бүйректен және несепағар түтіктен құралады.

Ұлулар типі

Бауыраяқтылар Қосжақтаулылар Басаяқтылар

  • Бауыраяқты ұлулар класы.

Бұлар – теңізде және құрлықта тіршілік тееттін жәндіктер. Оларды көлдерден, тоғандардан, суқоймалардан да кездестіруге болады. Түйіртек, жұмырлақ көлдерде және тоғандарда өмір сүреді. Шалшық ұлуы, тоспаұлу және қошмармүйіздер баяу ағатын суқоймаларда кездеседі. Жүзім ұлуын – жүзімдіктен, ал жалаңаш шырышты бау – бақшалар мен өзге заттар астынан кездестіре аламыз.

  1. жүзімұлу; 2 – тоспаұлу, 3 – жалаңаш шырышты, 4 – қошқармүйіз

Жаңа сабақты бекіту.

  1. Венн диагграмасы

Бултық құрттар

Ұқсастығы

Ұлулар типі

  1. Анықта ойыны

  1. Жұмбақ шешу

Аяғы, тұлға, басы бар, Аяғы бар басы жоқ,

Сыртында сауыт тасы бар. Тұлғасы бар қарны тоқ.

Ойланып көр балалар, Екі жақтау қорғаны,

Шешуін оның табыңдар. Ол болмаса сорлады.

(Ұлу) (Айқұлақ)

Бақалшағы жоқ сыртында,

Үккісі бар ұртында.

Корегін ұстар таяғы,

Арқанға ұқсас аяғы (Сегізаяқ)

Үйге тапсырма беру:

Ұлулар типі. (203-205 бет) мазмұндау.

Суретін салып, ұлудың ішкі құрлысын тауып жазып келу.

Бағалау. Оқушыларды бағалау.

30

Жәндіктер класы” бойынша дәріс өткізу әдістерін түсіндіріңіз.

Дәріс – семинар түрінде өткізілетін сабаққа дәріс және семинар түрлерін кіргізуге болады, егер сабақтың тақырыбы үлкен бір күрделі проблемаларға арналған болса. Дәріс – семинар түріндегі өткізілетін сабақтың тиімділігі оқытушының сабақты мазмұндау шеберлігіне және семинар сабағын ұйымдастыра білу қабілеттілігіне көп байланысты болады.

Лекцияның басқа тәсілдерден айырмашылығы уақыты ұзақтау (25-45') копозициясы мен қызметі. Басқа артықшылығы тыңдаушының миына, жүрегіне әсер ету. Рухани күйін, белсенділігін әсер ете отырып жаңалық ашу. Лекцияның баяндамадан айырмашылығы оқытушы өзінің ойын, тақырыптың мазмұнын еркін, конспектіден оқымай, аудиториямен еркін тығыз байланыста жүргізу. Дәріске қойылатын негізгі талаптар: идеялығы, өзектілігі, ғылымилығы, түсініктілігі, жоғары көңіл-күймен мазмұндаушылығы. Формасы және мазмұны біртұтас, басқа әдістермен байланыстырып түсіндіру.

Дәрістің типтері:1) Қалыптағы орнына байланысты; 2)Кіріспе, негізгі (оқытушы, білім беруші), қортынды;3) Тыңдаушыға әсер етуіне байланысты; 4) Ақпараттық (жеке мамандар үшін), сендіруге, нанымдылыққа, танымдылыққа, мойындатуға, аралас.

Лектордың тіліне және сипаттауына тәуелді: а) бірқалыпты-тыныштықпен, бірағындылықпен, бірырғақты, асықпай, саспай оқу-сангвиниктерге тән; б) көңіл-күйі жоғары жылдам, аудиторияны қыздырып, өзіне тартушы (холерик);в) жоспарлы-көңіл күйі өзгермелі (аралас комбинированные).

Тыңдаушыларға байланысты (залдағы) – академиялық, оқыту, білім беру (мектепте), оқу-әдістемелік, ғылыми-популярлы (еңбек ұжымына байланысты).

Жоспар:

  1. Бунақденелілерге жалпы сипаттама беру

  2. Дамуы жайлы түсінік беру

  3. Зияны мен пайдасы туралы

Бунақденелілер – буынаяқтылар типіне жататын көпжасушалы, омыртқасыз жәндіктер класы. Бұлар – ғаламшардың кез-келген түкпірінде таралған жануарлардың ең үлкен тобы. Бунақденелілер класы негізгі екі класс тармағына жіктеледі. Олар туақанатсыздар және қанаттылар класс тармағы деп аталады.

Бунақденелілердің дамуы үш түрлі жолмен өтеді. Олар: тура даму, шала түрленіп даму, толық түрленіп даму. Тура даму: жұмыртқа – имаго; шала түрленіп даму: жұмыртқа – дернәсіл – имаго; толық түрленіп даму: жұмыртқа – дернәсіл – қуыршақ – имаго. Бунақденелілердің ересек күйге ауысу сатысы имаго деп аталады.

Бунақденелілердің табиғатта және адам өміріндегі мпңызы зор. Топырақтан інқазып, оны қопсыту арқылы топырақ түзуге қатысатын бунақденелілердің пайдасы көп. Көптеген бунақденелілер ауыл шаруашылығына зиян келтіретін сан алуан зиянкестерді жояды. Баларалар адамға бал және балауыз береді, өсімдіктерді тозаңдандырады.

Табиғатта тіршілік ететін зиянды бунақденелілер де баршылық. Көптеген бунақденелілер улылығымен, паразиттік тіршілігімен, ауру таратқыштығымен омыртқалы жануарларға және адамға зиян.

Жаңа сабақты бекіту:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]